text
stringlengths 347
53.1k
|
---|
'''Бетін қақпады''' тыйым салмады, еркіне қоя берді деген ұғымды білдіреді. Ертеде баланы, әсіресе шаңырақ иесі сүткенжені өжет болсын деп тым еркелетіп, бетінен қақпай өсірген. Ата-ана баласын «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірдім» деп марқаяды. Қалағанын істетіп еркін өскен азамат ел үмітін түбінде ақтайды, алған бетінен қайтпайтын өр болады, «басына ноқта кимеген, көзіне қамшы тимеген» азамат, айбарлы да өжет тұлға боп өседі деп санаған. Әйткенмен қазақы педагогика бойынша жас бала белгілі дәрежеде «ананың алақанын, әкенің шапалағын» көріп өсуге тиіс болған. Алайда бұдан шапалақ бала тәрбиесінің негізгі тәсілі деген жаңсақ ұғым тумаса керек. Керісінше қазақ ортада әке ешқашан да баланы бетінен ұрмайтын, тек ерекше жағдайда ғана, яғни бала шектен шықты дегендей ахуалда ғана оның құйрығынан шапалақтап жасқайды. Қазақ ұғымында бетке ұрған шапалақ баланың бақытын ұшырып, жасқаншақ етеді деп есептеген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Би-бектер киімі''' әлеуметтік мәртебені айқындайтын ерекше киім түрі. Би-бектер жағасы мен екі өңіріне, етек-шалғайына ою-өрнек кестеленген оқалы шапан, тон киген. XVII ғасырда өмір сүрген бидің бірі Қуандыққа жиырма жасында бүкіл Жәдік руы жиналып, оқалы тон жауып, тәжді тымақ кигізіп, оқшантайлы белбеу буындырып, би сайлаған. Оқалы тонға айналдыра құндыз ұсталған. Осы тон қазіргі кезде Қытай Халық Республикасының буыршын ауданындағы қуандық ұрпағы Сәдуақас отбасында сақтаулы. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Сәуірдің 22''' Григориан күнтізбесінде жылдың 112-ші күні (кібісе жылдарда 113-ші). Жылдың аяғына 253 күн қалады. == Мерекелер == 25px Жер күні мерекесі Жаңалық күні. Изабелла патшайым күні. Оклахома күні. == Оқиғалар == 1964 Танганьика және Занзибар Танзания мемлекетіне бірірігуін мәлімдеді. 1969 Хьюстонда алғашқы рет адамға көз орнату операциясы сәтті өтті. == Туғандар == 1724 жыл Иммануил Кант (1804 жылы қ.б.), неміс пәлсапашысы 1870 жыл Владимир Ильич Ленин, ресейлік төңкерісшілі, сөзші, пәлсапашы, ленинизмнің негізін қалаушы, большевиктер партиясы көкейтесті бірі, Ресей КФСР мен КСРО орнатушысы 1899 жыл Набоков Владимир Владимирович, орыс және американ жазушысы, сыншы == Қайтыс болғандар == 1994 жыл Ричард Милхауз Никсон, Америка Құрама Штаттарының 37- президенті (1969—1974), АҚШ-тың 36- вице-президенті (1953 1961), президенттік мерзімінің соңына дейін отырып, қызметінен босаған жалғыз АҚШ Президенті. == Сыртқы сілтемелер == Санат:22 сәуір |
'''Торғай''' Қостанай облысының Жангелді ауданындағы ауыл, аудан және Торғай ауылдық округі орталығы. == Географиялық орны == Облыс орталығы Қостанай қаласынан қарай 550 км жерде, Торғай өзенінің оң жағасында орналасқан. == Халқы == 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 6462 адам (3177 ер адам және 3285 әйел адам) болса, 2009 жылы 5767 адамды (2799 ер адам және 2968 әйел адам) құрады. == Тарихы == Іргесі патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына байланысты «Оренбург» атты бекініс есебінде қаланған. 1845 жылы «Торғай» деп аталып, қала мәртебесін алды. 1868 жылы жаңадан құрылып, аттас облыс пен уездің орталығына айналды. 1883 жылы көрнекті қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсаринның ұсынысы бойынша мұнда қыздарға арналған училище ашылды. Қалада әскери лазарет жұмыс істеді. 1876 жылы қаладағы тұрғындар саны 570 адам болса, 1902 жылы 1,2 мыңға жетті. 1920-29 жылдары Қазақстанда Кеңестер өкіметі орнады. 1990–1997 жылдары Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанда Торғай орталығы Арқалықта болған Торғай облысы құрамына енді. 1997 жылы ол ыдырап, Торғай Қостанай облысына көшті. == Инфрақұрылымы == саласында әкімшілік мекемелер, ауданы байланыс және телекоммунация, коммуналдық, көліктік кәсіпорындар мен ұйымдар, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорын, баспахана, орта мектеп, музыка мектебі, Нұрқан Ахметов атындағы ауылдық мектеп, кітапхана, ауданы аурухана, емхана, дәріхана т.б. әлеуметтік мекемелер жұмыс істейді. == Дереккөздер == Санат:Жангелді ауданы елді мекендері қала статусынан айырылған елді мекендері |
'''Бидай ''' бидай түрінде берілетін садақа түрі. Марқұм болған жанның тірі кезінде балиғатқа жеткен кезінен бастап, қаза қылған намаздарының әрбір күніне 30 қадақ бидай, рамазан айындағы ұсталмаған оразасының әрбір күні үшін 35 қадақ бидай, жалпы 365 күнге 277 пұт, 20 қадақ бидай көлемінде молдаға берілетін ысқат садақа. Берілген бидай ақшаға шағылып, ақша малға айналдырылып, жаназаға қатысқан молдаларға үлестіріледі. Осыған ұқсас мал түрінде берілетін садақа түрі дәлел оқу, дәлел шығару, дәуір айналдыру деп аталады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бидай көже''' -дәстүрлі орта сусындарының бір түрі. Келіге түйіліп, кебегі алынып, аздап жармаланған бидайды етпен бірге қайнатып алып, айран қосып, бөлек бұқтырып қойып дайындалатын сусын түрі. ==Жалпылама== Түктеліп кебегі ұшырылған, шаңтозаң, ұнтақтардан тазартылған бидайды келіге салып түйеді. Келідегі бидайға аздап су сеуіп дымқылдап араластарады. Оған дейін де басқа тегешке салып араластыруға болады. Бидай жармаланып, бір-бірімен қамырланған дән әбден тұтасып, кіріккенше түйіледі. Мұны көжелік бидай "жаншу" деп атайды. Бидайды келіде жаншыған кезде оны жиі-жиі қолменен араластырып отыру қажет. Сол кезде бырт көже болмай барлық дән жарылып, біркелкі жаншылады. Жаншылған бидайды сүтке сүт қосылған суға немес сорпаға, суға салып қайнатады. Қазанды сарқылдатып, қатты қайнатпай, жанышпа қазан түбіне жабысып қалмайтындай араластырып отырып баяу қайнатады. Жанышпа бөртіп, көже қоюланған кезде отты сөндіріп, қазанның қақпағын жауып, бір сағатқа жуық бұқтырып қояды. Көженің тұзын, татып көріп, қайтадан қайнатады. Сорпаға, сүтке пісірілген көженіыстықтай іше беруге болады. Ал суға пісірілген көже сәл салқындатылып, "көже қатық" деп аталатын сүзбені езіп немесе езілген құрт қосып ұсынады. Бидай көже Өте тоқ тамақ әрі сусын. ==Дереккөздер== Сегізбайұлы Кәдірбек С30 Қазақы дастарған Алматы: ”Атамұра”, 2011. 192. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бие байлау'''- бие сауып, қымыз ашыту. Дәстүрлі ортаның бие байлап, қымыз сауу маусымында атқарылар еңбекке қатысты дәстүрінің ішіндегі салтанатты салтының осы бірі бие байлау. Ел жайлауға шыққан кезде сауылатын биелерді бөле бастайды. Алдымен желі тарту үшін қазықтар қағылады, бірінші қазықты жылда арнайы қазық қағып жүрген тоқпақтың сабына ақ мата байлап, үлкен ақсақалдардың бірі қағу ишарасын жасайды. Желі тартқанда әрбір бес құлынның ортасына бір қазық қағылады. Желі маңы биебау деп аталады. Әйелдер сабалар мен көнектерді әбден жуып, желінің басына кептіреді. Малым құт әкелсін деген ниетпен биебаудың үш қазығының, желі арқанның басына, айғырдың жалына, биенің сауырына сары май жағады. Одан кейін шу асау құлындарды шалма, құрықтың көмегімен ноқталап желіге байлайды. Алғаш байланған құлындардың мойны созылып қалмас үшін үйренгенше үнемі бақылауда ұстайды. Құлындарды желіге байлаған соң, биебаудың шайын дайындайды. Желінің басына шай жасалып, жиналған жұрт құрт, ірімшік, тоқаш т.б. тамағымен келеді. Мұны «шашу шай» дейді. Желі басында жайылған дастарқанға үлкен-кіші, бала-шағалардың барлығы келеді. «Байлар көбейсін» деген игі ниетпен бата- тілектер айтылады. Бие бау батасы: ''Я, Құдай жар болып, ''Ұзарта гөр желісін, ''Кеңейте гөр өрісін. ''Жирен сақал Қамбар ата, ''Байталына құлын телісін. ''Жазық жауынды болсын, ''Биең сауынды болсын. ''Жылқың көкке кенелсін, ''Құлының сүтке бөгелсін. ''Сақа айғырың кіндігінен, ''Саба биең пұшпағынан құт болсын. ''Сұрағанға бекер бер, ''Сусағанға жеке бер. ''Сабаң толы сүт болсын. ''Құрығын сүйреткен ұрыңнан сақта, ''Құйрығын сүйреткен бөріңнен сақта. ''Назары аштың сұғынан сақта, ''Сұғанақ көздің оғынан сақта. ''Қара тілдіден тіліккеннен сақта, ''Қалды көздіден көзіккеннен сақта. ''Қабағым деп шіренген байға да, ''Тамағым деп тіленген жарлыға да, ''Меймілдеп қымызың жетсін. ''Қамбар атаға дастарқан жайып, ''Биебауға тілеген тілегіңді, ''Қабыл етсін! Биебаудан кейін қымыз ашытқан әрбір үй алдымен үлкен кісілерге, көршілерге арнайы әзірлеп, шақырады. Бие бас сауымнан кейін бір жарым, екі сағат аралатып сауылып тұрады. Бие күн шыға байланып, қас қарая ағытылады. Осындай үрдіспен бие шілденің басынан қоңыр күзге дейін байланады. Қыс мезгілінде қысырақ байлау арнайы жемдеу арқылы жүзеге асады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
Лорд '''Себастьян Ньюболд Коу''' (, 29 қыркүйек 1956 жыл, Лондон, Ұлыбритания)— атақты ағылшын жеңіл атлеті, 1500 мертге жүгіру бойынша екі дүркін олимпиада чемпионы, қазіргі таңда саяси қызметкер, Британия Патшалығы Орденінің 1992-1997 жылдары ағылшын парламентінің өкілі, 2000 жылдан бастап бүкіл өмірлік пэр титулын иемденді, Рэнморлық барон (Суррей графтығы). Жаттықтырушысы болып әкесі Питер Коу болды. 1979 жылы шілде айында Осло қаласындағы Бишлет стадионында 800 мертге жүгіріп, Коу мәре сызығын 1.42,33 секундта басып өтті. Ол әлемдік рекордтан 1,11 артық келді. Бір милге жүгіру бойынша 3.48,95 2-інші әлемдік рекорд. 2005 жылы Лондон қаласын 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының астанасы ретінде таңдағаннан кейін, Себестьян Коу Ойындардың ұйымдастыру комитетін басқарды. Ол 2007 жылы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемелер == BBC Panorama: Fifa and Coe Sebastian Coe's foreword to 'Running the Race', biography of Olympic champion Eric Liddell ISBN Sebastian Coe's entries on the official blog of the London 2012 Olympic and Paralympic Games Sebastian Coe Profile: Made In Sheffield Guardian profile of Sebastian Coe Article by Sebastian Coe about his amazing rise to fame in 1979, The Daily Telegraph, 11 тамыз 2009, Retrieved 11 тамыз 2009. Sebastian Coe has revamped London's bid for the 2012 Olympics Sebastian Coe promises Olympics to remember Sebastian Coe greatest race: the 2012 Olympics Why London won the games: The Sebastian Coe factor Coe Pays Tribute To Lord Stratford Students interview Sebastian Coe Sebastian Coe's Biography England Athletics Hall of Fame citation |
'''Олимпиадалық Тасымал ұйымы''' (''ОТҰ'') қажетті жерге тасымалдау, инфрақұрылым және Лондондағы 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына жауап беретін ресми корпорация болып табылады. Ол Лондондық Олимпиада және Паралимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитетімен (LOCOG) бірге жұмыс жасайды. Олимпиадалық Тасымал ұйымы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының басты екі ұйымдастыру агенттігінің бірі. == Тағы қараңыз == *2012 Жазғы Олимпиада ойындары *2012 Жазғы Паралимпиада ойындары *Лондондық Олимпиада және Паралимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитеті == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемелер == London 2012 main site Interview with the ODA's adviser on architecture and urbanism Ricky Burdett Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары Санат:Олимпиада ойындары |
'''Сулы орталық, Су спорты Орталығы''' () жабылулы нысан, ішінде екі 50 метрлік жүзу бассейні мен 25 метрлік дайвингке арналған бассейн бар. Бұл стадион 2012 жылғы Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының басты нысандарының бірі болады. == Сыртқы сілтемелер == Ресми сайттағы нысан туралы мәлімет Сәулетші сайты Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары Санат:Лондон спорт ғимараттары |
'''Лондондық велопарк''' () Лондондағы велосипедтік орталық. Велотрек пен BMX жолынан тұрады. 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарындағы веложарыс пен BMX жарыстары болатын нысан болып саналады. Велотрек 2009-2011 жылдар аралығында салынды. Құрылыс құны 105 млн фунт стерлингті құрады. Велотрек 250 метр стандартты ұзындықтан тұрады. Құрылысқа 53 км Сібір кедрасы қолданылған, 350 000 шеге қағылған. == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемелер == Ресми сайттағы нысан туралы мәлімет Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары |
Нұрлан Ноғаев Atyrau Petrochemical Day 2016 форумында '''Нұрлан Асқарұлы Ноғаев''' (30 шілде 1967 жыл) Маңғыстау облысының әкімі. == Білімі == Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан. Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институты, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Орыс, түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. == Биографиясы == Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған. 1993-1995 ж.ж. Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор. 1995-1996 ж.ж. Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары. 1996-2006 ж.ж ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор. 2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры. 2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген. 2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін Батыс Қазақстан облысыәкімінің орынбасары. 2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2016 жылғы 26 наурыздан 2019 жылдың 16 желтоқсанына дейін Атырау облысының әкімі. 2019 жылғы 16 желтоқсаннан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды. 2021 жылғы қыркүйектен Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. == Наградалары == 2010 жылы «Құрмет» ордені; "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі; "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалі; == Дереккөздер== Санат:Батыс Қазақстан облысының әкімдері Санат:1967 жылы туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Атырау облысының әкімдері Санат:30 шілдеде туғандар туғандар Санат:Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалінің иегерлері |
'''Бие сауым''' уақытты білдіретін халықтық өлшем. Желілеп сауатын биелерді саууға жұмсалатын уақыт. Әлбетте бір биебауда орта есеппен 8-15 құлын байланады. Бие сауым осыншама биені саууға кететін уақыт мөлшері. Құлындаған биені құлыны қарақұлақ болған кезден, яғни мамыр-маусым айларынан бастап, екі-үш ай бойы байлап, күніне шамамен 4-6 ретке дейін сауады. Бие көп болса желілеп сауады. Биенің әр сауымының арасындағы бір жарым, екі сағататай уақыт халықтық өлшемге негіз етіп алынып, бие сауым деп аталған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Биқасап''' ала түсті шағын енді жібек мата түрі. Шапан сияқты бой киімнің сыртын тыстағанда қолданылады. Кей өңірлерде биқасапты биқасам деп те атайды. ҚР MOM қорында түлкі пұшпағынан тігілген ала жолақ (сары және жасыл түсті) жібек бұл биқасаппен тысталған әйелдің сырт киімі сақтаулы. Кебенекше ойып пішілген, шалғайы кеңдеу келген, бүйіріне шабу салынған. Кебенекше пішілгендіктен иығында тігісі жоқ, жең ұшына қарай сыптығырлау болып келген, жағасы мен етегі және өңірі кұндыз терісімен жұрындалған (көмкерілген). == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Торғай артезиан алабы'''– Мұғалжар тауы мен Сарыарқа қыраттары аралығы, солтүстігінде Қостанай белесі мен оңтүстігінде Арал теңізіне дейінгі кең аймақты алып жатқан жер асты сулы өңір, Оңтүстік Торғай ойысында орналасқан алап. Алаптың ауданы 300 мың км2-ден астам. Аумағында жалпы мезо-кайнозой жыныстары (қалыңдығы 1700 м-ге дейін), ал сулы қабаттың жоғары бөлігінде антропоген, плиоцен, олигоцен (30 тереңдікке дейін) және төменгі жағында бор (120 м-ге дейін) шөгінділері басым тараған. Алаптың өзен аңғарындағы және бұларға ұштаса жатқан өңірлердегі тұщы не сол тұздылау су қоры 500 мың м3/тәулік боп анықталды. Суының арыны күшті, кей ұңғымаларда су шапшып атқылайды. Ұңғымалардың тәуліктік өнімі алаптың шет жақтарында 500 850 м3, орт. мен оңт.-батысында 350 400 м3 болады. Суының минералд. Мұғалжар тауы мен Ұлытауға жақын жерлерде және үстіңгі құмды қабаттар мен Үлкен Борсық құмына таяу жатқан жоғ. қабаттарда г/л, алаптың басқа бөліктерінде 70 100 г/л, оңт.-шығыстағы мұнайлы өңір маңында 100 250 г/л. Өңірдегі тұщы судың елеулі мол қоры олигоценнің құмды грунт суларымен байланысады. ==Дереккөздер== Санат:Қостанай облысы географиясы Санат:Ақтөбе облысы географиясы Санат:Қарағанды облысы географиясы Санат:Қазақстан артезиан алабтары Санат:Артезиан алабы |
'''Бит басу''' мал бойында болатын «ауру» түрі. Мал баққан шаруалар пайымында битсіз жан-жануар болмайды, жануарлар денесін өз биті мен келімсек биттер мекен етеді. Өз биті, табиғатына лайық, жануарлардың бойында бірде азайып, бірде көбейіп, кейде мүлде жоғалып отырады. Ал келімсек бит қолайлы жерге орын теуіп, кебейіп өседі де, малды буып, сорып өлтіреді. Тілімізде бар бит жеу, бит шағу, бит сору, бит талау, бит буу, бит бөрткен, бит қотыр, бит қайызғақ, бит жара деген тіркестердің кейбірі терминдік сипат алған. Қазақы ортада қатты кейігенде «қара бит басқыр» дейтін қарғыс та бар. Сонымен қатар дәстүрлі мал шаруашылығында айтылатын жылқы биті, түйе биті, сиыр биті, қой биті, ешкі биті, тіпті аң-құс биті деген атауларда битті түлік атына қоса айтып, жеке- дара ажыратып көрсетеді. Бірақ олардың жалпы атауы бит болғанымен түр-түсі, пішіні бір-біріне ұқсамайтын алуан түрлі қансорғыштар екені белгілі. Түлік бойындагы бит бір орында тыныш тұрғызбай, дуылдатып, қышытып, мал мазасын алады. Бит буған малдың қаны азайып, тері өңі бозарып, жегені бойына жұқпай, құр сүлдері қалады, әсіресе қыстыгүні жылы денеге жабысқан келімсек бит малды өлуге дейін жеткізеді. Қыста және ерте көктемде малдың мойын, жота, мүйіз айналасында ұялаған бит жазда күн сәулесінен қашып, құлақ іші мен сирақ арасына ойысады. Халықтық малдәрігерлік білімінде оларды құртудың бірнеше жолдары бар. Бит түскен жерлерге қидың ыстық күлін сеуіп күйдіреді. Көнді үйіп айналасына от жаққан кезде жарыққа үйірсек бит, кенелер өздігінен шоққа келіп күйіп өледі деседі. Семіз қойдың бит, кене түскен жерін батпақпен сылайды және қызыл темекіні ұнтақтап себеді. == Дереккөздер == Санат:Биттер |
'''Боғат''' (''Бұғат'') қабырға мен дуалдың үстінен екі шеті шығыңқы салынған қамыс. Үйдің боғаты қабырғаны жауын-шашыннан сақтайды. Үйдің төбесі мен қабырғасының қосылған жерін де боғат деп атайды. Сәулет өнерінде ғимарат қабырғасының төбежабынмен түйіскен жері де боғат деп аталады. Қарапайым тұрғын үйлерде боғат деп итарқа сырғауылдарының (шабақтарының) қабырға жағындағы ұшы шығып тұрған белдеуді айтады. Сәулет өнерінде Қожа Ахмет Иасауи ғимараты қасбетінің бұғатын эпиграфикалық белдеу етіп жасаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Боғжама''' қыз жасауы салынатын үлкен дорба, түйеқанар тең. Ою-өрнек, шашақ салып, мақтадан яки жүннен өрмелеп тоқылады. Ұзатылған қызға жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асырылып берілетін төсек-орын, киім-кешек, ыдыс-аяқ, құрал-жабдық, қару-жарақ сияқты мүліктер осы боғжамаға салынады. Қыз жасауы мұнымен ғана шектелмейді, ақ отау, жүйрік ат, сойыс мал секілді сый кәделер де беріледі. ҚР МОМ қорындағы боғжаманың ұзындығы 109 см, ені 32 см, биіктігі 47 см. Алаша тоқу тәсілімен қызыл, сары, ақ және сұр түске боялған жүннен иірілген жіппен термелене тоқылған бөліктерден құралған. Түбі ақ түсті талдырма киізден тігілген. Аузын байлап қоюға арналған ызба бау бар. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Боғжама''' ұрын барған күйеу жігітке қалыңдық әкесі тарапынан берілетін сыйлық түрі. Ұрын барып, үш-төрт күннен соң қайтуға жинала бастаған күйеу жігіттің қоржынына қыз әкесі жігіт жолдастары арқылы жоралғысын салып жібереді. Кейде дәулеті мен қыз қалыңмалының мөлшеріне қарай бір жылқы да қосып берген. Күйеумен бірге келген жолдастарына да ат мінгізіп, шапан жауып қайтарған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Боз''' ақшыл, қылаң түс. Ақшыл көк түсті малды боз, ақбоз деп, шұбар араласса бозшұбар деп атайды. Сондай- ақ шымқай бозды шаңқанбоз деп, қылында басқа түстер реңкі болса, қылаңбоз деп айтады. Боз немесе қылаңға қарама-қарсы ұғым баран деп аталады. Боз, қылаң реңді мал баранға қарағанда біршама жоғары бағаланады. Байырғы ортада қонаққа сойылатын, құрбандыққа шалынатын, құдайы ретінде садақаға (бозқасқа) берілетін малдың ақ, қылаң түсті болуын ескерген. Яғни мұндай түс киелі рәміздің белгісі ретінде әспеттелген. Табиғатта мал түгінің түсі жасы мен жыл мезгіліне, сонымен бірге күйіне байланысты өзгеріп тұрады. Мәселен, бурыл, шұбар, қаракөк түсті жылқы қартайғанда бозға айналады. Алайда жылқының жас кезіндегі Тайбурыл, Байшұбар және т.б. есімі сол қалпында қалады. Шау тартқан шағында Кемпірбай ақын Боз шапса, боз озбайма бурылдан, мен шансам жер танабы қуырылған... деп, Әсетке өзінің мәртебесі жоғары екендігін білдіріп, дәстүрлі түсінік бойынша бурылдан боздың қасиеті мен құрметі басым екендігін әйгілейді. Дәстүрлі ортада шешен, өмірде көргені мен түйгені мол саңлақ адамдарды кәрібоз деп әспеттейді. Көне наным-сенімге негізделген дәстүрлі түсінік бойынша ақ өң арғы әлем мен бергі әлемді жалғастырушы, дәнекерші түс боп табылады. == Дереккөздер == Санат:Түстер |
'''Боздақ''' ботаның жақ жүні немесе түйе түлеген соң жаңадан шығатын сирек, селдір, жұмсақ, ұлпа жүн. Сонымен қатар төлдің алғашқы жылғы жүні де боздақ деп аталады. Ертеде қазақ емшілері тізесі, буыны ауырған адамның аяғына боздақ жүнді тұзды суға салып сорботқа тартқан. Ертеде түйенің боздақ жүнінен ағима шекпен тоқыған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бозот''' бидайық пен бетегелі, бозды табиғи мал жайылымы. Мамыр, маусым айларында бозоттық құнарлылығы мол болады. Бозотты қара мал, әсіресе жылқы малы сүйсініп жейді. Бозды жерде жылқы семіреді деген халық нақылы боз оттың осындай қасиетінен шықса керек. Әр малдың сүйіп жейтін шөбі болады. Мал шаруашылығының қыр-сырын толық меңгерген қазақ қай шөптің қандай түлікке жұғымдылығын жақсы білген. Мәселен жылқы ащы шөпті аз жеп, бозды көп жейді, ал түйе керісінше, ащыны көп жеп, бозды аз жейді. Сарыарқаның бетегелі, қауданды, қияқты, бидайықты өлкелерін жылқының жері боз отты десе, жусанды жайылымды, ягни «қара отты» жерді түйе мен қой түлігіне қолайлы деп санаган. Ал өзен, көл жағасындағы батпақ жерге шығатын шалғын жайылымды өлеңді жерді сиыр түлігінің өсіп-өнер жері деп біледі. «Өлеңді жерде өгіз семіреді» мәтел осыны меңзейді. Боз деп шөпке де, жерге де байланысты айтылады. Көкшетау өңірінде мал жайылатын жерді, ал қазақтар құнарлы, тың жерді боз дейді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бойдақ мал''' көшпелі мал өсім қабілеті шектелген, төл өсіруге және сауынға саууға қатысы жоқ, яғни сүт өнімдерін бермейтін, төлі жоқ, саулық пен құтпан малдан жеке, оңаша бағылатын түліктің тобы. Бойдақ мал ұғымы негізінен піштіріліп, ақталған аталық қабілеті жойылған малдарға қаратыла айтылады. Оған төрт түлікте ат, атан, өгіз, еркек тоқты, қой, серке және т.б. енеді. Тағы бір ерекше ескерер мәселе, бойдақ малға ұрғашы малдарды да шартты түрде енгізген. Мысалы, іш (төл) тастаған, төлі өліп, сүті тартылып суалып кеткен, сондай-ақ қысыр қалған және бедеу саулықтарды да қосып бағады. Соған байланысты қазақ шопандары жеке бағылатын бойдақ, саулық аралас мал тобын шартты түрде бойдақ мал деп атайды. Бойдақ мал тобы үйір, табын немесе келе деп саналмайды. Себебі, онда құтпан қойылмайды, түлік құрамы тұрақты емес. Сонымен бірге Бойдақ малдар тобына жыныс қабылеті жетілмеген жас малдарды да қосып бағылады. Дәлірек айтқанда, қойда қысыр тусақ, саулық, ісек, жылқыда саяқ пен қысырақты, піштірілген дөнен-бестілер үйірін бірыңғай бойдақ малға жіберіледі. Бойдақ мал тобындағы еркек бойдақтар семіз мал ретінде соғымға немесе сойысқа сойылады. Ал, қысыр, төлі өлген, жыныс қабілеті жетілген тұмса ұрғашы малдар үйірге жіберіліп, аталық малға қосылады, яғни өсім қабілеті ескеріледі. Сиырда бойдаққа қысыр қалғандары мен екі жастан асқан піштірілген еркегі, немесе өгіздер, еркек, ұрғашы тайынша-таналар енеді. Сол сияқты бойдақ қойға «іш алмаған» қысыр саулық, тұсақ, тоқты, төлі өліп сүті суалып кеткен саулықтармен бірге азбан, ісек, құнан, дөнен қойлар жатқызылады. Бойдақ малдың бағым-күтімі ерекше: семіртіп, қоңдандыру үшін оты шүйгін, суы мол, ауылдан ұзақ шалғайдағы өріске бағады. Яғни, ауылда ұсталатын малдың аяғы жетпейтін, олардан жайылымы бөлек болады. Ертеде көшпелі мал шаруашылығында бойдақ қой-ешкі табынын бағуға бірнеше үй арнайы шалғайға, жөн жерге көшіп барып байланысты оларды қазақтар «бойдақ мал баққан ауыл» немесе «жондағы ауыл» деп атайды. Бағымының өзгеше бойдақ мал ерте өргізіп, қараңғылық түскенше жайып, кеш қоралайды. Сауын уақыты деген ұғымның қатыстылығы болмайтындықтан түсте жонда, салқын жерлерде жусап жата береді. Жылқы мен сиырдың бойдағын қос тігіп шыққан сиыршы, жылқышылар баққан. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бойжеткен''' кәмелетке толған әйел жынысты адам. Қазіргі кезде ер-азаматтармен бірдей құқылы. Есі мен денесі өзіне ғана тиісті болғандықтан, заң мен қоғам алдында ер-азаматтармен бірдей жауапты. Оған "болашақ ана", "келешек келін" деген заттаңба қою, тарихи қалыптасқан дәстүрмен айыпталғанымен, заманауи түсініктерге қарсы іс болып табылады. Себебі бала таба алмайтын, тұрмыс құрғысы келмейтін, не оны бас приоритет санамайтын адамдарға қоғамдық қысым көрсететін құлық, адам құқығына қарсы іс. Сексиситті және патриархтық мәдениет қалыптастырған халық түсінігінде бойжеткен бейнесі жастық пен әдеміліктің, сұлулық пен әдептіліктің символы болып қалыптасқан. Көне, дәстүрлі ортада он үш жасқа толған қыз бойжеткен саналған. Көне қазақ ұғымында бойжеткен уыздай тәтті еркелігімен, назды қылығымен ерекшеленіп, өз абыройын, намысын берік қорғайтын, инабатты, биязы ару болу керек деп саналған. Қыз баланың бойжетуін үлкен бақыт санап, оның ерікті болуын қалаған. Елі, рулы қауымы жат жұрттық саналатын қызды оң жаққа төрге отырғызып еркелеткен, «Қызға қырық үйден тыю» жасап, намысын қорғап, арының аяқасты болмауын қадағалаған. Жеңгелері бойжеткенге «еркежан», «сырғалым», «күлімкөзім», «ақмаңдайлым» деп ат қойып, қашан «жат жұрттық» болғанша аялап өсіруді міндетіне алған. Бойжеткенге қойылатын қатаң талап ізетті болу, әсем киінумен ғана шектелмей, адам болмысын айқындайтын әкені күту, шешені сыйлау, ұлттық түгел меңгеріп, өнерпаз әрі іскер болу т.б. талаптары жүктелген. Оған салт жырларын үйретіп, халықтық тәлімдік ұғымдардан мол түсінік алуын қамтамасыз еткен. Бойжеткен отбасының ұйытқысы болатын болашақ асыл жар, ұрпақ тәрбиелейтін ертеңгі ана деп қарастырылған. Сондықтан бойжеткен тәрбиесіне қатты көңіл бөліп, оның бойына өнегелі қасиеттерді дарытуды ұлттық парыз деп санаған. Бойжеткенді жұрты түгел мәпелеп өсіріп, жақсы тәрбиеге баулыған. == Дереккөздер == Санат:Балалық Санат:Әйел |
'''Болыс''' қызметтік лауазым, болыстықтың басшысы, басқарушысы. Болыстар 50 үйден бір сайлаушы қатысатын елубасылардың съезінде жыл мерзімге сайланып, оларды әскери губернатор бекітіп отырған. Болыстар немесе сұлтандар өз қарамағындағы әкімшілік аймаққа билік жүргізіп, патша үкіметінің жарлықтары мен сот үкімдерінің орындапуын қадағалады, ауылдарға жайылымдық шабындық жерлер бөліп беру, жер дауы, салық салу және жинау мәселелерін шешіп отырды. Әрбір ауылды уездік басқарма бекіткен жылға сайланған ауыл старшинасы, ал болыстарды сұлтандардың өз арасынан жылға сайланған сұлтан, уездік басқарманы аға сұлтан басқарды; уездік басқармада облыс бастығы бекіткен екі орыс шенеунігі, старшындар мен билер және жылға сайлаған екі қазақ отырды. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды, болыстыққа сұлтандар сайланып, шын мәнісінде бұл қызмет атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды. Сондықтан да сайлауға әр ру-тайпа Болыс қызметіне өз адамын өткізу үшін барынша жанталасқан. Болыс қызметі Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында әкімшілік саяси өзгерістерге байланысты жойылды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
''Қордай көтерілісі'' 1931 жылы Қордай ауданында болған кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясатына қарсы бағытталған көтерілісі.1931 жылы қыркүйекте осында уәкіл болып келген ''Голощекинге'' және Қордай ауданындағы партия комитетінің хатшысы Харитоновқа жазған хатында 12 қыркүйекте Қордай ауданынының Ұмтыл ауданындағы көтеріліс кеңінен айтылған. Оған 200-дей адам қатысқан. Олардың қатарында коммунистер мен комсомол мүшелері де болған. Көтеріліс кезінде осындағы аудан партия комитетінің астық дайындауға байланысты жүрген уәкілі ''З.Айтековті'' көтерілісшілер атып өлтірген. Көтерілісті бастаушылар," Қордай ауданындағы көрші Оян және Алға аудандарының және Шу ауданындағы Жыланкөз ауданының шаруаларының қолдауына сүйенеміз", деп дәмеленеді және оларға шабармандар да жібереді. Бірақ бәрі керісінше болып Алға ауданының белсенділері ұйымдастырған коммунистік отряд көтерілісті келіп басты. Көтеріліс басшылары Ырғайты тауында жасырынып жүрген басқа шаруаларға барып қосылды. бұл топтары желтоқсанға дейін жортуылдап, Қызыл Армияның тұрақты бөлімдерімен және коммунистік отрядтармен бірнеше рет шайқасқан, қарулы қақтығыстарға барған. Алғашқы ұрыста адам өліп, ал жазалаушылардан коммунистік отряд мүшелері жараланған. Қоңыртөбе деген жердегі қақтығыста Қордай ауданының ОГПУ басқармасы уәкілінің көмекшісі Файызов қаза болған. Көтерілісшілер кеңес әскерлерінің тегеурінді шабуылдарынан кейін қолға түсіп, кеңестік қуғын-сүргінді бастан кешті. '''Торғай Көтерілісі'''– Торғай қазақтарының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі. Оған Амангелді Иманов пен Әбдіғапар Жанбосынұлы басшылық жасады. Көтеріліске 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығы себеп болды. Көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап, жазалаушы әскерлерге бірнеше рет жойқын соққы берді. ==Сілтемелер== |
'''Бораннан малды қорғау''' боранды күнде қатарынан бірнеше күн соққан күшті желден малды қорғау, паналату. Ертеде мезгілсіз соққан бораннан малды ықтататын қолайлы орын болмаған жағдайда, киіз үйде отырған бақташылар жақын отырған екі киіз үйдің арасын ұзын бақанмен көлденең қосып, ұзын үш бақанның басын буып, тіреу жасап, оған туырлық киізді жауып, ықтасын қылып, қой-ешкіні паналатқан, кейде түйе, сиырды бірге қосып иірген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Борау''' ағаш үй тұрғызу. Ағаш үйді балташылар бөренелерді қиып, жонып, екі бетін тегістеп, екі шетін кертіп ойып, бір-біріне кіріктіріп ұстастыру арқылы тұрғызған. Үй борап біткен соң, еденін тақтайдан салып, қабырғаларына сылақ жүргізіп, әктеп ағартып қояды. Ал соқпа, сазды сабанмен араластырылған материалдан үй тұрғызуды үй салу деп атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Борық''' сулы жерде өсетін жұмсақ, ақ сүйрік тамырлы, қамыс тәрізді өсімдік; суда өсетін қамыс тәрізді өсімдіктің тамыры мен сабағының арасындағы шырынды, тәтті болып келетін сабағының түп жақ бөлігі. Сонымен қатар саси бастаған, борсыған иісті суды да борық деп атайды. Кейбір деректерге қарағанда, қазақ балалары борықтың сүйрігін әуес көріп жеген көрінеді. == Дереккөздер == Санат:Астық тұқымдасы |
'''Босағаға ілу''' дәстүрлі некелік қатынастың қалыптасу барысында атқарылатын ғұрып кәде атауы. Той тараған соң бір түннен кейін қалыңдық барар еліне аттанғанда, күйеудің жұрттың соңынан қалып, сәл аялдап, қайын атасының үйінің босағасына бір шапан іліп кететін салтын босағаға ілу деп атайды. Мұнда күйеу баланың «осы үйдің осы босағасынан қол үзбеймін», «мен де осы үйдің бір баласымын» деген ишараты бар. Ауқатты адамдар босағаға ілуге үрім-жұрағаты мол болып өссін деген ниетпен бие байлаған. Бұл ғұрып кейбір өңірлерде ілу деп қана аталады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Босану''' екіқабат әйелдің ай-күні жеткен кезде босануы. Дәстүрлі қазақ ортасында әйел адамды босандыру ісін жете меңгерген ащол аналар, әдетте тіс қаққан тәжірибелі егде тартқан әйелдер атқарған. Босанатын әйелдің уақыты келгенде ет жақын әйел туысқандары қол көмегін берген. Толғатқан әйелді екі жағынан демей отырып-тұруына көмектеседі. Әйелдің толғағы жиілегенін байқаған олар бақан алдырып керегеге мықтап тіреп, керегеден бақанга жалпақ бау байлаған. Кең таралған бұл тәсілдің атауы арқан керу деп аталады. Осындай қарбалас шақта ырымшыл аналар бақанның киіз үйге қалай кіргеніне де мән береді, егер бақан бас жағынан енгізілсе, дүниеге қыз бала, ал тұйық жағынан болса ұл бала келеді деп есептеген. Толғағы жеткен әйел босанарда тізерлеп тұрып керілген арқан, бауға асылады. И.С. Колбасенко, А.Левшин, А.К. Белиловский сыпды XIX ғасырда зерттеушілері жазбаларында халықтық осындай мол тәжірбиенің арқасында қазақ әйелдерінің негізінен өлім-жітімсіз, аман-есен босанғандығы жайында айтылады. Соның ішінде И.С. Колбасенконың деректерінде қазақ әйелдерінің жатып толғатуы өте сирек болатындығы, негізінде екі тізерлеп, алға қарай сәл еңкейіп түрегеп тұрған қалпында босанатындығы, әбден шаршаса да түрегеп тұрып толғатып, нәресте жарыққа шығар кезде ғана тізесін бүгетіндігі айтылған. Сонымен қатар бірнеше peт қазақ әйелін босандырғанын және қазақ әйелін жатып босануға көндіре алмағандығын айтып кетеді. Себебі жатып босанса, «бала артқа қарай жылжып кетеді» деп есептеген дейді. Қарулы әйелдердің бірі тізерлеп отыра қалады да, толғағы қысқан әйелді қаусырып қушақтап белін басады. Кей жерлерде әйелдің толғағы басталғанын сезген отағасы бақсы шақыртып, толғақты жеңілдетуге көмек сұраған. Толғақ басталысымен әйелдің жеңіл босануы үшін түрлі ырымдар жасалынған. Бұл ырымдар көбінесе жасалынып жатқан іс-әрекеттің магиялық құдіретіне сенуден туған. Мәселен, пышақты қайрап тамақ дайындау, жарысқазан, толғатқан әйелдің шашын тарқату, үйдегі теңдердің бауын шешіп босату, әбдіре, кебежелердің аузын ашу деген сияқты. Сондай-ақ арша тұтатып аластау, күкірт түтету сияқты әрекеттер толғатқан әйелден әртүрлі жын-шайтан, албастылар аулақ болсын деген ырыммен жасалынады. Қазақ отбасында аяғы ауыр әйелдер босану кезінде жеңілдігі болады деген ниетпен молдаларға дуғалық оқытып, оны тумаршаның ішіне салып, мойнына немесе өңірінің ішкі көрінбейтін жағына тағып алады. Кейде тұздан ішірткі жасатып, мойнына тағып жүреді. Толғағы әбден піссе де, әйел қиналғандай жағдай болса, әлгі тумаршадағы тұзды ерітіп ішсе, әйел жеңіл босанады деп сенген. Әйел толғатып жатқан үйге сол мезетте кіріп келген қыз баланың көйлегінің етегін сәл жыртады. Бала теріс келген жағдайда толғақ қысқан әйелді «оң ба, теріс пе» деп сырмаққа салып алып, қарулы жігіттер арлы-берлі шайқайды. Әйел босандыруға машықтанған әйел өзінің арнайы табағын әйелдің ішіне төңкеріп, бала дұрыс келсін деп табақты оңға қарай бұрап «дұрыстайды». Баланың жолдасы түспей жатса, босандырған әйел есіктен төрге ерсілі-қарсылы жүріп, «түстіме, түстіме» деп келсаппен жерді түйгіштеген. Қазақ арасында әйел толғағы қатты ұстап, босана алмай қиналғанда жылқымен емдейтін бақсылар сол ауылдың айғыры немесе бір атын алдырып, ем жасаған. Ол туралы Ә. Төлеубаев зерттеуінде былай деп жазады. «Әкелінетін жылқы міндетті түрде нысаналы, айтулы айғыр болуы қажет. Ақ жал, шағыр көз, жал-құйрығы төгілген айғырлар жарамды деп есептелінеді. Емдеу шаралары бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен үй сыртынан дүбірлетіп шауып өтеді, одан соң жылқыны үйдің белдеуіне, мама ағашқа байлайды, ақырында үйге кіргізіп, толғата алмай жатқан әйелге жақындатып, жылқының тұмсығын әйелдің көкірегіне тигізеді; айғырды үйден шығарғанда бір жігіт әйелді алдына отырғызып алып, атпен шапқан». Көш кезінде жолай босанар болса, түйелерді айналдыра шөгеріп, үстін киізбен жауып жылылап, босандыруға жағдай жасайды. Нәрестенің кіндігін кесіп болғаннан кейін, баланың жолдасы жоғалып кетпесін деп кіндікті әйелдің аяғына байлап тастайды. Қазақы ортада бала шыр етіп дүниеге келген бойда бірінші болып баланы кім алып, бауырына басса, баланың мінезі сол адамға тартады деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан бала дүниеге келгеннен соң бірінші жөргекке орап алуды бірнеше құрсаө көтерген, елге сыйлы, мінезі жайлы, көп жасаған әйелге тапсырады. Әйел толғағы ауыр болған жағдайда қойдың кесек майын отқа тастап, май жанып жатқанда Жаратқанға «әйелдің толғағы жеңіл болсын» деп жалбарынады. Егер босанған әйел есінен танып қалған жағдайда таяқпен киіз үйді ұрғылайды. Егер одан ештеңе өзгермесе әйелдің бойына кіріп кеткен албастыны шығарамыз деп бірнеше рет әйелді ұрып жібереді. Одан болмаса жылқы ішінен көзі шегір жылқыны таңдап алып, киіз үйдің есігінен басын кіргізіп, босанып жатқан әйелді иіскетіп, «қаскөй күштерді үркіткен». Босану қиындап, әйел қиналса бақсы шақырып, дұға оқытады. Бураның қураған бас сүйегіне ақтық байлап, төрге іледі. Кейде бақсы босанатын әйелдің ішін тізесімен тіреп, құлағының жанына жақын келіп қобыз ойнайды. Қобыз сарынына балқып, әйелдің тез босанған сәттері де болған. Осыған қарай кейбір қариялар баланың болашақта кім болатынын да болжаған. Әуенге елтіп туған бала болашақта әнші немесе күйші болады деп есептеген. Босанған әйел туып, қол-аяғы жеңілдеген әйел. Әйел босанған соң оның ішін дәкемен қатты тартып таңып, жылы жауып жатқызады. «Босанған әйел жас нәрестедей пәк» болады деп санайтын тәжірибесі мол аналар жын-шайтан жоламасын деген ниетпен оның бас жағына Құран, пышақ қойып, мүмкіндігінше босанған әйелді жалғыз қалдырмай үнемі қасында болады. Босанған әйел ерекше бағым-күтімде болады. Қалжаға кой сойып, сорпалап, әл-қуатын көтеретін күшті тағамдар береді. Егер босанатын әйелдің отбасы ауқатты болса, әлгіндей көмек көрсеткен әйелдерге үлкен сыйлық тарту етеді. == Босанған әйелге қатысты ырым-тыйымдар == Бір ауылда қарайлас босанған әйелдерге балалары қырқынан шықпайынша бірін-бірі көруге тыйым салған. Сыртынан болса да біреуі көрініп қалса, соның баласына «шілде қотыр» шығады деп ырымдайды. Қырқынан шығарған соң, «көттестіру» немесе «көтендестіру» деп аталатын жосын атқарылғанан кейін бір-бірімен бет көрісуіне болады. Босанғай әйелдің абысындары, жақын туыстары мен көрші-қолаң үйіне арнайы дәмге шақырмайынша өз бетімен баруына болмайды. Шақырусыз барса, сол үйге тышқан қаптап кетеді деп ырымдайды. Бұл жерде дәмнің, тағамның реттеушілік қызмет атқаратынын аңғаруға болады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Босмойын''' ағаш сапқа қайыспен байланған тас шоқпар, жауынгерлік соғу қаруының бір түрі. Оның сылқетер, сақетер деген атаулары да бар ҚР MOM қорындағы босмойынның басы домалақ шар пішінде темірден құйылып жасалған, ал сырты терімен қапталып, сабын қайысбаумен бекіткен. Сап ағаштан жасалған. Бұл босмойынның жалпы ұзындығы 85 см, басы 5,2 см. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бота аяқтандыру''' жаңа туған ботаны аяғынан тұрғызып, емуге үйрету, қарақұлақтанып өсіп, көндігіп кетуіне мүмкіндік жасау. Інгеннің туар мезгілі жақындаған кезде күйлеген жеріне бошалап қашуы жиі болады. Інгенді арнайы қорада ұстамаса, туған жас ботаны бура, атандар шайнап тастайды дейді. Бота туғанда алдыңғы аяғымен келетіндіктен, көмектесуші адам тартып шығарады. Жаңа туған ботаның аузынан үрленген соң, енесінің алдына тастап қояды. Басын соқпауын қадағалайды, өркешінен тартып аяғынан тұрғызады, ауыздандырады. Бота жаңа туған кезінде өте тартымды, анасын іздеп боздағандагы дауысы жіп-жіңішке, ал өркеші шеміршек тәрізді болады. Бота асау болмасын, табаны таймайтын болсын деп табанын тырнайды, танауына саусақ тығып кеңсірігін, тынысын ашады. Жақын көршілердің әйелі ботаның құйрығын тістеп, оған «кіндік шеше» болады. Түйенің боталауы өзге түлікке қарағанда ерекше. Осыған байланысты қазақта «түйе боталағандай» дейтін сөзде бар. Қазақтар боталаған інгенге жын шайтандар сескеніп жоламайды деп ырымдайды. Түйе көбінесе ақпан- көкек айлары аралығында боталайды. Алғашқы үш күнінде бота өте әлсіз болып, анасының бауырына мал иесінің өзі көтеріп салып емізеді. Бота әлді болу үшін үш күнге дейін уызын түгелімен емізеді. Үш күннен соң сауа бастайды. Бота жылдам еме алмаса, енесінің емшегін таба алмай, шабы мен бүйірін түрте береді. Сол кезде енесі ботаның құйрығын бақыртып тістеп тастайды. Ол інгеннің емшектің сыздағанына шыдамағанынан істейтін әрекеті деседі мәлімет берушілер. Дәстүрлі ортада түйесі туған үй көрші-қолаңнан «інген туды» деп сүйінші сұрайды. Боталы болған үй «үлпершек асып» (көтенасар тәрізді) ғұрыптық тағам үлестіреді. Інгенді сауып оның уыз сүтін араластыра қайнатып «жылма» деп аталатын тағам дайындайды. Егер түйе ботасынан жерісе, молдаға тұзға дем салдыру арқылы дұға оқыттырып, оны езіп жеміне қосып береді немесе інгеннің желініне жағады. Кейде дұға жазылған тұмарды ботаның мойнына іледі. Телудің келесі бір түрінде енесі мен ботасын қараңғыға қойып, сүтін ботаның денесіне жағып, інгенге ботасының иісін алдырып иітеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бота жабдығы''' жас ботаны суықтан, жаңбырдан қорғайтын арқа, сауыр, бүйірін қаусыра қымтайтын, шоқтық пен шонданайды жабатындай ұшы төмен салбыраңқы келген жабдық. Ол жұмсақ теріден немесе матадан сырылып жасалады. Бота жабуының өркеш тусына доғал тесік қалдырады немесе доғалдандырып шығыңқы етіп бітеу жасайды. Көтерем, арық түнелерге де жүндеген соң, бота жабуына ұқсатып суықтан қорғайтындай жабу жабылады. '''Бота төбелдірігі''' киізден жасалатын, ботаның төбесі мен маңдайы тоңбауы үшін төбесіне байланатын бота жабдығы жабын, яғни милығы жоқ таяздау келген жас баланың құлақшынына ұқсас, бауы сағақтың астынан байланады. Сонымен қатар мұндай жабдықтың төбешік, төбелік, төбелдірік деген атаулары да кездеседі. Дәстүрлі ортада «Түйе баласы төpe баласы» деген сөз орамы бар. Бұл түйе түлігінің өте нәзік, кірпияз болатындығынан, ерекше күтімді талап етуіне байланысты айтылса керек. '''Бота ноқтасы''' бота басына кигізілетін, жетелеуге, байлауға арналған жүннен тоқылып жасалатын әбзел түрі. Ботаға тіл-көз тимесін деген мақсатта түрлі түсті жіптен өріліп, тоқылып, құр тәрізді таспаланып жасалады. Тіптен қоңырау да тағылады. Көшпелілердің ежелгі түсінігі бойынша, әшекейленген немесе көзтас қондырылған ноқта-жүген малды, сонымен қатар мал иесін тіл-көзден қорғап сақтайды. Сондықтан оларды аттап өтуге тыйым салынады, малдың құты қашады дейді және бұларды құт санап басқа адамға беруді де жөн санамайды. ҚР MOM қорындағы бота ноқтасы қайыстан жасалған, металл шығыршықтар бекітіліп, қоңырау байланған. Сағалдырықтың тұйығына ілінген бүлдіргіге мыс қоңырау байланған. Ноқтаның ұындығы 54 см, ені см. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бота телу''' жеріген ботаны телу шарасы. Жетім қалған төл ашығады, ал төлі ембеген інген емшегін сүт керіп, ауруға шалдығады. Сондықтан бота мен інген арасындағы «үзілген байланысты» реттеу мақсатында телу шарасын жасайды. Телу шарасы жағымды әсем әуенмен, қуатты сөзбен інгеннің аналық түйсігін оятуға, мейірімін төгілтуге бағытталады, сонда ғана інген жас төлді жатсынбай қабылдайды. Қазақтар қозыны телігенде қоңыр ырғақпен төйтелеп, ешкіні шөрелеп, сиырды әукелейді, яғни осындай одағайларды қайталап айта отырып, телу шарасын атқарады. Ертеде жеріген інгенге әйел адамды теріс қаратып мінгізіп, ауылдан ауылға жетелеп, әбден шаршатып, содан соң бота телуді бастаған дейді кейбір деректерде. Дәстүрлі ортада көбіне қобыз бен сыбызғы әуеніне, кейде домбыраға суйеніп, әуен ойнап бота телуген. Төрт түлік ішінде аса сезімтал әрі аналық түйсігі ерекше дамыған, үн мен сазға еліткіш түйе түлігінің осы қасиеттері ауыз әдебиеті мен фольклорлық музыкалық шығармаларда кеңінен бейнеленген. «Нар идірген» және «Бозінген» сиякты күй мазмұндарынан осы жайттар тереңнен ашылады. Өз ботасының ешбірін де емізбей, өлтіре берген тасбауыр інгенді қарт күйші домбыра тартып исіндіріп, жас төлін бауырына алғызған екен. Сондағы тартылған әуен «Нар идірген» деген атпен бізге жеткен дейді халық аузындагы аңызда. Ел арасынан жиналған ауызша деректерде кейде ботаны телігенде екі түрлі дұға жазып, оның бірін езіп ботаға жағып сипаса, екіншісін ботаның мойнына таққаны туралы айтылады. Байырғы ортаның інгенге бота телу шарасы оның архаикалық сипатынан, көшпелілерге тән генезисінен хабар береді. Жоңғарлардың «Түйе тартыс» ден аталатын інген жүрісін суреттейтін күй ырғағы, халхалардың «лимбэ» аталатын аэрофон аспабымен орындалатын созылыңқы әні, тывалардың көмеймен орындалатын әуені бәрі де осыны айғақтайды. Еділ қалмақтарында «Жәңгір» эпосының әуенімен төйгелеу жырын орындағанда, інген әуенге елтіп боздап, көзінен жасы мөлтілдеп, ботаны бауырына басып, емізе бастайды екен. Қазақта әуенмен орындалатын мұндай мәтін ерте кезде болғанмен, бізге дейін жетпеген. Тек қана «Нар идірген», «Бозінген» секілді күй аңызында осы ғұрыптың ұшқыны қылаң береді. Тіліміздегі «түйенің құлағына домбыра ойнағандай» деген сөз орамы ботаны телігенде інгеннің құлағына күй тартатын ғұрыпқа байланысты қалыптасса керек. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Боталы түйе''' балалар ойыны. Ойынға қатысушылардың бірі түйе, келесісі оның ботасы болып ойнайды. Басқа ойыншылар «ботасын іздеген түйені» қоршаушылар, ботаның «бөгеттері» болып ойнайды. Ойында түйе ботасын ертіп кетпек болады. «Бота» қол ұстасқан ойыншылар ортасында, ал «түйе» сыртта қалады. «Түйе» ойыншылар ортасында қалған «ботасын» ертіп кетуі керек, бірақ басқа ойыншылар оған кедергі жасайды. Амалын тауып «ботасын» ұстап алған «түйені» ойыншылар күштеп «шөгеріп», үстінен қарғиды. Осы кезде «түйе» үстінен секіргендердің бірін ұстап қалса, ұсталған ойыншы «түйеге» айналады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Торғай Қолаты''', ''Торғай аңғары'' Мұғалжар мен Сарыарқа таулары аралығында орналасқан ойпат. == Жер бедері, геологиялық құрылымы == Оңтүстіктен солтүстікке қарай 800 км-ге созылып жатыр. Қолат тектоникалық жолмен пайда болған. Солтүстігін Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпатын жалғастырып тұратын табиғи аңғарлық қақпа Торғай қақпасы алып жатыр. Оның орнында палеоген кезеңінде Торғай мен Сібірді Торғай өзенінің орта ағысы жалғастырып тұрған ені 20-25 км бұғаз болған. Қолаттың қазіргі ені 20-75 км, салыстырмалы төменділігі 200 м, тұнбалы, құмды саздақтан түзілген. Торғай қолаты жерімен солтүстік бағытта Обаған, оңтүстік бағытта Торғай өзені ағып өтеді. Суы таяз, ащы көлдер көп (Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа, т.б.), көктемде қолаттағы көлтабандар еріген қар суына толады, ыза сулары минералданған. == Климаты == Климаты тым континенттік, солтүстіктен оңтүстікке қарай континенттілігі арта түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 200 мм. Орташа жылдық температура шілдеде 20 22°С, қаңтарда –16 17°С. Солтүстігі далалық белдемге, оңтүстігі бөлігі шөлейт белдемге кіреді. Жері шабындыққа, мал жайылымына пайдаланылады. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан географиясы Санат:Қазақстан ойпаттары |
'''Бұтаның құйрығын тістеу''' бота аяқтандыруға қатысты атқарылатын көне жосынның сорабы. Қазақы ортада жас сәби тәрізді жаңа туған ботаның құйрығын тістеген әйел «кіндік шеше» есебінде болады да, мал иесі кәделі сый-сыяпатын жасайды. Ботаның құйрығын тістеген адам оны аяқтандыруға, яғни емізу, жабулау, енесі жерісе телу, жемдеу, бағу, жаю сияқты жұмыстарға қолғабыс етеді. Бота қырқынан шыққанша бағып, түнде жарық жағып, 40 күн бойы түнде күзетеді. Сонымен қатар «кіндік шешесі» ботаның суыққа тоңбай, ауру-дертке шалдықпай өсуіне қажетті ботажабу, төбелдірік және т.б. ботаға қатысты жабдықтарды жасап әкеледі. Інген туған соң көрші-қолаң, көңіл жетер әйелдері жиналып ала ноқта есіп дайындайды. Үй иелері де оған қарымта ретінде кәде, сый жасайды. Көшпелі мал шаруашылығында өсімтал түлікке саналмайтын, екі жылда бір боталайтын, бірақ ұлық мал деп nip тұтылатын түйе түлігінің төлі қастерлі саналады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бояудың басыртқысы''' негізгі бояғыштарға қосылатын қосалқы заттар. Бояудың басыртқысы қосылған бояғыштан әртүрлі реңдер шығаруға болады. Бояудың басыртқысы көмегімен бояуға салынған заттарды «пісіреді». Бояудың басыртқысы жүн, жіп және өсімдік талшықтарын бояуда және реңін сақтау үшін, кейде жаңа бояу заттарынан негізгі реңдерді қолдан жасау үшін қолданылады. Нәтижесінде боялатын заттар бір-біріне ұқсамайтын ерекше реңдерге түседі. Бояу сұйықтығын жасау үшін қолданатын ыдыс сырлы және сыйымды болуы керек. Сұйықтықты жасау барысында өсімдіктерді есептеулі түрде жұмсақ суға қосып, бірнеше сағатқа немесе бір түнге бұқтырып қояды, кейін қайнатылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бөгернай''' би, батырлар қол қойған іздеу қағаз, ерекше құжат. XIX ғасырдың жартысында Сыр бойында өмір сүрген Бұқарбай батыр 11-12 жасында түйенің тірсегін қылышпен шауып алады. Әкесінің зілінен қашып, Жаңадария бойындағы қарақалпақтар қонысына барып жетеді, сол арада бір бай өзіне еншілес етіп алады. Біраз уақыттан соң Бұқарбайға туысы Байқадам батыр қол қойған бөгернай келеді, мұны көрген бай Бұқарбайды еліне қайтарған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бөгіре''' ұстауға ыңғайлы, сәнді келген кішкене қолсандық. Мұндай сандықшаға әйелдер айна, тарақ, моншақ, алқа, жүзік сынды әшекей заттарын, сондай-ақ опа-далаптарын салып сақтайды. Ал Бөгіренің үлкендеуіне мыжылып қалмас үшін бөрік, тақия сынды заттарды да салып қояды. ҚР MOM қорындағы бөгіре ағаш тақтайшалардан қиюластырып жасалып, сыртына ою бастырылған қоңыр түсті терімен қапталған. Бұрыштары темірмен қапталып, қақпағының ортасына, жиектеріне құйма шытыралар айнала қондырылған. Қақпақ топсаларының бастырмасы үш өрімнен өрілген қайыстан, өткізетін бауы өріліп шашақталған бүлдіргіден жасалган. Оның ұзындығы 31 см, ені 17,5 см, биіктігі 12 см. Табанының төрт бұрышына дөңес өкшелік таған қағылған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бөкіс''' киіз етік. Бөкістің басы былғарыдан, қонышы киізден тігіледі. Тұтас киіз етіктің басын былғарымен қаптап та дайындаған. XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың бас кезеңінде қазақ зиялыларының арасында ерекше бағаланды. XX ғасырдың 20-50 жылдары да үлкен сұранысқа ие болды. С.Сейфуллин, А.Асылбеков, С.Мұқанов сынды қазақ зиялылары осындай етіктің түрін пайдаланған. Қолданыстан XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап шығып қалды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бөлеу''' бүркіттің құндағы. Ағашты ішіне құс денесі сиярлықгай шеңбер тәрізді етіп иіп, киіз, шүберек байлап, жасайды. Мұндай құндақпен ұстаған құстарын «бөлеп» алып жүреді. Құс саяттан соң қалжыраса, тоңса, ұйықтаса немесе алысқа алып жүретіндей болса, құсты баланы бесікке бөлегендей етіп шүберекке орап, қымтап, сыртынан баумен бос байлап, құндаққа салып қояды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бөлек шығару''' үйленген ұлдарына енші беріп, жеке отау етіп шығару. Бөлек шығару алдағы тіршілігін қамтамасыз ететіндей мал-мүлік бөліп беріп, отбасылық құрылымды тиімді үйлестірудің ғасырлар бойы қалыптасқан тәсілі. Отбасында үйленген үлкен ұлды жеке шаруашылық құрып, бөлек шығарса, кенже ұлы әке шаңырағының, яғни әке дүние-мүлкінің иесі болып қалады. Қазақы ортадағы әлеуметтік қатынасты реттеудің ілкімді институттарының бірі. Сонымен бірге қатынастарды ұйымдастырудың да тиімді тәсілдерінің бірі болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бөлтірік''' сабағының ұшында ұсақ бүрі бар өсімдік түрі. Жайшылықта улы болып саналмайтын, жаңбырдан соң-ақ уға айналып шыға келетін мұндай шартты түрде уланатын шөп түрлеріне жылға маңына өскен жас қалақай (шақпашөп), сулы беде, сексеуілге ұқсас сарыбарақ жатады. Жауын-шашыннан соң күн қызған кезде бөртіп, уыттанып көбінесе қойды улайды. Көк кешігіп шыққан жылдары қыстан әзер шыққан жүдеу мал отты таңдамай жеп жиі уланады. Мал шаруашылығының қыры мен сырын жақсы меңгерген ертедегі қазақ қауымы мал уланғаны біліне сапысымен жайылымды тез ауыстырған. == Дереккөздер == |
'''Бөлік жүргізу''' көшпелі ортада көбінесе ру-қауым (рулық) жайылымдық пен шабындық жерлерді және су көздерін біраталардың арасында болу жосыны. Бөлік жүргізу руаралық деңгейде де атқарылып отырған. Орыстың отаршылдық жүйесі орнағанға дейінгі кезеңде қазақы ортада жер дауы сирек кездесетін құбылыс еді. XIX ғасырдың екінші жартысында патшалық режим жүргізген әкімшілік-саяси реформалар және қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі деп жариялануының салдары орыс келімсектерінің қазақ даласының ең шұрайлы жерлерін зорлықпен иемденуі қазақы ортадағы жер мәселесін ұшықтырып жіберді. Жер тапшылығы, тіпті, бір рудың ішіндегі ағайынды отбасылардың біраталардың арасына да жік түсірді. Осыған байланысты туындаған дау-дамайды ақсақалдар кеңесі немесе билер сотының шешімімен бөлік жүргізу арқылы реттеп отырды. Кейде бұл мәселе рудағы беделді адамның арағайындық төрелігімен де шешімін тауып отырды. Бөлік жүргізгенде бақталасқан адамдардың жерге байланысты мұрагерлік құқығы нақты айғақтар негізінде жан-жақты зерттелініп, қатаң ескерілді. Осыған орай, көрнекі мысал ретінде ұлы Абайдың Тобықты тайпасының бір тармағы Мамай руының Жамантай мен Көжекбай дейтін ағайынды екі адамының арасындағы әкелері Жамантайдан мұраға қалған жерге таласын бөлік жүргізу тәсілімен шешкендігін айтуға болады. Байып алып, өктемдікке басқан қарау ойлы айла-шарғысына дес бермеген Абай әлгі ағайынды адамдардың әрқайсысына әкесі Жамантайдың көзі тірісінде бөліп берген жерлердің бұрынғы омақасын (межесін) тауып алып, сол омақа-меже бойынша бөлік жүргізіпті. Сөйтіп, ағайынды адамдардың арасындагы бүкіл ел-жұртты мазалаған жер дауын күллі ру адамдары риза болғандай әділ шешіп берген екен деседі. Бөлік жүргізу көшпелі ортадагы жер мәселесін шешудің ілкімді тәсілі институтгарының бірі болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бөнтір''' талдан иіп, конус тәрізді етіп жасалған аудың бір түрі. Төрт бес жерден шеңберлеп жасаған бөнтірдің кірер аузы болады. Алғашқы шеңберден еткен балық екінші, үшінші, бесінші шеңберден екі құлашқа жуық жерден өтіп, қайтадан кері шыға алмай, қазанға жинала береді. Кейбір әдебиеттерде бөнтірді қазақтар Дунай аңғарынан келген үйренген деседі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Торғай қоңыр көмір алабы''' негізінен Қостанай облысының, ішінара Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары жерін қамтитын көмірлі аймақ. Ауданы 150 мың км2. Алаптың кейбір кен орындары 19 ғасырдың соңында белгілі болды, қалғандарының көпшілігі 1942–1952 жылдары ашылған. Алапты әр жылдары И.С.Яговкин, К.Я.Бабич, А.П.Тюрин, А.С.Богатырев, А.М.Сульман, Е.И.Новиков, М.В.Бунина, И.В.Орлов пен т.б. ғалымдар зерттеген. == Геологиялық құрылымы == Көмірлі шөгінділер табанында палеозой тау жыныстары орналасқан жас платформалық формацияға жатады. Алап свиталары литологиялық құрамы жағынан аргиллиттерден, гравелиттерден, тұрады. Торғай қоңыр көмір алабының кен орындары мен көмірлі құрылымдары аумақтық белгісі және ерекшеліктері бойынша алты топқа біріктірілген. Олардың ішіндегі ең бастылары: Обаған, Есіл, Байқоңыр топтары. Обаған тобы Торғай алабының солтүстік-батыс бөлігінде шоғырланған. Мұндағы жақсы зерттелген кен орындары Құсмұрын, Егінсай, Приозерное, Харьковское, Черниговское, т.б. Көмірлілігі құсмұрын (төменгі юра) мен дүзбай (ортаңғы юра) свиталарымен байланысқан. Дүзбай свитасындағы көмір қабаттарының жиынтық қалыңдығы 50 м-ге дейін, Құсмұрында 118 м-ге жетеді. Обаған тобындағы кен орындарының көмір қабаттары 25–100 м-ге дейінгі тереңдікте жатыр. Есіл тобы алаптың шығыс бөлігін алып жатыр. Ол ірі (15–25×80–120 км) әрі терең грабен тәрізді меридиан бағытына және созылған ойпаңдардан тұрады. Мұнда Орловск, Мақат, Қызылтал, Савинковское, Жаныспай, т.б. кен орындары бар. Көмірлігі дүзбай свитасымен байланысқан, көмір қабаттарының орташа қалыңдығы 30–147 м. Байқоңыр тобы алаптың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Оған игеріліп біткен Байқоңыр мен Қияқты кен орындары кіреді. Құрылымы жағынан күрделі болып келетін көмір қабаты ортаңғы юра түзілімдерінде шоғырланған. Бұл топтағы көмірлі құрылымдар толық зерттелмеген. == Құрамы == Көмір маркасы Б2; ылғалдылығы 31–35%, жылу бөлгіштігі 6,5–6,9 мың ккал/кг, күлінің балқу температурасы 108–1660°С, ұшқыш заттары 28–59%, күлділігі 13–29%, күкірт 0,3–1,1%, тығыздығы 1,220–1,230 г/см3, кокстеу кезінде бөлінетін гумус қышқылы 12–31%, битум 4–6%, шайыр 5–19%. Алаптың көмірі аса тиімді отынға жатады, барлық энергетикалық қондырғыларда пайдалануға болады. Санат:Қостанай облысы кен орындары Санат:Қазақстан көмір кен орындары |
'''Бөріауыз''' темірді қысып тұратын аспап. Ұста, маңғал шебердің, басқа да ісмер адамның қажетіне пайдаланатын құралы. Негізі асыл темірден жасалады. Ұста дүкенінде темір, ағашты т.б. өңдеу кезінде қозғалмай тұруы үшін бөріауызға қысып, бекітіп қояды. Бөріауыздың қос ернеуі бұранда арқылы қозғалады. ҚР MOM қорындағы аспап ағаш дөңбек, тұғырға (биіктігі 30 см) тігінен орнатылған. Бұранданың механизмін іске қосу үшін қарапайым ұзын жұмыр тұтқасын қолданады. Бөріауыздың биіктігі 55 см, табан жағы 20 см. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бөрікпен ұру''' ұлттық ойынның бір түрі. Ауыл маңындағы жазық, тегіс, көгалды, таза алаңда ойналады. Домалақтап буылған ескі бөрікті ойыншылардың бірі қорғаушы болып бекіп, қалған ойыншылар «бөрікке» таласып, оны қорғаушыдан алуға әрекеттенеді. Бөрікті ұстаған ойыншы келесі бір ойыншыны ұрып дәл тигізсе, ол «ұрушыдан» «қашушыға» айналады. Бөрікпен ұру ойыны қырағылық пен мергендікке баулиды. Сонымен қатар бұл ойынның бөрік тебу деген түрі де болады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
күнқайыру мен ауа райын болжау танымындағы амал атауы. Бұл дәстүрлі күнқайыру жүйесінде Қамбар тоғысы есебі бойынша бірдің айының 20-25-і аралығына дөп келетін амал. Мұндағы бірдің айы қыстың соңғы айы. Бұл амалдың «бөрісырғақ» деп аталу себебі қасқырдың «жерік айы» деп саналуына байланысты. Бөрісырғақты Арқада үттің айының 17-23 аралығында ететін амал деп есептейді. Осы амал кезіндегі қатты боран тұратын шақта көкжал мен қаншық жұптасады делінеді. Зерттеуші Н.Уәли күрделі атаудың (бөрісырғақтың) екінші сыңары «сырғақтың» мағынасын бұршақпен, кішкене мұзды қар түйіршіктерімен байланыстырады, көпті көрген көне көздер бұл амалдың «бөрісырғақ» деп аталуы да осыдан шыққанын айтып отыратын дейді. Бөрісырғақ амалының көпкөже, тілеукөже деген жанама аттары бар. Мұндағы көпкөженің амал болып аталуының себебін халық жаугершілік заманындағы жеңіс сәттерін тойлаумен байланыстырады. Осыған орай мынадай аңызды келтіруге болады: «бұрын қазақтардың өзге көшпелі тайпалармен өріске таласып, үнемі соғысып тұратын заманында бір жолы қарсыластарын жеңіп, жерді тартып алыпты. Жеңісті тойлау үшін қазақтар тілеу (той) жасауға кіріседі, бірақ бұл еттің аз кезі болса керек, сондықтан бұған түтін басы дәм шығаруға тура келеді. Осылай түтін басы түгел тойлау қажетінен бұл мереке көжеге айналыпты». == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бунау''' жылқы күзегенде ойып-ойып керте күзеу тәсілі. Жылқының жал құйрығын күзегенде сәнін кетірмес үшін ара-арасынан сиретіп, селдірлетіп қана алады. Құйрықтың ұзындығын шартты түрде төртке бөледі де, аламайының қыл түбінен бастап, ұзындығы екі-үш қарыстық әр бөлікті ұшына қарай алдыңғысынан жіңішкерте күзейді. Ең үш жағындағы қылды сәукеленің шоғындай күлтелендіріп, «шыбынқағар» қалдырады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бура қаусыры''' бураға жараған ісезінде кигізілетін ноқтаға ұқсас әбзел түрі. Бура қаусырын кеңсірігі мен сағалдырық арасын тар қылып, қайыстан, ширақы иірілген құрдан жасайды. Қаусырдың ішкі бетіне және түйіндеріне қызыл түсті матадан қабаттап салып, әшекей тәрізді салпыншақтар шығарады. Мұндағы матаның қызыл түсті болуы тіршіліктің символы қанның түсіне байланысты деуге болады. Бура қаусыры бураның отап, су ішуіне ыңғайлы болғанмен, астыңғы және үстіңгі ерін арасын ақсита ашып адам мен малды шайнауға мүмкіндік бермейді. Қаусыр адамға, малға шауып шайнайтын әдеті бар шақар буралардың басына шабынатын уақыты таяған кезде кигізіледі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бура пішу''' құтпан малдың аталық қабілетін оташылық жолмен үзу. Жақсы тұқым беретін, текті, кесек денелі, таңдаулы еркек малды қалдырып, басқаларын шаруашылыққа пайдалану үшін пішу үрдісі ертеден қолданылған. Пішуді көбінесе қаңтар, ақпан айларында істейді. Өткен ғасырда Торғайдағы түйе шаруашылығы туралы қолжазба есебінде ветеринар В.А. Васильев төмендегідей жайларды баян етеді. «Қырғыздар (қазақтар) түйені пішуді негізінен жастан асырмай, көктемде наурызда іске асырады, ал күзге қалса, қазан айында, ыстық қайтқан, жараның жазылуына қолайлы кезде жасайды. Түйені қыстың аязды мезгілінде пішсе, оны «сыту» деп атайды» дейді. Пішілетін бураны жығып, алдыңғы аяғын матап, артқы аяғын мойнына қарай тартып байлайды. Пішуде қолданатын «қысқаш ағашты» тотияйын немесе алмас ерітінділерімен шылап, ауру жұқтырмау амалын қарастырады. Бураның теріден әрі үлпершегіне кездік тигізбей, шап жақ қырынан ұма қалтасын жарып, ен дорбасын бүліндірмей бүтін алып шығады. Осыдан кейін пышақ уытын асқындырмайды әрі ауруға ұшырамауына әсер етеді деп алабота күлін жағып тастайды. Пішілген бураның пішпе жарасы кезеп алып, ісіп, іріңдеп асқынған жағдайда алаботаны көп етіп жинап өртеп, оның ыстық күліне бураны шөгереді. «Ен бауын» мойнынан өткізген екі енді жеке-жеке қысқаш ағашпен байлап, оны қатты қысқан күйінде қалдырады. Салақтап жүрген ен уызы 5-6 күнде сарқылған соң құрап, қысқышпен бірге өздігінен түсіп қалады. Соғып жараламау үшін құйрығын өркешке жіппен байлап тастайды. Піштіру аяқталған соң малын піштірген әрбір үй «пішпе шашу» дастарқанын алып, ауыл ақсақалының шаңырағына «пішпе шайға» жиналады. Мал иесі пішуші адам 10 түйені пішсе, қой және шапан немесе ақшаға шаққанда теңгеден кем емес пұл төлейтін болған. Ол кезде кәрі түйе 20-25, айыр 35-40, жақсы жас нар 75-100 теңгеге бағаланған. Бұл әрине мал иесінің дәулетіне байланысты төленген. Сонымен қатар ырым үшін де қолы ауыр болмасын деп пішпешіге ақтық пен ақша береді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бура шөгеру''' дәстүрлі шаруашылықта інгенді қайытудың, яғни қолдан ұрықтандырудың атауы. Ерте көктемде жасалатын шара. Әуелі күйі келген інгенді шөгеріп, оған шабынған бураны әкеліп салады. Ә.Диваевтың жазуынша, мұндайда әйелдер бураны інгенге алып барып «Сідігің алтын болсын, інген тапса сүтті болсын, атан тапса күшті болсын!» деп жалбарыну сөзін айтып тұратындығын айтады. Бураны екі-үш күн бойы қатарынан інгенге шөгереді. Малды шағылыстыру рәсіміне көбінде әйел адамдардың қатысуы ежелден келе жатқан түсінік, яғни әйелдің өсіп-өну, молаю идеясына қатысты екендігін меңзейді. Інгеннің қайыған, қайымағаны бір апта өткен соң бураны сол інгенге көрсеткен кезде белгілі болады. Егер інген қайыған болса, бура шөкпейді. Мұндайда бірлі- жарым түйесі бар адамдар қайыған інгенінің құйрығының түбіне кішкентай киіз байлап қояды. Бұл келедегі басқа буралардың жанасып, ұрықтың ағып кетпеуінің алдын алу шарасы. Ал түйесі көп шаруашылықта мұндай шара жасалмайды, себебі бура келеге басқа бураны жолатпайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бураның жарауы''' бураның ұрғашы түйеге шағылысуға дайын екендігін білдіретін ерекше күйті. Бураның жарауының күйті қоңыр аңдар тәрізді суық маусымда, аяз күшейіп қатты қысқан кезде келеді, яғни жарайды. Бұл қазақ ай санауының Қамбар тоғысы бойынша үштің айының соңы, бірдің айының бас кезіне сәйкес келеді. Осы кезде бураның қарақұсы тұсының жүні адырайып, оның астында болатын безі ісініп, үлкейіп, мінез-құлқы өзгереді. Бойынан ерекше иіс білінеді. Қазақтар мұны шайыр деп аталатын бураның желке безінен шыққан шуаш тәрізді тұтқыр қоймалжыңның әсерінен болады дейді. Мұндай без атанның желкесінде де болады, алайда одан мұндай иіс шықпайды. Жараған кезінде көзіне ілінген тірі жанды таптап, шайнап, күркіреп, көзі жанып, тісін қайрап, «өңешін шығарып» қатыгезденіп кететіндіктен, Бураның жарауыны тұсаулап тастайды, тым қауіптілерінің аузына тұмылдырық, құрсау, қаусыр кигізіледі. Өркешіндегі шуда ұшына «ту» деп аталатын қызыл шүберек пен қызылды-жасылды мата байлайды. Мұндай белгісі бар бурадан сырттайғы жұрт сақтанып, айналып өтеді. Буралар қыстың соңғы айларынан көктемнің басына дейін жарап, отыз шақты аруананы қайытуға мүмкіндігі болады. Жараған бураға тап болып, қашып құтылған адам осы жағдайды былайша суреттейді: „''Атыма мініп інгенді жетекке алып келе жатыр едім, інген бұйданы оқыс тартып қалды да қолымнан шығып кетті, жалт қарасам, қиыс артымыздан төрт аяғы төрт жаққа кетіп, үсті басы аппақ ала көбік, өркештері лоқалақтап, шаңды боратып, мойнын төмен салып жіберген бір бура бізге үшып келеді екен... Бура інгенді соғып өткен кезде аз тоқтап, онан құтырынғандай маған жалт қарады. Құлағын едірейтіп, басын көтере қалды. Енді бір мезетте мойнын төмен салып жіберіп, аузын арандай ашып, менің артымнан тайпала жөнелді. Қара бураның енді ерні, басы, шудасы, өркеші бәрі тажалдай тақап қалған екен... Оның алып денесі, қып-қызыл көзі, талтайған аяқтары енді дәл қасымыздан үстімізге құлап келе жатты...''“ Қуған бура жақындап қалғанда сырт киімді шешіп, басқа бағытқа лақтырып құтылады екен. Бура сол киімді таптай басып жатқанда шығандап қашқан дұрыс делінеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бусандыру''' халық емшілігіндегі ыстықпен емдеу жолы, терлету тәсілі. Бусандыру жалпы емдеу тәсілінің атауы, ал оның ауру түріне қарай қолданылатын өзіндік сипатты түрлері көп-ақ. Мысалы, жіпсіту, яғни аз ғана терлету, көбіктендіріп терлету, аққұлақтандыру, бұршақтату, моншақтату, сел, қара, ащы, сасық, жан терлерін шығару, малма ету, сүмектендіру, сорпасын шығару, сүйек терін алу т.б. Қаталаған жылқыны суарып болған соң, желе жортып бусандырады. Мініс атының арқасы кетіп, барттанып ісікке асқынса, оны құрым киізбен жабулап, сойылған қойдың өкпесі мен талағын аттың арқасына тартып, желе жортып бусандырады. Жөтелді емдеуде киізбен жабулап, басын дорбамен тумшалап, қайнатылған аршаның суымен булап бусандырып, қарағай бүрі немесе арша суымен суарған. Күшті жөтелмен білінетін жылқының қадақ, шаншу ауруларын басына жемдорба, үстіне кежім кигізіп, тұмшалап булау арқылы терлетіп емдеген. Жерді шұңқырлап қазып, ішіне от жағып, ыстық қоламтаға тұрғызып, ту сыртынан үй тігіп, тұмшалап бусандырған. Жылқының таңдай, тіл, танауда кездесетін ауруларын қарсы қандауырлау шарасын жасап, кейін тұз жегізіп, бусандырып терлетіп ем жасаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Буын жарақаттары мен сырқаттары''' адамның және малдың сүйектерінің түйіскен тұсы. Буындарда ұқсастық бар, әрі түрлі кінәратқа ұшыраған кезде халық емшілері оны ұқсас тәсілмен емдеген. Буынды сырғақ, ырғақ, изек, леп буын деген түрлерге бөледі. Қазақ танымында белгілі болған буын аурулары мынадай: Буын бұлтию (аз мөлшерде іскеннен), шодыраю, ішіне сақарланған сарысу ұялау, сіресу, қатып қалу, Буын дорбасы зақымдалудан жыртылу, тесілу және т.б. Буында кездесетін мұндай кінәрат аурулар асқынса буын іріңдеу, кемік басы желіну қатарлы қауіпке ұшырайды. Буын ауру асқынған шақта тізе тұсына «шортізе» аталатын қос уыстай томпақ пайда болады. Ісікті қазақтар болат пышақпен тіліп, тарамыс астына ұялаған іріңді тазалайды да, құйрық май тартады. 3-4 күн қояды. Түйе тізесінің кінәраты «көкжорға» деп аталған ауруға қарсы сарыүйек деген улы жыланды өлтіріп жұтқызған. Буында ұшырасатын ауруларды буын таю және буын ауруы деген екі топқа бөледі. Төрт түлікте жиі ұшырасатын буын шығу немесе таюға топшы, иық, толарсақ, мойын, тобық, ұршық, сырға буындар жиірек ұшырайды. Шыққан буынды сынықшылар салған. Буынның орнынан жартылай ғана жылжып кетуін буын таю, ал жымдасқан буын беті өз қонағынан толығымен көшіп кетуін буын шығу деп ажыратқан. Буын шыққанда оны қоршаған сіңірлер, қалталар, сүйектің түйіскен жеріндегі тері зақымданып, тіпті сүйегінің сынуы да мүкін. Шыкқан буын салбырап бос қалады, мал дәл сол тусын жерге сүйрей сүріп басады. Оны арқан, жіппен орап созатарту, тіземен, етік өкшесімен тебу тәсілдерімен салады. Ал тайған буынның әлегі онша емес, оны тоқпақпен еппен ұрып немесе арқанмен созып орнына келтіреді. Әсіресе, мініс атында ұршығы шығу, тобығы таю көп кездеседі. Ондай мал аяғын баспай әйенсектенеді, буынын жия алмай жазған күйінде қалады. Малда тек жілік буындары ғана емес омыртқа аралары, буғана таю да ұшырасады. Аттың мойны шыққан кезде ол иірленіп, оңқы-солды қисалаңдап қалады. Жеңіл түрі болса аттың құлағына су құйып жіберген кезде басын шайқаған қозғалысымен өздігінен орнынаа түседі деседі. Орнына түспесе аттың мойынын «жастық ағашқа» серпе ұрып орнына түсіреді де, екі ұзын жалпақ ағашты кескекше таңып байлап, 1-2 күн бойы қаңтарып қояды. Тосын қимыл жасағанда ат артқы тұяғының маңдайын шалыс басып, ағат адымдағанда дененің салмағы бір аяққа түскендіктен арткы аяқтағы сырға сүйектің таюы мініс атында көп кездеседі. Мініс жылқысы мен өгізге ауыр жүк арту, алыс жолда үзақ қиналудан «қолы түсу» кінәратына тап болады. Ол жауырын, тоқбас жілік, йық айналасындагы бұлшық еттердің жаншылу, созылу, дүмпу салдарынан пайда болады. Сондай-ақ ат кенет қарғығанда және күштірек керіле шапқанда қалыпты аяқ алысынан жаңылып, артқы аяғы тұяғының мандайымен алдыңғы аяғының өкшесін, шашасын немесе шідерлігін шалыс басып қалудан «кесе басу» кінәратына тап болады. Қаракемік деп қазақтар малға суық өту және құрсақтағы төлге қорек жетіспеуден жіліктің майлы басындағы кеміктің езгеріске ұшырауын айтады. Мұндайда мал сүйегі күреңітіп, қарақошқыл тартады. Жылқыда «уа», түйеде «сүмек» аталатын буын аурулары кездеседі. Ол толарсақ буынының қабынуы. Оны емдеудің түрі бірнешеу: Торғай қазақтары аттың арт жағына таяу келіп мылтықпен аспанға атып шошытса оқыс қимылдағаннан көп кешікпей жазылып кетеді деп есептеген. Қазақ емшілері Буын ауруларына қарсы көк самырсын (пихта) шайырын жағып оны шүберекпен орайды. Аурудың асқынған түріне оташылық жасап, алмас, тотияйын немесе уқорғасын түйірін суға езіп жағады. Сонымен бірге қажетіне қарай қасқыр өтін де қолданған. Жылқы мен түйенің толарсақ буынының қабынуын оташылық жолмен емдейді: толарсақтың ішкі жағын тесіп, дәріні жіпке байлап салады да, 2-3 күннен соң алып тастайды. Бұл тәсілді дәріні арқандап салу деп атайды. Көбінесе жаңа туған төл шалдығатын буын ауруының асқынған ауыр түрі буынқұрт жұқпалы ауру емес, зілді ауру түрі. Бұл сырқат көбінесе ботада жиі кездеседі. Бұынқұрт болған төлдің буын айналасын ірің жеп, ойып жібереді, тіпті жүріп тұруға жарамай қалады. Мал жағдайын жақсы меңгерген қазақ емшілері буындағы жарақатты жарып, ірінді өлеттенген, бұзылған жалқаяқты сылып алып тастайды. Тазартылған қуысты шаң-тозаң түсуден қорғау үшін уқорғасын суымен жуып, байлайды. Мүмкіндігіне қарай екі-үш күнде бір рет осындай жолмеп жууды қайталау керек. Жуатын дәрінің суы қанжылым болған жөн. Егер уқорғасын суы сәл күшті келіп, жара ішін күйдіргендей болса, дереу жылы сүтпен жара ішін бірнеше рет жуып, дәрінің уытын қайтару керек. Сонымен қатар малдың күтімін жақсартып, дерттің барысын мұқият бақыласа, буын құрттан аман сақтап қалуға болады. Малдың тізе, тірсегі буын құрттан жазылса да, буынның табиғи қозғалысы кемиді, аяғын сылти басуы немесе ақсақ болып қалуы мүмкін. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Торғай уезі'''– 1868 1917 ж. Торғай облысы құрамында болған төрт уездің бірі. Орталық Торғай қаласы болды. Уез 13 болыстық пен 65 ауылдан құралды. Торғай уезі облыстың оңтүстігінде орналасып, Ұлытаумен шектесті. 1897 жылғы санақ бойынша уезде 87039 адам болды. Олар негізінен мал ш-мен айналысты. Торғай өз. бойында есімі аңызға айналған Қыпшақ Сейітқұл егіншілікпен айналысқан. Ы.Алтынсарин 1868 1974 ж. Торғай уезі судьясы, 1876 1979 ж. Торғай бастығының көмекшісі болды. 19 ғасырдың соңы 20 ғасырдың бас кезінде Торғай уезі қазақтары патша өкіметінің қоныс аудару саясатына наразылық танытуын күшейте түсті. Торғай уез аймағында 1916 ж. Торғай көтерілісі болды. ==Сілтемелер== «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия Бас редактор Ә. Нысанбаев Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. Санат:Уезд |
'''Бұғалық салу''' асау жылқыны бұғалық тастап ұстау. Бұғалық үшін ертеде қайыстан ұзын етіп жалғап, басын өріп жасаған қайыс арқандар пайдаланылған және оны ердің қасына асыра, көпшікті айналдыра салып алып жүрген. Бұғалықты немесе арқанды тастау үшін иіріп қайырылған жылқыны байырқалата отырып, бір-бірден тізілтіп арқан тастаушыға жақындата өткізеді. Оңтайлы сәтте арқанды иіріп лақтырып, аттың мойнына түсіруге тырысады. Кей өңірде бұғалық тастауды шалмалау, арқан тастау деп те айтады. Бұғалық арқанды тәжірибелі, епті қарулы жігіттер ғана салған. Жылқыны бұғалықтағанда құрықты да пайдаланған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұғанасы қатты''' дәстүрлі ұғым бойынша шамамен он жас шамасында баланың бұғанасы қатады деп саналады. Бұғана адамның жауырыны мен төс сүйегін байланыстыратын қабырғалардың иіліңкі келген ең қысқа сүйегі. Жас баланың шаруашылық қарекетіне араласуына денесі өсіп, толысып, бұғанасы қаттысы қатқаннан кейін рұқсат ғана етіледі. Бұғанасы қатты ұғымы баланың өмірінде есеюдің жаңа кезеңінің басталғандығын білдіреді. Бойы өспей қалады деп жас балаға қойдың бұғанасын жеуге тыйым салынады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұғау''' қылмысты адамның екі білегіне, аяғына кигізілетін, арасы шынжырмен қосылған металл шеңбер. Құрылымы қолға салатын көзір немесе қолөткіден және аяққа салынатын кісеннен, ол екеуін өзара байланыстырып тұрған темір шынжырдан тұрады. Бұғау қылмысты адамның қашып кетуіне мүмкіндік бермейді. ҚР MOM қорындағы бұғау қара темірден соғылған. Бұғаудың екі қол, екі аяққа кигізілетін шығыршықтарының аралығы шынжырмен қосылған. Жалпы ұзындығы 110 см, ал қолға салатын кезірінің диаметрі 11см. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұзау жабу''' жаңа туған бұзауды суықтан қорғау үшін пайдаланылатын жабын түрі. Бұзау жабуын киюге немесе қолданысқа жарамай қалған ескі тон, шапан, ішік, төсеніш, сырмақтан жасайды. Егер ескі киімнен тігер болса, дәстүрлі наным-сеніммен киімнің жағасын, жеңін сөгіп алып, қалған жерін ғана іске жаратқан. Жабудың бұрыштарына ұзындығы үш-төрт қарыстай бау тағылады. Бұзаудың жонын, сауырын, екі бүйірін қымтайтын жабу осы баулармен байланады. Жазғытұрымғы шақта аурушаң әлжуаз бұзауларға байлайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұзау телу''' енесі мен төлінің арасындағы байланысты қалыпқа келтіруге бағытталған ғұрыптық шара. Бұзау телу әдетте енесі өліп жетім қалған бұзауға қатысты немесе бұзауынан жеріген сиырға қатысты атқарылады. Қалыптасқан ұйқасты жолдар белгілі әуезді ырғақпен орындалып, малды еліте ұйыту арқылы телінеді. Телінетін бұзаудың жоны мен шонданайына қолаба деп аталатын шоқпарға ұқсас, басы жұмыр, сапты құралдың басына киіз орап, шарананың қалдығын жағады. Сонымен қатар телінетін сиырдың уыз сүтін және тұз ерітіндісін бұзау үстіне бүркіп, сиырдың телді жалауға құмарлығын арттырады. Өзге түліктерде мұндай шаралар басқаша түрде орындалады; құлынды телуде тоқым тарту, қозыны телуде қоздату деп аталатын тәсілдермен жүргізіледі. Бұзау телу ғұрпы жырының негізгі бөлігі енесіне бағышталып айтылады. Жыр коңыр, баяу ырғақты, біртекті созылыңқы үнмен орындалады, мұнда екіленіп өршелену болмайды. Онда стильдік мәнер жоқтың қасы, бейнелі сөз, мағынасыз қайталаулар жоқ. Жырда хайуанды саналы санап, оған бірде кейде бұйыра сөз айтып, дегенін істеуді талап етеді. ''Аухау, аухау, жануар, ''Иеңде сенің бағы бар. ''Тас емшегін жібіткен, ''Тар құрсағың кеңіткен, ''Бұзауың сенің тағы бар. ''Мекіреніп иіскеші, ''Кезің келді сауырлар. ''Бұзауың неткен сүйкімді, ''Келте танау жағы бар. ''Аухау, аухау, жануар. ''Өзіңнен туған балаға ''Қарамасаң, бола ма? ''Елжіретіп жүректі, ''Емізбесең бола ма? ''Саған ақыл айтам деп, ''Алып қалдым қораға. ''Ақылыма көнбесең, ''Дайын түр киіз қолаба. ''Мұндай салсақ қиғылық. ''Аталыққа жолама! ''Зеңгі бабам аруағы, ''Мені салды жораға. ''Аухау, аухау, жануар. ''Аухау, аухау, сиырым, ''Сезімі күшті миының. ''Зеңгі бабам ұрпағы-ең, ''Төркініңе сиындым. ''Шаранаңды сүртейін, ''Былғанса да киімім. ''Аухау, аухау, жануар. Қырғыздарда алғашқы уыз бен сөздің күшімен арбау аурудан,ұры мен жыртқыштан қорғап жүреді деп «кылооны» айтып, «мын уйдын башы бол» деп ауылдастарға үлестірген уыздан қалғанын маңдайына шөмішпен жағады. С.М. Абрамзон мал шаруашылығымен айналысқан көшпелілердің «кылоо-кылоо» деп телитін малшылық ырымдарын мал шаруашылығы культіне жатқызады. Телу ғұрпы мал шаруашылығымен айналысқан көшпелілерге ортақ шара. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұзау тұлып''' өлген бұзаудың терісін бітеу сойып, ішіне кептірілген шөп (сабан) тығып жасалатын тұлып. Тұлып аузын бүктеп тігіп, қайыс жіп өткізіп тұйықтайды. Бір жағынан бауды тартқанда, келесі тұйық жағы жиырылып жабылады. Бұзау тұлыпты бұзауы өлген сиырды сауар кезде иітуге пайдаланады. Ертеде қазақта бұзау тұлыпты зергерлік сақтау үшін қолданған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұзаутіс''' өзегіне темір қосып өрген жуан қамшы. Жуан етіп тілінген таспалардан өрілген өрімі сыртынан қарағанда бұзаудың тісіне ұқсап тұратындықтан бұзаутіс қамшы аталған. Соған сай сабы да ұзын, жуан болады. Халық арасында айтылатын «Алты таспа бұзаутіс, былжырамай аттан түс» деген тәмсіл аталмыш қамшының әлеуетті қару болғандығын аңғартады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұзаушық''' көлемі қос уыстай болып келетін, қолдан жасалған кірсабын түрінің атауы. Бұзаушықты алаботаны қайнатып сақардан бұлғап жасайды. Сақар қайнап жатқан қазанға қыз баланың жақындауына тыйым салынады. Себебі сабын бірікпей қалады-мыс. Осыған орай І.Жансүгіров былай деген екен: ''Сығалама, қарама, ''Еркек аулақ, қыз қашық. ''Абысын байғұс, қайда жүр, ''Алатын болса бұзаушық. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұзбаша''' құнан шығар інген. Мұндай тайлақ жасынан өткен ұрғашы түйені кейбір өңірлерде бүлдіршін, бұзбаша деп қатар атай береді. Байырғы кезде мал баққан, бірді-екілі түйесі бар шаруалар бұзбашаны жетілген ұрғашы түйе қатарына санап, бураға қолдан шөгерген екен. Қазақта «Бүлдіршін көзін сүзбесе, буыршын бұйдасын үзбейді» деген мақал бар. == Дереккөздер == Санат:Түйелер |
'''Бұйымтай''' этикалық мәнді ұғым. Қауымның жекеленген мүшелерінің ара қатынасында орын алған этикет, біреуге қолқа салатын шаруа, алғысы келген бұйым немесе өтініш. Дәстүрлі түрдегі бұйымтай айту негізінен төмендегідей сипатта болады: сыйлас кісілер арнайы келіп, сәлемдесіп екі-үш күн қонақ болғаннан кейін, қайтуға қамданған кезде үй иесі қонакқа алғыс айтып, қонақтың бұйымтайын сұрайды. Бұл қонақтың қалағаны немесе нендей шаруасы бар екенін білу деген сөз. Қонақ мұндайда келген шаруасын, яғни бұйымтайын айтады. Қонақ сөзін жерге тастамау, өтінішін орындау қазақ үшін бұлжымас қағида. Сонымен қатар дәстүрлі ортада қонақ болып бірнеше күн жатпайтын алыстан арнайы ат басын тіреген адамға қалыптасқан үрдіс бойынша үй иесі дастарқан жайып күтіп, шаруасын сұрап біліп, көңілін қалдырмаған. Ондай арнайы келген адамның айтар бұйымтайы көбінесе жүйрік- жорғаға, алғыр тазыға, қыран бүркітке қатысты болады. Ұзатылган қыздың үш жылдан кейін төркініне келіп жұртынан қалағанын сұрауы қолқа салудың, бұйымтай айтудың дәстүрлі қалыптаскан түрі. Қайын жұртына күлкі болмасын, «басынбасын» деп бұйымтайын, қалауын беріп аттандырған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Торғай үстірті''' батысында Оңтүстік Орал мен Мұғалжар тауымен, шығысында Сарыарқамен шектесетін жазық аймақ. == Жер бедері == Солтүстігінде Тобыл маңы аккумуляттік жазығынан оңтүстігінде Шалқартеңізіне дейін 600 км-ге созылады. Ені батыстан шығысқа қарай 300 км. Үстірт негізінен Қостанай облысының аумағында, аздаған бөлігі Ақмола және Қарағанды облыстары жеріне кіреді. Абсолюттік биіктігі батыс және шығыс бөліктерінде 200 300 м, оңтүстігінде Шалқартеңіз ойысына қарай 150 170 м. Солтүстік бөлігі аз тілімделген, көбінесе жазыққа ұласып кетеді. Оңтүстік бөлігінде үстірт беті біртұтас тегіс, беткейі тік. Үстірттің дәл ортасын жарып меридиан бағытында Торғай қолаты өтеді. Оның оң жағасы бойында құрғақ арналар, тұзды көлдер көп. Үстірттің тегіс бетінде аласа төбелер, жондар. бұйратты қыраттар, көлшік ойыстары, жыралар кездеседі. == Геологиялық құрылымы == Геологиялық құрылымы жөнінен эпигерциндік Тұран тақтасына жатады. Қатпарлы іргетастың бетін жапқан мезо-кайнозой шөгінді жыныстары қабатының қалыңдағы ондаған м-ден 200 м-ге дейін барады. == Су жүйесі == Үстірт арқылы Есіл және Тобыл өзендерінің және Торғай қолатының шағын өзендері өтеді. Ірілері: Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа, т.б. Гидролық торы сирек, көбінесе жазда үзіліп қалатын өзендер басым. Бастылары: Торғай, Ырғыз, Өлкейек, Ұлы Жыланшық. == Климаты == Климаты тым континенттік, құрғақ. Қысы аязды, жазы ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 300 мм, қаңтардың орташа температурасы –16 18оС, шілденікі 21 24оС. == Топырағы мен өсімдігі == Солтүстік бөлігі қара және қышқыл қызғылт қоңыр топырақты. Мұнда құрғақ дала қалыптасқан. Құмды алқаптарда реликті шоқ қарағай ормандары өседі (Аманқарағай, Орта және оңтүстік бөліктерін бозғылт қызғылт қоңыр топырақты, шөлейтті дала алып жатыр. Қиыр оңтүстік шеті бозғылт қоңыр топырақты жусанды-сораңды шөл. Бұл бөліміне сусыма құм массивтері шоғырланған. Ірілері: Торғай өзен бойындағы Тосын құмы, Ұлы Жыланшық өзен маңындағы Аққұм және Ырғыз маңы құмы. Құмда жусан, еркекшөп, жүзгін басым өскен. Далалық алқаптың көп жері егіншілікке пайдаланылады. Шөлейт және шөл аймақтары мал жайылымы. Өзен аңғарының жайылма шалғындарынан қысқы мал азығы дайындалады. Жер қойнауынан боксит пен қоңыр көмірдің аса бай кен орындары ашылған. Торғай үстіртінің солтүстігінде Наурызым қорығы орналасқан. == Тағы қараңыз == Торғай қолаты Торғай қақпасы == Дереккөздер == Санат:Қазақстан үстірттері Санат:Қостанай облысы географиясы |
қымыз ішу ритуалындағы этикет. Ыдыстағы қымыз құйылған соң, қымызаяқ алдымен үй иесіне, одан кейін төрдегі үлкендерге ретімен таратылады да, аяқшы жігіт немесе үй иесі ақсақалдан «бұйырыңыз» деп ықылас сұрайды. Үй иесі ыдысын қос қолдай ұстап, оң қол жағында отырған ең үлкен ақсақалға ұмсынып, ыдысын түйістіреді. Бұлайша ықылас сұрау топты ортада ғана емес, күнделікті қымыз ішуге бас қосқан кезде де жасалады, үй иесінің үлкеннен немесе сыйлы қонақтан ішуге рұқсат сұрау мезіреті, іше бастауға болады дегенді білдіреді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұқа тартыс''' күш сынасып ойнайтын ойын түрі. Жиында, той-домалақта ойналатын ойынға жігіттің нары ғана шыдас беріп, күшін көрсетіп, өзін қауымға танытады. Алты құлаштай арқанды ортасынан тұйықтап байлап, ойынды басқарушы адам сол түйінді басып тұрады. Екі адам екі жағынан келіп, желкесінен асырып қолтық астынан өткізіп, екі жаққа тартысып күш сынасады. Белгіленген сызықтан асырып сүйреп кеткені жеңімпаз болып табылады. Кейбір өңірлерде қазақтар арасында бұл ойын желке тартыс, серке тартыс, бәйге тартыс деп те аталады. == Дереккөздер == Санат:Қазақтың ұлттық ойындары |
'''Бұқар''' жылқының өңделген терісі. Бұқардан қазақы ортада белдік, саба, торсық, аяқкиім және т.б. сияқты тұрмыстық бұйымның сан алуан түрлері жасалды. Ал сүйреткі және бұлқыншақ деп аталатын қымыз құюға арналған ыдыстың түрлерін жылқының артқы санының терісін бітеудей сыпырып алып, арнайы өңдегеннен кейін жасайды. ҚР MOM қорында бұқар теріден жасалған әйелдің көксауыр шоңқайма кебісі сақтаулы. Биік өкшелі, тұмсығы үшкіл тігілген әйел кебісі. Жылқының сауыр терісінен арнайы тәсілмен дайындалған жасыл түсті «көксауыр» деп аталатын теріден жасалған. Өкшесі мүйізден қабаттап салынып, тайқыланып жонылған. Өкшенің алдына металл тіреме бекітілген. Киер аузын айналдыра ақ, қызыл жіптен ширатылған таңдайша өрнегі жүргізілген. Сірөкшесіне қызыл барқыттан сыңармүйіз оюы бастырылған. == Дереккөздер == Санат:Мал шаруашылығы |
'''Бұқара шатыр''' аста, үлкен той-думанда тігілетін үлкен шатыр. Кейбір деректерде Жайықтың күншығыс бетінде Құламбаевтың дүниеден өткен әкесіне берген асына өте көп адам жиналғандығы айтылады. Халықтың көптігі соншалық, киіз үйлермен қатар, 200 адам бірден сыйып кететін Бұқара шатыры да тігілген. Шатырдың ішіне кілем төселіп, ортасына, кілеммен жабылған сандықтың үстіне қойылған таза күмістен жасалган 1,5 пұттық астау қымызға толтырылып, қымызды тостағандарға құйып тұру үшін ішіне күміс керсен салынған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Мәдени мұра |
'''Бұқаржа''' орта ғасырларда Шығыста қолданылган жақтың түрі. Орта ғасырларда Бұхара қапасы жақсы жақтар жасайтын орталықтардың бірі болды да, онда өндірілген жақтар сыртқа көптеп экспортталды. Жасалған жеріне байланысты бұл жақтар басқа халықтардың тілінде, оның ішінде қазақтарда да «бұқаржақ» деп аталған. Бұқаржа қазақ батырларының қаруы ретінде қазақ ауыз әдебиетінде жиі айтылуы, Бұхарада жасалынған жақтарды қазақ жауынгерлері де сатып алып отырғанын куәләйді. Мұндай жақсы жақтардың қаншалықты қымбат тұрғанын батырлар жырларында кездесетін «он атқа алған бұхаржа», «алты атқа алған адырна» сөз тіркестерінен білуге болады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұл''' (''Пұл'') дәстүрлі ортада тұтынылған қымбат, қалың мата түрлерінің жалпы атауы. Бұл (пұл) атауы ертеде аса қымбат жібек түрлерінің айырбас элементі ретінде ақша құралы қызметін атқарғандығына байланысты шыққан. Түркі, парсы тілді халықтарда ақшаны пұл деп атау қолданыста әлі бар. Кейбір өңірлерде атаудың бұл деген мағынада қолданылуы бағасын арттыру мәніндегі «бғлдау, бғлдану» сөздеріне негіз болған. Қазақ ұғымында бұл атауы мата деген мағынада қолданылады. Киім-кешек тігуге қазақ әуелде Үндістаннан әкелінетін шытты, батсайыны, Қытай, Орта Азия жібегін, барқытты, зерлі, белдері кездемелерді, мауытыны, масатыны, шұғаны пайдаланған. Қазақ жеріне Жібек жолы арқылы келген бұлдарды айырбас жолымен сауда-саттық жасап алып отырған. Бұл түрлері өз ішінде қалың, жұкалығына, құндылығына байланысты бірнеше топқа жіктеледі. Сырт киімдік бағалы бұлдар: барқыт, тұқаба, берен, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, міндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, үштал, тібек, шұға, мана, ләмбөк, манат, масаты, борлат, бояқ, бұйдас, зипуын, дабы, сылаң, қасапдар, қаламы, қымқап. Жібек бұлдар: баршын, кініпас, кіріс, күлінкөр, күлдірі, қатипа, батсайы, сірпіңке, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі, қырмызы, атлас, кінауыз, маңлық, құлпы. Жұқа бұлдар: зон, ақсұп, борлат, бомази, бояқ, дабы, сыңсыма, сұрып, сәтен, сиса, шағи, бітес, тек, зәріп, саржа, құмаш, орысқол, тайғақ. Арзанқол бұлдар: ләмбік, діке, үлдірік, ләстік, кенеп, шөжім, шыдаған, сұпы, шыт, бөз, тептік, ақзу, күн-түн, тібен, сәлдебөз, меткетон, тіке. Қазақы ортада пұлдың әсіресе, көп қолданыста болған түрі мақпал. Мақпал тығыз тоқылған, жұмсак, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі бар: қарамақпал қара барқыт; қой мақпал түкті пүліш; қырмызы мақпал қызыл күрең барқыт. Бірақ қазақтар мақпал деп көбінесе біртегіс, түті тықыр да қара барқытты атаған. «Мақпалдай қара, мақпалдай жұмсақ» дейтін теңеудің мәні осында. Мақпалдан қамзол, шалбар, киімі тігіледі, тұскиіз жасалады, баскиім тысталады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұлғары садақ''' жақтың иленіп, өңделген теріден жасалған қабы. Қазақтар оны теріден, матадан жасап, сәнді үлгілерінің беттерін өрнекті металл әшекейлермен (алтын, күміс, жез) әсемдеп, жібек жіптермен кестелеген. Орта ғасырларда Бұлғар елінде тері өндірісі жақсы дамыған, өңделген тері және теріден жасалған бұйымдар сыртқа көптеп шығарылған. Мұндай жұмсақ өңделген терілерді қазақтар келген елінің атауымен бұлғары (былғары) деп атаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұлғын ішік''' бұлғын терісінен жасалған, аса бағалы сырт киім. Мғндай киім түрі билік иелері арасында сыйлық ретінде жүрген, қыз жасауына салынған, бас құдаларға кәде сый ретінде берілген. Бір ішікке жиырма-отыз бұлғын терісі кетеді. Түркі-моңғол халықтарының тарихында бекзадалар арасында Бұлғын ішіктің қадірлі сый ретінде жүргені көп айтылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұлық''' дәстүрлі қолөнерде сәндік үшін жасалатын, жалпақ шеттік тәрізді әдібін айрықша көрсету үшін киім-кешек, үй бұйымдары мен түрлі жабдықтардың шетіне, жиегіне ұсталатын, салынатын қосымша тігіс, буылтық т.б. Қолданылатын, салынатын бұйымына байланысты әртүрлі аталады. Көрпенің жиегіне салатыны түтік пен шырға. Шалбардың сыртқы тігісі бойына ұзынынан салынатыны жапсырма. Шетін айналдыра қызыл-қара бұлмен көмкерген, екі қабат төсек киіздің көмкермесінің арасына әр түстен салынатын сыздық мата. ҚР МОМ қорындағы бұлық салынған ақ түсті төсек сырмақтың ұзындығы 85 см, ені 87 см, трапеция пішінді етіліп, жиегіне қызыл түсті барқыттан көмкерме ұсталған. Арасына қоңыр түсті бұлмен қапталған киізден бұлық салынған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұрау''' түйеге артылған жүкті ауғызбас үшін жүктің арқанын бұрап, оның теңді мықтап ұстап тұруын қамтамасыз ететін қысқа оқтау немесе балғаның сабындай ғана болып келетін құрал. Ол жыңғыл, сексеуіл немесе тобылғы сияқты мықты ағаштан жасалады. Мұны тоғанақ деп те атайды. Сондай-ақ желбауды тартып тұратын кішкене жұмыр ағашты да бұрау деп атайды. Киіз үйдің шаңырағына байланған желбаудың ұшын түйістіріп байлап, ауыр зат, қол бұрғыға салма салғанда оны ширату үшін бұрауды пайдаланады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Торпақ''' (лат. Taurus) 12 зодиактік шоқжұлдыздардың бірі. Торпақ аспанның Солтүстік жарты шарында Персей, Тоқты, Кит, Эридан, Таразы, Егіздер, Жетекші аралығында орналасқан (қ. Жұлдыздық аспан картасы). Ең жарық жұлдыздары Сұлусары (Альдебаран), Нат, Альциона. Бұлар 0,8; 1,6 және 2,9-көрінерлік жұлдыздық шамада жалтырап көрінеді. Торпақта Гиад және Үркер деп аталатын екі шашыранды жұлдыз шоғыры бар. Торпақ қараша желтоқсан айларында жақсы көрінеді. Торпақ шоқжұлдызы ==Сілтемелер== «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия Бас редактор Ә. Нысанбаев Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том. Санат:Торпақ (шоқжұлдыз) |
'''Бұрлығу''' жылқыны мініске дұрыс пайдаланбаудан пайда болатын ауру. Бұрдығу, топқазы және қарта түйілу деген аурулар жылқы малында тез өршитін аурулар қатарына саналады. Семіз атты қинап міну, жарауы мен бабы дұрыс болмаған атты бәйгеге қосу, саятқа салу жылқыны бұрлығу ауруына шалдықтырады. Ұзақ жүріске жақсылап отатып, суарып шықпаудан аттың ішек-қарны босап, екі қазысы бүрісіп, бір-біріне килігуден тоққазы ауруы өршиді Аттың ішек қырындысы жұқарып, боқ жыны азаюдан қартаға жел толса «қартасы түседі». Осы ауру түрлеріне шалдыққан аттың аузы ашылып, көзі алақтап, бұлшық еттері дірілдеп, кежегесі тартып, аунап түседі де, аяқтарын сермеп, қабырғасын тістей береді. Мұндайда аттың сауырына, жаясына дереу суық су шашып, тік ішегіне темекі тығады. Бұрдыққан, топқазы болған аттардың жемін бірте-бірте көбейте отырып азықтандырады, сиырдың жапасын немесе жылқының жас бопайын сүтке езіп жұтқызады, жаңа сойылған қойдың жынын, жылы қанын береді. Ұдайы көкке тойынатын, ішіндегі боқ-жыны алмасып отырған ат мұндай ауруларға шалдықпайды дейді қариялар. Дәстүрлі ортада оны тексерудің қалыптасқан тәсілі жылқының бопайын (құмалағын) ұстап байқаған, арасына жел жүгірген бопайдың ұмалып, өзінен-өзі сынып кебірленіп тұратындығынан айырған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бұрташ''' малдың зәр шығару қызметін бұзатын ауру түрі. Бұрташқа шалдыққан түйе зәр шығара алмай ары-бері аунай береді. Ондайда өркешінің артына сынық сүйемдей ұзын мыс біз шаншиды. Егер шара әсер етсе, түйе зәр сындырады. Ал бұрташпен ауырған қозы-лақтың кіндігінен үш елі төмен тұстан, «ақ сызық» (үйек) бойымен біз шаншиды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бүгіс тігісі''' әйелдер қолөнеріндегі тігіс тәсілдерінің түрі. Киім жапсарларын, етегін, жең-ұштарын, қалтаның аузын, осы сияқты киім шеттерінің екі шетін қосып бүгетін жағдайда қолданылады. Бүгіп тігудің бұлдың екі шетін ұштастырып үстінен тепшу, жеңнің, етектің шетін бүгу сияқты әртүрлі әдістері бар. Бүгіп тігу үшін шетін тегістеп қайшымен қияды, бұдан соң екі рет бүктейді, бүктегені жазылмау үшін, көктеп, бүктелген шетке шаншым жасап, инені бүгілген шеттің астына өткізеді, шаншымдар бүктесін шеттеріне қиғаштау түседі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бүрме''' етті жас күйінде сақтаудың тәсілі. Қой және ірі малды күздің соңына қарай суық түскен кезде сойып, етін өз терісіне бүріп тастайды. Оған ауа кірмеуі керек. Бүрмені тұздап та, тұздамай да сақтай береді. Күзде жасалған бүрме қыс ортасына немесе соңына дейін жас күйінде сақтау үшін жасалатын қам. Бүрмеге бүрілген етті жіліктеп бөліп те немесе санын сандай, қолын қолдай да тұтас бүре береді. Халық тұрмысында бүрмені ашу, бастау да өзіндік оқиға, жаңалық болып табылады. «Пәленшеке бүрме бастапты» дегеннің өзі иесі үшін мәртебе, көршілер үшін сәтті күн. Одан дәметудің ешқандай ерсілігі жоқ. Оған «құтты болсын» да айтылады, ауыз тигізу де парыз. Мал етін жас қалпында, сүрлемей сақтаудың тағы бір жолы жылқыны бауыздап, ішек-қарнын алады да, қайта тігіп, терісін де алмай қалың жауып тастайды және оны ашпайды. Бүтіндей емес біраз бөлігін, яғни бір санын ғана бүрмелеп сақтау тәсілдері де бар. Оны көкек, наурыз кезінде ашып, жаңа соғым сойғандай жіліктеп алады, осылайша жас ет жегендей болады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бүрме''' кесектеп тұралған етті өзінің майы мен сөліне бұқтырып дайындайтын (пісірілетін) тағам түрі. Жергілікті жерлерде мұндай тағамды бөртпе, көмбе, қарын бөртпе деп те атайды. Байырғы ортада осындай тәсілмен пісірілген етті суыған соң қарынға салып, тоңазытып қойып, көп ретте сапарға шыққан жолаушылар жолазыққа тұтынған. ==Бүрме== Бұл қысы қатты болатын жерлердің тұрғындары жасайтын тәсіл. Алғашқы суық түскенкезде қыс айларында желінетін ұсақ мал жемшөпке ортақ болмас үшін және арықтап кетпес үшін семіз кезінде сойып, ұшасын мүшелеген соң, тұздап өз қарнына салып, аузын буады да, шошалаға апарып қояды. Ет өз сөлімен тұзы сіңіп көктемге дейін сақтала береді. Бүрменің тағы бір түрі етпен қоса, үйітіліп, жуылған бас-сирақты, тазаланған ішек-қарынды бәрін қосып, малдың өзінің терісіне орап, сыртынан таңып қояды. Бас ұстауға лайық сыйлы қонақ келгенде мал сойып әуре болып жатпай-ақ, дайын бүрмедегі сыбағанықазанға салады. Халқымыз қыстық алмай сақтаудың небір әдістерін бұрыннан-ақ білген. Бүрмеге салынатын еттің тұзы артық та, кем де болмауы тиіс. Тұзы көп болса, ет сіресіп қатпайды және сорпасы ащы болып ішуге жарамай қалады. Сорпаның тұзы ащы болып кеткен жағдайда қазанға бір қайнағаннан кейін қарағайдың екі-үш кесек кесек көмірін дәкеге түйіп, сорпаға салып жіберсе, тұзын сорып алады. ==Тағы қараңыз== *Жаужұмыр *Жаубүйрек *Бесбармақ *Құырдақ *Жент ==Дереккөздер== Сегізбайұлы Кәдірбек С30 Қазақы дастарған Алматы: ”Атамұра”, 2011. 192. == Дереккөздер == Санат:Тағамдар Санат:Қазақ асханасы |
'''Бүрмелі кимешек''' кимешек түрі. Бет жағы шаршы келіп, төменгі ұзын ұшы омырауға түсіп, төбесі жинақтала келе түйілетін Бүрмелі кимешектің үстіне кейде бөрікше киіледі. Бүрмелі кимешек Сыр өңірі әйелдерінің арасында да кең тараған. Оңтүстік өңірдің әйелдері матаны ұзыннан екіге бүктеп жартылай кесіп, оны қайта жалғай тігіп, тігісін арқасының суағар тұсына келтіреді. Жетісу келіншектерінің кимешектерінің үлгілері де аса мол, байлау үлгілері де тартымды келеді. Кимешек әшекейсіз болмайды. Әшекей орнына алтын, күміс, лағыл, ақық, шырымтал (слюда), меруерт секілді металл және қымбат бағалы тастар қолданылған. Әрине, олар да әйелдің жас мөлшеріне, әлеуметтік орнына орай тағылған. Кимешек пен оның алдыңғы өңірі ою-өрнексіз болмаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Былғары өңдеу''' мал терілерін илеп, бояп, өн беру. Ертеден келе жатқан, жақсы дамып жетілген өнер. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су тартып езілмейді. Одан жасалған мүлік шегені берік ұстайды, тігісі де ыдырамайды және өзі тұтынуға төзімді әрі әдемі. Былғарының бірнеше түрі бар. Олар: көксауыр, өпайке, былғары, құрым (хром), көзел, шегірен, сақтиян, ұлтан т.б. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бытыра дәрі''' ұнтақ дәріден арнайы тәсілмен біріктіліп жасалған кесек дәрі, оқ. Емдеуге қолданылатын дәрі ұнтақталып, араластырылып әзір болған соңтақтайдың үстіне аздап су шашып, оның үстінен дәрі ұнтағын шаша сеуіп, тақтайды аздап шайқай қозғайды. Дәрі біркелкі дымданған соң бетін қауырсынмен немесе бір шоқ қылмен сипап өткенде дәрі домалақтана қалады. Жасалып болған соң кептіріп алып сақтап қояды. Бытыра дәрі ішуге, алып жүруге және созылмалы ауруларға ұзақ уақыт тұтынуға қолайлы. Алайда тез сіңетін, дереу әсер ететін қайнатпа немесе сұйық дәріге қарағанда Бытыра дәрі баяу сіңетіндіктен, сапасы төмен деп есептеледі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бізкесте''' бізбен тігілетін кестелеудің бір тәсілі. Бізкесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен кермелеп шалу арқылы кестеленеді. Кергіш ағаш тігушінің қолы еркін жетігі тұратындай болып жасалу керек. Матаны біркелкі етіп керіп, тігуші өзінің қалаған ою-өрнегін сызып түсіреді. Матаға ою-өрнекті сызып түсіру үшін жарты қасықтай сүтке бір қасықтай тұз салып, әбден араластырып, біраздан кейін сызуға болады. Кергішке кергеннен кейін қармақ бізбен жіптің жуандығын, өңін келтіріп отырып кестелейді. Жіптің жуандығы біркелкі болса, кесте де біркелкі болып түседі. Бізкестенің шым кесте және әредік кесте деген екі түрі бар. Шым кесте деп материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте aт қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады. Ол тәсілмен түскиіз, сандыққап, мақпал шапан, жастықтың көзі, орамалдың шеті, жастық жппе төсек жапқыш, сәукеле сияқты басқа да көптеген киімдерге кесте тігіледі. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етек, әйелдердің тымағы, кең қоныш етікіердің бұрыш-бұрышы сияқты зат бөлігіне тігіледі немесе бөлек тігіліп қондырылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Біз шаншар''' еліміздің шығыс, оңтүстік өңірлерінде жаушы болып келгендіктің белгісі ретінде жасалатын рәсім. Түстік ас түсте, жаз кезінде таяқтың көлеңкесі жоғалып, күн шаңырақтың үстіне тіке шаншылған кезде ішіледі. Бұл кезде келген жолаушы, қонақ шайын ішіп, сыбағалы асын жеген соң аттанады. Ал «біз шаншуға» келгендер ешкіммен сөйлеспей, аттарының ер-тоқымын бір жерге жиып, түскі асын ішкен соң да кетпей жатып алады. Үй иесі қонақасыға кешінде мал сояды. Келгендер ертеңінде сиыр түсте үн-түнсіз аттанып кетеді. Мұндайда келетіндер, көбінесе ылғи шалдар болады. Қонақтар кеткен соң үйдегілер бұл сырды біле қойып, сырмақ қағады. Қайрағын іздейді. Сырмаққа шаншылған бізді көреді, қайрақтың жоғалғанын біледі. Бұл «ұл ержетті, қыз бойжетті, бала бізде бар, қаса сұлу сізде бар, жекжат болайық» деген ишарат. Қызы бар үй қайрақты сұрамаса, бір жетіден соң әлгі шалдар және келіп, құда түседі. Әкесіне қарап ұлын, шешесіне қарап қызын сынайды. Қазақ кейде құдалықты осылай да бастайды. Қазақта бізді көбінесе ұлдар, еркектер пайдаланады. Ал қыздардың тігін құралы ине. Біз қатты қайырымға керек те, ине кестеге, киім-кешекке, жеңіл-желпі жұмысқа қажет. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
ежелгі бекіністі мекен. Түркістан облысы Созақ ауданы Созақ ауылының оңтүстік жағынан 11 км жерде орналасқан. Оны 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген. Төбеттөбе мекенінің көрінісі сопақша келген төбешік. Оның ауданы 110×90 м, биіктігі 4,5 м. Зерттеу жұмыстары барысында төбешік үстінен жинастырылып алынған көзелердің сынықтарына қарағанда Төбеттөбе б.з.б. ғасыр мен б.з. ғасыр аралығында өмір сүрген жергілікті халықтың жұрты. Санат:Тарих |
'''Бізділік''' ұшы қашау тәрізді қайралған, геометриялық фигуралар сызуға, яки арнаулы өрнек салуға қолданылатын болат біз. Металға батыра, ырғай отырып өрнектің өрісін толтыруға пайдаланады. Атау екі сөздің бірігіп айтылуынан пайда болған: біз және білдік. Мұның алғашқысы кәдімгі біз. Білдік деп қырып-қырнап, ойып, ағаштан ыдыс жасаған кезде оны бекітіп, айналдырып тұратын құралды айтқан. Сонда бізділік дегеніміз ырғап, айналдырып отырып өрнек сапатын құрал болып шығады. Оны безеу біз, кейде мыңырғақ деп те атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Білте басу''' қалың көрпе сияқты бұйымдардың ішіндегі мақта, жүнді сырғытпай тоқтату үшін үстіңгі бетінен шүберектен жасалған түймелерді іліп сыру. Білте орнына қалың шүберек салуды түймелеп салу деп атайды. Сондай-ақ тағы бір түрінде көрпе, тоқым тіккенде тігіннің шеткі емеурініне бөлек бұлдан (матадан) ширатып емеріп тіккенді де білте салып тігу деп атайды. Кейде оны бұлық салу деп те атайды. Бұлық кемерден сәл өзгеше. Бұлықтың ішіне ширатып жүн жіп салып оның көлемі мен жуандығын арттырады, кейбірінің көлемі адамның сұқ саусағына дейін жететіндей ірі көлемде болады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бір''' халықтық өлшем бірлігіндегі шамалап, долбарлап алынатын өлшем. Ол көпке мәлім қарапайым түсініктерге негізделген орташа шамада алынады. Мұндай шамаларды білдіретін ұғым атаулары сандық және белгісіздік мәні бар бір сөзіне өлшем негізі етіп алынған адам мүшесінің атауының қоса айтылуымен жасалады. Мысалы, бір құлаш, біруыс, бір шөкім, бір шымшым т.б. '''Бір асым''' көбінесе етке байланысты қолданылатын өлшем қосымшаларымен асылатын жамбас, асықты жілік сияқты мүшелер. Жілікке қосымша сүбе және қара қабырғалар міндетті түрде салынатын болса, ретіне қарай омыртқа, белдеме, қар және тоқбан жілік, жауырындар қосылады. Яғни Бір асым ет бір жілік (ет) деген өлшеммен де белгіленеді. '''Бір қайнатым''' бір қайнатуға жарарлық сұйық заттың мөлшерін білдіретін өлшем. Шамамен 2-3 литр мөлшерінде. '''Бір құлаш''' жазып тұрғандағы екі қол арасының ұзындығындай өлшем. Құпашпен ертеде арқан-жіптердің ұзындығын, шықырау құдықтардың терендігін т.б. ұзындық, биіктік, тереңдік мөлшерін белгілеген. '''Бір уыс''' қолдың саусақтарын біріктіріп тұрғанда алақан ішіне сыярлықтай мөлшерді білдіретін халықтық жоғарылау мөлшердің аталмайтын себебі көшпелі ортада шайдың көп таптыра бермейтін және қымбаттылығына байланысты болса керек. '''Бір шымшым''' бас бармақ және сұқ саусақпен шымшып алған ұнтақтың мөлшеріне қатысты пайдаланылатын өлшемнің атауы. Көбінесе қазақы ортада ерекше қастерленген тұзга байланысты қолданылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бірата''' екі-үш ұрпақтан (ата әке бала) тұратын патронимиялық құрылым. Төрт ұрпақтан тұратын мұндай агнаттық құрылым сирек те болса кездесетін. Дегенмен, біратаның басым көпшілігі жоғарыда айтылғандай екі-үш ұрпақтан құралды. Біратаны ата балалары деп те атай береді. Қазан төңкерісіне дейінгі орыс тарихнамасында шаруашылық ауыл () деген атпен белгілі. Дәстүрлі қазақы ортадағы материалдық және рухани игіліктің басты өндірушілері, яғни экономикалық және рухани (мәдени, ғұрыптық және т.б.) қарекеттің бірден бір корпоративтік субъектілері болды. Ауылдың негізгі әлеуметтік ұйытқысы екі-үш ұрпақтан тұратын әулет болғанымен шаруашылық және қажетттілікке байланысты оның құрамына екі немесе үш, кейде төрт-бес атадан қосылатын туыстары да, тіпті, кірмелер де кірді. Үлкен күшті қажет етпейтін күнделікті шаруашылық, ғұрыптық және тұрмыстық қарекетті атқаруға біратаның әлеуметтік қауқары жеткенмен, ауқымды өндірістік операциялар мен жағынан да аса маңызды, әрі көлемді ғұрыптық немесе мерекелік шараларды бірнеше біраталар бірлесе атқарып отырды (қырқым, қыстау үйлер, қора-қопсы салу, көш-кон ұйымдастыру т.с.с.). Яғни экономикалық жағынан да, тұрғыдан да негізделген өзара әлеуметтік қатынастарға түсті. Демографиялық шегі мен әлеуметтік шекарасы экономикалық, экологиялық, тұрғыдан негізделген, шежірелік жосынның жеті аталық принципімен бұл қатынастардың жүйесі, түптеп келгенде, жеті аталық ру-қауымның әлеуметтік- экономикалық және құрылымы болып табылады. Демек, жетіата осы қатынастардың бірден бір ұйымдық формасы. Біратаның әлеуметтік құрамы мен демографиялық мөлшері оның экономикалық ресурсына байланысты болды. Деректер бай әулеттердің ауылы орта есеппен 9-15, орташалардың 5-8, кедейлердің 2-3 шаңырақтардан тұрғандығын көрсетеді. Алайда жылдың жылы мезгілі жаз айларында жайылымдағы шөптің құнарлылығы мен өсімталдығы ерекше артқан кезеңде бірнеше біраталар уақытша бірігіп, үлкен ауылға айналып отырды. Қазан төңкерісіне дейінгі орыс зерттеушілері мұндай ауылдағы отбасылардың саны кейде 100, тіпті, 150-ге дейін жететіндігін жазды. Бірақ бұл көрсеткіштер XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында жүргізілген саяси әкімшілік реформалардың нәтижесінде, осының тікелей салдары болып табылатын қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі болып жариялануына байланысты күрт өзгерді. Жер тапшылығына байланысты байлардың жаз мерзіміндегі ауылдарының құрамындағы отбасылардың саны енді 50 60-тан асқан жоқ. Бұл тенденция орыс отаршылдығының уақыт өткен сайын күшеюіне байланысты өрши берді. Жылдың суық мезгілдерінде қара күз деп аталатын күздің соңғы айында, қыста және ерте көктемде үлкен ауылдар әулеттік (бірата) принцип бойынша әлеуметтік негізі біратадан тұратын шағын ауылдарға бөлініп кетіп отырды. Соңғы кезде кейбір қазақстандық зерттеулерде біратадан тұратын шағын ауылды шағын қауым, ал жоғарыда аталған үлкен ауылды кеңейтілген қауым ретінде қарастырылып жүр. Шынтуайтында, қазақы ортадағы бірден бір қауым жетіаталық экзогамиялық құрылым. Жетіаталық ру-қауымның жылдың жылы мезгілдерінде үлкен, ал суық мерзімдерде шағын ауылдарға сегменттелуін оның экологиялық бейімделу стратегиясы деп бағамдаған жөн. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бір қабатын беру''' ұзатылған қыздың артынан жыл уақыты шамасында апарылатын «төсек орын апарудың» тағы бір атауы. Жасауын беріп ұзатқан соң жылға таман уақытта қыздың тағы да бір қабат төсек орнын апарады. Оған аты айтып тұрғандай көрпе, жастық, төсек, сырмақ, шымылдық сынды т.б. заттар кіреді. Бұл аталған заттар бұған дейін де қыз жасауының құрамында болған, алайда жылға жуық мерзімде, сәбилі болуға таяған мезгілде берілетін тағы бір қабат жасау-жабдығы болып табылады. Яғни бір қабатын беру өсіп-өну, көбеюге қатысты атқарылатын екі қабат ұғымына тікелей қатысы бар ғұрыптық шаралардың қатарына жатады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Біратар''' мылтықтың оқ-дәрісін сақтауға қолданылатын дәрі сауытша. Ол мүйіздерден жасалып, жуан жақтарымен ортақ ағаш түпке орнатылған екі шақшадан тұрады. Әр шақшасында бір атуға өлшеніп салынған дәрісі болады. Шақшалардың ағаш түбінде тігінен тесік жасалып, одан мойынға асуға арнапған ұзын тері қауысбаудың екі ұшы өткізіліп, ұштары түйіледі. Біратардың шақшаларының ауыздары теріден оралып жасалған тығындармен жабылады. Тығындар иықбауға байланған жіңішке қайыс бауларға бекітіледі. Иықбауға тағы бір кішкене жіңішке қайыспен пистон салуға арналған тері сауытша ілінеді. Сауытшаның аузы басы жарты сфера формалы жасалған ағаш тығынмен жабылады. Сауытша ілінген жіңішке қайыстың бір ұшы оның тығынының ортасынан, ал екінші ұшы сауытшаның бір бүйіріндегі тесіктен өткізіліп байланған. Бұл біратардың әр шақшасында бір атуға өлшеніп салынған дәрі болды. Біратарды қазақтар 19 ғасырда қолданып, мойынға асып алып жүрген. Осындай біратардың бірнешеуін мойнына асып қойған аңшы немесе жауынгер қажет кезінде сәл еңкейіп мылтық таңдайына оқты сала қояды. ҚР MOM қорында XIX ғасырда жасалған біратар сақтаулы. Мүйізден жасалған екі бөліктен тұратын ұзынша шақша жуан жақтарымен ағаш түпке орнатылып кигізілген. Мойынға немесе белдікке ілетін қайыс бауы шақша мен тері тығынды да ортасынан біріктіріп тұр. Біратардың шақшалары ауыздары теріден оралып жасалған тығынмен жабылады. Өлшемдері: ұзындығы 14,3 см, диаметрі 3,5 см. Басындағы тығынының ұзындығы см, ені 1,4 см. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Біртуған''' түйе тұқымының бір түрі, үлек пен інгеннің бірінші ұрпағы. Біртуған тұқымы айыр түйе мен нардың барлық жақсы қасиеттерін өз бойына дарытқан. Нарға қарағанда кішілеу болғанымен, суыққа төзімді, жүн өнімін көбірек береді. Халық арасында таза асыл тұқымды үлек пен айыр інгеннің ортасынан туған біртуғанды құлпатша, айыр бура мен аруанадан туғанын бекпатша деп атайды. Айыр түйе мен біртуғанды қоспақ туады. Қоспақ түйе өркеші ұшы ғана айыр болып келеді. Өркешінің айыры кең болса оны мырза қоспақ деп атайды. Қоспақ айыр түйеге қарағанда әлді болады. Бірақ нар мен біртуғанға қарағанда әлсіз. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Біртұтам''' бір қолымен сығымдап ұстағанда төрт бес еліге тең ұзындық өлшемі. Бұл өлшем тағы басқа да дәстүрлі өлшемдермен қатар қазақтың тіршілік қамы жүйесінің барлық салаларында қолданылды. Мысалы, қамшы сабының ұзындығы екі-үш тұтамнан кем болмау керек, ал, қамшының басы сабынан бір тұтамға ұзын жасалуы керек деген сияқты. Сондай-ақ қысқа, келте, аласа, пәс деп келетін шағын заттардың немесе құбылыстардың метафоралық эквивалентгері ретінде де қолданылды. Мұның айқын мысалы ретінде «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деп келетін белгілі мақалды келтіруге болады. Мұнда біртұтам ұғымының қолданысы аллегориялық, метафоралық тәсілі арқылы алдаудың, өтірік айтудың «ғұмырының» тым келте екендігін көрсетіп отыр. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |