text
stringlengths
347
53.1k
'''Аң олжасын байлау''' қазақы ортадағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің нормалар мен принциптерге негізделген ілкімді ұстанымдардың бірі. Аңшы аңшылықтан немесе саяттан оралып келе жатқанда, алдынан сыйлы болмаса үлкен адам, тіпті, богде адам шыға қалса, аңшы олжасын сыйға тартады. Бұл «алаштың бөлінбеген еншісінен» туындайды. Аң олжасын байлау жосыны еш бүкпесіз риясыз ниетпен атқарылады. Сондықтан да, қазақта «аңшы байымайды, бай аңшыны көргеніміз жоқ» дейді. Тазымен аң ілгенін көрсе, бейсауат жолыққан адам (кейде аңға шығып бара жатқанда) «майлансын» дейді, аңшы «байлансын» деп олжасынан байлайды. Аң олжасын бөлісудің өзіндік қағидасы болды: атып алынған аң қалыптасқан жосынға орай, аңшының қасындағы жолдастарының ең үлкеніне байланады; құндыз атып алса, жүн-терісін мергеннің өзі иеленеді де, бауыр терісі жолдастарына бұйырады. Алайда, аң аулауға алғаш рет шыққан мерген немесе жаңа мылтық сатып алған, болмаса жаңадан бапталған құс пен жаңадан үйретілген тазымен шыққан аңшылар олжаларының бауашарын біреуге байламастан, ырым қылып өзі алады. Қоңыр аң олжасын бөлгенде, мергеннің езі терісін, төсін және оң санын алады. Қалғандарын аңшының жолдастарына байлайды, бірақ, олардың жасы үлкені олжаның көбірегін алады. Мұндай бөлісті «мүше алмақ» дейді. Аңшылар өлтірген аңдарын оң қолымен алып, қанымен мылтықтың дүмін сүртіп, қайырған кұсына итіне атқан аңның етінен дәм таттырады. Аңшы үйіне қайтып, үйіне кірерде аңды босағаға ырымдап тастайды. Содан кейін оны керегенің басына іліп қояды. Қақпанға түскен аңды алып, қақпанының жанына «өтеуін қалдырып кететін» болған. Олжаны иесіне немесе артынан қуып келген қуғыншыға байлау, яғни оны қайтарғаны қазақы түсінік бойынша, ішкен асты кұсқанмен бірдей. Мұндайда, «Ұры мен барымташы жортуылға алам деп шыгады. Ала білген адам, оны сіңіре де білу керек, былғағаннан басқа келтірер пайдасы жоқ», делінеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аң олжасын өндеу.''' Ауланған аңның денесі әбден суыған соң, терісін сойып алады. Себебі, әбден суыған кезде аңның денесіндегі бүрге, кене, бит сияқты арамза жәндіктер түсіп қалады. Қоңыр аңдарды атып алғаннам кейін, ерекше үлкенінің терісін немесе үлкен мүйізін аңшы өзіне қалдырады. Себебі, олар аңшының алғыр екендігінін дәлелі ғана емес сұқтанған адамның тілі мен көзінен сақтайды-мыс. Қазақ аңшылары ұстаған аң терілерін түрмыстық тұтыну қажетіне қарай, көбінесе, теріні бітеу сою, жарып сою сияқты екі түрлі тәсілмен сояды. Қасқыр, түлкі, қарсақ, құндыз, бұлғын, сусар қатарлы аң терілері бітеу сойылады. Бітеу сою аңның құйрық түбінің ішкі жағынан пышақ салып, артқы екі санының жүқа шабы аралығына дейін тұзу тіледі. Терінің түбін ашып алады да, басына қарай тұтас сыпырып отырып, сирақтарып да тері ішінен бітеулей суырып алады. Пұшпақтарына бақайшық табанының мүйізгектерін қалдырып, онан соқ құлақ терісін, иегін, кара тұмсығын, құйрығына дейін теріде қалдырып, түлыптап сояды. Тұлыптап және бітеу сою өңдеуге, илеуге қолайлы, әрі осындай жолмен алынған тері иі жаққанда жүнжіп бұзылмайды деп есептейді. Аң терілерін бітеудей мес қылып сою үшін, артқы шатын өткір пышақпен тіліп, теріні басына қарай айналдыра бас терісімен бірге сыпырады. Мұндайда, пышақ тигізбей, саусақпен, жұдырықпен іреп сыпырған дұрыс. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Жарып сою''' мал союдан өзгешелеу. Оның екі түрі бар. *Біріншісі тауешкі, бөкен, арқар, бұғы, қаракұйрық қатарлы қоңыр аң бауыздап сойылып, терісі мен еті катар пайдаланылады. Олардың бас терісінен басқа тері бөлінбей, сол күйінде сойылады. *Екінші түрі бауыздамай жарып сойылатындар бұл арам еттілер тобындағы аю, жолбарыс қатарлы ерекше үлкен аңдарды сойғанда, бүтін дене түркының терісі түгел сыпырылады. Төрт пұшпағы, құйрығы, бас терісі, құлағы мен тұмсық мүйізгегіне дейін теріден бөлінбей бүтін сойылады да, тері түрінің басты мүсінін сақтап, жайылып қойылады. Ал, суыр, борсық сияқты ұсақ аңдардың жөн терілерін пайдалану үшін олар бауырынан жарып сойылады. Сондай-ақ, құтан, қалбағай тұқымдастарының мамығы кәдеге жарамды болғанымен, еті дәмсіз деп саналады және байлануға аса жарамайды. Керісінше, дуадақ, шіл, ұлар, безгелдік, жорға дуадақ, шыңырау, тарғақ, бөдене, бұлдырық, тауқұдірет тәрізді қыр құстарын саятшылықта олжалауға тырысады. Аңдардың өті, жүрегі, үлпершегі, тісі, тарамысы қатарлы халық емшілігінде қолданатын болігін кесіп, сылып алады. Оның озіндік қағидалары бар. Жыртқыш аңдардың терісін еппен бүлдірмей алып, соғып алған адам өзіне қалдырады. Күнде кездесе бермейтін сілеусін, жолбарыс, аю және бағалы аңның терісін аңшы өзі алады. Иен тұзде соғып алған қасқырды әбден өлтіріп, жаны шыққан соң ғана қанжығасына байлайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Толағай''' тас қоршаулы обалар тізбегі. Қарағанды облысы Шет ауданы Нұра ауылының оңтүстігінде, Толағай тауының солтүстігінде 14 км жерде. Аумағы 3,80×4,70 метр. Табылған заттар қола дәуіріне жатады. Археологиялық зерттеу жұмыстарын ең алғаш 1935 жылы В. Никитин, В. А. Селевин, 1956 жылы Ә. X. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген. Оның аумағы 3,80x4,70 м. Қазба кезіңде мәйітті тас жәшікке қоятыны анықталған. Сондай-ақ кұмыралар, дөңгелек алқалар, алтын қаптырылған қола сырғалар, қола моншақтар табылған. ==Дереккөздер==
'''Аң терілерін илеу және өңдеу.''' Аң терілерін илеп өңдегенде, терінің ішкі жағына айран немесе сарысуға ұн қосып (қарабидайдың ұны) иі етіп жағып, бір-екі тәулік қалдырады. Қоян, түлкі, қарсақ, бұлғын т.б. аң терілері өте жұқа болғандықтан, иі жылдам қанады. Әбден иі қанған теріні тазартып, уқалап, созғылаған кезде жұмсарып, ішкі беті ақ түске енеді. Содан соң, теріні жылы күйінде тұздап, арнаулы кергішке керіп кептіреді. Бұтағы аша болып өскен ағашты өңдеп, ашасының арасына көлденең кергіш ағаш бекітіліп, кәдімгі әрпіне ұқсатып жасалған кергіш құралы жануарлардың терісін кигізіп, керіп кептіру үшін қолданылады. Кергішке бітеу сыпырылған (мес) тұздалған аң терілерін кигізіп, қуысына ауа жүретіндей етіп арасына ісиіз, сабан т.б. заттардан кепіл қойылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аң олжаларын саудалау.''' XVIII ғасырда қазақтар жыл сайын Орынбор мен Троицк базарына 30-40 мыңдай түлкі, 40-50 мыңдай қарсақ сатуға апарып түрған көрінеді. Зерттеушілер есебі бойынша, 1890 мен 1900 жж. аралығында ресми статистика есебі бойынша Жетісуда 21088 қасқыр, 49767 түлкі, 23426 борсық, 28889 күзен, 810 аю терісі тапсырылған. Мұның сыртында айырбас жолымен сауда керуендеріне аң олжасы өте көп мөлшерде сатылған XX ғасырдың басында Жетісу қазақтары жылына 50 мыңдай түлкі терісін өткізіп тұрған. Бір ғана Торғай, Ақмола облыстарына аңшылық кәсібі жыл сайын шамамен 300 мыңнан астам сомның пайдасын әкелген. Онда киік мүйізімен бірге, құнды олжалар қатарында көкқұтанның қауырсынының әр пұты 200 рубльге тең болды. Себебі, онымен әйелдің бас киімін безендірген. Ертеде қырғауылды қаршыға, сұңқармен аулап, оның ұзын қаламдары мен қанат құйрығын сатқан. Оны ауқатты төрелер бір шоқ қылып байлап, артқан түйенің үстіне қайқайтып байлап, «қарқара» деп атаған. 1895 ж. «ДУГ»-да жарияланған мақалада былай дейді: Орысша бодан болғаннан бері қазақтар аң аулауды қызық көрген... Бұлардың көбі аңның етін жеп, терісін сатып пайдалана бастаған. Аңшыға терісімен пайда әкелетін аңдар: бөкен, марал, киік, жолбарыс, аю, қасқыр, түлкі, бұлғын, сусар, қырғауыл. Аңшылар көбейгеннен қырдың жерінде жүре беретін аңдар күрт құрып кеткен. Құрып кеткен аңдардың бұрын болғандары осы күнгі құрып жоғалып бара жатқан аңдар бөкен, марал, киік, қырғауыл болады. Өскеменде Бөкен деген өзен бар ертеде мұнда бөкендер жайылып жүрген дейді. Мұны растайтын дәлел өзен бойында қазылған ұралар көп кезігеді... Апан ұра қазып, бетін далдалап жауып, бөкендерді ұстап алып жүреді». Бұғы мүйізінен дәрі істеуге таптырмайтын шикізат ретінде бағаланған. Бір бұғының жақсы бұтақты мүйізі қытай жерінде 20 юань күміске бағаланды. Бір юань екі тенгеге тең болуы жылдан жылға бұғы аулайтындарды көбейтіп бұғының санын азайтып жіберген. Ал, Қарқаралы оязының топтасқан киік мүйізін алмақ үшін көптеп аулаған. Бір киіктің мүйізі Қояндыда, Ботов жәрмеңкесінде 2-3 теңге тұрған. Бұрынғы кезде бұлғын мен сусар Қалба деген тауларда көп болады екен. Осы уақытта Қалбада бұлғын болмаса, сусар жоқ болып кеткен. Тегі Бавариялық, Тәшкенде ұзақ жылдар бойы қызмет істеген Франц Шварц Түркістан өңірі аң-құсқа бай, әрі арзан екендігін, оны қоныстанған орыстар кәсіп етіп жүргендігін жазады. Аңның арзандығы сондай, қырғауылды жиырма пфенниг, түлкінің сирек кездесетін қара түрі не бәрі екі марка тұрған. Түркістандагы бағалы терілер дайындау жағынан бірінші орынды иеленетін Лепсі уезінен терілерді Ресейдің орталық бөлігінен алыпсатарлар келіп алатын. Ал, балық пен құс олжаларын Семейге Шыңжандағы Шәуешек қаласына марал, ақбөкен мүйізі апарып сатылды. == Дереккөздер == Санат:Сауда
'''Аңқа''' (термин) тыныс алатын мүшенің атауы, таңдай, көмей, жұтқыншақ үшеуінің түйіскен тұсы. Алыс жолға мінілетін немесе бәйгеге қосылатын аттың бабы келіспесе, жолдың ауыртпалығын көтермей өзегі талып, тынысы бітеліп қалады. Бұл құбылысты қазақ «аңқасы кепті» дейді. Осы тәрізді, түйе мұрнының кеуілжірі мен аңқасына арам қүрттардың өршіп (бөгелектің жұмыртқасы), ауру туғызуын аңқа ауруы деп атайды. Түйе тынысы тарылып, пысқырып, басын шайқалақтатады. Оған қазақ шопандары малдың майын ерітіп, жылыдай кұяды немесе күкірт, ашудас түтінін ішке қарай түтікпен жіберіп емдейді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аңшы киімі мен жабдықтары''' аңшының саятқа немесе аңға шыққанда киетін арнайы киімі мен қолданатын (аксессуар) болды. Аңшының киімі қозғалысқа ыңғайлы, әрі ықшам болуы тиіс. Қыстық киім негізінен саптама етік, қыстық тымақ, жылы ішік, жарғақ шалбар. Ықшам киінген аңшы киімінің етегін шалбарланып алады, ал, кіселі белдігін киімнің ту сыртынан буып тағынады. Тау, тастан таймас үшін өкшесінде нәлі немесе тақасы бар етік киеді. Ал, жаяу аңшы аяққа шацай немесе сүйектен сойшаңғы тағып алады. Аяздың бәсең кездерінде үстіне сырмалы иіапан немесе шекпен, аяғына былғары етік, басына күләпара болмаса малақай кейде бөрік киеді. Аңшы саятқа шығарда өзімен бірге беліне байланған кісеге қынға салынған пьішақ, жемқалта (құнарқалта, нәрқалта деп те атайды), оқшантай, дәрі-дәрмек, шақпақ, қу, шыжым бау, белқанжыға тағады. Сонымен бірге, қолында аң соғатын дойыр қамшы, інге кіріп кеткен аңға бұрау салатын таяқ, аң олжасын қанжығаға байлайтын жәңгек ала шығады. Шоқпар, сойылды қажеттілікке қарай алуы мүмкін. Сонарға шыккан аңшылар, көбінесе, арнайы дайындықпен кішігірім көш тәрізді топ болып жүрді. Саятта тазыға арналған жүрек жалғар ет және тамақ салып жүретін көлемі үлкендеу жемқалта аңшының жанынан тастамайтын ен басты атрибуттардың қатарына жатады. Әлбетте, ұшқыр, әрі ұзақ жүріске төзімді ат таңдап алады. Ердің айылын төстей тартады. Саятшыға қарағанда, бірде өрлеп, бірде құлдилап, сай-сала қуалап көп жүретін болғандықтан, аттың ер-тұрманы тұрақты болуына қатты көңіл бөлінеді. Осыған байланысты ер-тұрманға қосымша айыл тартылады. Бүркітші саятқа шыққанда ең қажетті құрал-сайман және жабдықпен қоса, бүркіттің аяғының қанын тоқтататын бұлғарының еті деп аталатын бұлғарының ішкі бетіндегі ұлпасын бірге алады (саятшылықта, әсіресе, ірі жыртқыш аңға түскен бүркіттің жаралануы жиі болып тұратын жайт). Аязды күндері бүркіт құндағы, тазыны орайтын жамылғы, кешке тоңғанда киетін дақы, мұйығын ердің қанжығасына байлап бөктеріп алады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баттама''' отын ретінде пайдаланатын тезектің бір түрі. Сиырдың жас жапасына көң мен қойдың құмалағын араластырып дайындалған тезек. Жиналып қалған мал қиын жайып, үстіне су сеуіп, ат тұяғымен таптап, араластырып болған соң, кішкене дамылдатып, қолмен алып кішігірім табақтың көлеміндей жапырайған қалыпқа келтіреді. Оны кей өңірлерде «боқ шапақтау» деп те атайды. Жас баттаманы қораның қуыс-тесігін бітеп, сылауға да пайдаланады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Батырақ'''- XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде қоғамдағы күрделі реформалар салдарынан қалыптасқан әлеуметтік топ өкілі. Батырақтар ірі байларға жалданып жұмыс істеген, шаруашылық жұмыстарымен айналысқан. Қазан төңкерісінен кейінгі саясат барысында батырақтар белгілі бір санат ретінде рең алып, жаңа коммунистік саясат идеологиясының құралына айналды. Жаңа идеология қағидалары батырақтарды өткен қоғамның билеуші өкілдеріне және орташа деп саналған әлеуметтік жік өкілдеріне қарсы айдап салып отырды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Батырғы''' теріші, өрімшінің құралы. Көн тері бетіне сызып, батырып өрнек салу үшін қолданылатын бұл құрал мүйізден жасалады. Тауешкі, теке, арқар мүйізін өңдеп, ұшын үшкірлей өткірлеп, төмен жағынан әртүрлі өлшемдегі тесіктер жасайды. Батырғы тесігінен тілінген таспаны өткізіп сыптығырлап жұмырлайды, өңдеп майдалайды. Алтай қазақтары құралдың мүйізден жасалған, тек басы ғана өрнек салатын жіңішке түрін батырғы деп, жалпақ үлкен мүйізден жасалған, бірнеше жерден дөңгеленте тесілген түрін тесікмүйіз деп атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Батырғы''' зергерлік өнерде қолданылатын құрал түрі. Ұшы имек, сүйір әрі доғалдау келген құралды жұқа қаңылтырға батырып, түрлі сызық, бедерлі өрнек түсіруге пайдаланылады. Батырғы жүзі суарылған асыл болаттан соғылады. Ұшын қатты жылтыратып қойса, металл бетіне батыра сызып, өрнек жасағанда жеңіл жүреді. Көлемді жұмыстарға, қалыңырақ қаңылтырды өңдеуге арналған батырғының сабын ұзынырақ етіп, қатты ағаш, мүйіз не сүйектен саптайды. Ондай құрал сабын иыққа тіреп, қос қолмен жұмыс істеуге ыңғайлы келеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
көшпелі қазақ қоғамындағы кәсіби әскерилер болған батырлар әлеуметтік жігінің кәсіби әскери іске негізделген әлеуметтік институттардың бірі. Батырлардың әлеуметтік жік ретіндегі басты қоғамдық функциясынан туындаған, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік идеологиясы, өзіне тән әскери әскери кәсіптің тәжірибесінен қалыптаскан өзіндік жауынгерлік этикасы, моралдық ережелері, басқа әлеуметтік жіктермен арақатынасын реттейтін әлеуметік нормалары болды. Бұл әлеуметтік нормалардың институциялануы барысында «батыршылдық» институты қапыптасып, батырлар көшпелі қоғамдағы әскери жікке айналды. «Батыршылдық» институты құрылым кезеңінде пайда болды. Батыр болып өмір сүрген адам тек әскери іспен ғана айналысуы тиіс болды, оның бар өмірі соғыста өтті, батыр үшін басқа іспен айналысу ар саналды, сондықтан батырлар әулетінде әскери кәсіппен өмір сүру әкеден балаға мұрагерлікке жалғасатын. Батыршылдықта өлімге деген көзқарас өзгеше болып, батыр қашанда өлімді қарсы алуға дайын болуға тәрбиеленетін. Қартайғанша қаруын тастамайтын батырлар үшін соғыста қаза болу қасиетті өлім саналып, үйде төсекте өлу өкініш болды. Олар үшін өзінің жауынгерлік намысы, әскери парызы өлімнен жоғары қойылды. Өлімге мұндай көзқарас қалыптастыру батырлық рухты тәрбилеудің бір бөлігі болатын. Батыршылдықтың басты мұраттары (идеалдары): ерлік, батылдық, ханға, елге сенімділікпен қызмет ету, адалдық, асылдық, тектілік, осы мұраттар үшін жан қию. Жауынгерлік қаруды қастерлеп, киелеу, қаруға табыну, қаруға ат қою, айқас алдында қарумен серттесу, қаруды жаман іске жұмсамау, қаруды әртүрлі символға айналдыру сияқты әскери қарумен байланысты салт-дәстүрлер батыршылдық салттың бір бөлігі болған. Батыршылдықта басты өнер ер қаруы-бес қаруды жетік меңгеріп, шебер қолдана білу. Батырлық эпостарда, батырлар әулетінен шыққан батыр-жыраулар поэзиясында батыршылдықтың осы мұраттары дәріптеледі. Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын толғауы осы батыршылдықтың гимні (әнұраны) десе болады. Батыршылдық өткен ғасырлардағы ұлттық елдің айбыпы болған батыршылдық рухты тәрбиелеудің негізі болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бау''' киімнің немесе басқа да тұрмыстық бұйымдарды байлап бекітетін баулық. Өзі бір нәрсені буып, бекітіп тұратын, байлауға не бунап кигізіп қоюға қолайлы жұмсақ заттан ызып жасалатын ілгек. Көйлектің, бешпенттің т.б. киімдердің кеудеден жоғары, алқым тұсындағы бауын алқым бау, алқа бау деп атайды. Ал етіктің, шұлықтың қонышынан жоғары тартып кигенде ұстайтын бауын қоныш бау, үзеңгі мен ерді байланыстыратын қайысты үзеңгі бау, бір нәрсені керіп, іліп қою үшін әртүрлі материалдан жасалған, жалпақ пішінді жіпті тартпа бау дейді. Қаршығаның мойнына кигізілетін бауды жығауыл деп атайды. Бау қолданылу орнына, тағылған бұйымына қарай бірнеше түрлерге жіктеледі: тонның ішкі бауы, тымақтың бауы, тамақбау, құлақбау т.б. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Толғау''' қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының ауызша поэзиясында кең тараған жанр. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар құмықтар ''"ойлу йырлар"'', башқұрттар ''"қобайыр"'' деп атайды. Ноғай мен құмық әдебиетінде ерлік толғауы мағынасында қолданылады. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген 13 14 ғасырларға сәйкес келеді. 15 19 ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше өркендеп, өзінің жоғары даму сатысына жетті. Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Көрнекті өкілдері ''Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Дулат, Махамбет, Базар,'' т. б. Генетикалык жағынан магиялық функциясы болғаны байкалады. Хандык дәуірде аса зор идеологиялық мәнге ие болды. Толғауда терең азаматтық әуен, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси философиялық тақырып ерекше орын алады. Негізгі бейнелеу тәсілі дидактика. Толғауда кейде күрделі, көлемді лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алады. Құрылысы тирада пішінді, буын саны аралас, кейінгі даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, біртіндеп тұрақталған. Толғау ауызша дамып, біздің заманымызға ауызша жетті. Бір мақам мен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде орындалады. ==Дереккөздер== Санат:Қазақстан әдебиеті
'''Бау''' киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында қолданылатын тоқылған жіптер. Уықта екі түрлі: балақ бау, уық бау болады. Өріліп жасалатын балақ, ау уық алақанының тесігінен өткізіліп, керегеге уықты байлау үшін, уықтың ортасынан байланатын уық бау үйге сән беру үшін әрі жиылған уықты буып байлау үшін пайдаланылады. Иық бау, керме, шалма бау қатарлап шалынып байланған уықтардың қисаймауы, қажамауы, қажалмауын қамтамасыз ететін бірнеше құлаш терме жіптер. Есік жылжып төмен түсе бермеуі үшін шалынып байланатын иық баулар есілген жіп немесе терме бау түрінде жасалады. Кіндік бау киіз есіктің сырткы жағының ортасынан жоғарырақ тағылатын, есілген немесе термеленген ұзындығы бір жарым құлаш шамасында болатын бау. Бұп бауларды есікті боран, жел соққанда бастыруға пайдаланып, төменгі белдеуден байлайды. Күн ашық күні киіз есікті ғұріп байлауға қолданады. Түндік бау түндіктің төрт жағынан тағылатын төрт бау. Көбінесе ақ жүннен қыл араластырып есіледі. Осы баулар арқылы түндікті үш жағынан белдеуге байлап, есік жағындағысын қайырып ашып, белдеуге іліп қояды. Ызылып немесе термеленіп жасалатын туырлық бау туырлық бауларының алдыңғы екі бұрышынан және одан төмендеу, туырлықтың орта тұсына таяу жерден, бір шетіне бірден, екі жанына екі баудан тағылады. Үлкен үйлердің туырлығы үлкен болатындықтан, 3-6 немесе одан да көп бау тағылады. Бұл көтерме туырлықтарға тән. Белден басар, иін жабар туырлықтардың бауы бір шетіне екі-үштен, егер ауыр үлкен туырлық болса, 4-6-дан тағылады. Туырлықтың бұдан басқа екі түрлі бауы болады. Оның бірі жабық бау, туырлыктың жабық бөлігіне, яғни керегеден жоғарырақ келетін уық иіндерінің тұсындағы айқасатын жеріне тағылатын бау Жабық бау жіңішке жіптен жасалады, туырлық жабықтарын айқастырып байлау да қолданылады. Етек бау-туырлық етегі жел соққан кезде желпілдеп тұрмас үшін етегінің ішкі жағының әр жерінен тағылатын, кереге аяғынан байлап қоятын жіңішке бау. Ою бастырылып, термеленіп сәнделген үлкен үзіктерге дейін бау тағылады. Үлісеп үзіктерге етек бауының жоғарғы жағынан үш бау үзік бау тағылады. Термеленіп тоқылып жасалатын тастама бау киіз есіктің ұшынан тағылатын, шаңырақтың күлдіреуіші арасынан тасталып, ағаш есіктің маңдайшасынан өткізіп байланатын киіз есікгі жабатын бау Таңғыш- екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Киіз үйдің бау-шуларына желбау мен басқұр да енеді. Желбау -өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге ерекше сән береді. Ол дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру үшін таңылады. Басқұр киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. '''Бау'''– үй жабдықтарын бекiту үшiн пайдаланылатын жiптен ширатылған, ызылған, тоқылған бау. Аяқ бау керегенiң аяқ жағына тағылатын бау. Бас бау киiз үй туырлығы мен үзiгiнiң үстiңгi жағына тағылатын бау. Жел бау дауылды желге қарсы сақтықпен байлап қоятын баулар. Уық бау уыққа тағылатын бау. Кереге бау керегенiң басына да(сол жақ басынан) аяғына да (орта тұсынан) баулар не құрлар тағылады. Шет бау текемет, сырмақ секiлдi үй жиһаздарын iлу үшiн шетiне тағылатын жiп баулар. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Киіз үй
'''Бауашар''' қолға үйретілген қыран құстың (қолбаланың) алғаш рет аң алуға шығуы. Құсбегі қолындағы құстың алғаш рет аңға ұшуын құс аяқтанды деп, ұстаған аңын тырнақ алды деп атайды. Бауашардан қайтқан соң арнайы кәде жасалады. Ауыл адамдары қолына құсын қондырған құсбегіні қарсы алып, шашу шашады. Алғашқы бауашарда түскен аң ешкімге байланбайды, өзгеге беру құстың бағын байлау болып саналады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баукеспе''' ұрлықты кәсіп еткен кәнігі ұры. Не нәрсені болса да тірі жанға сездірмей ұрлап алатын, «сауысқанның құйрығын ауыстырып салатын, жатқанның жамбасын кесетін» ұры адамды дәстүрлі ортада баукеспе деп атайды. Баукеспе ұрлықпен тіршілік етіп, әл-ауқатын осы жолмен көтеруді көздейді. Әдет болып кеткен жымқыру әрекеттері дағдыға айналып, баукеспе адам шау тартқан шағында да де сүйекке сіңген қарекетінен арыла алмайды. Ел аузындағы әңгімелерде қазақ арасында өткен танымал ұрылардың осындай күй кешкені туралы айтылады. Қазақы ортада баукеспелік жасаған адам аса ауыр қылмыскер ретінде қатаң жазаланып отырды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баушарбақ''' жылқы қамайтын қаша-қора. Сырғауылдарды ұзынынан әр жерге қағылған қадаларга екі-үш қатар кісі бойындай биіктікте бекітеді. Бұл тәсілді шарбақтап жасау дейді. Қаша-қораның атауы осы тәсілге байланысты қалыптасқан. Оның ауқымы жылкының санына байланысты болады. Қаша-қора әдетте жылдың жылы мезгілдерінде соңғы көктем, жаз және күздің алғашқы айларында пайдаланылған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бауыздау''' малдың басын құбылаға қаратып, аяғын байлап, тамақтан пышақпен орып жіберу тәсілі. Пышағын қайрап, дәретін алып дайындалған қасапшы, ислам қағидасы бойынша Бисмилла, Сенде жазық жоқ, Менде азық жоқ, Аллаһу акбар! деп бауыздайды да, аққан қанның түгел ағып бітуін күтеді. Мал бауыздап жатқанда, әсіресе құрбандық малы болса «Аллаһу акбар» деп қайталап айтып тұрады. Қонаққа сойылатын малды есік алдына әкеліп көрсетіп, бата сұрайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бауыздау қан''' бауыздау кезінде ағатын қою қара қан. Бауыздау қан ислам қағидаты бойынша арам саналады, сондықтан оны ислам дінінің әсеріне ұшыраған қазақы ортада азық ретінде тұтынбаған. Кейбір халықтық дәстүрлерде оның ғұрыптық мәні бар. Құдаласу рәсімінде ант берген кезде арнап сойылған қойдың бауыздау қанына құдаласушылар саусақтарын батырысады, бұл туыс, құдандалы болдық деген мәнді білдіреді. Мал союшы бауыздау қаннан кейінгі қанға саусақ ұшын малып, оны тілінің ұшына тигізген соң ғана қан итке беріледі не малдың еті, бауыры қақталып ауыз тиілген соң ғана қан жерге төгіліп, мұқият көміледі. Мұнда алғаш дәм татушы адам мал иесі ырысым өзімде қалсын деп ырым етіп, өзі бірінші ауыз тиеді. Алайда көшпелілерде ислам дінінің классикалық канондары толық малдың қанын ас ретінде де емдік мақсатта да пайдалана берген. Тіпті, иттің қанын күйікке тамызып, емдегені жөнінде де мәліметтер кездеседі. Сондай-ақ белгілі бір түсті малдың (мысалы, меңсіз қара қойдың) қанын ауруларға ем болады деп жағады. Ислам діні орныққанға дейін бауыздау қаннан кейінгі қанды және ішек-қарын алынғаннан кейінгі малдың кеуде қуысындағы қанды таза нәрсе ретінде ыдысқа құйып алып, бүйенге ұсақтап турап май қосып, қансоқта немесе шыж-мыж деген тағам әзірлеген. Күні бүгінге дейін қалжаға сойылған қойдың қанын майға араластырып қуырып берсе, жас босанған әйел белін тез көтеріп, тез сақаяды деп санайды. Қой, жылқы қаны түрлі атқаруда, айталық анттасу, ала жіпті (арқанды) қию тәрізді ғұрыптарда белгілі маңызға ие болған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бауыздау құда''' құдандалық салтында жақындығы жағынан бас құдадан кейінгі құда. Дәстүр бойынша жігіт жағынан қыз айттыра келген, бауыздау құда бастаған құдалық адамдарына арнайы мал сойылып, бауыздау қаны құйылған бата аяққа екі жақтың сөзін сөйлейтін бас құдалар найзаларының ұштарын батырып, қаннан дәм татысқан. Мал бауыздарда бата берген құданың бауыздау құда аталуы осы жайтқа байланысты қалыптасса керек. Келісім берген қыз әкесі құдаларга шеге шапандарын (жағалы киім) жауып аттандырған. Бауыздау қаны құйылған бата аяққа арнап, жігіт әкесі дәулетіне қарай бір жылқы немесе бір тоғызга толтырып ұсақ мал атаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бауыр''' туыстық атау. Дәстүрлі ортада бір әке-шешеден туған, жақын немере, туысқан адамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден, бір анадан туған ағайынды адамдарды бірге туған бауыр, бірінен кейін бірі туған бір әкенің балаларын төте бауыр, бір әкеден туған, жастары үлкенді-кішілі адамдарды туған бауыр дейді. Бауырдың кішісі өзінен үлкенге арқа сүйеп еркелесе, үлкені жақсысына сүйініп, жаманына күйінеді, тілегін тілеп, ақыл-кеңес береді. Кейде немере, шөберелер, тіпті рулас адамдар да бірін-бірі бауыр дейді. Қазақтар жақыны қайтқанда «Ой бауырымдап» дауыс салып келеді. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамында бауырдың өте үлкен мәнге ие екендігін білдірсе керек. Құдалық барысында жақын туыс болғандығын білдіретін «құйрық-бауыр жеу» дәстүрі көне наным-сенімнен туған. Этнотілдік ұжымның сөз қолданысындағы бауыры езілу, жер бауырлап қалу, жерден бауырын көтере алмай қалу сынды тіркестер қатты қапалық пен қайғыға душар болған адамға қатысты айтылатын сөз орамдары. Мұның негізінде ең жақын, етжақын туыс дегенді білдіретін ұғым жатыр. Дәстүрлі ортада бауыр қимас жан, орны ерекше туыс сипатында түсініледі. Ел аузындағы хикаяларда бауырдың жақындығын көрсететін үлгілер көптеп кездеседі. Солардың бірінің мазмұны мынадай. «Ертеде Төлек атты батыр болыпты. Қазақ пен қалмақтың арасындағы бір қақтығыста қазақ жағы жеңіліске ұшырап, Төлек батыр ұлын артына мінгестіріп қашып келе жатса, «ағатай, бізді қалдырма!» деп Есенбай, Құлтан деген інілері алдынан шығыпты. Соңынан дұшпаны өкшелеп, алдынан екі інісі шырқырағанда Төлек батыр: Көзімнен аққан қанды жас, Атаңды күнде жау қумас. Әйелдің ұлы аттан түс, құдайым ұлсыз қалдырмас. Емшектес болған қос бауыр, Төлекке қайтып табылмас! деп баласын жауға қалдырып, екі інісін құтқарып қалған деседі. Осы тектес бір нұсқада әйел адамның бауыры үшін баласы мен күйеуін өлімге қиғаны туралы айтылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бауыр аяқ''' сәбиге қатысты жасалатын ғұрыптың бірі. Өсіп, ширап, буыны беки бастаған бала еңбектеуге талпынып, құйрығымен жылжып, қимыл-әрекеті белсенді бола бастаған кезде тез аяқтансын деген мақсатпен туыс-туған, көрші-қолаңды шақырып, бауырынан асы бар аяқ өткізеді. Бұл жоралғгы кейде мешел балаға арналып та атқарылады. Онда ауылдың белді адамының бірі арнаулы дайындалған бір табақ асты қолына алып, оны талпынып тұрған баланың оң жағынан сол жағына, сол жағынан оң жағына өткізіп: ''Балапандай талпын да, ''Аршында, бөпем, аршында! ''Желмаядай желгек бол, ''Қас тұлпардай сергек бол! деп игі тілегін білдіреді. Соң жүрісті мал сирағы салынған табақтағы астан алдымен баланың өзіне дәм татқызып, қалған асты жиналган жұрт бөлісіп жеп, балаға ақ баталарын береді. Бала киіміне тана, моншақ, әшекей тағып, жақсылық тілейді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бауырдақ''' сөзі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін: *Бауырдақ (жез) қамшының сабына өрімді мықтап үұтату үшін өрімнің «алақанының» үстінен әлгі сапты бойлай шегемен бекітілген ұзынша жездің атауы. *Бауырдақ (білезік) жүзік, білезіктің саусақ сұғатын шығырының ішкі жағы. *Бауырдақ (жүзік) үстіңгі тасы бес саусақты бірдей жауып тұратын жүзік. *Бауырдақ (нәл) аяқкиімнің өкшесіне қағылатын нәл. *Бауырдақ (айыл) төс айыл немесе ершік айылдың бір атауы *Бауырдақ (таспа) күш-көлік жабдығының құрамдас бөлігі ретінде арбаға жеккен аттың ершігін бекіту үшін колданылатын жалпақ қайыс таспа.
'''Толстов''' Сергей Павлович (25 Қаңтар 1907, Санкт-Петербург қаласы 28 Желтоқсан 1976, Мәскеу қаласы) шығыстанушы, этнограф, археолог. ==Қысқаша өмірбаяны:== ''Мәскеу мемлекеттік университеті''. 1953 жылы КСРО Ғылым академиясының мүшесі. 1956 жылы Өзбекстан Ғылым академиясының құрметті академигі. 1930 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1939–1951 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі, декан. 1942–1966 жылдары КСРО Ғылым академиясының Этнография институтының директоры. «Советская этнография» журналының редакторы қызметтерін атқарған. ==Еңбектері:== Ол алғашқы қауымдық құрылыс, ерте дүние, орта ғасыр тарихы мен археологиясына, дін тарихы және сол елдердің этногенезі жайлы 300-ден аса еңбек жазған. Көп томды ''«Дүние жүзі елдері»'' басылымының редакторы және авторларының бірі. Хорезм экспедициясын ұйымдастырушы (1937), басшысы (1969 жылға дейін) болды. Сыр бойындағы Бәбіш Молда, Шірік Рабат, оның маңындағы Ірікбай, Бестамқала, Бөрлі 1, 2, Шағырлы 1, 2, Іңкәрқала, Сырлытам, Қарақалпаққала, Аралбайқала, Қызылқала, т.б ондаған көне қалалар мен елді мекендерге қазба жұмыстарын жүргізіп, тарихи қалыптасуын анықтауға үлес қосты. КСРО ''Мемлекеттік сыйлығының'' лауреаты (1949). ''Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі»'' ордендерімен марапатталған. Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1907 жылы туғандар Санат:1976 жылы қайтыс болғандар
'''Бауырдақ''' қамшының сабына өрімді мықтап ұстату үшін өрімнің «алақанының» үстінен әлгі сапты бойлай шегемен бекітілген ұзынша жездің атауы (өрімнің алақаны деп өрімнің сапқа бекітілетін тұсындағы жалпақтау келген элементін айтады). Ұзындығы қамшы сабының үштен екі бөлігіндей болып келеді. Осындай жезбен әшекейленген түрін жез бауырдақ қамшы деп бөліп айтады. Бауырдақтың бауырлық деп аталуы да кездеседі. Ауыз әдебиет үлгілерінде: ''Бір қамшым бар қолымда, ''Жез бауырлық жар-жар, деп келетін өлең жолдарындагы бауырлық бауырдақтың синонимі болып табылады. Бауырдақ қамшы ерлерге ғана арналған құрал. Өйткені бауырдақ қамшы көбінесе қамшыласу және сайысу үрдісіне қолданылады. Бауырдақтың функциясы өрімнің сапқа бекемдігін қамтамасыз ету. Қамшы өрімін «алақан» тұсынан қайырып, сабына қарай бүктеп ұстауды «қамшыны бауырдақтап ұстау» деп атайды. ''Жылқының сұлу болар сүртектісі, ''Сұлудың қасқаяды күрек тісі. ''Қамшыны бауырдақты екі бүктеп, ''Жігіттің үйге кірер жүректісі. Қамшы сабы мен бауырдағын қоса сыртынан металл немесе қайыспен орап сәндейді. Бауырдаққа қарама-қарсы яғни саптың үстіңгі тұсына кекілдік деп аталатын шашақ орнатылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
қазақтың өлік жөнелту салтындагы аза тұту, қайғыру жосыны. Қайтыс болған адамның жақын туыстарына көңіл айтуға келген ағайын-туыс, ауыл-аймақ, таныс-біліс адамдар үй маңына жеткенде ат-көлігін қалдырып, «ой- бауырымдап!» дауыстай жылап келеді. Қаза қайғысын білдіретін бұл салт жөнінде Ш.Уәлиханов: «кісі қолынан қаза болған марқұмға келушілер ауылға таяғанда аттың басын жіберіп «ой, бауырымдап» шауып келу бар», деп жазды. Қазіргі кезде ер адамның бұлайша дауыс қылып келу салты негізінен Оңтүстік және Жетісу өңірінде сақталып отыр. Кейбір жағдайда, «атам-ау, апам-ау» түрінде де айтылады. Мұндай кезде «Сыйласқанға жат жақсы, жоқтасқанға бауыр жақсы» деген дәстүрлі ортада ағайын арасындағы бұрыннан келе жатқан бас араздық, өкпе-наз ұмытылып, қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып салу жоралғылары бірлесіп атқарылады. Келген адамдар ер адамдармен далада көрісіп, қайғыға ортақтастығын білдіріп жылап жоқтайды. Әйелдер үй ішіндегі әйелдерге өтіп, жоқтау айтып отырғандармен түгел амандасып, қайғыға ортақтығын білдіреді. Ағайын, тума-туыс, дос-жаран, құрбы-құрдастар адамынан айырылып, қайғы жұтып отырған үйге көңіл айтып, қайғыға ортақтасып рухани, өлікті жөнелту ғұрыптарын атқаруға көмек беріп материалдық қолдау білдіреді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бауырына салу''' отбасы дәстүріндегі бала асырап алудың бір түрі. Ата-әжелер тұңғыш немересін немесе үйдің үлкен ұлы өзінен кіші бауырының үлкен баласын, сондай-ақ жақын кісілер өз туыстарының баласын қолына алып, асырап бағып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді. Бауырына салушы адам баланы өз ата-анасынан ажыратпайды, баланы екі үй де тең өсіріп әлпештейді. Әдетте үлкен кісілер мұндай баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларды өнегелі азамат етіп өсіруге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал жасайды. Ержеткеннен кейін баланың өз отбасына оралуға немесе бауыр басқан үйінде қалуға еркі бар. Ата-әженің немерені бауырына басып бала қылып алуы дәстүрлі ортада кеңінен өріс алған. Қолғанат болып, былдыр тілімен ата-әженің көңілін аулайтын бала үлкен кісілердің тағылымынан нәр алып, өсе келе нағыз халықтық тәрбиені бойына сіңірген, өнегелі де тәлімді ұрпақ болып өсіп жетіледі. Бір ғана баласы бар ағайын кейде жалғызыма серік болсын деп жақын туысқанының баласын бауырына салып асырап, өз баласынан кем қылмай өсіреді. Ал баласы тұрақтамай, өмірдің талқысын көріп жүрген кейбір ағайын ақжолтай болсын деп ырым қылып, туыс адамның баласын бауырына салады. Нәсіп қылып, кейін өз балалары болса, «баламның алды, тұңғышын» деп бауырңа салған балаға ерекше назар аударып, «майтабаным» деп еркелетіп, қатарының алды қып ұстаған. Бауырына салу дәстүрлі ортада ағайын-туыстар арасында ғана емес, ру-қауым деңгейіндегі әлеуметтік байланыстарды нығайтатын мәнді ғұрып. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баһадүр''' байырғы қоғамдағы әскерилер жігінің өкілі, батыр. Соғыс ісімен, әскери іспен кәсіби деңгейде айналысатын қоғамдағы жеке ерекше әлеуметтік топ. Көшпелі түркі-моңғол халықтарында кәсіби әскерилер баһадүр деп аталды. Сондықтан «Баһадүр (батыр)» атағы көшпенді әскери ақсүйектер өкілдеріне берілетін иерархиялық құрметті титулдардың бірі саналды. Көшпелі түркі-моңғол халықтарында баһадүр титулын билеушілер арасынан шыққан әскери ақсүйектер ғана емес, соғыста айрықша ерлігімен көзге түсіп, жауынгерлік даңққа бөленген «қара халықтың» ержүрек өкілдері де иемденген. Баһадүрлер айыру белгісі ретінде баскиімге, дулығаға құс қауырсындарынан жасалған «жыға» шаншып, найзалары мен сүңгілеріне өздерінің жеке туларын тағып жүрген == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бәддұға'''- теріс бата, қарғыс. Үлкендер қатты ренжіп, көңілі қалғанда, шектен шыққан өрескел қылық жасаған адамға қарата, алақанын сыртқа қарай жая отырып бәддұға айтқан. Дәстүрлі орта түсінігінде бәддұғадан, яғни теріс бата алудан, әсіресе әке қарғысын алудан өткен ауыр күнә жоқ. «Әке қаргысы оқ» деген этнотілдік қолданыс осы мәнде айтылған болса керек. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бәдел қажы''' өсиет негізінде қажылық жасайтын адам. Ислам қағидасындағы бес парыздың бірі болып саналатын қажылыққа баруға мүмкіндігі болып, бірақ өтей алмаған адам өзі үшін қажылық жасауды біреуге өсиет етіп қалдырса, мойнына алған адам өсиет негізінде қажылық сапарын жасайды. Егер қажылықты өтеуші отағасы қажылық сапарында қайтыс болса, келісілген мал-мүліктен басқа, өсиет етуші адамның мал-мүлкін отбасы мүшелеріне бөліп беретін болған. Егер өсиет етуші әйел адам болса, онда оның тек киім-кешегі ғана таратылып берілген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бәйбіше келі''' кішкене келі түрі. Бәйбіше келіні науат, шекер, құрт, ірімшік түйіп, тағам түрлерін ұсату, өндеу үшін пайдаланған. Ағаштан ойылып жасалатын келі аса шұңғыл емес, бүйірі шығыңқы, астыңғы жағы жалпақ, орнықты. Басқа келілерге қарағанда көлемі шағын, бір қолмен келіні сүйемелдеп, екінші қолмен өзіне сай кішкентай келсабын ұстап жұмыс істеуге өте қолайлы. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Төлеген Айбергенұлы Айбергенов''' (08.03.1937 Қоңырат ауданы, Қарақалпақстан, Өзбекстан 29.08.1967, Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) ақын. ==Биографиясы== Төлеген Айбергенов 1937 жылы наурызда Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде дүниеге келген. Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп,туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады. ===Балалық шағы=== Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-62 ж. Қоңырат аудындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Құмдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол турапы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді. ===Қазақстанға қоныс аудару=== ===Қайтыс болуы=== *Сағындым жаным, мен сені! *Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң, *Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек ғайбатқа бораған. *Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те, *Адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте. *Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға *Әуелі әбден сағынып алмай шығушы болма сапарға. *Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай, *Бұлбұлдың дауысын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай. *Сағынбай барсаң, таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап, *Ойлауың мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап… Айтулы толғауды осы бір жерден үзеріміз үзіп алып, әрі-сәрі күйге түстік. Көз жауын алардай жауһарды сындырып алғандай, соның сіздерге тек бөлшегін ұсынғандай пұшайман болдық. Осы бір жырдағы алабұртқан екпін, тау суындай күркіреген қарқын, бірінен-бірі туындап, сытыла шапшыған бұла сөз толқын, буырқана бұлықсып атқыған сезім серпіні үзуге, іркуге келер емес еді, көнер емес еді. Жыр жүйрік. Апшы қуырған асау ағыс. Аяғына дейін жіберіп, ат басын ағытқан осынау бір тұлпар шабысты тек тамашалай бергің келеді. Тамсана бергің келеді. Ақын үніне үн қосып, сөз шығындап жатқың келмейді. Мың құбыл шұғылалы жыр жауһарларын назарларыңызға бірінен-кейін бірін ұсынып, айберен толғауға үнсіз ден қойып отыра бергің келеді, осынау сұңғыла шабысқа қосыла қол шапаттап отыра бергің келеді. Төрт аяғы тең жорға Төлеген жырларын, шашасына шаң жұқпас ақпа жырларға қара сөзбен түсініктер жазып сипаттап, суреттеп жату бір әурешілік. Қазақтың арнасы кең жыр дариясына сонау алпысыншы жылдар аяғында бір бүйірден апшып келіп, бір ақжал толқын ұрғаны есте. Төлеген толқын. Арқырап ақжалданып шиыршық атып келген толқын. == Айбергенов құрметіне == Оңтүстік Қазақстан облысы Темірлан ауылындағы орталық көшелердің біріне ақынның есімі берілген. Оңтүстік Қазақстан облыс орталығы Шымкент қаласындағы, сондай-ақ Сарыағаш қаласындағы көшелер оның есімімен аталады. Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қалаларындағы бірнеше мектептер ақын есімімен аталады. 2001 жылы әкімдіктің қаулысымен Астана қаласының N16 орта мектебіне ақынның есімі берілді. 2007 жылы 23 желтоқсанда осы оқу орны басшылығының бастамасымен мұнда Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған мемориалдық мұражай ашылды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы «Айбергенов әлемі» деректі фильмі, оның өлеңдері мен әндеріне бейнероликтер түсірілді. == Сілтемелер == Төлеген Айберген шығармалары == Дереккөздер == Санат:Ақындар
'''Қазақстан''' барлығы жазғы және қысқы '''Олимпиада ойындарына''' қатысты. Қазақстан атлеттері жалпы 79 медаль жеңіп алған: олардың 71-і жазғы және қысқы Олимпиада кезінде. Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылы құрылып, 1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше болды. Қазақстан 2018 жылғы XXIII қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін ұсыныс берген болатын, алайда жеңіс Кореяның Пхёнчхан қаласына бұйырды. == Тарихы == === КСРО құрамында === Олимпиада ойындарында қазақ жастары арасынан тұңғыш медаль алған Ғұсман Қосанов болды. Ол 1960 жылы Римде өткен Олимпиада ойындарында 4100 метрлік эстафеташылар жарысында күміс жүлдені иемденді. Ал тұңғыш чемпион атанған баскетболшы Әлжан Жармұхамедов болды. Ол 1972 жылы Мюнхенде өткен Олимпиада ойындарында КСРО баскетбол құрамасында өнер көрсетіп чемпион атанды. 1980 жылы өткен XXII жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен КСРО чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков алтыннан алқа тағынды. ҚазКСР арасынан қысқы ойындардан тұңғыш Олимпиада медалін иемденген қостанайлық шаңғышы Иван Гаранин болды. Ол 1976 жылы Инсбрук қаласында өткен XII қысқы Олимпиада ойындарында екі бірдей қола жүлдемен оралды. Мұнан соң 1988 жылы Калгариде өткен ХV Олимпиада ойындарында шаңғышылар Владимир Сахнов күміс, Владимир Смирнов екі күміс және қола медаль алды. === Тәуелсіздік алғаннан бері === Сурет:2010 Opening Ceremony Kazakhstan 2010 жылдың қысқы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан делегациясы. 1988 жылға дейін қазақ спротшылары КСРО құрамында өнер көрсетіп жүрді. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы КСРО-ның 15 елі бірігіп 1992 жылғы XXV жазғы Олимпиада ойындарында «Біріккен команда» (''Unified Team'') ретінде өнер көрсетті. Ал 1994 жылы XVII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан алғаш рет жеке мемлекет ретінде қатысып, қанжығасына алтын, күміс медаль салған болатын. Бұл үш медальдардың үшеуін де шаңғышы Владимир Смирнов алған болатын. 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарында Василий Жиров (бокс), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі) алтын, Анатолий Храпатый (ауыр атлетика), Сергей Беляев (нысана көздеу), Болат Жұмаділов (бокс) күміс, Мәулен Мамыров (еркін күрес), Болат Ниязымбетов (бокс), Ермахан Ыбрайымов (бокс), Владимир Вохмянин (нысана көздеу) қола медаль алып, командалық есепте 196 елдің арасынан 24-ші орынға тұрақтады. 1998 жылы Наганода өткен ХVІІІ қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан қола алды, олар шаңғышы Владимир Смирнов және конькиші Людмила Прокашева болды. Сондай-ақ 2000 жылы Сиднейде өткен XXVII жазғы Олимпиада ойындарында Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов (бокс), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика) алтын, Болат Жұмаділов, Мұхтархан Дәлдібеков (бокс), Александр Винокуров (велоспорт), Ислам Байрамуков (еркін күрес) күміс медаль алып, командалық есепте 199 елдің ішінен 22-ші орын алды. Ал 2004 жылы Грекияда өткен XXVIII жазғы Олимпиада ойындарында Бақтияр Артаев (бокс) алтын, Генадий Лалиев (еркін күрес), Георгий Цурцумиа (грек-рим күресі), Геннадий Головкин (бокс), Сергей Филимонов (ауыл атлетика) күміс, Серік Елеуов (бокс), Мкхитар Манукян (грек-рим күресі), Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 202 мемлекеттің арасынан 40-шы орынға табан тіреді. 2008 жылы Бейжіңде өткен XXIX жазғы Олимпиада ойындарында Бақыт Сәрсекбаев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика) алтын, Ирина Некрасова (ауыр атлетика), Асқат Жіткеев (дзюдо), Алла Важенина (ауыр атлетика), Таймураз Тигиев (еркін күрес) күміс, Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика), Елена Шалыгина (еркін күрес), Марид Муталимов (еркін күрес), Еркебұлан Шыналиев (бокс), Арман Шылманов (таэквондо) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 204 мемлекеттің арасынан 29-шы орынға тұрақтады. 2012 жылы Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан үшін алдыңғы ойындарға қарағанда ең сәтті болды. Лондонда Қазақстан алтын күміс, қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынға тұрақтады. Мұнда Серік Сәпиев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика), Александр Винокуров (велоспорт), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика), Майя Манеза (ауыр атлетика), Светлана Подобедова (ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) алтын, Әділбек Ниязымбетов (бокс) күміс, Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес), Гузель Манюрова (еркін күрес), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі), Марина Вольнова (бокс), Иван Дычко (бокс) қола жүлдені иемденді. == Медаль кестесі == === Жазғы Олимпиада ойындары === '''Спорт бойынша медальдар''' Ойындар '''Алтын''' '''Күміс''' '''Қола''' Барлығы Орны Бокс 17 10 Ауыр атлетика 10 13 Жеңіл атлетика Күрес 14 Велоспорт 26 Қазіргі бассайыс Нысана көздеу 45 Дзюдо Таэквондо Барлығы '''16''' '''18''' '''20''' '''54''' 45px Ойындар '''Алтын''' '''Күміс''' '''Қола''' Барлығы Орны Атланта 1996 11 24 Сидней 2000 22 Афины 2004 40 Бейжің 2008 13 29 Лондон 2012 13 12 Рио 2016 12 Барлығы '''19''' '''20''' '''25''' '''64''' 45px === Қысқы Олимпиада ойындары === '''Спорт бойынша медальдар''' Ойындар '''Алтын''' '''Күміс''' '''Қола''' Барлығы Орны Шаңғы жарысы 15 Коньки тебу спорты 22 Биатлон 19 Мәнерлеп сырғанау Барлығы '''1''' '''3''' '''3''' '''7''' 45px Ойындар '''Алтын''' '''Күміс''' '''Қола''' Барлығы Орны Лиллехаммер 1994 12 Нагано 1998 20 Солт-Лейк-Сити 2002 Турин 2006 Ванкувер 2010 25 Сочи 2014 26 Пхенчхан 2018 28 Бейжің 2022 Барлығы '''1''' '''3''' '''4''' '''8''' 45px == Тағы қараңыз == Паралимпиада ойындарындағы Қазақстан == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемелер == Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті,, Санат:Олимпиада ойындарындағы Қазақстан
'''Бәйтерек''' ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Мұндай ағаш үлгісі дәстүрлі қауымда мықан ағашы, мырзатерек, әулие ағаш, сетер тал делініп, пішіні мен мәніне қарай әртүрлі аталған. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, бәй «үлкен» деген сөз, «бай» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі (бәйбіше, бәйшешек), үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек Бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Бәйтерек туралы ұғым-түсініктер халық мифологиясында ерте заманнан бар. Кейбір халықтардың мифологиясында баяндалғандай, әлем моделі екі түрлі болады. Бірі тік те, екіншісі, көлденең құрылым. Осының екеуі де қазақ мифологиясында бар. Көлденең модельдің көрінісі дүниенің төрт бұрышын кезген Қорқыт туралы әпсанада кездеседі. Өлімнен құтылу үшін батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке де барған Қорқыт барлық жерде өзіне қазылып жатқан көрді көріп, ең соңында Сырдарияның қақ ортасына келіп дамылдайды. Сырдария өзені бұл жерде тұтас әлемнің кіндігі болып көрсетіледі де, жартылай көлденең, жартылай тік модельдің бейнесі ретінде суреттеледі. Ежелгі мифологиялық таным бойынша үлкен өзендер әлем ретінде қабылданады, өзен басы жоғарғы қабат, ортасы ортаңғы қабат, аяғы төменгі қабат. Қорқыттың Сырдарияның қақ ортасына келу себебі де осы. Мұндай үш қабат тұтас әлем туралы мифологиялық түсініктің бізде де сақталғаны жөнінде Ш.Уәлиханов жазып қалдырған. Әлем халықтарының мифологиясында үш қабаттан тұратын әлемді үлкен зәулім ағаш түрінде суретгеу кең орын алған. Бәйтерек немесе Дарақ ағаштары мифтік үш қабатты, яғни аспанды, жерді, жерастын тік бағытта жалғастырып тұрады. Ғылымда оны әлемдік ағаш деп атайды. Бүкіл ғаламның тағдыры осы ағашпен Ол төменгі, ортаңғы, жоғаргы қабатты, бір-бірімен араластырмай, ұстап тұрған тіреу, тұтас әлемді таза ұстауға қызмет атқарады, осы үш қабаттағы тіршілік иелерінің тағдырларына әсер етеді. Зәулім ағаштың түбінде, яғни төменгі қабатта үлкен жылан жатады, ал ұшар басында, яғни жоғарғы қабатта құс патшасы тұрады, бұлардың бәрі мифтік санада орныққан түсініктер. Көнеден келе жатқан қазақ мифологиясында Бәйтерек күллі ғалам бейнесі, ол жерастынан өрлеп, жер үстін көктей өтіп, аспанға тіреледі. Байырғы ортаның мифтік санасы көрінетін ауыз әдебиеті нұсқаларында қаһарман әртүрлі себептермен жерастына түседі. Төменгі әлем қараңғы, зұлым күштердің мекені, өлілер патшалығы. Осы әлемге тап болған қаһарман көкке тірелген Бәйтерекке келеді. Бәйтеректің түбінде айдаһар, төбесінде Самұрық құстың ұясы, ұяда жұмыртқа немесе жаңа ғана жұмыртқадан шыққан шақа балапандар. Мифтік қаһарман айдаһарды өлтіріп, балапандарды ажалдан құтқарады. Самұрык құс қаһарманға ризалығын білдіріп, Бәйтеректі бойлай ұшып, оны төменгі қабаттан ортаңғы қабатқа алып шығады. Әлемнің төменгі қабатына түскен мифтік қаһарманға жарық дүниеге шығатын жол тек Бәйтерек арқылы жүзеге асады. Бәйтерек зұлымдық патшалығының өкілі айдаһарды үстіңгі қабатқа жібермей, қаһарман келгенше төменде жорғалатып қояды, тіпті төбесіндегі балапандарға да жібермейді. Сөйтіп Самұрықтың ұясын да, жоғарғы қабатты да таза ұстайды, өзі де шайқалмай, тіп-тік күйінде тұрады. Ол мәңгіліктің символы. Самұрық қаһарманды жер бетіне алып кеткенде де Бәйтерек оның ұясын, балапандарын қарауылдап қалады. Бәйтерек тек үш қабатты байланыстырып тұрған дәнекер ғана емес, адамға ізгілік жолын көрсетуші, жақсылық жасаушы. Бәйтерек жай ағаш емес, ол өте үлкен, «үйдің жуандығындай», алты қанат киіз үйді көз алдыңызга елестеді. Мифологиядағы Бәйтеректің осыншама ізгілікті қызметі ел танымына ерекше ықпал етіп, керемет ағаш деген ұғым қалыптастырған да, «бәйтерек» сөзі қосымша астарлы мағынаға ие болган. Бәйтерек атауына байланысты тілімізде қолданылатын сөз орамдарынан оның бірнеше мәнде: кәдімгі зәулім ағаш; екіншісі, әлем ағашы; үшіншісі мықты, зор, күшт мағынасында; төртіншісі, тірек, сүйеніш, қорған, пана мәнінде ұғынылатынын байқаймыз. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Толыбеков''' Серғали Еспембетұлы (9 Наурыз 1907, Қызылорда облысы бұрынғы Қазалы уезі Байқожа ауылы 22 Маусым 1995, Алматы қаласы) экономика ғылымының докторы (1961), профессор (1962), Қазақстан Ғылым академиясының мүшесі (1962). Кіші жүздің '''Шөмекей''' руы ''Бозғыл (Бозғұл)'' бұтағынан шыққан. ''Шежіре: ==Қысқаша өмірбаяны:== 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1932–1938 жылдары осы институтта ассистент, доцент. 1947–1950 жылдары институт директоры. 1950–1952 жылдары кафедра меңгерушісі. 1952–1963 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институтында директор. 1963–1974 жылдары ҚазПИ-де ректор. 1974 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазПИ-дің қызметтерін атқарған. Толыбеков строй казахов 17–19 вв» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. рет ''Еңбек Қызыл Ту'' орденімен марапатталған.
'''Бәлек''' ат сауырына арқан, жіп тиіп қажамауын қамтамасыз ететін ұзындығы үш қарыстай жұмыр ағаш. Оның тең ортасына арқан байланып, сүйретілетін нысанаға бекітіледі, ал кертілген екі басынан бекітілген арқан ат мойнындағы қамытқа байланады. Сүйретпемен шөмеле тартқанда, қарағай сүйрегенде, ат арба, ат шананың шанағына (ақлобына) күш түспеуін қамтамасыз еткенде т.б. жағдайларда қолданылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бәлекей''' дөңестеу жағында ара қашықтығы біркелкі жонылып жасалған кертпелері бар, келесі жағы ішке сәл иілгендеу келген матаның қыртысын жазуға арналған ағаш құрал. Оқтауға біркелкі оралған дымқыл матаның қыртысын жазу, әрі суын сарқыту үшін қолданылады. Ол үшін әлгі оралған матаның сыртынан бәлекейдің кертпе жағымен ары-бері үйкелейді. Қазақ ортасына орыстармен этномэдени байланыс барысында келген бұйым. Ұзындығы үш-бес, ені бір-бip жарым қарыс шамасында, бір жағында ұстайтын сабы болады. ҚР MOM қорындағы бәлекей тұтас ағаштан жонылып, кертіліп, сабы жұмырланып жасалған. Ағаштың орта бөлігі дөңес келген. Сабынан ұшына қарай жалпая түскен. Kip үйкеуге арналған көлденең кертпектері бар. Ұзындығы 71 см, сабы 11 см. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бәлеңгі''' улы жәндік. Белгілі этнограф Ә.Диваев 1891 жылы Шымкент уезі қазақтарын аралаған кезде киіз үйдің жанынан бәлеңгінің інін көрген үй иесінің сақтық шарасын жасату үшін арбаушыны шақыртқандығын жазды. Арбаушы дұға оқи отырып, Сүлеймен пайғамбардың ұлы Дәуіт пайғамбарды, Қамбар баба сияқты қорғаушы күштерді шақырады. Арбаушының дұғасынан кейін де бәлеңгі інінен шықпаса, оның жүрісін ұшқан оқтың жылдамдығына теңеп, мақтау сөздер айта бастайды. Арбаушының дұғасы әсер етсе, бәлеңгі өз-өзінен бүрісіп өледі немесе інінен кетеді екен. Бәлеңгі шаққанда: ''Келең-келең, келеңгер. ''Бауыры шұбар келеңгер, ''Үсті шұбар келеңгер, ''Тас төбеңнен түсермін ''Таң ұрғандай қылармын, ''Танауыңды тілермін. ''Шатты бұтты қызармын деп арбаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бәңші''' апиыншы, апиын, наша сияқты еліктіруші заттарға әуестенген адам. «Бәңші мен жамаушы» деген халық ертегісінде азғындыққа түскен бәңшінің масқара халі, кедейлікке душар болғаны, азғындығы қатты сыналады. Қазақи ортада аракідік болса да кездескен шығыс елдерінен ауысқан жағымсыз үрдіс. Қазақ қауымы бәңшіге айналған адамдарды қатаң жазалаған. Абай нәпсісіне ие бола алмай адасушыларды жек көргендіктен, рухани азғындықты да, яғни надандықты да бәңшіге теңейді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бәстесу''' (''Бәс'' ''Бәсеке'') ас пен жиын-тойда, кейбір жағдайда күнделікті өмірде көпшілік жиналып қалған кезде болатын бәсеке, талас, тартыс, жарыс. Бәстесутің көптеген түрлері бар. Күш сынасу, ауыр тас көтеру, өгізді, түйені көтеру, Судан жүзіп өту, бір қойдың етін бір өзі жеп кету, үлкен малдың тобығын жұту, күрес, мергендік сайысы, жаяу жарыс т.б. Бәстесу шарты бойынша берілетін бәйге ұтылған жақ немесе тарапынан тігіледі. Бәстесу көпшілік алдында өтеді. Жеңімпаздар құрметке бөленіп, мақтау алады. Оның есімін де жұрт ұмытпай айтып жүреді. Байырғы ортада құлқыны құдықтай обырлар тегене толы етті жеп Бәстесу сынасқан. Мешкейлер алдына таудай ет, көлдей қымыз тартып, «құспай жеп кетсең, тоғыз қара беремін, ал жей алмасаң, сен тоғыз қара бересің» деп Бәстесуге түскен. Дәстүрлі ортада белгілі шартпен қой сойып, Бәстесу тігу салты болған. Бәстесуге негізінен 3-5 жас аралығындағы семіз қой тігіледі. Кейде оны әдейі жемдеп семіртеді. Мұндай Бәстесуді көбінесе, бойдақ қойын «қоздатып», оңай олжа табамын деп үміттенген орта шаруалар жасаған. Бұдан құлағдар болып, Бәстесіп жеуге бел байлаған жігіттер қойды көріп, оны неше кісінің жеуіне беретінін қойдың иесімен келіседі. Тауысып жеп, сорпасын ішіп кетсе, құны сұралмайды. Тауыса алмаса, алдын ала келіскен шартқа сәйкес, ең кемі, тоқтылы қой немесе кісі басы бір тоқтыдан төлейді. XIX ғасырдың орта кезінде орыстармен бәстескен Ораз деген кісі Маңғыстаудағы Шерқала атты биік шың басынан секіріп жерге аман түскен. Содан бастап бұл жер «Ораз ұшқан» деп аталады. Осындай бәсте кейде кісі күлерлік жайлар да кездесе береді. XIX ғасырдың Тінет руының Шінтән деген кісісі тірі кесірткені жұтып жіберіп, қымбат жағалы киім-жақы киген. Сол сияқты сары масағаталанып сағат қозғалмай отырғандар, бір қойдың етін бір өзі жегендер, 40 кесе іркіт ішкендер, бір қарын майды бір өзі жеп кеткендер ел ішінде жиі кездескен. Бәске өзіне сенген мықтылар мен күштілер, ерік-жігері мол жігіттер қатысқан. Құдалықта берген асын қалдырмай ішіп-жеу де бәстің бір түрі. Бұл қазақтарда тойдыра алмады деп «мұқату» үшін жасалады. Жастардың тобық тығу ойыны да бәстесуге ұқсайды. Ойын тәртібі бойынша қыз-жігіттер өзара тобық алмасады да, қандай жағдайда, қай жерде болмасын біреуі екіншісінен тобығын сұрай қалғанда алып көрсете қоюы шарт. Тіпті қасақана суға шомылып жатқанда сұрайтындар болған. Сондықтан тобықты әрдайым қасында алып жүруге тырысқан. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бәтір нан''' қамырды ашытпай, жұқалау етіп жайып, майсыз пісіретін нан. Бәтір нан қазақ даласының әр аймағында әртүрлі айтылады (бәтір, пәтір) және дайындалу тәсілі де түрліше. Шығыс өңірде ашытпай илеп, табаға пісірген нанды, Қырғызстанмен шектес тұратын қазақтар тандырға ашытпай жапқан нанды, қазақтар қамырға май құйып илеп, ішіне асқабақ, пияз т.б. қосып, тандырға жауып пісірген нанды бәтір нан пэтір деп айтады. ==Жалпылама== Қамыраның қамыры секілді иленіп, табаның көлеміндей ғып жайып, таба қоламтаға қойылады да, бетіне екінші табаны төңкеріп, оның үстін ыстық қоламтамен жабады. Егер қамыр жақсы ашыған болса, нанның көтеріліп пісуі үшін қамырды жұқалау ғып жайған дұрыс. Бәтір күймей, біркелкі пісуі үшін жайылған нанның бетіне саусақпен немесе қасықтың ұшымен ойықтар салады. Сондай-ақ қос табаның астындағы және үстіндегі қоламтаның біркелкі болуын қадағалау қажет. Қызуы азайған қоламтаға кемілсе, бәтірдің піспей қалуы мүмкін, ал таба шала жанған шоққа кемілсе ол күйіп кетеді. == Дереккөздер == == Тағы қараңыз == Қаттама Санат:Бәтір нан
'''Бәуеддин баба''' ислам дінінің сопылық бағытының ел арасына қанат жаюына ғұмырын арнаған, соның ішінде Нақышбандийа тариқатының негізін қалаған әулиенің бірі. Қазақта бұл әулиенің бейнесі халық ауыз әдебиеті үлгілерінде, наным-сенімде кездеседі. Бәуеддин әулиенің шын аты Нақышбанд Баһауидин бин Бурхан ад-дин Мүхаммад әл-Бүхари (1318-1389). Ол Накышбанд Ходжа-и бузурук және Шахи-и Нақышбанд деген мәртебелі есімдермен кең танымал болған тұлға, XIV ғасырдың ортаазиялық сопылық ағымының ірі өкілі. 1544 жылы оның зиратының басына Шибани Абд әл-Әзиз-хан салдырған кесене жұрт тәуап ететін қасиетті орынға айналды. Оның әкесі елге танымал қолөнерші, өте тақуа адам болған, сол себепті есімін Нақышбанд қойған. Нақышбандийа тариқаты XV ғасырда Иасауи мектебі негізінде қалыптаскан. Олар өзінің рухани бастауын бір жағынан Әбу Бәкірге, екінші жағынан Әли Әбу Талибке әкеп тірейді. Бұл бауырластықтың қуатты бірнеше үрім-бұтақтары Орта Азия, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ, Анадолы, Үндістан және т.б. өлкелерге таралған. Е.Т. Смирновтың айтуы бойынша, «сарттар мен тәжіктердің түсінігі бойынша Богаэддинньнің басына үш рет барып тәу етсе, Меккеге барып қажылық еткенмен тең деп саналады». Қазақ әулиелері Бұқараны «Бұхари Шәріп» (Бұхар-и- Шариф) деп ардақтап, үнемі ондағы пірлерден қолдау тауып, діни білімін дамытып келгені деректерден белгілі. Мысалы, Қожа Ахмет Йасауи жиырма жеті жасында Бұхараға барып, ұстазы Жүсіп Хамадани деген пірге қол тапсырады. Қазіреті Ысмайыл ата да Бұкараға барып, Сейд Ахмет ата деген пірдің батасын алады. Демек қазақ мұсылмандарының Нақышбанд тыным тапқан Бұхарамен рухани байланысы осы әулиеге дейін де, одан кейін де жалғастықта, сабақтастықта болған деуге негіз бар. Сол себептен де Нақышбанд әулиенің есімі қазақ халқының салт-санасында ежелден сіңісті болған. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырының бір нұсқасында перзент тілеген Байбөрі зиярат еткен әулиелердің тізімінде Нақышбанд Бахауидин есімі де аталады: :''Бұқараға жол тартты, :''Аллаға артып наласын. :''Баһауәдин Нацишбәнд :''Зиярат қылды моласын.'' Құдайдан бала сұраған қазақтың тілегі Баба түкті Шашты Әзіз әулиенің басына емес, Бұқарадағы Баһауиддин әулиенің бейітіне зиярат еткен соң, Қашқардағы тірі әулие Аппақ қожаға барған соң орындалған делінеді. Оның бейнесі халық санасында әжептәуір із қалдырған. Қазақтың магиялық поэзия үлгісінде де Нақышбанд Бахауидин есімі ұшырасып отырады. Мысалы, мал жоғалып кетсе, халық «Бәуеддин айту» ырымын жасаған. Жоғалып кеткен малды табу үшін ешкінің құлағын бұрап, бақыртып: :''Ел иесі Бәуеддин, :''Мал иесі Бәуеддин, :''Керең құлақ саңырау Бәуеддин, :''Өне бойы қоңырау Бәуеддин, :''Атымды тауып бер Бәуеддин, :''Жоғымның жөнін көр Бәуеддин деп айтқан. «Бұл «ешкі иесі Бәуеддин әулие (Шекшек ата)» деген пайымнан шыққан», деп жазды белгілі фольклортанушы Б.Уахатов. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
металдың бетіне бедер салатын құрал. Бедерлеу барысында нақыштау, бұдырлау, бунақтау сияқты тәсілдерді қолдану үстінде пайдаланатын ұңгуыр, шаппашот, сарнауық, қыргы, шекіме т.б. аспаптарды бедерлеуіш құралдар деп атайды. Бедерлі күміс бетіне ою-өрнек салынған күміс. Қолөнерде бедерлі күмісті кейде сүйек кесінділерімен алмастырып қолданады. Бедерлі күміс зергерлік, үй жиһаздары, ат жабдығы т.б. бұйымдарды әшекейлеуде кездеседі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бедеу''' туу, бала көтеруге қабілетсіз әйел. Малға (биеге) да қатысты айтылады. Құлындамайтын биені бедеу бие дейді. Ер адамның бала таптыру қабілетінің болмауын белсіздік деп атайды. Байырғы ортада ұста дүкенінде (шеберханада) түнеп шыққан бедеу әйелдер мен жүйке ауруларына шалдыққан адамдардың дерттен құлантаза айығып кеткені жайлы деректер кездеседі. == Бедеулікті емдеу== Ертеде бала көтермеген әйелді ішірткі беру арқылы емдеген. Бедеу әйелге алғашында емші он күндік ішірткі оқып береді. Он күн ем қабылдап болған соң, тамырын ұстап, әйелдің денсаулығын бақылап, тағы он күнге ішірткі береді. Осылайша он-он күннен бөліп үш рет ішірткі ішкізіп, жалпы отыз күн ем қабылдайды. Осы емделген күндері ерімен қатынас жасауына тыйым салынады. Емді түгел алып болған соң емделуші әйел жуынып-шайынып, ғұсыл дәретімен емшіге қайта келеді. Емші тағы да әйелдің тамырын ұстап, оның тамыр қағысын бақылайды. Емшінің бақылауынша әйелдің денсаулығы жақсы болса, оның ауруын біржолата тазалау үшін қара қойға көшіреді. Емшінің тапсыруымен қажетті заттардың барлығын емделуші әйел алып келеді. Ауруды көшіруге қажетті заттар: қара қой және әйелдің ескі-құсқы киімдері (көйлегі, бір іш киімі, орамалы), пішінін келтіріп қолдан жасалған жеті қуыршақ (екеуі ұл, бесеуі қыз баланың пішінінде болуы тиіс) әкеледі. Ауруды көшіретін күнді белгілеп, жұма күнге сәйкес келмейтіндей етіп келіседі. Аптаның сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндерін ауруды көшіруге өте колайлы күн деп есептейді. Ауруды кешіру кешқұрым уақытта жүргізіледі. Емші әйелді ертіп, қолына қойды жетектеп, дайындалған жеті қуыршақты бір уысына ұстап, ауылдың сыртына шығып, үлкен жолдың бойына әйелді отырғызады. Емші әйелдің үстінен қара қойды үш рет өткізіп «дертіңді саттың ба?», деп үш рет сұрайды. Әйел «саттым», деп үш қайтара жауап береді. Содан соң жеті қуыршақты өртеп, әйелді аластай бастайды. Қуыршақпен аластағанда да емші үш рет сұрап, әйел тиісінше жауап береді. Қара қоймен көшіріп, қуыршақпен аластап болғаннан соң емделуші әйел артына қарамастан ешқайда соқпай, өз жолымен кетеді. Егер әйел артына қараса, ауру қайта жабысады деген сенім бар. Емделуші әйел емшінің емін ынтасымен жасап, нақ сеніммен қабылдар болса, әйел ауруынан айығып бала көтереді. Осындай емнен кейін ауруынан айығып бала көтерген әйелдер ел арасында жоқ емес. Бедеу әйелді емдеуді бақсылар, емшілер жүргізген. Маңғыстау жерінде өмір сүріп, 98 жасында дүниеден озған емші Әбіш емін сәтті күн сәрсенбіде бастаған, дұға оқып үшкіріп, содан соң май шырақ арқылы дауалаған. Әбден қураған бұтақтың басына жұқалап мақта орап, оны ешкі немесе сиырдың әбден шыжғырып алынған таза майына шылайды. Бір қарыс шыбықтың түбіне елі мақта орап, бірнеше шырақтар дайындайды. Емдеуді бастайтын алғашқы сәрсенбі күні құм толтырылған ыдысқа екі шырақ, келесі күні үш шырақ, үшінші күні төрт шырақ жағып, осы төртеумен емді он күнге дейін жалғастырады. Емделетін бедеу әйел жалаңаштанып, шырақтың жылуы сыртқа шығып кетпейтіндей көлемді киім бүркеніп, жағылған шырақтың үстіне шырақ жанып біткенше түрегеліп тұрады. Осы он күндік емді қабылдап болғаннан кейін әлгі әйел тағы да тамырын ұстатып, емшіге жағдайын бақылатады. Сонымен қатар бедеу әйелді емдеу кезінді, әдетте бақсылар ұрғашы түйені бейнелесе, кейде бура болып кісінейді. Мұндай іс-қимыл әркеттің барлығы өсіп-өну, көбею нышандарын бейнелей білдіреді. Қарауыл руынан тарайтын Жылан бақсы бедеу әйелдерді емдеу барысында мынадай өлең жолдарын айтқан: ''Бағың байланған. ''Белің байланған, ''Дерт жайланған деген жолдармен емдеу тәсілдерін бастаған. Этнотілдік ұжымда «Баласыз әйел байлаусыз бие», «Бедеу қатын бедерлі түйме», «Бала таппаған әйелден, лақтаған ешкі артық», «Қоспасыз қос бедеу бір төсектегі екі еркек» деген сөз оралымдары кездеседі. Бедеулік қазақтар арасында сирек кездескен. Бедеуліктен арылу үшін басына түнеген, түрлі ем-домдарға жүгінген, емделіп, араға ұзақ жылдар салып балалы болатын жандар да болған. Баланың кіндігін бедеу әйелге көрсетпей көміп тастайтып болған. Егер бедеу әйелге білдіртпей нәрестенің кіндігін екі-үш тілім етіп кесіп, қуырып, қуырдаққа араластырып жегізсе, бедеулігі босанушы әйелге көшіп, бедеу әйел бала көтереді деген сенім болған. Бұл нәрестенің жолдасы мен кіндігінде оның жанының бір бөлшегі болады деген сенімнен туындаған ырым болса керек. Бақсылар бала көтермеген бедеу әйелдерді сарын айтып емдеген. Арғыннан шыққан Қайырбек деген бақсы бедеу әйелдерді сарын айтып ойнап емдегенде, аурудың маңайына жиналған елге мынадай бәдік өлең айтқызады екен: ''Би-ағалар, би-ағалар, ''Би-ағалардың көтіне сиза қағылар. Перзентсіздікті көне танымда Тәңірдің қарғысы тигендік деп ұққандықтан, ондай адамдардың әлеуметтік мәртебесі төмен болған. Мәселен, бұрынғы ертегі, жырларда той, жиын үстінде баласы жоқ патшаға немесе байға тіл тиеді де, ол жиынды тастап, Жаратқаннан перзент сұрап, тентіреп кетеді. «Ұлы жоққа отыра тұғын орын жоқ, қызы жоққа қымыз жоқ, бұл тойға келмесін!» деп жар салып тойға шақыру дәстүрден тыс қалыпты фольклорлық мотив екені көрінеді. «Әлібек батыр» ертегісінде баласы жоқ бай әулиелерден бала сұрап жүріп, бір тойға тап болады. Тойға барса, оған: «Ұлдыларға орын бар, қыздыларға қымыз бар, ұлы, қызы жоқтардың бұл жиында несі бар?» дейді. Бай кетіп қалады. Ал, «Қорқыт ата» кітабында былай баяндалады: «Байындыр хан той жасап, аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар сойғызды. Бір жерге ақ отау, бір жерде қызыл отау, бір жерде қара отау құрғызады: «Кімнің ұлы, қызы жоқ, қара отауға қондырғын, астына қара киіз төсегін, қара қойдың етін тартыңдар, жесе жесін, жемесе тұрып кетсін!» деді. Ұлы барды ақ отауға, қызы барды қызыл отауға қондырғын. Ұлы, қызы болмағанға Аллаһ Тағаланың қарғысы тиген, біз де қарғауымыз керек, бәрі білсін, деді. Тойға келген Дерсе хан қайтып кетеді». Маман бай да «тоғыз нарға тоғыз саба артып», он алтын масатыдан кілем жауып, үлкен асқа келеді. Бірақ оны ешкім ұлың жоқ деп сөкпейді, керісінше, Маманға лайық деп, алтынды үйге кіргізеді. Көтібар батыр да «тоғыз нарға тоғанақтан қант пен шайын артып», шалғай жерден келгенде, оны «жадағай киіз үйге» сілтейді. Көтібар намыстанып кірмейді, Маман жатқан алтын үйді талап етеді. Екеуі егесіп, іс насырға шабады. Бір қарағанда, Маман мен Көтібардың ерегесі екі адамның болмашыға таласуы, болмаса екі рудың тартысы болып көрінуі мүмкін. Шындығында олардың жанжалы халықтың ертеден келе жатқан салтын бұзудың салдарынан туған. Ежелгі салт бойынша, ұлы жоқ адам құрметті қонақ та бола алмайды, үйге де кіргізілмейді. Ал ұлы жоқ Маманның алтын үйге орналасқандығы Көтібардың намысына тиеді. Оның малы да бар, баласы да бар. Ас беріп жатқандар «Баласы аса жұрттың мейман келді, Мамеке-ау, кірген үйің бермейсің бе?» деп, Көтібардың атақты ұлы бар екенін айтып, алтын үйге сол кіруі керек деген ойларын айтады. Бірақ Маман өзінің байлығын айтып, Көтібарды кедей деп қорлайды. Маманның бұл мінезі Көтібарды одан әрі ызаландырады. Алтын үй өзіне тиесілі екенін айтып, Көтібар ата салтын бұзған әрі өзін қорлаған Маманды шауып, екі қызын тұтқынға алады. Мұндай фольклорлық әдеби мәтіндерден байқайтынымыз халық баланы Тәңірдің ерекше сыйы деп бағалаған да, бедеулікті қорлық санаған. Перзентсіз ата-ананы жексұрын көруінің астарынан халықтық осындай түсінікті байқаймыз. Кейбір мәлімет берушілер қазақ қариялары балалы бола алмай жүрген келінді емдеу үшін санаға сыймайтын ауыр шартты той-жиында әдейі орындатқан дегенді айтады. Мәселен, кей жағдайда ондай келінге қария «Егер балалы болғың келсе, қазір бұтындағы дамбалынды шешіп, жұрттың көзінше көрсет» деп шарт қойған. Бұндай ұятты істерді қорланып, жылап жүріп жасаған келін артынан балалы болған деседі. Осындай деректерден перзентсіз бедеулікті емдеудің магиялық шараларының қатарына қорлау, жылату, қудалау, қара үйге отырғызу, қара қой сойып қара ет беру, бет-жүзіне күйе жағу секілді ауыр жазалар жататынын да байқауға болады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бедеу ат''' мықты, төзімді, жүрдек, жүйрік болу үшін үйірге салмай немесе «өсімге қоспай» арнайы бағылып, бапталған мініс жылқысы. Тұқымы «асыл» жорыққа мінуге жарайтын қазанаттарды жыныс қабілеті толық жетілгеннен кейін де жас айғырды үйірге салмай, ал байталды айғырға қоспастан, жеке баптап, күтеді. Яғни, жыныстық жағынан жетілгенімен, үйірге қоспай, «бедеу ұстайды». Ұрғашы болса әдейі іш тастады. Еркегін кештеу алты жасында ақтатады. Оған дейін шауқаты бойына күш қуаты бойына тарқап, физиологиялық жағынан толып жетіледі. Көшпелі мал шаруашылығында бұлайша «бедеу ұстау» деп аталатын сұрыптау тәсілімен жорыққа төзімді, қайратты, арқалы аттарды жыл бойында жорыққа, сапарға дайын ұстайды. Құлын, тай кезінен қысыр биенің сүтін емізіп, ерекше күтімге алып, бағылып әбден жаратылған жылқы баласын наз бедеу деп ажыратып атайды. Бедеудің ең мықтысы бесті болған кезі. Алпамыс жырында: ''Бедеу аттың бестісі-ай ''Адамның бар ма естісі ай ''Қайда кетіп барасың қарағымның ешкісі-ай, деп бедеудің бесті кезін ерекше атап айтады. Сондай-ақ бірнеше мәрте құлын тастатқан соң құлындамайтын қалге жеткен байталды немесе жас биені бедеуше деп атайды. Қазақтың қара өлеңінде ол туралы: ''Міңгенім дәйім менің бедеуше еді, ''Бедеуше шапқан сайын өрлеуші еді. ''Тойда өлең мұнан бұрын айтқаным жоқ, ''Өлеңде әу дегенде не деуші еді? деп бедеушенің қайраты мен жүрдектігін асыра бағалайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
sayatshy '''Томаға'''– Қыран құстардың екі көзін саңылаусыз жауып тұратын құсбегілердің Саятшылық кезінде қажетті Жұмсақ қалың былғарыдан тігіледі. Бүркітті баптап-баулу үшін, оның бала-шаға, итке, құсқа, қызылға ұмтыла бермеуі үшін және жақындағанды шап беріп бұру қаупінен сақтану үшін томағалайды. Сондықтан, қолдағы бүркіт өз төңірегіндегі өз ортасынан аз да болса бөлектенеді. Құстың Томағасы аңға жіберілген кезде сыпырылады. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Қазақ саяты жабдықтары Санат:Ұлттық құндылық Санат:Ұлттық спорт Санат:Саятшылық Санат:Саят жабдық Санат:Саятшылық кезінде қажетті Санат:Қазақ салт-дәстүрлері Санат:Саят әбзелдері
'''Бедеу бие''' «айғырдан шықпаған», іш алмайтын бие. Бедеулікті халық танымында туабітті, мініс пен пайдалану ережесі бұзылудан болған және қартая келе пайда болған деп үш топқа жіктеп қарастырады. Туабітті немесе «тықымына тартқан» бедеулік жатыр қызметіне тікелей байланысты болады. Мұндай бедеулік жатыры шемен болу, сондай-ақ жатырды май басу, жатырына кесірлі түйір өсу сияқты ауру салдарынан болады. Саулық малдық жатыр сабағының ішіне өскен (сынық сүйемге дейін) бұршақтың көлеміндей, бір-екі бүртік, көкшіл түсті, түйін мүйізгек деп аталады. Мүйізгек ауруы інгенде көп кездеседі. Ондай інген өте күйітшіл келеді, көзі жасаурап, аңсары ауып, бура көрсе шөге кетеді дейді мәлімет берушілер. Мұндайда інгеннің ақ кірпіктерін жұлып, көз тамырынан қан ағызып «қиып» емдеген. Мүйізгек ауруын биеде қасаң десе, қой, ешкі және сиырда қашақ деп атайды. Ж.Бабалықұлының емшілерден жазып алған дерегі бойынша қасаң ауруына шалдыққан биеге оташылық жасайды. Жатырдағы кесірлі түйірді өткір бізбен түйреп тіліп алып тастайды. Егер түйір тұтастай бөлініп түссе, саулық сырқаттан айығады, саулық мал іш алып кетеді деп санайды. Бедеуліктің екінші тобындагы түрі малдың жасы ұлғаюына байланысты пайда болатындықтан қазақтар оны шау тартқан бедеу, лақса бедеу деп атайды. Оган қарсы дауа жасалмайды. Ал үшінші түрі мініс пен пайдалану ережелері бұзылудан болатын бедеулік. Қазақ шопандары оны мынадай түрлерге бөледі: қысы-жазы мінілетін күйсіздіктен жыл сайын қысыр қалатын «ербедеу» немесе «тоқым бедеу»; қамшы шыбыртқы, соққы зардаптарынан биенің сан, құрсақ тұсына зақым келуден қысырап бедеу калған қамшыкесті бедеу. Бедеуліктің мұндай түрлеріне ұшыраған малды мініс пен жүктен босатып, биені үйірге, інгенді келеге жіберіп, қонданып семірген соң өздігінен іш алуын күтеді немесе матап, биені айғырға шаптырады, інгенді бураға шөктіреді. Қайымайтын інгендер мен айғырдан шықпайтын бедеу байталдарды емдеудің тағы бір жолы «көз тамырын қию» деп аталатын тәсіл туралы мәліметтерде айтылады. Бірақ оның нендей тамыр, қай тұста екендігі айтылмайды. Оташы, емшілердің пайымдауы бойынша ондай «қиылатын» тамыр қан тамыры емес, керісінше лимфа, без шоғырларының бірін қандауырмен қанату болуы мүмкін. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бедеу мал''' көшпелі мал шаруашалығында түліктің санын арттыруға шамасы жоқ мал. Бедеулік құтпанға да, саулыққа да ортақ ұғым. Құтпан малдағы бедеулік түрін белсіз немесе шартық деп атап жеке қарастырады. Керісінше, бедеулік ұғымын қазақ шопандары арасында үрдіс бойынша ол көбінесе саулық (ұрғашы) малға қатысты айту қалыптасқан. Түлік ішінде ішінеара ұшырасатын бедеу қой, ешкі, сиырды семіртіп соғымға немесе сойысқа іліндіреді. Ал, бие мен інгеннің бедеу болуы көшпелі мал шаруашылығына экономикалық нұқсан келтіретін құбылыс ретінде оған ерекше ден қойылып, емдеу сауықтыру шараларын жасайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бежін ер''' қытай шеберлері жасаған ер түрі. Алдыңғы және артқы қасы шошақ болып келеді, былғарымен қапталады. Зайсан, Тарбағатай жағында қытай үлгісіндегі ерді осылай атау қалыптасқан. ҚР MOM қорындағы бежін ердің үзеңгісі де ағаштан жасалған, алдыңғы қасы биік (28 см), қастың төменгі жағы белағаштан төмен бір қарыстай түсіп тұрады. Артқы қасы жатыңқы. Ердің екі қапталы қастан озбайды. Ердің қацқасы толықтай қара түсті лакпен боялып, қастың ішкі-сыртқы екі жақ бетіне гүл бедерлі өрнектер салынған. Ағаштан бітеу ойылып жасалған иілген доға түріндегі ағаш үзеңгі қайыс таралғыға өткізілген Үзеңгінің аяқ салатын табандығы жалпақ (26 см). == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Без шошу''' жаралану, зақымдалу салдарынан бұлшық ет пен сіңір (немесе тарамыс, шандыр) астында орналасқан без тәрізді жастықшалардың үлкейіп ісініп кетуі. Қазақтар ондай бездердің ішінде кілегейлі суы болғандықтан ет пен шандырға түскен қысым салдарынан жаншылып, ісіп кетеді деп пайымдаған. Расында, бұл шын мәніндегі без емес, керісінше денедегі мал денесіндегі «бурса» деп аталатын ұсақ қалташаның қабыну ауруы. Мал ауыр жүріс пен жүктен қиналып зорығудан қолтық безі шошу, асық жілік безі ісуі жиі ұшырасады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Безек''' бұйымның, заттың бет жағына айшықталып салынған көркем өрнек. Текеметке қондырылған өрнекті шыт немесе басқа матаға мәнерлеп айшық түсіруді де безек деп атаган. Безекті арнаулы аспаптар арқылы жұмсақ (мата, былғары), қатты материалдар (ағаш, күміс, мыс) бетіне ойып, қашап яки сызып түсіреді. Шеберлер оны безек түсіру деп атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Безеуші''' қатты ағашка сапталған жүзі асыл біз тәрізді құрал. Оның жүзі қашау тәрізді бір жағына сәл қиғаш болады. Жүзін өрнектелетін металл бетіне көлбей тіреп, еппен біркелкі өрнек түсіреді. Осындай тәсілмен түсірілген өрнекті шеберлер мыңырғақ, безеуөрнек деп, ал безеуші құралын соған байланысты ырғақ деп те атайды. Зергерлер кейде безеуші жүзінің ортасын егеп, ашалап сәл ғана ашады жіне мұндай безеушіпен салынған өрнекті тышқан із деп атайды. Тіліміздегі безеу, безендіру, тілін безеу деген сөздер мен сөз орамдары аталған шебер құралдары мен онымен жасалатын өрнекке байланысты деуге негіз бар. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
дұға бағыштау ғұрпы. Адамы қайтқан үй қазаның артын күтіп, бақилық болған адамның қырқына дейін әр аптаның бейсенбі күні тамақ беріп, дұға бағыштайды. Әсіресе оңтүстік өңірде үлкен маңызға ие болған бұл ғұрыптың өзіндік мәні бар. Ғұрып бейсенбінің түсінен кейінгі мезгіл қасиетті жұма күніне өтеді деген жосын бойынша атқарылады. Ас тартылар алдында және астан кейін дұға оқылып, Құран бағышталады. Қатысқан жұрт «қабыл болсын» айтысады. Бейсенбілік дәстүрлі ортаға ислам дінінің дендеп енуімен байланысты қалыптасқан ғұрып. Ел арасында осы атқарылар рәсімге қатысты діни сипаты бар әңгімелер айтылады. Бейсенбі күні бақи дүниедегі барлық қақпа ашылып, жұмақтан орын тепкен рухтармен қатар тозақтағы рухтар да бір сәт босап, осы дүниедегі өз ұрпақтары мен туған-туыс, дос-жарандарын аралап, дұға дәметеді екен. Осы бейсенбі, жұма күндері аттары аталып, дұға оқылып, Құран аяттары бағышталған аруақтар риза болып, тоқ күйінде жұма күні түс ауа бақи дүниедегі мекендеріне қайтатын көрінеді. Тірлігінде көп қиянат жасаған, кісіге зиян істері мол болған кісілер мен ұрпақтары ұмыт қалдырып дұға бағышталмаған аруақтар аш қалып, қоржындары «азық-дұғаға» толы, тоқ қайтқан аруақтардан дүние қақпасының алдында тұрып тамақ, яғни дұға сұрайды екен делінеді. Сондықтан байырғы ортада бейсенбі және жұма күндері аруаққа бағыштап Құран оқу салты берік қалыптасқан. Осы күндері үйде кір жуылмайды, басқа да нанымға жат деп табылатын істер атқарылмайды. Кір жуылса, үйге дәмете келген аруақтар кір суын ішіп, бос кетеді дейді. Қазақтың «тірлігіңде жақсылық қыл, көпке игі іс жаса» деп атадан балаға өсиет қалдыруының бір мәні осында болса керек. Бұ дүниеде иненің жасуындай болса да жақсылық қылсаң, ертең жақсылығыңды ұмытпаған пенделер артыңнан дұға оқып, атыңды атап, Құран бағыштайды дейді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
-дәстүрлі ортада бапаларын оқытқанда молдаға ата-ананың бейсенбі күні берер ақысы. Бұл жосын бейсенбілік деп аталатын аруақтарға дұға бағыштау ғұрпымен мағыналық жағынан шендес. Яғни бейсенбі күні мұсылмандар үшін ерекше қасиетті жұма күнге ауысар күн болғаннан кейін оны да қасиетті уақыт деп осы мерзімде әртүрлі ақы беріледі, түрлі дұғалар оқылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бейуақ''' уақыт, мезгіл. Күн қызарып батып, қараңғы түн әлі түсе қоймаған өліара шақ. Оны басқаша күнмен түн таласқан шақ, екі кештің арасы, апақ-сапақ, қызыл іңір, ымырт деп те атайды. Қазақ ұғымында бейуақ қолайсыз мезгіл. Өйткені «іңірде шайтан көшеді», «күндіз жарық сәуледен сескеніп, бұғынып жапқан жамандық атаулы бас көтеріп қозады» деген түсінік қалыптасқан. Әдетте «жамандық аяқ астында» делінсе, бейуақта ол тізеден өрлеп бой көрсетеді деседі. «Қас қарайған, көз байланған шақта сақ болыңдар», деп қариялар үнемі ескертіп, сақтандырып отырады. Күн ауып, белсенді жарық энергиясы кеткен мезгілде адам ағзасы іңірдегі қараңғылық құрсауына бейімделе алмай жатқан қарбалас шақта әртүрлі сәтсіздіктер (жол-көлік апаты, жығылу-сүріну, түрлі теріс қадамдар т.б.) орын алады. Осыған байланысты қауым арасында орнаған ырым-тыйымдар бар. Бейуақта ұйықтауға, асығыс-үсігіс әртүрлі істер істеуге (балтамен отын жаруға, арамен ағаш кесуге, сапарға аттануға, өткір жүзді іс жасауға, асау үйретуге т.б.) қатаң тыйым салынады. Түн қараңғылығы түскенше мамыражай қалыпта, сабыр сақтап, аялдай тұруы тиіс. Егер үйде ұйықтап жатқан адам болса, оны міндетті түрде ояту керек. Оятпаған жағдайда оның басы ауырып, шошынуы, жаман түс көруі, шаршауы ықтимал деседі. «Іңірде жатқан ырыссыз қалар» деген сөз оралымы да осыны айғақтайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бейіт''' қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер», «шатыр», «бөлім», қалта», «қын» дегендерді білдіретін көп мағыналы сөз. Этномәдени ортада зират белгілі бір қауымға тән меншікті ұжымдык жерлеу орны болса, бейіт соның ішінде мәйітті қоятын бір «бөлімі», «үйі». Ал қабір жерден терең етіліп қазылып, мәйітті арулап қоятын орын (көр). Бейіт «қабір және оның үстіне қойылатын белгі» деген мағыналарды қамтитын ұғым. Ал мола атауы көбінесе әртүрлі себептермен жеке дара жерленген адамның көрі мен көр үстіне қойылған белгі деген ұғымды білдіреді. Мысалы, сапар үстінде, алыс жолда қайтыс болған адамды зиратқа, қорымға қою мүмкін болмаған кезде топырақ бұйіырған жеріне қойып, белгі орнатады. Жерлеу орнының бұл түрі де мола деп аталады. Сондай-ақ аруақты мазалайды деген түсінікке байланысты бақсылардың моласы зираттан оқшаулау жерде жалғыз-жарым тұрады. Бұл жайт халық тілінде бейіт, зират, қабір, мола сөздері мәдени семантикалық бір ғана өріске жататын мәндес қолданыс болғанымен, олардың өзді-өзіне тән мағыналық ерекшеліктері бар атау екенін аңғартады. Сондай-ақ кесене, дың, күмбез т.б. да мәдени семантикалық бір өріске жатады. Ұжымдық жерлеу орнының жоғарыда айтылған бір түрі зират болса, енді оның көне бір түрі қорым деп аталады. Қорым көбінесе соғыста, жаугершілікте қаза болған жауынгерлерді жеке-жеке қабір қазып, арулау мүмкін болмаған жағдайда үлкен етіп қабір тәрізді қазылған орға мәйіттерді топтап қойып, топырақ жауып, үстіне тас үйіп орнатқан жерлеу орны деген ұғымды білдіретін атау болса керек. Жеке-дара жерленіп ерекше белгі қойылған орындардың түрлері кесене, күмбез, дың, сағана деп аталады. Әйгілі хан, сұлтан, би, батыр, әулие сияқты т.б. байырғы элиталық тұлғалардың аруағын ұлықтау мақсатымен, сондай-ақ ел есінде сақтауы, келер ұрпақ ұмытпай қадір тұтып жүруі үшін төрт жолдың торабына, қара жолдың бойына, биіктеу, көрнекі жерлерге жерлеп, басына кесене, күмбез, сағана салып, дың орнатады. Байырғы кезде ересек адам бейітіне найза (сындырылғаны да болуы мүмкін), әйел адамның бейітіне бақан, піспек немесе ұршық, қыз бейітне арқан, уық, ал жас нәресте бейітне бесік қойылған. Қазақтың мекен еткен жерлері мен атажұртын, атақонысын мола, зират, сағана, күмбез, қорымдары сияқты дәстүрлі жерлеу білуге болады. Қазақ жерінде ерте заманнан бері бейіт басына кесектен, қыштан, күйдірілген кірпіштен салынған ескерткіштерді күмбез, кешен, кесене, там тәрізді жерлеу ескерткіштері жиі кездеседі. Мысалы, батыс өңірдің қазақтары бейіт басына үштас, бестас, қойтас, қүлпытастарды орнатады немесе сандықтас, сағанатам және күмбезді там салады. Жерлеу орындарының қара жолдың бойында болатын себебі ниет етіп, дұға қылсын деген мақсатпен бірге жолаушылар жауын-шашын, боранда ықтасын қылып, түнеп аттануын да ойластырғаннан болса керек. Әдетте, дәстүрлі ортада зират, мола, дың т.б. жерлеу ескерткіштері жанынан өткен атты жолаушы тоқтап, аялдамайтын жағдайда оң жақ аяғын үзеңгіден шығарып «жандарың жаннатта, жатқан жерлерің жайлы болсын; қияметтің күні жақын» деп бет сипай ниет етеді. Аяғын үзеңгіден шығару ырымы «аттан түстім» деген бейвербальды семантиканы білдіреді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
көне қаланың орны. Жосалы т. ж. ст-ның оңт.-батысында 60 км. жерде. Ертедегі Томпақасар қаласы үш бөліктен тұрады. Мәдени қабатының аумағы 10 м-ге жетеді. Алып жатқан алаңының аумағы га. Зерттеу жұмыстарын 1946 1948, 1950 ж. С.П. Толстов басқарған Хорезм археол. этнография экспедициясы жүргізген. Томпақасар тік бұрышты құрылыс. Оның солт. бөлігінің қабырғасының биікт. 10 м. Қазбадан қызыл кірпіш түстес қыш ыдыстар, шағын құмыралар, шыны моншақтар т. б. заттар табылған. 1983 1991 ж. Хорезм археол. этнограф. экспедициясының (жетекш. Л.М. Левина) қазба жұмыстары нәтижесінде 40 бөлме мен дуал қабырғалары, кіреберістері аршылды. Зерттеу барысында садақ оғы, керамика өнімдері, әшекей бұйымдар табылған. Үстіңгі құрылыс қабаты б. з. б. ғ-ларға жатқызылған. Бөлмелерінің қабырғалары саз қам кірпіштен тұрғызылған. Ішкі құрылымы суфа (тапшан), ошақ және шаруашылық шұңқырлардан тұрады. == Сілтемелер == Қазақ энциклопедиясы
'''Бейіт жаңғырту''' құлаған бейіт үстіне мазар, кесене, там, төртқұлақты салу немесе қалпына келтіру, жаңғырту. Дәстүрлі ортада бейіт жаңғырту ісіне кіріспес бұрын құрбандық шалынып, Құран бағышталып, тиісті ғұрыптық шаралар атқарылады. Атақ-даңқы шыққан адамдардың ғана бейіті жаңғыртылып, көп реттерде аруаққа қозғау салынып, қайта тергеледі деген түсінікпен қарапайым адамдарға бейіт жаңғыртуға жол бере бермеген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бейіш''' бұ дүниедегі жасаған күнәлары Алла тағала тарапынан кешірілген адамдардың дүниедегі рахатқа бөленетін мәңгілік мекені. Қазіргі халық тілінде бейіш пен Жұмақ мәндес мағынада қолданыла береді. Бірақ бұлар абсолютті синоним емес. Бейіш ұғымының мазмұны кеңдеу. Өйткені, діни түсінікте «сегіз жұмақ» дейді, керісінше «сегіз бейіш» деп айтылмайды. Осыған қарағанда жұмақ бейіштің бөлім- бөліктері тәрізді. Демек, бейіштегі жұмақтың саны сегіз: #Дарис салам; #Дарил қырар; #Жаннат-Нағим; #Жаннат-Ғадін; #Жаннат Алмауи; #Дарил қарар; #Жаннат Фирдаус; #Жаннат нығыметі. Жұмақ пен Бейіштің мифологиялық санадағы бейнесін діни мазмұндағы әпсана өлең, әңгімелерде (жарыққа шығуынан) байқауға болады. Мысалы, Мәшһүр Жүсіптің «Хор қыздарының хикаясы» өлеңінде бейіш «жапырағы зop, мәуесі ешуақытта таусылмайтын мол, жемісі бал шырындай тәтті, ағып жатқан төрт кәусар бұлағы бар, нұр-сәулеге бөленген, түбі аспанда, басы төмен иіліп, салбырап тұратын ағаш» кейпінде сипатталады. Бейіштің мифологиялық санадағы бейнесіне фитонимдік ақпарат негіз болған. Бейіш ағашының аты Тоба деп аталады. бейіштегі жандар сол алып ағаштың мәуесін татып ләззат алады. Сонымен бірге бейіште түрлі гауһармен безендірілген алтын тақ; торғын, атласпен көмкерілген сән-салтанаты жарасқан орынжай да жұмақтағы жанды рақат сезімге бөлейді. Сондай-ақ бейіште шашы жұпар аңқыған, қасы туған айдай иілген, төсі маржан, тілі інжу, екі беті алмадай, гүл жүзді, шырын сөзді бал таңдайлы, сипаты әліптей, мінезі мүләйім, жүрісі сағымдай көтерілген жеп-жеңіл хор қыздары болады. Олар екеу-екеуден әнге салып, сандуғаштай сайрап, тоқсан түрлендіріп тамылжыта күй шертеді. Хор қыздарының теңдесі жоқ сұлулығынан, тамылжыған үнінен жұмақтағы жан ерекше ләззат алып, рахат сезімге кенеледі. Бұл жұмақтағы әйелдердің, яғни хор қыздарының мифологиялық бейнесі. Сөйтіп, хор қыздарының діни мифологиялық санадағы бейнесіне антропонимдік, космонимдік, фитонимдік, зоонимдік ақпараттар негіз болған. Бұдан бақи дүниедегі бейіш пен жұмақтың үш түрлі үйлесімнен тұратыны байқалады: #бал шырынды жеміс, кәусар бұлақтар; #сән-салтанатты орынжай; #хор қыздары. Діни мифологиялық сана бойынша дүниеде жұмақ есігін ашқан бейкүнә мумин жанды осы үш түрлі үйлесім ләззат пен рақатқа бөлейді екен делінеді. Сонымен діни санада ләззаттың, рахаттың бақи дүниедегі тұрағы үшеу екен. Қазақ концептуалды мазмұны ләззат пен рахаттың «фәни дүниеде» де қоныс тепкенін көрсетеді. «О дүннеде жұмақ бар деп, бұ дүниенің рахатын ұмытпа, бұ дүниеде рахат бар деп, дүниенің тозағын ұмытпа» деген сөз орамы «рахат пен ләззат» тек бақи дүниеде ғана емес, «жалған дүниеде» де болатынын аңғартады. Жалған дүниедегі рахат пен лэззат та үш үйлесімнен тұрады: алған жарыңның жақсы болуы, яғни #жақсы әйел; #ішер асыңның дәмді болуы; #үй-жайдың жайлы болуы. Бірақ қазақ мақал-мәтелдері ішер ас, жайлы төсек, жақсы орынның болуы «алғаның жақсы болса», яғни жақсы әйелдің сипатымен байланысты деген санадағы мәнділікгі аңғартады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бекзада''' ежелгі әкімшілік билік жүйесінде бектердің дәурені жүріп тұрған кезде қалыптасқан ұғым болуы керек. Кейін көшпелі қоғамдағы айырықша аристократиялық әлеуметтік категорияның атауына айналды. Бекзада билік жүргізбеген, өз әкесінен өкімет басқаруды да мирас етпеген. Бекзада текті, ақсүйек, зиялы т.б. ұғымдарды да білдіреді. Дәстүрлі ұғымда бекзадалық қасиет ең алдымен текке тартады. Сондай-ақ алған тәрбиесі мен көрген өнегесі асыл тектіліктің нетізінде бекзадалыққа ұласады. Бекзада көпшіліктен озық мінезіндеті ірілік, дарқандығымен, өзгеше мәнерімен ерекшеленеді. Қазақ ұрпағын бекзадалыққа баулыған. Бектермен қарым-қатынаста болып, асқақ арман, биік мұратпен тәрбиелеген. Мысалы, Ақтанберді жырау былай дейді: :''Елден елді аралап, :''Тектіден текті саралап, :''Беглердің қызын айттырсам, :''Нұсқасын байқап шамалап. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бекі''' шілдеде орман-тоғайда жайылған жылқыларда кездесетін ауру. Жаздың ыстығында қозып, түнде толастап, күндіз ауыртатын, шоқтық, қол, арқа, сауыр тәрізді етті бөлігінен қан тамшылап білінетін ауру. Жылқышылардың айтуынша, тай құнандар сақаумен, кәрі жылқылар бекімен ауырған. Мұны кейбіреулер қанның тазаруына жорыса, емшілер оны ой жердеті бөгелектен, қара ала шыбыннан жұғатын ауру дейді. Оны дауалау үшін қабыршақтанған жараның аузын тіліп қанын ағызып, айранның сары суымен жуып тазалайды да, тезектің ыстық күлін сеуіп отырған. == Дереккөздер == Санат:Жануарлар аурулары
'''Бел''' жер бедерінің атауы. Жонда, қырқада, жалда, адырда т.б. болатын жадағай асу. Байырғы ортада ауылды биікте белді жерге жақын қондыруды дұрыс санаған. Ертеде көшпелі ортада мұндай орындар табиғи апат, зілзаладан сақтануға қолайлы жер ретінде, жаугершілікте төңіректі барлауға болатын мүмкіндігіне байланысты таңдалған. «Ауыл маңында бел болса, ерттеулі атпеп тең, үйіңде қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген тұрақты тіркес осыған байланысты айтылса керек. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бел көтерер''' дәстүрлі ортадағы ғұрыптық ас атауы. Ұзақ жасаған, тісі қаусаған қарияларға құнарлы тағам түрлерін араластырып, ұсақтап, шайнамай-ақ жей (жұта) беруге лайықтап дайындалады. Бел көтерер адамға мол күш беретін нәрлі ас, көңіл жақын жандар арнайы дайындап, қарияларға алып келеді. Бел көтерер этномәдени жағынан мертіккен, қол-аяғы сынған адамдарға тез сауығуын тілеп, арнайы дайындалатын «мертік ас» деп аталатын ғұрыптық тағамға ұқсас. Қазақ хаңдығы құрылғаннан бері, қазіргі уақытқа дейін сақталып келе жатқан түркі халықтарының да маңызды, әрі аса көрнекті дәстүрі болып саналады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
Бел құда байырғы ортаның неке салтындағы құдаласу түрі, әйелдердің аяғы ауыр кезінде әлі дүние есігін ашпаған нәрестелерді атастыру жорасының бірі. Кей өңірлерде бұл жораны ''ежеғабыл құда'' деп те атайды. Көршілес, жапсарлас отырған көңілжетер дос-тамыр адамдар арасында Б. қ. болу үрдісі кең өріс алған. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырындагы Қарабай мен Сарыбайдың қүда болуы осы жораның көрінісі. Дәстүрлі ортада Б. болуға серттескен ата- аналардың екеуінен де ұл немесе қыз туған жағдайда, қүда болу серті жекжаттыққа айналып, жақындыгы сақталып қалған. Қауым арасында осыған үқсас қүдаласудың тағы бір түрі бар. Нәресте дүниеге келгеннен кейін қүдаласуға сөз байласса, оны бесік құда деп атаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Белі кету''' ірі малда кездесетін аса қауіпті жарақат. Белі кеткен мал басын кекжитіп, сауыры төмен салбырап ақсаңдайды. Белдеме мен сауыр еті қырарқадан жоғары шығып томпайып, тұяқ ұшына дейін ауырсынған аяғын әрең басады. Белдеменің кек еті ауырса, аяғын баспай секеңдеп, дененің барлық салмағын алдыңғы аяғына артады. Артынан қарағанда арқасының бір жағы биік көрінеді. Белі кетуді ат құлағына су құйып анықтаған. Егер ат сол уақытта сілкіне алмаса, белі кетудің белгісі болып саналған. Белі кеткен малды емдеу қиын. Алайда дәстүрлі ортада малдың кұйрығын бір жағына қарай бұрап және белдемеге жалпақ ағаш қойып, үстінен дүмпіте ұрып, бұған қосымша оқтаумен ыспалап, қамшыны белдеме тұсына ұзыннан салып, үстінен ерттеп көрген. Суық кезде ердің терлігінің астына ыстық құмалақты қойып та ерттейді. Шылбырын құйысқанның астынан өткізіп, сау жағына қарай сілкілей тартады. Түнде сау аяғын бүкпелеп немесе күрделеп қояды. Осылай ұзақ уақыт емдесе, жеңіл-желпі белі кету зілі қайтады. Белі кетіп шойырылып тұрған аттың шорта (белдеме, құйымшақ, жамбас басының ұштасқан жері) тұсын тіліп, оған ашудас, апиын түйірін (ашудастан қой құмалағындай, апиыннан сіреңкесін басындай) салып, терісін тарамыспен іліп жөрмеп тастайды. Мұндай күшті емнен соң, малдың жем-суын молайтып, бағым күтімін жаңарту керек. Егер ауыр жүктен белі үзіліп, опырылып тайып кетсе, мал тұра алмай жатып қалады. Ондайда емнің дарымасын біліп, арам өлтірмей сойып алады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Белбеу соқты''' ересек ер адамдар ойнайтын ұлттық ойын түрі. Ойынға жиналғандар бір жерге дөңгелене шеңбер жасап отырып, бір құлаштай таяқты алып, біреуі бір ұшынан, келесісі оның таяқ ұстаған уысының үстінен, одан кейінгілері сол ретпен бірінің үстінен бірі ұстап, таяқтың соңын ұстап қалған адам ойынды бастаушы болып ортаға шығады. Яғни ойынды кім бастау керек екендігі осындай ұстасу жолымен белтіленеді. Ойын бастаушы ортаға шығады. Алқалай отырған қатысушылардың бірі ойын үшін алынған белбеу немесе орамалды алып, ортадағы теріс қарап тұрған адамның арқасынан салып қалады да, қолын артына қайырып отыра қалады. Басқалары да сол сәтте қолдарын қайырып, арт жағына тығып отырады. Ортадағы адам өзін ұрған сәтте белбеуді ұстап қалуға тырысуы керек. Ал ұрған адам белбеуді тез тартып алып, басқа ойыншыға беруі тиіс. Белбеу әрдайым қолдан қолға әр бағытта көшіп отырады. Егер ортадағы ойыншы белбеуді ұстап үлгерсе, онда белбеуді алдырып қойған ойыншымен орын ауыстырады. Егер ала алмай қалса, ойын әрі қарай жалғаса береді. Белбеу соқты ойыны жастардың бас қосқан жиындарында көп ойналатын болған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Белбеумен бел буу''' аза тұту кезінде жасалатын рәсім. Марқұмның туыстары басқа түскен қайғыны білдіру үшін белін бекемдеп белбеумен буған. Дегенмен бұл рәсім белгілі бір өңірлерде ғана сақталып қалған. Дәстүрлі ортадағы әйелдер жоқтауында «Белімді бекем буайын, қойдан да жуас болайын...» деп келетін жолдар кездеседі. Бұл метафоралық образды сөз өзімді өзім ұстайын, қайғымды басайын, басқаларға да басу болсын дегенді білдіреді. Жақынын жоқтап, «ұзақ егіліп жылаған әйелдердің бауыры іседі» деп, сақтық үшін апа-әжелер әйелдің белін будырады. Жетісу өңірінде қайтыс болған адамның жақын туысқандары ақ белбеу буынып жүреді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
#Қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны қойдың, ешкінің және құлынның терісінен тігеді. '''Тон''' тігетін теріні ең алдымен шел майынан арылтады. Одан соң оны күбіге салып не ашық күйінде илейді. '''Тон''' қой терісінен тігілетін қыстық жылы киім. Терінің иі әбден қанған кезде жүн жағын жуып тазартады да, тақыр бетіндегі идің қалдығын қырып тастайды. Осыдан кейін оны уқалап жұмсартады. Қой мен ешкінің терісінен тон тіккенде терінің жүні және тігісі ішіне қарайды. Оның тақыр бетін бояумен, қарағайлық қабығы және рауғаштың ніліне бояйды. Бұл тонның сыртының кірлемеуі үшін керек. Тонның қазақ даласында таралған негізгі екі үлгісі болған. Оның бірі ''тік тон'', екіншісі ''бүрме тон''. Тік тонның екі өңірі мен артқы бойы шапан, күпі сияқты тұтас пішіп алынады. Ал, бүрме тонның екі өңірі мен артқы бойы кеуде және етектері бөлек пішіледі. Оның кеудесі мен етегін қусырады да, одан соң етегін кеудесіне бүріл қондырады. Етегі кеудесіне қарағанда кең етіп пішіледі. Тонның белінде бүрме шығатындықтан, оны «бүрме тон» деп атаған. Бүрме тон тік тонға қарағанда сәнді болады. Тонға елтіріден, сеңсеннен, кейде аң терісінен жаға салып, етегі мен өңірін, жеңінің ұшын елтірімен жұрындайды. Тонды сәндеу үшін оның екі өңіріне, етегіне, жеңіне жібек жіппен кесте тігіледі. Құлынның тегісінен тігілетін тонды «тайжақы» деп атайды. Тайжақының тігісі іші не қарағанмен, терінің жүні сыртына қарайды. Ол сәнді болу үшін, құлынның жалын тонның арқасына екі жеңнің үстіне келтіріп тігеді. Оған астар салынбайды. Астар салған, арасына мақта не жүн тартқан тайжақыны әдетте тон орнында кие береді. Тонның ең қымбаты «қамқа тон». Бұл тон екі түрлі жолмен тігіледі. Оның бірі «қамқа» деп аталатын жылтыр қара жүнді аңның терісінен түгін сыртына қаратыл тігіледі. Екіншісі алтын, күміс жіптерден (зерлен) тоқылған матадан тігіледі. Бұл тонның екеуі де аса бағалы. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар қой теріеінен сәндел тігілген тондар өндіретін болды. #(, дәлме-дәл күш түсіру) бір нәрсеге артық күш түсіру қасиеті. 1) Түстер тоны нақты бір түстің басқа густерден айырмашылығын білдіретін бояу өңінің басты қасиеттерінің бірі. 2) Белгілі бір объект, фотография, картина, т.б-дағы жарық мөлшері, шырайы. 3) Көркемсурет шығармасындағы (бір бөлігіндегі) жалпы бояу түстерінің немесе сәуле мен көлеңкенің үйлесімі; қорытып әрі жүйелеп колорит тұтастығын тудыратын негізгі рең. #( дауыс көтеру, тон, екпін) 1) белгілі биіктіктегі дыбыс; музыкалыкдыбыс. Тон акустиканың заңдылықтарына негізделіп, күрделі спектрден құралады. Тонның қосымша дыбыстардан ерекше бөлініп, көтеріңкі, басым шығуы оның дыбыс тербелісінің жиілігне байланысты. 2) Интервальдың мөлшерін анықтайтын өлшем. Музыкада Тонның нақтылы көлемі дыбыс жүйесіне, музыка аспаптың дыбыс шығару ерекшеліктеріне байланысты болады. 3) Лад баспалдақтары (қ. Тоника). 4) Аккорд дыбыстары (негізгі, терңиялық, квинталық, септиалық т.б. Тондар). Қ. Үшцнділік, Аккорд. ==Дереккөздер== Санат:Тұрмыс Санат:Қазақстан әдебиеті
'''Белдеме''' мал денесіндегі арқа (жота) омыртқадан кейінгі бөлік; малдың жөн арқасының етті, қыртысты сүбелі бөлігі. Дәстүрлі ас-тағам жүйесінде кәделі сыбағаға қосылып, қосымша мүше ретінде сый табақтарға тартылады. Соғым сойғаннан кейін кәделі асқа бас-сираққа, шекеге шақыру ғұрпы жасалады. Шекеге шақыру, мүшеге шақыру ғұрпын кей өңірлерде омыртқаға шақыру деп те атайды, яғни ірі қара малдың белдемесі кәделі сыбағалы мүше ретінде саналған. Дәстүрлі орта «Қара өлеңіндегі» «Қаре нар жүк көтермес, бел кеткен соң» деген жолдар белдеменің малдың жұлын-тұтасы мен омыртқа жігінің ең жуанды бөлігі әрі салмақ пен қысым түсетін тұсы екендігін аңғартады. Осы тұстан құрсақ бөлігі мен белге қарай ақ тамырлар таралады. Тышқаншық болған бұзау белдемесінің қалың етінің 4-5 елі төменгі тұсына бізді елі тереңге тік сұғып, талақ ауруына ұшыраған атты осы әдіспен бұл қарама-қарсы, яғни қамшылар жағына жасап емдеген. Tөpт түліктің мінез-құлқы, сүйек қаңқасы, дене мүшелері туралы таным түсінікті балаға ұқтырып, дәстүрлі шаруашылық қыр- сырларын үйреткен. Тәрбиелік мәні бар арқау етіп, өлең, жырға қосқан. Омыртқа құрылысының атаулары небір теңеулерге негіз болған. Мысалы, омыртқа алдын немесе шекесін батырдың маңдайына, шүйдесін шешеннің таңдайына, иығын жұмыр жердің жаннатына, қолтығын самұрық құстың қанатына, қалағын асқар таудың заңғарына, жұлындық өзегін өзен судың аңғарына, күрегін арғымақ аттың азуына, омыртқа қармағын ұстаның ыңғыруына теңеп, өлеңге қосқан. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Белдеу арқан''' киіз үйдің туырлығын керегеге жабыстыра белінен орап байлауға қолданылатын арқан. Көбінесе киіз үйге қос белдеу арқан ұстайды. Белдеу арқан киіз жабындарын берік ұстап, ағаш қаңқаны сүйемелдеп, желге қарсы тұруды қамтамасыз етеді. Киіз үй қанатының жоғарғы жағын ала тартылған арқанды үстіңгі белдеу арқан, ал туырлықтардың етек жағын бастыра тартылған арқанды астыңғы белдеу арқан дейді. Шағын киіз үйдің және қосалқы үй қанатының ортан белінен бір ғана белдеу арқан байланады. Белдеу арқан қыл қосылған жүннен есіліп жасалады. Ауқатты қазақтар кестеленген, оюланған, қосымша сән беретін бауларды да қолданған. Белдеу арқанды киіз үй есігінің екі жақтауынан арнайы қалдырылған тесіктен киіз үйдің ішкі жағына қарай енгізіп, керегенің көзінен орай шалып, ұшын құрмен байлайды. Арқан ұзындығына, киіз үй қанатының уығының санына, үйдің шақталып жасалады. Байырғы ортада атын белдеу арқанға байлау үрдісі де болған. Үйдің сырт жағындагы белдеуге байланған ат біреуді жазым ететін болса, үйдің сырт белдеуінде байланып тұрған атты байқамай қасына барғаны үшін жартылай құн төлеткен. Ал киіз үйдің алдыңғы жағындағы белдеуге байланған ат біреуді жазым ететін болса, ат иесі толық құн төлейді. Ауызша әдеби деректерде ертеде жауласқан жақтар қарсыласының үйінің белдеуін кесіп, туырлығын тіліп өш алғандығы айтылады. Дауыл тұрып, жел қатты болып үй төңкерілуге айналған кезде қатты шағылып бүлінбеуі үшін белдеу арқанды шешіп, шешуге шамасы жетпесе қиып жібереді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Киіз үй
'''Белдеу үй''' ерте көктемде тұрғызылатын баспана түрі. Шығыс өңірде, бұрынгы Павлодар уезінде көптеп салынған. Павлодарлық шаруалар наурыз айының бас кезінде қыстаудан көтеріліп, Ертіс бойына тоқтап, белдеу үйде отырған. Сонымен қатар белдеу үй қара күзде отыратын келте қыстау сияқты болған. Қам кесектен тұрғызылған белдеу үй қыстық баспана ретінде де саналады. Бұрын қазақтар берілген жерлерде орналасқан белдеу үй үшін әрбір түтін 40 тиыннан салық төлеген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Белорақ''' шөп шабатын құрал. Шөпті түрегеп тұрып шабуға ыңғайлы белорақтың сабы ұзын келеді, ортасында қолмен ұстайтын тұтқасы бар. Шөп орғанда саптың сыртында тұрып, оң қолмен тұтқадан, сол қолмен саптың басынан ұстап тұрып, солға қарай сілтей шабады. Оны шалғы немесе тартпа деп те атай береді. Ал, солтүстік жақта қырғы деп те атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бергек''' сәукеленің төбесіндегі алтынмен, күміспен әшекейленген қатырғы, төбелдірік. Әшекейлі қатырғыға моншақ қадаған жібек желек бекітіледі. Төбесі биіктеу, шошақ болып, желектің етегі арқасына төгіліп тұрады. Бергекті келіншек бала туғанға дейін (яғни, кимешекке ауысқанға дейін) киеді. ҚР MOM қорындағы бергек сәукелесі конус пішінді, тәжі қызыл мауытыдан тігілген. Тәжге маржан, перуза тастар қондырылып, қатырғы бергек орнатылған. Биіктігі 47 см, милық шеңбері 46 см, төбесі 20 см. Төбесіне шашақ төгіп, шоқ үкі қадаған. Тәждің белортасын айналдыра бастырған оқаның астына перуза тастан көз салынған күміс құймалар мен тамшы тәрізді қоза салпыншақтар, шытыралар үш қатар етіп айналдырыла қадалған. Одан төменде, маңдай бөлігіне, қызыл маржаннан тізіліп жасалған ені 4,5 см-лік торша тігілген. Сәукеленің екі жақтауындағы оқалы белдеуден төмен перуза, маржан тастар тағылған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әл-Азхар университеті''' (араб. جامعة الأزهر الشريف әлемдегі ең ірі халықаралық исламдық ғылыми діни мекеме және әлемдегі ең көне, ең атақты Ислам университеті. Мысырдың Каир қаласында орналасқан. ==Тарихы== Мешітті Фатима әулеті заманының халифы Жауhар Ассықли әл-Муизз hиджраның 359 жылы (970 жылы) жумади айының 24-ші жұлдызында бастап, 361 жылы. (972 жылы) рамазан айының 7-ші жұлдызында бітірді. әл-Азhар атауы “әл-Джәми әл-Азhар”, яғни күн сәулелі үлкен мешіт ұғымынан шыққан. Кейбір зерттеушілер мұны Фатиманың лақап аты —Зухрамен, зәhра зәулім, іздиhар орталық немесе азхар нұрлы деген сөздермен байланыстырады. һиджраның 375 жылы мұнда медресе ұйымдастырылып, ол 11 ғасырда бүкіл мұсылман әлеміне мәшhүр университет тектес оқу орнына айналды. әл-Азхар университетіне дүниенің төрт бұрышынан талапкерлер келіп Құранды, хадистерді, мұсылман құқығын және араб тілін оқып үйренді. Әл-Азхар университеті ғимаратындағы сәулетті екі мұнараның бірі Қайтпай сұлтан заманында, екіншісі Сұлтан Ғаура кезінде hиджраның 915 жылы. (1510 жылы.) шамасында салынған. Әл-Азhар университеті ұлт-азаттық күресі жылдары батысшылдыққа, отаршылдыққа, “дінсіздікке” қарсы бағыт ұстанып (джихад, исламның таралуы мен салтанат құруы жолында барлық күш-жігерін сарқа жұмсау, ғазауат (“қасиетті соғыс”) идеясын насихаттау, қорғау орталығы болды. Қазір Әл-Азhар университетіде факультет (теология немесе дін негіздері, шариғат, әдебиет, әкімшілік істері және сауда, политехника, ауыл шаруашылық медицина, педагогика, мұсылман қыздар факультеттері) бар. Университет жанында Ислам зерттеулері академиясы және басқа діни институттар мен оқу орындары жұмыс істейді. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мен Египеттегі әл-Уақф министрлігінің 1993 жылғы келісімі бойынша Әл-Азhар университетіне оқуға талапкерлер жіберілетін болды. Әл-Азhар университетінде 50-ден астам қазақстандық шәкірттер оқыды (1998). Жоғарыда аталған келісім бойынша Әл-Азhар университетінен келген үш ұстаз Алматыдағы Ислам университетінде діни пәндерден сабақ береді. Каир мен провинция арнаулы діни мекемелер де Әл-Азхар университеті құзырында. Университетті Әл-Азхар университетінің шайхы (ректор) басқарады. Ол әрі бас имам. Египет өкіметінде Әл-Азхар университеті істері жөніндегі министр тағайындалған. Университеттің орталық кітапханасында 80 мың кітап, 20 мың қолжазба сақтаулы. 1929 1936 жылы аралығында “Ислам нұры”, одан кейін “әл-Азхар” аталған арнайы журнал шығып тұрады. ==Әл-Азхар университетін бітірген қазақтар== *Қайрат Жолдыбайұлы *Ершат Оңғаров *Ержан Малғажыұлы *Қабылбек Әліпбайұлы *Сансызбай Құрбанұлы *Ризабек Батталұлы *Жасұлан Жүсіпбеков *Медет Құрмашұлы *Нұрлан Анарбаев *Мәлік Төлебай *Рахымжан Әкімбеков *Бауыржан Абдуали *Тілекқабыл Амангелді *Абдусамат Оқан *Руслан Серғазиев ==Бағыты== Сүнниттік, Әһлу Сунна уәл Жәмәға == Дереккөздер == Санат:Ислам университеттері мен колледждері Санат:Мысыр жоғарғы оқу орындары Санат:Әл-Азһар университеті
'''Бесжақсы''' қазақтың дәстүрлі мүліктік қатынастарында ерекше мәнге ие сый, тарту, айып жүйесінде оның құрамын анықтайтын ұғым. Ол тоғыз беру салтына қатысты жиі айтылады. Бесжақсы сөзінің өзі ерте кезде ең жоғары, қымбат деген өлшемдік ұғымды білдірген. Үш тоғыздың ішінде бесжақсы болуы шарт. Сол бесжақсыға «жанды тоғыздан» қара нар, емшегі тұтам бие немесе қазанат, «жансыздан» қалы кілем, алмас қылыш не түзумылтық, тәуір киім (қымбат ішік, жібек шапан т.б.) жатады. Бесжақсыны, негізінен, ауқатты, дәулетті рубасылар беретін болған. Бұрынгы игі жақсылар, би, бай, мырза, батыр, ел ағалары арасында жүретін жолы да, орны да ерекше бағалы дәстүрге негіз болған. Елдің аса құрметті, беделді адамдары арасындагы достық, сыйластық сый-сыяпат ретінде, құдалар арасында қалыңмал, киіт орнына жүрген. Халық арасындагы жоғары құрмет пен марапат, сый-сыяпаттың ең жоғары түрі де осы бесжақсы дәстүрі арқылы көрсетілген. Бесжақсыға мыналар жатады: #қара нар; #жүйрік aт; #қалы кілем; #алмас қылыш; #бұлғын ішік. Құдалар арасында мұның бірі ұзатылған қыздың сәукеле бастаған асыл бұйымдарымен алмастырылады. Бесжақсының өзі 4-5 жылқыға бағаланған. Кейде бесжақсыға «бесжақсы» атанған берен мылтық, берік сауыт, сондай-ақ атан түйе не белі берік, қатепті қара нар енген. Бесжақсы түріне, дәрежесіне қарай бас жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы болып үшке бөлінеді. Мұның бәрі бағалы кәде қатарына жатады. Кейбір өңірлерде «алты жақсы» деген де бар. Бұл дәстүрде бесжақсыға тағы да бір, мысалы, алтын, күміс жамбы, күмістеген ертоқым немесе кісе белбеу сияқты «жақсы» қосылады. Атақты Бөрібай ақынның өлең шумақтарында ''Ошақты Құлназарға құн бермексің, ''Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермексің... деген жолдар кездеседі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
Қазақтың бесқаруы '''Бесқару''' қазақтың дәстүрлі жауынгерлік қаруларының толық кешені. Байырғы ортада «Ер қаруы бесқаруға» өзіндік жұмсау тәсілімен ерекшеленетін ату қаруын (садақ, оқ), түйреу қаруын (найза, сүңгі), кесу қаруын (қылыш семсер, сапы), соғу қаруын (шоқпар, гүрзі), шабу қаруын (балта, айбалта, шақан) жатқызады. Қарулардың бұл бес тобы көшпенді қоғамда біздің заманымыздың мыңжылдықта пайда болған. Дәстүрлі ортада XIX ғасырға дейін қолданылып келді. Бесқарудың әрқайсысының жұмсалу тәсілдерінің ерекшеліктері негізінде найзагерлер, қылышкерлер, айбалташылар және садацшылар секілді жеке әскери қосындар құрылған және шайқас кезінде қолданылатын әскери тактикада маңызды рөл атқарған. Көшпелілердің соғысы алғашқы сәтте алыс қашықтықтан садақ атысудан басталып, кейін шығынға ұшыраған жау әскеріне сүңгімен соққы беріп, қоян-қолтық ұрыста қылыш, айбалта, шоқпар қолданған. Күштің тепе-теңдігі бұзылған жағдайда, қаша ұрыс салып, шауып келе жатып артқа садақ тарту арқылы жауды шығынға ұшыратып отырған. Байырғы ортада алқалы топ жиналған үлкен ас-тойларда бес қару түрлерінен сайыстар (садақ aтy, найзаласу, қылыштасу, айбалта және шоқпармен соғысу) өткізілген. Ал батырлар бесқаруды толық жете меңгеруге және олармен қарулануға міндетті болды. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінде «Атыспақ керек пе, шабыспақ керек пе, алыспақ керек пе» деп, жекпе-жекке шыққан батырлардың бір-біріне дөңайбат көрсетіп, бопсалау сюжеттері молынан кездеседі. Бұл да батырлардың қару игеруде бесаспап болғандығының айғағы іспеттес. Көшпелі халықта көне заманнан ер қаруы киелі саналған. Ер қаруын жасауға бірнеше адам қатысып, магиялық ғұрыптар атқарылатын салт түрінде өтті. Ер қаруын магиялық күші бар жанды зат ретінде қабылдап, айқас алдында қарумен сөз арқылы серттесетін болған. Бағзыда бесқарудың әрқайсысының белгілі бір әулие-пірлері бар деп ұғынған. Фольклорда бесқарудың пірлері ретінде Рүстем мен Дастан сияқты парсы, түркі халықтарына ортақ көне мифтік қаһармандармен бірге Дәуіт, Халел-Ибраһим пайғамбарлардың есімдері аталады. Байырғы ортада «жауынгердің жаны ер қаруында болады» деп сенген, сенімнің көрінісін көруге болады. Қару батырдың жанын сақтаушы ретінде батырмен бірге жасап, онымен бірге «өледі» деп түсінілген. Дәстүрлі ортаның жерлеу салтында өлген жауынгердің қаруын сындыру ғұрпы жасалып (қаруды бүлдіру арқылы ондағы адам жаны немесе қарудың өз жаны азат етіледі деп сенген), сынған қару иесімен бірге жерленді. Сарбаздың ер қаруын моласына қою салты қазақтарда XIX ғасырға дейін сақталды. Бесқару қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды белгілейтін, патшалық биліктің, жоғары дәрежелі әскери лауазымдардыц дәреже белгісін білдіретін символдық атрибуттар ретінде қолданылды. Дәстүрлі қоғамда бесқару атадан балаға мұра болып қалатын киелі мүлік, түрлі әлеуметтік байланыстардың, мемлекетаралық, руаралық, әлеуметтік жіктер өкілдерінің арасындағы қатынастардың деңгейін белгілейтін белгі және қалыңмал, киіт сияқты ғұрыптық сый-тартулардың құрамындағы ең бағалы зат болып саналады. == Бесқаруды мадақтау == Қаруды мадақтап, серттесу рәсімі. Қару-жарақты анимистік таным бойынша жаны бар зат ретінде елестетіп, батырлар майданға кірер алдында қаруын мадақтап, онымен серттесуіне байланысты туған. Бес қарудың ішінде мылтық пен қылышқа, әсіресе, қылышқа сыбаға қылу салтының болғандығын аңыз-әңгіме, байырғы жырлардан кездестіруге болады. Қылышын мадақтап, оның суарылуы мен тойтарылуын айтып, «бір сыбаға қылғаны» туралы аса көркем жыр жолдары соның куәсі: ''Тойтаруына шыдамай, ''Тоқсан шәкірт мойыған. ''Суаруына шыдамай, ''Айдын көлдер құрыған '' (Ш.Уәлиханов). Батыр қылышын: ''«Айдынына шыдамай, ''Ай бұлтқа сынған, ''Көруіне шыдамай, ''Күн бұлтқа сынған» деген бейнелі сөзбен дәріптейді. Кей жырларда батыр қылышын дұшпанына айбарлы көрсету үшін селебе, қылышының таптауы мен егеуіне дейін мадақ айтады: ''Егеуіне келгенде, ''Елу ұста жиналған. ''Таптауына келгенде, ''Тамам ұста жиналған. '' («Әлібек» ертегісі) == Бесқарудың түрлері == Ертеде бесқаруға қару біткеннің бәрін жатқызбаған. Бесқару деп тартыспақ (садақ), атыспақ (мылтық), шанышпақ (найза, сүңгі), шабыспақ (қыльш, алдаспан, селебе) салыспақ (шоқпар, айбалта) сайыстарында жекпе-жекте жұмсалатын қаруларды атаған. Бесқару тіркесі ертегі, жырларда жиі кездеседі. ''Берік сауыт кигізді, '' Садағын сала байланып. ''Ер қаруы бесқару ''Бесеуін тамам ілгізді '' (Құбығұл) Бесқарудың ел арасында айтылатын әртүрлі нұсқалары бар. 1899 жылы Орынбордан шыққан жинақта автор байырғы ортаның Бесқару түрлеріне талдау жасап көрген. Бір нұсқасында бесқаруға #пышақ; #найза; #қылыш; #садақ; #мылтықты жатқызады. Тағы бір нұсқасында: #пышақ; #таяқ; #біз; #шақпақ; #жіп тәрізді тұрмыстық заттарды (бес аспапты) Бесқаруға жатқызады. Тегінде бұл нұсқаның көне дәуірдегі аңшылық кәсібіне байланысты айтылуы ғажап емес. Қылыш, алдаспан, сапы селебенің «жетім құрыш қылыш» (Сүйінбай Аронұлы), «бүктемелі семсер» (Нұрхан Ахметбекұлы), «сағасы алтын нар болат» («Орақ» жыры), «алмас тая» («Қамбар батыр») «қынабын алтын қырқар» («Қыз Жібек») тәрізді тұрақты баламалары мен атаулары халық әдебиеті мұраларында, ақын жырларында аса көп ұшырайды. ''Жеті қат жерден өткен зұлпықардай, ''Қашауым қара тасты кетті іріп, деген екен Шашубай ақын. Қазіргі оқырман зұлпықар сөзінің мағынасын бірден аңғара бермейді. Зұлпықар омыртқа кесер. Әуелде бұл атаудың пайда болуы діни әпсанаға байланысты. Мысалы, қазақ тілінде аспаннан түскен төрт кітап деген ұғымға ұқсас көктен түскен төрт қылыш (хәмкам, сәмсем, зұлқажа, зұлпықар) деген ұғым да бар. Қашаған ақын «домбыраны қу ағаш» деп тіл тигізген молданы: ''Бұрынғы өткен заманда ''Болған екен көп ұрыс. ''Көп ұрыстың кезінде ''Жәбірейіл жәннеттен ''Алып келген төрт қылыш. ''Төрт қылыштың атын атайын: ''Біреуінің аты Хәмхам ''Біреуінің аты Сәмсам ''Біреуінің аты Зұлқажа ''Біреуінің аты Зұлпықар ''Қынабына солардың ''Қап та болған бұл ағаш! деп уәжді сөзбен тұқыртады. Байырғы өлең-жырларда кездесетін көмескі сөздердің мағынасын әртүрлі ескілікті аңыз, әпсаналарда айтылатын деректермен салыстыра отырып анықтауға болады. Кейбір сөздіктердің көрсетуінше «Зұлпықар Мұхаммедтің Бадра шайқасында жаудан тартып алған қылышы, ол кейін Әліге мирас болған». Бұл сілтемеге қарағанда қазақтың «аса таңдаулы қылыш» мағынасында айтылатын берікәлі атауы осы дерекпен сабақтас болуы ықтимал: ''Дүниенің білдім жалғанын, ''Көтердім басқа салғанын. ''Сол болды жалғыз арманым. ''Берікәліні шалмадым. '' Мұндағы берікәлі сөзінің „берік“ және „әлі“ сөздерінен бірігуінен жасалғандығын байқауға болады. Сонымен, берікәлі «Әлгіге мирас болған зұлпықардың» (бұл сөздің дыбыстық өзгеріске ұшыраған нұскасы зүлперін) баламасы. Осындай фольклорлық тәсілдерді І.Жансүгіровтің образды сөз өрнегінен ұшыратамыз: ''Шалғыны шыңғырлатып жанып-жанып, ''Жоңқабай жоңышқаға қалды салып ''Әлінің кеуір қырған зүлперіндей, ''Үйіріп қырып-жойып кетті жарып. Аспақаны қылыш қылыштың жасалған жеріне байланысты қойылған атау. ''«Қатын алсақ қызылбастан ал, Қылыш алсаң Аспақаннан ал, aт алсаң Арабстаннан ал»'' деген мақал бар. Байырғы қару-құралдарға (бес қаруға) қатысты кейбір көне атаулар қазіргі оқырманға мүлде түсініксіз. Мұндай мәтіннің «күңгірт» тұстары оқырманның жете ұғынуына біршама киындық келтіреді. ''Көлторғай адыра қалғыр, көрген жерім, ''Бұлағай ойран, әлек салған жерім. ''Көк найза, қара санай атылса да, ''Қайтармай қайтқаным жоқ аттың терін '' (Шәңгерей Бөкейұлы) Осындағы санай (қара санай) садақтың қазақ тіліндегі тағы бір көне атауы. Бұлай дейтініміз Л.Будагов тобыл татарларында кездесетін санай сөзін «садақ» деп көрсеткен. Садақтың, саржаның, бұқаржаныц, санайдың жебесіне қатысты «қозы жауырын көктеме оқ» (Шынтасұлы Төрехан), «қармаулы қабыл жебе» («Қыз Жібек»), «Қарға жүнді қасалақ оқ» («Қозы Көрпеш Баян Сұлу»), «Қарға жүнді қамыс оқ», «Күшіген жүнді қамыс оқ», «Тазқараның тайлақ жүнімен жүндеген оқ» тәрізді тұрақты сөз тіркестері ауыз әдебиеті мұраларында көп кездеседі. Осылардың қатарындағы тоқал оқ қорамсақтағы жебені сындыру үшін қолданылатын оқ (Бұл сөз «Ер Тарғын» жырының Радлов нұсқасында кездеседі). Мылтықтың түр-түріне байланысты айтылатын көне атаулардың бір тобы байырғы ақын-жыраулар шығармаларында жиі айтылады. Ал «қара мылтық» деген тіркес білтелі мылтықтың бір түрі болса керек. Қырғыз тілінде қара мылтық «пистонсыз атылатын мылтық» ұғымын білдіреді. М.Әуезов шығармасынан сирек үлгілердің бірі үрімді мылтық атауын кездестіреміз. Керейден Бегеш деген кісі Абайға елші боп кеп: Ерге жара түйін деген. Үрімді мылтық өзі атып, өзі түзеледі дейді. Осы фразеологизмге назар аударсақ, үрімді мылтықтағы «үрім» «Рум (Византия) мылтығы» дегенді аңғартатын тәрізді. Әдеби мұралар тілінде кездесетін үш тосарлы қанды ауыз (І.Жансүгіров), кер мылтық дегендер мылтықтың сирағына (аяғына) байланысты айтылса, құндағының көлеміне қарай әукелі құндақ ақ перен, мылтықтың қысқалауы ақшолақ ұзындауы ақ сырық мылтық («Қыз Жібек»), шаңғыл (винтовка), самқал деп аталады. Оғы алысқа ұшатындарын қозыкөш (Ш.Уәлиханов), тағы бір түрін қорама мылтық деп атаған. ''Желп-желп еткен ала ту ''Жиырып алар күн қайда? ''Орама мылтық тарс ұрып, ''Жауға аттанар күн қайда? Осындағы орама мылтық жоғарыда аталған қорама мылтықтың нұсқасы болуы ықтимал. Бес қаруға жататын айбалта, найза, сүңгі, шоқпардың (келтек, coтa) түр-түріне қатысты айтылатын алмас құрыш айбалта, тарақ балта («Қамбар батыр»), толғамалы ала балта, жалманы қарыс балта, алты құлаш ақ найза, қималы найза (Махамбет), Қобылан соққан ақ найза (Сүгір Мырзалыұлы) тәрізді атаулар поэтикалық нұсқалар ретінде айтылады. М.Әуезовтің тіл қолданысында төсжара қайың шоқпар, сегіз қырлап жонған қайың шоцпар деген тіркестерді кездестіреміз. Сақетердің қандай қару атауы екендігі қазіргі оқырманға күңгірт. Профессор С.Аманжоловтың көрсетуінше, сақетер қылыштың бір түрі. Бұл сөзді қырғыз тіліндегі «шынжыр, тәрізді ескілікті қарудың түрі» дегенмен де салыстыруға болатын тәрізді. Ал сақсырдың қандай мағынадағы сөз екенін ноғай тілінің дерегімен салыстыра отырып анықтауға болады. Ноғай тілінде сақсыр қой терісінен (жүнін ішіне қарата) жасалған шалбар. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бесаспап''' жан-жақты, шебер адам. Зергерлікті, ағаш ұсталығын, етікшілік, теміршілік, ершілік кәсібін қатар меңгеріп, әрбір кәсіп саласында қолданылатын жұмыс істеу тәсілін толық меңгерген адамды байырғы ортада бесаспап деп атаған. Жергілікті тілде әмбебап, сарамжал атаулары да кездеседі. Дәстүрлі дала мәдениетінде киіз үйді бір өзі ғана жасайтын адамды да бесаспап деген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
аралары шынжырмен біріктіріліп жасалған білезік пен сақиналардан тұратын, екі-үш саусаққа қатар киетін сәнді әшекей түрі. Тас қондырылып, түрлі өрнектер бедерленген білезік тойнақпен бекітіліп, оған жалғанған үзбеге шынжырлармен 2-3 сақина байланады. Білезігі жалпақ болады, сақиналары құстұмсық, отау түрлерінде жасалады. Үзбесі қол үстінен өтетіндей. Алдымен сақиналары киіледі. Білезігіне кейде топса салынып, алып-салуға ыңғайлы етіп жасалады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
Möbius strips, which have only one surface and one edge, are kind of object studied in topology. '''Топология''' (; орын және сөз, оқу) математика ғылымының кеңістіктегі нүктелердің зерттейтін бөлімі, мысалы ''қисындылық'' немесе ''ойға қонымдылық''. depiction of thickened trefoil knot, the simplest non-trivial knot == Тарихы == The Seven Bridges of Königsberg is famous problem solved by Euler. Леонард Эйлердің 1736 жылғы Кёнинсбергтің жеті көпірі атты ғылыми мақаласына негізделген теориядан тарайды. Бүгінгі күнгі топология ғылымында ең алғашқы ғылыми трактат саналады. continuous deformation (a type of homeomorphism) of mug into doughnut (torus) and back. Equivalence classes of the English alphabet: Homeomorphism Homotopy equivalence 270px 300px ==Сілттемелер== ==Арғы оқылымдар== Rysxard Engelking, ''General Topology'', Heldermann Verlag, Sigma Series in Pure Mathematics, желтоқсан 1989, ISBN 3885380064. Bourbaki; ''Elements of Mathematics: General Topology'', Addison–Wesley (1966). Waclaw Sierpinski, ''General Topology'', Dover Publications, 2000, ISBN 0486411486 == Сыртқы сілттемелер == Elementary Topology: First Course Viro, Ivanov, Netsvetaev, Kharlamov The Topological Zoo at The Geometry Center Topology Atlas Topology Course Lecture Notes Aisling McCluskey and Brian McMaster, Topology Atlas Topology Glossary Moscow 1935: Topology moving towards America, historical essay by Hassler Whitney. Topology Санат:Топология
'''Бескүл''' бес бұрыш, бес бұрышты өрнек. Кілем, түскиіз, құрақ көрпе, бөстекке салынатын бескүл өрнегінің атауы шартты түрде солай болғанымен, ұштары үшкіл қырлы емес, доғалданып келеді. Құрылыс өнерінде жиі кездеседі. Керегекөз тәрізді бес элементтің бір ұшы ортада түйісіп, ұштары «бескүлденіп» тұрады == Дереккөздер == Құрылыс онерінде жиі кездеседі. Керегекоз тэрізді бес элементтің бір үшы ортада түйісіп, үштары «бескүлденіп» тұрады (қ. Өрнек). Санат:Мәдениет
'''Бесқасты жүзік''' жүзік атауы. Үстіңгі жалпақ бетіне бес жерден көз асыл тас қондырылған бесқасты жүзік қазақы ортада таралған этномәдени мәнге ие, отбасы- некелік салтындағы құдалықта тарту орнында жүретін құдағи жүзіктің сондай-ақ қос бауырдақты жүзіктің, адай жүзіктің ерекше бір түрі болып саналады. Бесқасты жүзіктің алақаны (саусақтың үстінде тұратын дөңгелек бөлігі) үлкен төрт саусақтың үстін жауып тұратындай көлемде болады. Оның астында екі-үш саусаққа қатар киілетін қос бауырдақ орналасады. ҚР MOM қорындағы қос бауырдақты құдағи жүзік бесқасты етіп күмістен соғылып, алтынмен апталған. Ширатпа, қас кондыру, сіркелеу тәсілдерімен айшықты етіліп жасалған жүзіктің өлшемі 5x7,2 см. Алақаны ортасында дөңгелек көз, оны айнала төрт тарапында жапырақ пішінді кішілеу көздер орнатылған. Көздің айналасы қозамен құрсауланып, ортасына сіркелеу тәсілімен бет-бедер салынып, астына қызыл түсті шыны орнатылған. Алақанның қырына ширатпа салынып сәнделген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бестақа етік''' пішілген, қоныш ұзындығы орташа, өкшесі аласа келген, түзу табан әйел етігі. Табан мен етік басының арасына қабатталып ұлтан тігіледі. Өкшесі қабатталған тасұлтаннан салынып, мық шегемен бекітіледі. Етіктің белтірісі мен оймасына көксауыр теріден екі қатар сыздық жүргізіледі ҚР MOM қорындағы бестақа етік қара теріден тігілген, тұмсығы үшкірлеу келген, түзу табан, аласа өкшелі. Өкшесі қабатталған тасұлтаннан салынып, мық шегемен бекітілген. Қонышы аузына қарай кеңдеу келген, қылтасында кішкене тілігі бар. Қоныш алды 26,5 см, арты 33 см, тұрқының ұзындығы 23 см, табақ ені 4,5-7,5см, өкшесінің биіктігі см. Етіктің белтірісі мен оймасына көксауыр теріден екі қатар сыздық жүргізілген. Табан мен етіктің басының арасына ұлтан қабаттап тігілген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бестаспа жалпақ өрім''' дәстүрлі қолөнерде қайыстан бұйым, әбзел, жабдық жасауда қолданылатын өрім тәсілінің түрі. Бестаспаны жалпақтап ору үшін алақан қалдырып, әдеттегіден сәл жалпақтау бес таспа тіліп, біркелкі етіп қырларын сыдырып майдалайды. Содан соң шетіндегі (бесінші) таспаны одан кейінгі екінші, төртінші, үшінші таспаның үстін бастыра, сол жаққа тастап өреді. Содан соң бірінші таспаны екінші мен бесіншінің үстін бастыра, үшінші таспаның астынан шалып оң жаққа тастаймыз. Әрі қарай төртінші таспаны бірінші мен үшінші таспаның үстін бастыра сол жаққа тастайды. Осы тәсілмен екі жаққа апма кезек біртаспадан ауыстырып өре отырып жалпақ өрім шығарады. Бұл өрім құстың таңдайына ұқсайтындықтан құстандай, бесқасқа немесе бестандай деп те аталады. == Дереккөздер == Санат:Қазақ өнері
'''Бестаспа жұмыр өрім''' қайыс өруде қолданылатын өрім түрі. Ол «бестемше» деп те аталады. Оны өру үшін, алақан қалдырып, бес таспа жұмырлана, сыптығырлана тілініп, сыдырылып нөмірленеді. Әрі қарай бесінші таспа өзінің алдындағы үш таспаның яғни төртінші, үшінші және екінші таспалардың астыннан шалынып, сол жаққа қарай түседі де, бірінші таспа олардың барлығының астыннан шалынып, оң жақка тасталады. Содан соң бесінші таспа екінші мен үшінші таспаның үстін баса, екінші таспаның астынан шалынып, сол жаққа тасталады. Міне, осы тәртіппен қайталанып өріліп, бес таспадан өрілген жұмыр өрім шығады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бесті''' бес жасар жылқы. Жылқы бестісінде белі әбден қатайып, толысып, тісейді (азу тісі шығады). Дәстүрлі ортада беске толған ақталған жылқыны бесті ат, ал ақталмағанын бесті айғыр деп атайды. Дегенмен ақталған бесті атқа балама ретінде жуан aт, белді ат деген атаулар қолданыла береді. Ал түр-түсіне, жынысы мен жасына байланысты торы бесті (айғыр, бие), қара бесті (айғыр, бие) т.б. деп атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бесік дайындау''' нағашы жұрттың бесік дайындап әкелу салты. Дүннеге келген нәрестеге нағашы жұрты бесік, балаға бала шешесіне ана болғанына орай кимешек пен жейтін қалжа асын, немересіне көйлек-көншек апаратын болған. Кейбір өңірлерде нағашыларынан бесік келгенше баланы бөлемеген. Бұл байырғы аналық дәуірдің неке салтынан сақталған сілем болса керек. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан мәдениеті
'''Бесік керту''' отпен аластау ғұрыптарының түрі. Бесік керту баланы бесікке алғаш бөлердің алдында атқарылады. Сондай-ақ бала ұйықтамай, тынышсыздана беретін болса да бесік керту ғұрпы жасалынады. Әдетте бұл ғұрыпты баланың әжесі қыздырылған темірмен бесіктің бала жатар тұсын, арқалығын және басын қари отырып: «Алас, алас, а, құдайым, тіл-көзден сақтай гөр! Тфә, тфә» деген аластау, қорғау магиясында қолданылатын сөздерді айтады. Мұнысы бесіктегі балаға жын-шайтан жоламасын дегенді ырымдағаны. Сондай-ақ бесікті отпен аластаудың төмендегідей бесікті сырықтау деп аталатын түрі бар. Күндіз болсын, түнде болсын бесікке баланы саларда, металл немесе қыш ыдысқа салынған адыраспан, aршa, қаражусан т.б. хош иісті өсімдіктердің бірін түтетіп, қас күштерді қуып, бесікті тазалайды. Кейде сіріңке шағып, отпен аластап, зиянкестерден қорғану шараларын жасайды. Аластау кезінде, ыдысты немесе тұтанған отты бесіктің бас-аяғын тегіс айналдыра: Алас, алас, баладан алас Бәледен қалас, Иесі келді, пәлесі көш! Бәле-жаладан сақта, Көзі қызыл болмасын, Көті қызыл болмасын деген сөздер айтылады. Немесе: Алас, алас, алас! Әр пәлеңнен қалас! Көзі жаманның көзінен алас! Тілі жаманның тілінен алас! Уы жаманның уынан алас! Қырық қабырғасынан алас, Отыз омыртқасынан алас! Алас, алас, алас! Қыла гөр алла мың пәлеңнен қалас! сондай-ақ: Алас, алас, аласы Келді міне, баласы. Көш, көш бәлесі Келді міне иесі. деп бесікті аластап шығып, онан соң барып баланы бөлеуге кіріседі. Баланы тіл-көз тиюден сақтандыру мақсатында темір мен оттың қорғаушы күші бар деген ежелгі ұғымға байланысты бесікті, шүмекті қыздырылған қысқашпен қарып зиянкес күштерден аластайды. Сондай-ақ отқа «сырық тұз» қыздырылып, бесікті осы тұзбен ысқылайды. Бала бесікте жатқанда шошымау үшін жастығының астына нан, сарымойын пышақ жастайды, бесік басына үкі, қасқырдың тұяғын қадайды. Балаға тұмар тағады. Бала шоши берсе, ішінде суы баржа ыдысты баланың басынан жоғары ұстап, суға балқыған қорғасын құйып жібереді. Бұл ырымды қорықтық деп атайды. Ыдыстың түбіндегі қорғасынның сұлбасы бір жануарға, затқа ұқсас болып тұнады. Хайуандарға ұқсаса, содан шошынғандыгын анықтап, ем-дем жасайды. Кейде сәбидің маңдайына қазанның түбінен алып, қара күйе жағып та қояды. Бесікте жатқан баланы емізудің де өзіндік әдістері бар. Мойны бір жағына қисық болмасын деп, баланы екі жағынан кезек-кезек емізеді; бесіктің арқалығына қолтығын сүйеп, тізерлеп отырып емізеді; баланы қараңғыда емізбейді, емізер алдында шам жағуы шарт. Қазақстанның кей жерлеріне ертеде “бесік кертпе құда” болып, қыз бен ұлды бесіктегі кезінен атастыру салты да болған. Мұндайда ұлдың ата-анасы қыздың бесігін кертіп, теңге тағып, жол-жоралғы жасаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Қазақ салт-дәстүрлері
'''Бесік құда''' бесікте жатқан сәбилеріне құдаласу жоралғысы. Бірінің ұлы, екіншісінің қызы бар, қыз алысуға болатын адамдар, құдаласу салты бойынша, қалыңмалын алдын ала өтеп те қояды. Оны «қарғы бау» деп атайды. Мұнан кейінгі құдандалық жора-жосындар дәстүрлі ортада қалыптасқан норма, қағидаттар бойынша өткізіледі. Жосын барысында бесік керту жоралғысы жасалады. Бесік құданың бесік керту құда деп аталуы сондықтан. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бесікке бөлеу''' баланы бесікке бөлеу тәсілі. Дәстүрлі ортада қол-аяғы түзу, қалыпты жетілу үшін баланы шыттан тігілген матамен жөргектеп бесікке бөлейді. Бала дүниеге келген соң, кіндігі түспей тұрып, баланың денесін терлетпей салқындатып тұратын шыт матадан тігілген жөргекпен құндақтайды. Арнайы тігілген екі жөргектің бірі бірінші жөргектің үстіне бір жарым қарыстай жоғары төселеді. Жоғары шығып тұрған екінші жөргекке баланың маңдайын жауып тұратындай етіп басын, қолын құндақтайды, ол баланың мойны қисаймай тік қалыптасуына негіз болып, құлағын, басын суық тиюден сақтайды. Бала есейіңкіреген кезде оның басын қосып құндақтамай, басына, жыл маусымына қарай, баскиім кигізеді. Бір жарым қарыс төмен төселген бірінші жөргек баланың жамбас бөлігін жауып тұрады. Бала қолын шығарып алмау үшін шынтақ тұсынан бесік баумен байланады. Түбекті қойып, шүмегін салған соң, түбектен төмен төселген жөргекпен баланың аяғын түп-түзу етіп қосып құндақтап, жөргектің екі ұшын айқас шығарып, тізесінің үстінен келтіріп, баланың аяғына батуы мүмкін болғандықтан, екі ұшын байламай кері қайтарып шетіне тығып қояды. Жөргектің аяқ ұшына қараған бөлігі кері қайтарылып жабылып, бесік баумен байланады. Кейде баланың екі аяғын қосып құндақтағанда тізелері мен тобықтарының аралары бір-біріне тиіп қызарып кететін жағдайлар болады. Мұндайда төмен төселген жөргекті кері қайтарғанда тізе және тобық араларына шыт жөргекті қалдыра отырып құндақтайды. Егер қыс мезгілі болса, мақта салынып, сыртынан тысы да, астары да шыттан арнайы тігілген көрпемен жабылады. Егер жаз мезгілі болса құндақталған баланы сыртынап мақта матадан тігілген жөргекпен қымтап жауып жатқызады. Құндақталған бала анасының емізуіне де өтe ыңғайлы және бесікке де тез үйреніп кетеді. Егер құндақталмай бос ұсталса, бала бесікке тез үйрене алмай, анасы бір-екі күн қиналады. Құндаққа үйренген бала бос жата алмайды, ол құндақтамайынша немесе бесікке салмайынша ұйықтай алмай, жылап мазасы кетеді. Бос бесіктің арқалығын ыстық шымшуырмен (көсеумен) үш мәрте қариды. Баланы бесікке бөлер алдында да ыңылдай отырып, ырымдық мәндегі жыр жолдарын айтады: ''Мойнымдағы тұмарым ''Тарқамайтын құмарым ''Құдай берген алсын деп ''Ақ бесікке салсын деп ''Мойнымдағы маржаным ''Қорадағы мал-жаным ''Бесігіңе жата ғой ''Тәтті ұйқыға бата ғой! немесе: ''Балам жатсын бесікке ''Пәле қалсын есікте. Сондай-ақ, шешіп аларда да ырымдық сөздер айтады: ''Анасы шешіп алсын ''Ұйқысы бесікте қалсын. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
''Топырақ''. '''Топырақтану ғылыми-зерттеу институты'''– топырақ пен оның жамылғысын кешенді түрде зерттейтін ғылыми-зерттеу мекемесі. 1945 жылы Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаевтың ұсынысымен құрылған. Институтта ғылыми бөлім мен лаборатория, аспирантура, диссертациялық және ғылыми кеңес жұмыс істейді. alt=A. Негізгі ғылыми бағыттары Қазақстан аумағындағы топырақ пен оның жамылғысын зерттеудің ғылыми негізі; топырақ ресурстарының өнімділігін арттыру және оларды пайдалану; топырақ құнарлылығын арттыру; топырақ экологиясы мен оны қорғау мәселелері. Институт ғалымдары топырақ пен оның жамылғысының қазіргі жағдайын анықтау үшін зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде графикалық ақпарат және цифрлық мәлімет беретін әлемдік дәрежедегі жаңа топырақ картасын жасады. Сонымен қатар еліміздің экологиясы нашар аудандары топырақтарының қазіргі жағдайын анықтап, оларды болашақта тиімді пайдалану жолдарын ұсынды. Институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1974). ''«Қазақстанда суландыруды дамытуды жетілдіру үшін топыраққа мелиорациялық баға берудің ғылыми негізі»'' атты монографиясы үшін 1984 жылы институттың бір топ ғалымдарына (Ж.Аханов, Қ.Қаражанов, В.М.Боровский, М.А.Орлова, Л.И.Пачикина, В.А.Корниенко) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан ғылыми-зерттеу институттары Санат:1945 жылы құрылған ұйымдар
'''Бесін''' түс ауып, күн ұясына отырғанға дейінгі уақыт, мезгіл. Ел ішінде бірнеше түрге ажыратылып айтылады: *ұлы бесін күннің қақ маңдайга келген кезі; *кіші бесін күннің маңдайдан ауған кезі; *құлама бесін бесіннің аяққы кезі. Уақытты осылай межелеудің шаруашылық және ғұрыптық мәні болды. Ұлы бесін төрт түлік малдың тегіс жусайтын кезі. Осы уақытта қой, ешкі, сиыр, түйе және бие сауылады. Кейде осы мерзімде ауырған малды анықтап, емдеу шараларын да қолданады. Құлама бесін кезінде өрістегі малды қораға қарай айдап келуге дайындық жасалады. Яғни малдың «бас-аяғы» түгенделеді, аттың босаған айылын тартып, қажеггі әзірлік жасалады. Малды қораға қарай беттетеді. Ал кіші бесін кезінде күні бойы оқылатын парыз намазының екіншісі атқарылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бет көрісу''' дәстүрлі ортадагы аза тұту ғұрпының бірі, марқұмның артында қалғандарға ағайынның, құдалардың, көңіл айтып, арнайы баруы. Қазақ дәстүрінде егер бірі марқұмның жаназасына келе алмай қалса, адамы қайтқан үйге жылдығына жетпей бет көрісуге келуі тиіс. Ауыл арасы жақын болса, мүмкін болса, жаназаға қатысқаны, әрі кетсе қайғылы хабар тиген соң-ақ марқұмның жетісі, қырқы тәрізді атқарылатын рәсімдерге дейін барғаны дұрыс деп саналады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Беташар табақ''' беташар атқарылғаннан кейін ет тарту сәтінде келінге бөлек тартылатын табақ. Оған үлкендер жағы «ұл тaп, тестей қайқайып жүріп қайын жұртыңа қызмет ет, тастай бат, судай сің» деп тілек тілеп, ырымдап, ұлтабар мен тәстің басын салып береді. Келін бұл табаққа сәлем салып, тағамды қабылдайды. Халық ұғымынша көк бауырды «жарыңмен ажырасасың» деп ырымдап, келінге бермеген. Қазақтың келін түсіру салтында, келіннің бетін ашқан жігітке арнап сыйлайтын асты да беташар табақ деп атаған. Беташар табаққа тіл-жақ, жүрек-бауыр, ортан жілік, жауырын, белдеме, арқа, қабырға салып, үстіне таңдай қосады. Табақ үстіне әдемі кестелі қолжаулық жабады, болса күміс жүзік, теңге қояды. Бет ашқан жігіт отырып, теңгені, жүзікті, ққолжаулықты бөлісіп алады да, бата жасайды. Әнші жігіт таңдайым тақылдасын деп, алдымен таңдайды алып жейді. Қалған етті даяшы нөкерлерімен бәрі бірігіп бөліседі. Дәстүрлі ортаның табаққа тіл-жақ, таңдай тартуы «шешен, әнші болыңдар, бұлбұлдай сайраңдар, тілдеріңнен бал тамсын, келіннің беті жарық, жолы ашық болсын», жүрек салғаны «жүрек таза, ниет ақ болсын», бауыр салғаны «бауырдай жақын болыңдар, сұмпайы тіл болмасын» деген тілекті ғұрыптық сөзбен білдіргені. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бетжүздік киім''' қымбат матадан тігілетін сән-салтанатты киім. Дәстүрлі ортада әлеуметтік жағдайы жоғары бәйбішелері мен қыздары бетжүздік киімді шебер, ісмер әйелдерге арнайы тапсырыс беру арқылы тіктірген. Тойға, үлкен мерекелерде киілетін бетжүздік киімді жұпар иіс шығаратын заттармен бірге арнайы жасалған сандық, кебежеге салып сақтаган. Сондай-ақ жараған, сирек мінілетін атты да бетжүздік ат деп атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бетке күйе жағу''' ғұрыптық жаза түрі. Байырғы ортада кінәлі жандарға істеген ісінің ауыр-жеңіліне қарай жаза тағайындаған. Ондай жазаның бірі бетіне күйе жағып, мойнына құрым киіз іліп, есекке немесе өгізге теріс мінгізіп, ел аралатып қорлау болған. Арына тиіп, ел- жұртқа масқара болардай жазаға ұшыраған адамның сол елде қалуына мүмкіндігі де болмайды. Дәстүрлі ортада кейде билер шешімімен қылмыстының бетіне күйе жағылып, керегеге таңып, елді жиып, бетіне түкіртіп те жазалаған. Осындай масқаралап жазалау көрінісі «Қыз Жібек» фильмінде Бекежанды жазалауда көрінеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бетке салық, сүйекке таңба''' салтқа, жөн-жосыққа қатысты императивті этикалық нормалардың бұзылуымен байланысты тұтас бір әулеттің, тіпті рудың ар-намысына дақ түсіретін жағымсыз әрекеттің атауы. Ел ішінде қатаң сақталатын дәстүрді аттаған адамның жүзі қара ортадан аластаған белгісі ретінде етегін кесіп, елден қуу, бас құйқасын маңдайдан желкеге, оң самайдан сол самайға қарай қасқалап тілу (қасқалдақтау) сияқты әртүрлі масқаралау әрекеттері жасалған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бетке түкіру''' ұрмай-соқпай, балағаттамай қорлаудың, есе қайтарудың немесе масқаралаудың бір жолы. Орынсыз жәбірленген, әлі келмегендіктен, амалы құрып, зығырданы қайнаған адамдар өзіне зәбір көрсеткен, өлімжеттік жасаған адамның бетіне түкіріп, есе қайтарады. Адамды қорлаудың сорақы түрі саналатын мұндай әрекет жұрт көзінше жасалса, ұрыс-керіске ұласып, ауыр зардапқа соқтыруы мүмкін. Сонымен қатар бетке түкіру ру-қауым алдында қылмыс жасап масқара болған адамды билер сотының немесе ақсақалдар кеңесінің шешімі бойынша жазалаудың тұрғыдан ең ауыр элементтерінің бірі болды. Мысалы, осындай шешіммен есекке немесе өгізге теріс мінгізілген айыптының бетіне дүйім жұрт болып түкірген. Бұндай қылмысы әшкере болған адамды беті айдай болды дейді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бетперде''' ертеде өлік жөнелту салтында мүрденің бетіне жапқан ғұрыптық орамалдың немесе кездеме бұлдың атауы. Байырғы кезде көшпелі жұрттардың жерлеу салтында қолданыс тапқан ақыреттік зат түрлері: ауызтартқыш тарту, көзілдірік кигізу сияқты бағзыдағы салттан қалған бұйым. Археологиялық қазбалар барысында Іле бойынан табылған алтыннан құйылған маска, Тұрпан шұратындагы Астана қорымынан шыққан тоқыма бұйымдардан тігілген түрлі бетперделер мен көзілдіріктер осы ғұрыптын ежелден бастау алатындығын айғақтайды. Ақыреттік маскалар көбінесе гипс болмаса сағыз топырақтан немесе қыштан, бұлдан, тастан, темірден жасалған. Бетперде өлілер мен тірілер арасындағы шекараның символдық бейнеленуі. Осы ғұрыпты қазақы ортада өліктің бетін жасыру деп те атайды. Бетперденің ертеде қазақтар ғұрпында да болғандығын мадиярлардың көне жерлеу ғұрпын түркі хапықтарымен шендестіре зерттеген венгр ғалымы Бенко Михай еңбектерінде айтылады. Ол өліктің бетіне жабылатын «жібек бетперденің» Моңғолиядағы қазақтар арасынан кездестіргенін айтады. Ондағы бетперде бір құлашқа жуық шаршы жібектен жасалған. Оның бетке келер тұсынан екі көз, ауыз орны тесіліп, ауыз, көз пішінін қайталаған алтын сақиналар орнатылған. Алайда өте сирек кездесетін бұл жайт зерделі зерттеуді қажет етеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет