text
stringlengths
347
53.1k
'''Галина Николаевна Корчма''' (5.09.1969, Атбасар қаласы, Ақмола облысы) СШ-і (1989), ХДСШ (1990). 1990 ж. бастап ҚР-сы ұлттық штаттағы команданың мүшесі. ҚР-ның бірнеше мәрте чемпионы, Ислам елдері әйелдер арасындағы ойындарының жүлдегері (1998, Тегеран). 1998 ж. Өзбекстан ашық чемпионатында Ташкенте және 3-орын Бішкектегі Орталық Азия кубогінде 1, және 3-орынға ие болды. Ж-шылары: А.Иванов, А.Вохмянин. == Дереккөздер == Санат:5 қыркүйекте туғандар Санат:1969 жылы туғандар Санат:Атбасарда туғандар Санат:Қазақстан спорт шеберлері халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Қазақстан чемпиондары
бір елдің жерін, дүние-мүлкін тартып алып, халқын кұлдыққа түсіру үшін екінші бір елдің жасайтын қарулы шабуылы. Ежелгі және орта ғасырларда үздіксіз жүргізілген соғыстар, бейбіт халықты қырғынға ұшыратып, қалаларды, құрылыстарды қиратты. Мысалы, 17-18 ғасырларда 100 жылдан астам уақыт бойы қазақ жеріне жоңғар басқыншылары шапқыншылық жасады. Екінші дүниежүзілік соғыста Германия мен оның одақтастарының Еуропа, Азия елдеріне, Кеңес Одағына жасаған қанды жорығы шапқыншылықтың айқын түрі. ==Дереккөздер== Санат:Қазақстан тарихы
'''Иван Леонтьевич Шапшаев''' (1910, Ресей, Хабаровск өлкесі, Новоспасск селосы 2.10. 1967, Ресей, Калинин облысы Тверь қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, полк командирі, подполковник. Орыс. == Өмірбаяны == Орта мектепте оқып, Бурсинск көмір шахтасында жұмыс істеді. 1933 жылы Кеңес әскері катарына шақырылып, 1941 жылдың шілдесінен Ұлы Отан соғысына қатысты. Шапшаевтың бүкіл майдандық өмірі даңқты Панфилов дивизиясымен байланысты. Ол дивизияның барлық шайқасына қатысты, басынан зақымданды, рет жараланып, ротаның саяси жетекшісінен атқыштар полкінің командирлігіне дейінгі жолдардан өтті. Шапшаев тамыз айында 19-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Риганы азат етуге, жаудың Курляндиядағы тобын талқандауға қатысты. 26 наурыз күні таңертең жаудың 15- ке жуық артиллериялық және минометтік батареясы 19- және 30-гвардиялык полктердің жауынгерлік сапына шабуыл жасады, полктер қоршауға түсіп, бір-бірінен бөлініп қалды, дивизия штабымен тек радио арқылы ғана байланыс жасалды. Шапшаев жауынгерлерін бірнеше рет шабуылға бастап, өзі ауыр жараланды. Соңында дивизияның барлық атқыштар полкі өзара күш біріктіріп, жау қоршауын бұзып шықты. == Марапаттары == Сан алуан шайқастарда жеке ерлік көрсеткені үшін Шапщаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.5. 1946). Ленин, 3-рет Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Жұмабек Ахметұлы Тәшенов''' (20 наурыз 1915 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы Танакөл ауылында (Бабатай қыстауында) туған 18 қараша 1986 жылы Шымкент қаласында дүниеден озған) мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген. == Қызметі == 1934 1939 жылдары Бейнетқор ауданы атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі 1939 1943 жылдары Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары 1944 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі 1947 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 1952) 1952 1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы 1955 –19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы 1960 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы 1961 1975 жылдары Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Өмірінің соңғы кезеңінде «Қаракөл» ғылыми-зерттеу институтында, Оңтүстік Қазақстан облыстық талдау-есептеу орталығында қызмет атқарған. Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды. 1961 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” институтында, Түркістан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. == Марапаттары == «Ленин», «Еңбек», «Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған == Ел есінде қалған істері == Тың игеру кезінде Көкшетау облысында совхоз директоры болған Ф. Моргун 1957 жылы совхоз тұрғындары жер астында тұщы су болса да қажетті құралдың болмағандығынан 20 шақырым жерден суды тасып ішіп қиналып жатқанда Жұмабек Тәшенов келіп бір аптаның ішінде Армениядан скважина арқылы су тартатын компрессор алғызып беріп су мәселесін шешіп бергенін ризалықпен жазады. Жұмабек Тәшенов Шымкент облысында атқару комитеті төрағасының орынбасары кезінде, күзде Түркістан аймағының мақташылары мақта тазарту зауытында су мақтаны кептіруге отын таба алмай қиналып жатқанда сол ауданға уәкіл болып барған Жұмабек Тәшенов Қарағанды облысының басшылығымен хабарласып қажетті 1,5 мың тонна көмірді жеткіздіріп береді. Соның арқасында аудан мақта дайындау жоспарын 102,7 пайыз орындайды. Сонымен қатар Жұмабек Ахметұлы Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесінің жанында топырақпен көміліп жатқан шығыс моншасын қалпына келтіріп іске жаратуды жүзеге асырады. Кезінде Жұмабек Тәшеновтің іскерлігін, қабілетін Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы В.А.Ливенцовтың өзі мойындауға мәжбүр болған. Ол 1964 жылы Мәскеудің өкілі қатысып отырған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіндегі мәжілісте: «Н.С.Хрущев Жұмабек Тәшеновтың намысына тиіп, қызметінен төмендетіп бізге облатком төрағасының орынбасары етіп жіберсе де, ол өзінің таңғажайып қабілетінің арқасында Оңтүстік Қазақстандағы ең құрметті адам болып отыр»,- деп мәлімдеген. Экономист, профессор Ғарай Сағымбаевтың Жұмабек Тәшенов республика басшылығында болған жылда Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті қарыштап алға басқанын төмендегідей деректермен көрсетеді: электр энергиясы қуатын өндіру есе, мұнай өндіру 1,6 есе, көмір өндіру есе, цемент шығару 15 есе, мақтадан мата тоқу есе, тоқыма сырт киім шығару есе, минералды тыңайтқыш өндіру есе, аяқ киім тігу есе, ет өндіру есе, қант өндіру 1,5 есе, мал майын шығару 1,4 есе, өсімдік майын шығару есе өскен. Егіс көлемі миллионнан 22 миллион гектарға, ірі қара мал саны 5,5 миллион, қой мен ешкі 28,5 миллион басқа дейін өсті. Халық шаруашылығында 125 мың жоғары білімді, 215 мың орта білімді мамандар қызмет етті. Бес жылда 690 мың пәтер салынып, 2,4 мың кәсіпорындар мен мекемелер іске қосылады. 6140 кітапхана, 5140 клуб, 4777 25 музей, 19 облыстық театрлар жұмыс істеп тұрды. Сөйтіп, халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс мәдениеті айтарлықтай жақсарды. Жұмабек Тәшенов жоғары қызмет бабына орай бір мезгіл Мәскеуде де басшылық жұмыс атқарып отырған. Сол кездегі тәртіп бойынша КСРО құрамындағы 15 одақтас республика Жоғағы Кеңестерінің төрағалары КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасарлары болып «мәскеулік төраға» демалысқа шыққанда ай бойы Мәскеуге барып, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының қызметін уақытша атқарған. Мәскеуге барар бір сапары қарсаңында Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов Жұмабек Тәшеновтен Бауыржан Момышұлының екі рет Батыр атағына ұсынылып өтпей қалғанын, сол атақты алып беруге араласуын өтінеді. Жұмабек Тәшенов Мәскеуге барысымен мұрағаттан Б. Момышұлының құжаттарын алғызып танысады. Батырлыққа екінші рет ұсынылған құжаттың қорытындысында соғыс кезіндегі кейбір қылықтары кеңес офицерлерінің ар-ожданына қайшы келгендіктен Б.Момышұлына мұндай атақты беруге болмайды деп маршал Конев қолын қойыпты. Ж.Тәшенов Жоғарғы Кеңестің атынан маршалды шақырып алып мәселені түсіндіреді. Маршал Конев «Бұл туралы менің пікірімді білмек болсаңыз, мен өз өмірімде ешқашан бір айтқан пікірімді өзгерткен адам емеспін. Бұл жолы да солай қаламын»,-деп көнбей қояды Мәскеудегі кезекті қызметін атқару кезінде украиндық бір ғалымның «қылмысты ісі» алдына келеді. Қарт ғалымға бір жауапты қызметкерді өлтірді деген айып тағылып өлім жазасына кесіліпті, кешірім жасау туралы өтініші де қабылданбапты. «Мәскеулік төраға» К.Е.Ворошилов демалыста болғандықтан орынбасары Жұмабек Тәшенов қол қоюға тиісті болады. Жоғары Кеңес бұл мәселе келісілген деген қарсылықтарына қарамастан, адам тағдыры болғандықтан Жұмабек Тәшенов өлім жазасы туралы үкімге қол қоймай түрмеге өзі барып қарт ғалымға жолығады. Кінәсіз екеніне көзі жеткен соң қайта тергеуге жіберіп ақтап қалады. Кейін кісі өлтірген қылмыскер де анықталып жазасын тартады. Бірінші хатшы Н.Хрущев еліміздің солтүстіктегі облысын (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) біріктіріп «Тың өлкесі» деген аймақ құрып оны Ресейге қосуды жоспарлайды. Өлкенің басшылығына Мәскеуден Т.И.Соколов деген өз адамын жібереді. Ол «Тың өлкесін» Ресейге өткізуге бейімдеп, Қазақстан басшылығына бағынудан бас тарта бастайды. Бұл әрекетті білген Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшенов 1960 жылы күзде «Тың өлкесінің» орталығы болған Целиноград қаласына шұғыл түрде ұшып келіп, республикалық Жоспарлау комитетіне келесі жылдың бюджетіне қажет мәліметтерді әдейі бермей бассыздық жасағаны үшін Т.Соколовты қызметінен алып 24 сағаттың ішінде Қазақстаннан қуып жіберетінін және «Тың өлкесі» ешқашан Ресейге берілмейтінін қадап тұрып айтады. Одан кейін Алматыда Үкімет мәжілісінде келесі жылдың халық шаруашылық жоспары қаралып жатқанда мінбеге көтерілген Тың өлкелік атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары А.И.Козлов: «Жұмабек Ахметұлы! Біз сіздерден ештеңе сұрамаймыз, тек Мәскеудің бергеніне тимесеңіздер болғаны»,- деп қыр көрсетеді. Мұндай жүгенсіздікке төзбеген Жұмабек Тәшенов оны тоқтатып қойып: «Тың өлкесі Қазақстанның құрамында, ал Қазақстанды оның Орталық партия комитеті мен Үкіметі басқарады. Сіз сол партияның мүшесісіз. Мынадай қыңыр мінез бен істі қоймайтын болсаңыз партиядан шығарып орныңыздан аламыз. Сонан кейін баратын жеріңізге барып арызыңызды айта беріңіз»,- деп қадап айтады. Н.Хрущевтің қырына ілігіп қызметінен төмендетіліп Мәскеуден Қазақстанға жіберілген А.Козлов зәресі ұшып сол жерде кешірім сұрайды. Осылай Жұмабек Тәшенов Мәскеудің жіберген кеудемсоқ адамдарын тәубесіне келтіріп Қазақстаннның бес облысының берілмейтінін ашық мәлімдейді. Еркінбек Тұрысов пен Жолдыбай Базаров былай деп жазады: 1959 жылы қазанда Қытай Халық Республикасының 10 жылдық мерекесіне орай КСРО басшысы Н.С.Хрущев бастаған делегация барады. Делегацияны ҚХР басшысы Мао Цзедун өзі қарсы алады. Әңгіме үстінде Мао Цзедун: «Кеңес Одағы сөз жоқ ұлы ел, ал біз Ұлы Қытаймыз»,- депті. Н.С.Хрущев: «Солайы солай ғой, бірақ КОКП дүнежүзілік коммунистік қозғалыстың авангардында келеді», дейді. Мао Цзедун: «Бірақ Қытайда коммунистер КСРО-ға қарағанда көп қой» дегенде Н.С.Хрущев сөзден тосылып қалады. Сонда Жұмабек Тәшенов «Революцияны Кеңес коммунистері жасады емес пе? Олар кейін қытай коммунистеріне көмектесті ғой», деп тығырықтан жол табады. Бұл уәжге қытай жағы жауап бере алмай қалады. Н.С.Хрущев әңгіме біткен соң риза болып Тәшеновке: «Сен өзің марксист екенсің ғой», депті. Келесі күні Кеңес делегациясының құрметіне қонақасы беріледі. Қонақасы кезінде араққа қызып алған Н.С.Хрущев бәрінен өзін жоғары санап орынсыз лепіреді. Бірге барған Жұмабек Тәшенов ыңғайсызданып Н.С.Хрущевті шынтағынан түртеді. Ол ызғарланып «тише» деп алып лепіруін жалғастыра береді. Мұны байқап қалған Мао Цзедун аудармашыға әлдене деп ақырын тіл қатады. Аудармашы Жұмабек Тәшеновке сыбырлап: «Сіз ұялмай-ақ қойыңыз», депті. Осы жәйіттен кейін Мао Цзедун кеңес делегациясын шығарып салуға келмейді. Қайтар жолда Н.С.Хрущев: «Саған әлгі Мао Цзедун кеше не деді?», деп сұрайды. Сол оқиғаға зығырданы қайнап келе жатқан Ж.Тәшенов: «Мынауыңа айт, көп ойлап, аз сөйлесін деді», деп жауап береді. Н.С.Хрущев қызараңдап Тәшеновке сұқ саусағын безейді. Садықбек Адамбеков пен Жолдыбай Базаров былай деп жазады: 1958 жылы 28 шілдеде ҚКП Орталық Комитетінің бюросында «Қазақ әдебиеті» газетінің саяси коммунистік идеологияға сай келмейтіндігі, «озық ойлылардың» ойлап тапқан пролетариат мәдениетіне, талабына жат дүниелерді аңсап «ауруы», қазақ ұлтшылдарын төңірегіне топтастыру, «адам айтқысыз қателікке ұрындырғандығы» газеттің талқыға түседі. Мінбеге сөйлеуге шығып бара жатқан газеттің бас редакторы Сырбай Мәуленов Қазақстанның бірінші басшысы И.Д. Яковлев бастаған топтың мысынан аяғын сылбыр басып, түсі қашып бара жатқанда, ешкімді көзге ілмей орынсыз ілік тауып «Қазақ әдебиетін» тұқыртып немесе жауып тастағалы келіп отырғандарға ызаланған Жұмабек Ахметұлы: «Тайсақтамай батыл сөйле!» деп жігер береді. Жұмабек Ахметұлының әлгі сөзі С. Мәуленовты сескенбей сөйлеуге итермелеп, қорытынды сөзінде былай дейді: «Қазақ халқының басынан шойындай қара бұлт кетпей-ақ қойды. Арал маңында, Бетпақдалада оба ауруына қарсы бекет бар. Ал, Алматыда ұлтшылдарды қолдан жасайтын «фабрика» жұмыс істейді», дейді. Жұмабек Тәшеновтің бір ауыз сөзі «Қазақ әдебиеті» газетін жақтаушыларды бір көтеріп тастап, мәжіліс залындағы қарсылас топты жеңіп шығуына жол ашып бергендей болады. Жұмабек Ахметұлы бірінші басшыға: «Иван Дмитриевич, қазақ тілінде шығатын «Қазақ әдебиеті» газеті туралы мәселе қаралып жатқанда, осы бөлімде жұмыс істейтін қазақ жолдастар неге бюроға қатыспайды?», дейді. Оның сұрағына жауап беруді И.Д.Яковлев Қ.Оспановқа ысырады. Қ.Оспановтың орнына жауап берген Н.Иванов: «Жандосов демалыста, Ысмағұлов іссапарда, А... Шалабаев...», дейді. И.Д. Яковлев: «Сіз бен біз қазақша білмейміз, сонда бұл мәселені бюроға кім әзірлеген?» деп сұрайды. Н.Иванов: «Басқа сектордағы жолдастарды пайдаландық», дейді. Сәбит Мұқанов: «Сонда Қазақстан Орталық Комитетінде қазақ жігіттеріне сенім жоқ деп түсінеміз бе? Осы жаңа ғана Ысмағұловты да, Шалабаевты да көрдім ғой», дейді. И.Д. Яковлев ойланып қалады. Өз кезегінде Сақтаған Бәйішев газеттің ұлтшылдығын 1913 жылы шыққан «Қазақ» газетімен салыстырып, «Қазақ» газетінің лебі аңқып тұр» деп сөгеді. Осы мәселеге байланысты «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан» С.Д) газетінің редакторы Қасым Шәріпов: «Қазақ әдебиеті» газетін жабу керек, ал басқа қазақ тілді газеттерді аудармаға айналдырмаса болмайды. Егер «Социалистік Қазақстан» газетін «Казахстанская правдадан» аударып, мен редактордың орынбасары болып қол қойсам, өзіме үлкен бақыт санар едім», дейді. Сонда Жұмабек Тәшенов: «Социалистік Қазақстан» газетін ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің, не деп отырсың өзің!», деп басып тастайды. Сөйтіп ҚКП Орталық Комитетінің бюросындағы талқылауда «Қазақ әдебиеті» газеті жабылудан аман қалып, газетті жақтаушылардың пайдасына шешіледі. Академик Шапық Шөкиннің айтуынша Жұмабек Тәшенов Үкімет басшысы болған кезінде бірінші қазақ-орыс сөздігін құрастырған филолог-ғалым Хайрулла Махмудов қабылдауына кіріп, өзінің жай-күйін айтып, пәтер алуына көмек сұрайды. Сонда Жұмабек Тәшенов: «Мұндай адам қалай үйсіз жүр, қаладағы салынып жатқан үйлерден қалаған пәтеріңізді алыңыз, сол сіздікі болады»,-дейді. Х.Махмудов қаланың у-шуы аз бұрышынан пәтер алады. Бірақ ол жердегі салынған үйлер екі бөлмелі екен. Екі пәтерді қосуға рұқсат етілмейтін. Ал, Жұмабек Тәшенов: «Қабырғаны бұзып, біріктіріңдер, өзім жауап беремін», деп бұйрық береді. Керімбек Сыздықовтың жазуына қарағанда Жұмабек Тәшеновтың атына сырттай қанық болып жүрген ауыл ақсақалдарының бірі жолы түсіп қалаға келгенінде әдейі өзін көрейін деп іздеп барып, келісті келбетіне қарап тұрып: «Құдайға шүкір, мың қайтара шүкір! Айтса айтқандай-ақ екенсің-ау, байлаулы арыстаным-ай! Елің үшін айдауға түскен, байлауға түскен арыстанның өзі сүйсінген екен. Бір кезде Жолдыбай Базаров мынадай оқиғағаның куәсі болыпты. Журналистің ауылында бір ақсақал соңғы демі бітуге аз ғана уақыт қалғанда көңілін сұрап келуші адамдардың біріне: «Өлсек, өлерміз. Тәшеновтен жанымыз артық па?», деп айтыпты. «Соғыстан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарып жүргенмін. Үйленгенмін, жұбайымыз екеуміз қарт әке-шешемізбен тар үйде тұруға мәжбүр болдық. Бұл жағдайды кездейсоқ білген Жұмабек Тәшенов маған жыл соғыста болған майдангер ретінде кезексіз үй бергізді». (профессор Мұқаш Елеусізов) ===Лебіздер=== «Әр уақытта менің жүрегімнің төрінен орын алатын менің ер інім Жұмабек» (Ғабит Мүсірепов, жазушы) «Жұмабек Тәшенов қандай қызметте болса да ең алдымен өз елінің шығатын, халықтың жағдайын ойлайтын, ұлттық мәселелерді КСРО басшыларының алдында тайсалмай қоятын, жүрегі қазақ деп соғатын біртуар азамат еді»(Сағадат Нұрмағанбетов, генерал, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы) ===Сөздері=== Біз броньмен соғысқа бармай қалдық қой. Қабылдауымызға келген соғыс ардагерлерінің өтініш-тілегін жерге тастамайық, олар от пен оқтың астынан келді «Никита Сергеевич, егер Жоғарғы Кеңес әр республиканың жерлерін жергілікті органдарынсыз шеше беретін болса КСРО-ның және ұлт Конституциясын жою керек қой. Ал ол баптарында әр ұлт республикасы өзінің тарихи жеріне, ондағы байлығына өз меншігім деп пайдалануға құқы бар. Оны өзгертуге ешкімнің, ешбір органның құқы жоқ». «Социалистік Қазақстан» газетін ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің» == Дереккөздер ==
'''Шарабарин Николай (23.3.1907, Өскемен қаласы өлген жылы белгісіз 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, барлаушы. Орыс. Кен шебері курсын бітіріп, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы Құлынжон (Құлажон) кеніштерінде кен шебері болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарында 1928-30 жылы өз борышын орындады. 1942 жылдың шілдесінен майданда 529- атқыштар полкінде (Воронеж майданы, 38-армия, 163-атқыштар дивизиясы) болып, Сталинград қаласынан Берлинге дейін жетті. Орел Курск доғасындағы ұрыстарға, Днепр өзенінен өту және Киев қаласын азат ету операцияларына қатысты. Соғыс кезінде Шарабарин рет жараланды. Кустарево державасы үшін болған ұрыста жаудың окопына бірінші болып жетіп, граната лақтырды. Кеңес әскері бөлімшелерінің біріне жақын жерден танкіге қарсы оқ атылып жатқанын көріп, оларды гранатамен жойды. Ол әсіресе Днепр өзенінен өту кезінде айрықша көзге түсті. 1943 жылдың қазанында Шарабарин алғашқылардың бірі болып Днепр өзенінен Жуковка аралы маңында (Киев қаласының оңтүстінгі) өтіп, жаудың бір «тілін» алып келді. Бөлімше командирі қатардан шығып қалғаннан кейін оны алмастырып, жаудың шабуылын тойтарды. Шарабаринға жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.10.1943). Соғыстан кейін туған жеріне оралып, кен шебері, кеніш бастығы болып жұмыс істеді. Ол Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталды. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Шатақ Есенбайұлы''' (туған өлген жылы белгісіз) батыр. Орта жүз найман ішінде қаракерей руының жалмамбет аталығынан шыққан. 18 ғасырдың соңында жоңғар басқыншыларынан азат етілген Марқакөл өңірін қоныстанған елін коршілес торғауыт, ойрат, ұранқай шапқыншылығынан қорғап, кейбір төрелердің елді біріктірудегі дәрменсіз істеріне қарсы шыққан. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда дене тұрқы ірі, қызыл шырайлы адам болған. Батырлық шалт қимылына қарап өзінің шын аты ұмытылып «аты шулы Шатақ батыр» аталып кеткен. ¥рпақтары шал, қанжа деп бөлініп, атақонысы Марқакөл өңірінің Ақбұлақ, Күнгей Бөкенбай жерлерін мекендейді. ==Дереккөздер== Санат:Қазақ батырлары Санат:Тұлғалар
'''Сергей Михайлович Шахворостов ''' (29.8.1924, Алматы қаласы 2001, сонда) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сапер, гвардия кіші сержанты. Орыс. Мектептің 7-сыныбын бітірген соң жұмыс істеп жүріп оқуын ФЗО (фабрика-зауыт оқуы) қабырғасында жалғастырды. 1942 жылдың қыркүйегінде Кеңес әскері қатарына шақырылды. Шахворостов Дала майданы 37-армия 89-гвардиялық атқыштар дивизиясы 273-гвардиялық атқыштар полкінде шайқастарға қатысты. Сталинград шайқасында Шахворостов қойған минаға немістің танкісі жарылып, істен шықты. Осы ерлігі үшін ол «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Шахворостов Днепр өзенінен өту кезінде көзге түсті. Саперлік взводқа Украинаның Полтава облысы Кременчуг ауданы Келебарда селосы маңында Днепр өзенінен өту тапсырылды. Құрамында Шахворостов бар взвод 1943 жылдың 30 қыркүйегінде жаудьың қарша бораған оғына қарамастан, Днепр өзенінен рет өтіп, оң жағалауға 50 жауынгер мен 30 жәшік оқ-дәрі жеткізді. Осы ерлігі үшін Шахворостовқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.2.1944). Сондай-ақ ол Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталды. 1943 жылдың желтоқсанында ол ауыр жараланып, еліне оралды. 1945 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын тәмамдады. «Еңбек резерві» спорт қоғамында жұмыс істеді. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Кенжебек Шәкенұлы Шәкенов''' (1924 жылы 22 ақпан, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы 2001 жылы 30 желтоқсан, Алматы) қазақ Ұлы отан соғысқа қатысушы, сержант. == Өмірбаян == 1924 жылы 22 ақпанда туған. 7-сыныпты бітірген соң «Боко» руднигінде әуелі кара жұмысшы, кейін ауысым шебері болып істеді. 1942 жылдың тамызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1943 жылы Ташкенттегі пулемет училищесін бітірген соң майданға аттанды. 62-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрылып болысымен, Днепр жағалауына жылжып келді де, 2-Украина майданының 37-армиясы құрамына енгізілді. Днепр бойында кескілескен шайқастар болып жатты. Осы уақыт ішінде 184-гвардиялық атқыштар полкі Днепрдің оң жағалауына етіп, қолайлы бекініске орнықты. Келесі күні таң ата полк шабуылға көшті. Жауынгерлік күзетте болған пулеметші Шәкенов жаудың рет жасаған шабуылын тойтарып, 17 әскері мен офицерін және ірі калибрлі пулеметін жойды. ¥рыс кезінде рет жараланды. Днепрден өтуде көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін Шәкеновке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.2.1944). 1944 жылы наурызда Ашхабадтағы жаяу әскер училищесіне оқуға жіберілді. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Тараз қаласындағы құрылыс тресінде қызметте болды. ==Дереккөздер== Санат:Қазақ батырлары Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Шәкіров Астанқұл''' (1.4. 1922, Өзбекстан, Әндіжан қаласы 11.1.1945, Украина, Калининград облысы Нестеров ауданы Калинин поселкесі) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы. Қазақ. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы желтоқсан айында шақырылды. 75-гвардиялық атқыштар полкінде (З-Беларусь майданы 11 -гвардиялық армия 26-гвардиялық атқыштар дивизиясы) 111. 1944 жылы 15 шілдеде алғашқылардьщ бірі болып Алитус қаласының оңтүстігінде Неман өзенінен өтті. Оң жағалауда бірден ұрысқа кірісіп, басқа бөлімшелердің өзеннен өтуіне кедергі жасап, үздіксіз оқ атып жатқан жау пулеметін жойды. 1945 жылы ұрыста қаза тапты. Шәкіровке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Ленин, «Қызыл Жүлдыз», 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған. Әндіжан қаласындағы алаңда Шәкіровке бюст қойылды. Осы қаладағы №10 мектепке және көшеге есімі беріліп, мектеп қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. ==Дереккөздер== Санат:Қазақ батырлары Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Кідіріс (ату тетіктерінің атылмай қалу нәтижесінде от алмау және өзге себептер. Жарыстарда кідіріс шапшаң атуда ғана және атушының кінәсінен болмаған жағдайларда назарға алынады. Ондай жағдайларда атушының кінәсінен болмаған кідіріске жататындар: отты қарудың оқпанында қалып қойса,патрон атылмай қалса; затворды ашқанда гильза патрон салынатын жерде қалып қойса; патрон қисайса; затвор гильзаны қысып қалса; қарудың деталі немесе тетігі сынып қалса; пистолетті жартылай автоматты түрде қайта оқтаудан кейін кезекті патрон келмей қалса, шүріппе тартып, басылғанымен атылмай қалса. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Шекаралық режім''' шекаралық өңірде адамдардың және көлік құралдарының шекарадан әрі-бері өту, уақытша болу, жүріп-тұру, осы өңірде шаруашылықты жүргізу кәсіпшілік және басқа қызметпен айналысу, мал ұстау және өріске жаю, сондай-ақ шекаралық өңірде бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени және басқа шаралар өткізу ережелері; аумақтық ішкі су жолдарында шекаралық өзендердің, көлдердің, өзге де су бөгендерінің елге тиесілі бөлігінде елдің өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін шағын кемелерінің (су көлігі құралдарының) есепке алынуы, ұсталуы, орналасқан жерінен шығуы және оған қайтып оралуы, жүзу ережелері; аталмыш суда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру және басқа қызметті жүргізу ережелері. Шекара өңірінің режімі елдің мемлекеттік шекарасын қорғау үшін қажетті шарт болып табылады. Оны шекара әскерлері қамтамасыз етеді. ==Дереккөздер==
'''Нысаналардың аумағы''', нысаналарды зоналарға бөлетін дөңгелек немесе сұлба нысаналардың сопақша не шеңбердің топталған шегі. Нысаналардың аумағына олар шектейтін ішкі аймақтың көлемі енді. Сондықтан да нысанадағы тесілген жерге оқ тигенде аз да болса нысананың аумағына тиіп, оның сыртқы шеті болса да бұзылды, ал ондай тию ішкі зона бойынша бағаланады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Нысанадағы ойықтар''', оқ тескен орындар. Нысананың қайсыбір аумағындағы тесіктер атудың сапасын сипаттайды. Аумақ көлемінің сыртқы жағын бұзған нысанадағы ойықтар ластаған деп атайды. Нысана ауқымына жақын маңындағы нысанадағы ойықтар талас деп аталады, оның сапасын төрешілер аспаптардың көмегімен анықтайды. Нысанадағы қабатталған ойық деп екі оқ нысананың бір жерден немесе бір-біріне өте жақын жерден тиюді атайды. Нысанаға бас жағымен емес, біршама бұрышпен немесе жалпағымен тиеген нысанадағы сопақша ойықты қиғаш деп атайды. Көздеу сызығынан темен қарай қаруды бүгу мылтықтың қолданбалылығы үшін жасалады. Сызықты иіу қажеттілігі, мергеннің көз деңгейіне қарағанда дүмнің иыққа тірелу нүктесі едәуір төмен болатындығынан туындайды, иіудің міндетіне жататындар: қаруды алып, дүмді иыққа қойғанда мергеннің көзі мен қарудың көздеу сызығы дәл келетіндей болуы керек. Нысана көздеу спортындағы саңлау қарауылдың жоғары ұшы мен нысананың қара нүктесінің теменгі шетінің арасындағы көзбен көретін аралық. Мергендер әдетте не азғана сызығымен не сызықсыз көздейді, бұл жағдайда қарауылдың жоғарғы ұшын нысана нүктесінің төменгі шетімен ұштастырады. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Әскери өнер
'''Шелихов Николай Степанович''' (6.12.1920, Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданы Уварове селосы 23.2.1945, Германия, Берлин қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, 66- гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі. Орыс. 8- сыныпты бітірген соң Үлбі МТС-ында трактор жүргізуші болып жұмыс істеді. 1939 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1941 жылдың шілдесінде Ұлы Отан соғысына қатысты. Шелихов Мәскеу түбінде, Тула қаласын жаудан қорғау шайқастарында жауынгерлік ерлік көрсетті. Шелихов ауыр жараланып, госпитальдан шыққан соң қайтадан майданға аттанып, Украина, Польшаны азат ету жолындағы ұрыстарға қатысты. 1945 жылы 16 сәуірде лейтенант Шелиховтың басшылығымен 66-гвардиялық атқыштар ротасы Одер плацдармында неміс траншеяларын басып алды. Бір аптадан кейін рота Берлиннің шет жағына кірді. Көшелердегі кескілескен ұрыстарда Шелиховтың ротасы жаудың 15 қарсы шабуылын тойтарды. Осы ұрыстарда алтыншы рет жараланды. Жаудың жаяу әскерлері ротаның позициясына ұмтылған кезде, ержүрек Шелихов гвардияшыларды қолма-қол айқасқа бастады. Берлинді алуда өшпес ерлік жасағаны үшін Шелиховқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасыньщ Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.5.1945). Ленин, 1-2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталды. Батырдың атында Алматы мен Өскемен қалаларында көшелер бар. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Тәшенов Болат Төлешұлы''' (11.4.1941 жылы туған, Түркістан облысы Созақ ауданы, Қызылбайрақ ауылы) ғалым, ғылымының докторы (1984), профессор (1995), Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003). Қазақ мемлекеттік университетін (ҚазҰУ) бітірген (1964). 1964 1984 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының астрофизика институтында аспирант, кіші, аға ғылым қызметкер, лаборатария меңгерушісі, 1984 2004 жылы осы институттың директоры. Негізгі ғылыми еңбектері атмосфералық оптика мәселелеріне арналған. Тәшенов келешегі зор су буының жолақтарындағы аспан жарықтығына қатысты зерттеулер негізінде жаңа әдісті ұсынды. Ол соңғы кезде атмосфераны лидарлық әдіспен зондтау мәселесін белсенді түрде дамытып келеді. Мұндай әдіс Қазақстанда бірінші рет аэрозоль құрамын зерттеуде қолданылды. Қазіргі кезде Тәшенов Қазақстан аумағында тұрақты Жер атмосферасын оптикалық әдіспен және жасанды жер серіктерінің көмегімен оның экологогиялық күйін қадағалайтын ұялы байланыс стансаларын құру жұмысын белсенді түрде жүргізуде. Медальдармен марапатталған. ==Сілтемелер== Санат:1941 жылы туғандар Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Қазақ ғалымдары Санат:Қазақстан физиктері Санат:Қазақстан математиктері Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
'''Нысаналар тізбегі''' (дөңгелек және траншеялық стендте) уақыттың белгілі бір аралығында атқышқа үзіліссіз беріліп отырылатын Нысаналардың қайсыбір саны. Жарыстың ережесіне, атқыштың разрядына және төрешілер алқасының шешіміне байланысты жарыс бағдарламасында белгіленген нысаналардың жалпы саны бірнеше тізбекке бөлінеді. Ату спортындағы шапшаң ату, винтовкадан немесе пистолеттен (револьверден) бірнеше секундтің ішінде ату немесе ату тізбегі орындалады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Оқ тұтқыш''', тирдің артқы қабырғасын бүлінуден сақтау үшін және қорғасынды жинап алу үшін атыс тирінің нысаналар шеңберіндегі аспап-тетіктер. Оқ алдыңғы қабырғасы жоқ металл жәшік түрінде болады. Жәшіктің қабырғасы оқтың ұшу бағытына қарай бұрыш жасай орнатылады. Қиғаш қабырғаға тиген оқ, кейін серпіліп, шыр айналып барып, шапшаңдығы азайып, Оқ тұтқыштың түбіне құлайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Оқпанның ауызы''' (қондырғы), мылтық оқпанының ауызғы бөлігіне бұралып бекітілетін алмалы-салмалы қосымша қондырғы қарауыл, оқпан ауызының қондырмасына жататындар: 1) алмалы-салмалы чоктер; 2) спириделер; 3) компенсаторлар; 4) оқпан ауызының тежегіші; 5) поличоктар және 6) компенсатормен поличоктар; нысанадағы тесілген жердің сәйкес келмеуі, бұл жағдайда оқтың тиюінің орташа нүктесі нысананың ортасынан бір шетте болады, оның нәтижесінде оқтың осындай шоғырланып тиюінде ұпай саны мүмкіндіктен аз болады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Оқтың шоғырланып тиюі -''' нысанадағы тесіктердің көпшілігі бір- біріне өте жақын болуы. Ату спортындағы оқпен Оқтың шоғырланып тиюі патрондардың, қарудың атылуы сапасының және мергеннің бірнеше атуды бірыңғай ату біліктілігінің көрсеткіші болып табылады. Оқтың шоғырланып жақсы тиюінде егер оқтың тескен орындары нысананың ортасынан шамалы ауытқыған болса, қарауылдың орналасуын өзгертіп, дәл тигізуді қамтамасыз ету қиынға соқпайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Константин Константинович Шестаков''' (23.4.1923, Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті 27.6.1944, Ресей, Ленинград облысы Выборг ауданы Лампилия ауылы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардияшы жауынгер. Орыс. 7-сынып бітірген соң МТС-те трактор жүргізуші болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың 27 маусымында шақырылып, майданға аттанды. Шестаков 1944 жылдың жазында Ленинград облысын азат ету кезінде көзге түсті. Шестаков қызмет еткен 129-гвардиялық атқыштар полкі Лампилия ауылы жанындағы отты нүктені алуда жау жағынан қатты қарсылық болды. Гвардияшылар екі рет отты нүктеге шабуыл жасап, ала алмады. Олардың алға жылжуына гранит төбе тастарының қалқасындағы жау пулеметі бөгет болды. Шестаков осы пулеметтің жанына еңбектеп барып, граната лақтырып, жаудың 50-ге жуық әскері мен офицерін жойды. Өшпес ерлік жасағаны үшін Шестаковке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Сондай-ақ ол Ленин орденімен марапатталды. КСРО Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен Ленинградтың гвардиялық мотоатқыштар полкі тізіміне Шестаковтың есімі мәңгі бақи енгізілді. Алматы облысындағы Қарабұлақ кентіндегі мектепке және көшеге, Ленинград облысының Выборг қаласы көшелерінің біріне Шестаковтың есімі берілген. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Тұрып ату''' нысананы ату спортының бір түрі, спортшы түрегеп тұрады. Шынтақ кеудеге қысылып қару қолдың басымен ұсталады, белбеуді пайдалануға рұқсат етілмейді. "Қозғалмалы бұғы" нысанасына атуда, қаруды ұстайтын қолдың шынтағын кеудеге қысып ұстауға болмайды. Винтовкадан шапшаң атуда нысананың көрінуіне немесе "Ат!" командасына дейін дүмді шыққа тіреуге болмайды. Тапанша пен револьверден еркін созылған қолға қаруды ұстап, тұрған қалыптан атады. Шапшаң атуларда жарыс ережесі жаттығудың орындау алдындағы оңтайлануға ерекше талаптар қояды. Қару ұстаған қол ату бағытына қарай 45.0-ден кем болмайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
жаңа туған төлді қолмен көтеріп енесінің бауырына салып емізу. Дәстүрлі ортада мал туа салысымен (егер оны көрген адам болса) төл тұншығып қалмас үшін шарананы қолмен сыпырып, ауызынан, құлағынан үрлейді. Онан кейін енесінің алдына қойып, оның мекіреніп, шаранасын жалауын күтеді. Сәлден кейін төл аяғымен тұруға талпынып, емшек іздей бастайды. Сол уақытта енесінің үрпін сауып, ауыздандырып алуға болады. Егер төл өрісте туып ауа-райы қолайсыз, жер дымқыл болған жагдайда шопандар ат қанжығасындағы кереқапқа салып алып жүрген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ауыздық''' жүгеннің екі сулық арасына бекітілген жылқы аузына кигізілетін бөлшегі. Ол өзара бірдей екі бөлек темірден құрастырылып жасалынады. Ауыздық жылқыны арлы-берлі бұруға, тоқтатуға, яғни басбілгі қызметін атқарады. Ер-тұрманның ішінде ең қажетті тұрманның бірі болып саналатын жүгеннің барлық қасиеті, негізгі міндеті осы ауыздыққа байланысты. Ауыздықты соғу үшін көрікке темірді қыздырып, темір қысқашпен төске қойып балғамен ұрып, жаншып таптап арнайы пішінге келтіреді. Осылайша екі бөлек соғылған темірді бір-біріне ортасынан арлы-берлі қозғалып тұратындай жалғастырады. Екі ұшына жүгеннің жақтаулары өткізіліп, бекітілетін дөңгелек темір шьныршық бекітіледі. Шығыршық темір бос, еркін айналып тұруы тиіс. Әлбетте, ауыздықсыз атқа мінуге болмайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ауыздық''' адамның езуінде пайда болатын жара түрі. Дәстүрлі қазақы ортада ауыздық шьщқан адамды жүген ауыздығын бірнеше күн тілініп тұрған езуіне тигізіп, арлы-берлі ептеп ысып емдейді. Осындай тәсіл мен ауыздықты емдеудің екі мәні бар. Біріншісі жылқының ауыздығын жараға тигізу ауруды тоқтатуды ырымдағаны. Екіншісі халықтық медициналық және мал емдеу тәжірибесіне негізделген. Расында да, жылқы жейтін бетеге және қара андыз тәрізді тағы басқа өсімдіктердің адам ағзасына пайдалы антисептикалық қасиеті мол болғандықтан, жылқының ауыздығының да шипалық әсері болған сияқты. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ауызсу сақтау''' ауызсу тапшы жерлерде жазғытұрым уақытта су қорын жинаудың тәсілі және қар суын кәдеге жарату амалы. Ертеде көшпелі ортада қыс бойы жауған қарды шұңқырлау жерге ұю арқылы ауызсу сақтау мен мал суаратын су мәселесін шешіп отырған. Әуелі ауызсу сақтауға лайық, қолайлы жер таңдалады: қалың саз қабатты, тығыз жерде суды сақтау өте тиімді. Себебі су ұзақ сақталады. Су сақтайтын орынды орманнан алыс, жазық далада таңдаған. Құмдауыт жерде сақталған қар мен су тек маусым айына дейін ғана жетті. Ауылға жақын маңдағы желдің жиі соғатын бағытына қарсы дөңес, шоқы жерлерге жел үрлесінің әсерінен жиналған қарға жақын келесі бетіндегі шұнқырлау жерге қыс бойы шанамен қарды тасып үйеді. Қар үйіндісіне қарап, қысқы желдің бағытын анықтауға болады. Егер қар үйіндісі батысқа қарай жиналса, басты желдің шығыстан соққаны, ал қарай болса, желдің болғаны. Борап соққан жел қарды үйінді етеді. Қар ери бастаған шақта қарды домалатып үйіп, үстемелей түседі. Көлемі мая пішінінде немесе киіз үй тәрізді үйілген қардың үстін күн көзінен тасалап, қамыс, бұта, шілікпен жауып қояды. Ойдың ішкі жағына қамыс төсейді, бұл желдің өтпеуіне, қардың еріп кетпеуіне әсер етеді. Күн жылынған уакытта, наурыз айында қар толығымен жауып болғаннан кейін, үстіне сабанды төсеп, оның үстіне топырақ тәрізді үйіндіге айналған шымды салады. Шым қабаттың қалыңдығы адам етігімен басқанда, қардың сықыры естілмейтиндей қалың болуы қажет. 4-5 адам немесе екі атпен шымды нығыздап басады. Осылай тапталған қар біраз уақытқа дейін, кемінде бір-екі ай ауызсу сақтаумен қамтамасыз етуге және мал суаруға мүмкіндік берген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алексей Иванович 1766) тілмаш, елші. Христиан дінін қабылдағанға дейінгі аты-жөні Құтлұғмұхаммед Мамашев. == Өмірбаяны == 1711 жылы Петр I-нің Прут жорығына қатысып, онда тілмаштық қызмет атқарған. 1716 жылы Хиуа мен Бұхарға жасаған экспедициясына қатысқан. 1719 жылы Сыртқы істер коллегиясына тілмаш болып қызметке орналасты. 1720 жылы Аюке ханның қарамағына қалмақ тілін үйренуге жіберіледі. 1722 1723 жылы парсы жорығына Петр I-нің құпия істер жөніндегі аға тілмашы ретінде қатысты. 1730 жылы Әбілқайырдың келген елшілерін қатарында болды және осы елшілікке жауап ретінде патша өкіметінің Кіші жүзге жіберген елшілігін басқарды. Кейіннен И.К. Кирилловтың Орынбор экспедициясына 1735 1736 жылы башқұрт көтерілісін басуға қатысты. Тевкелев басқарған жазалаушы отрядтар 50 деревняны өртеп, мыңдай адамды өлтірді. 1742 жылы бригадалық генерал атағын алды. 1743 жылы Тевкелевтің тікелей қатысуымен Орынбор қаласы мен оның төңірегіндегі бірнеше қамалдың негізі қаланды. 1743 1749 жылы патша өкіметі оны Әбілқайыр басқарған Кіші жүз билеушілері мен Орынбор әкімшілігі арасындағы жанжалды реттеуге пайдаланды. 1751 1759 жылы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің көмекшісі болып, патша өкіметі жүргізген отаршылдық саясаттың сойылын соқты. 1755 1756 жылы кезекті башқұрт көтерілісін басу кезінде қазақ даласына қашып кеткен башқұрттарды кері қайтару ісіне араласты. 1760 жылы қызметтен біржола босап, демалысқа шықты. Тевкелевтің елшілік қызметі барысында жүргізген мың беттен астам “Күнделігінде” қазақтардың қоғамдық-саяси, мәдени өмірі жайында және ру-тайпалық құрамы туралы көптеген мәліметтер қамтылған. == Дереккөздер == == Тағы қараңыз == Тевкелев елшілігі Тевкелев комиссиясы Санат:1674 жылы туғандар Санат:1766 жылы қайтыс болғандар Санат:Ресей дипломаттары іргетасын қалаушылар
'''Ауыл ағасы''' туысқандардың, ағайынның, ауылдың арасынан шыққан дау-жанжалды бітістіріп, төрелік айтып отыратын отағасы, қосағасы. Ауыл ағасының әлеуметтік мәртебесі мен беделі үлкенін ел ағасы деп те атайды. Осылардың ішінде үкімінің заңды күші бар, кесіп айтатындары билер дәрежесіне көтерілді. Түптеп келгенде, ауыл ағасы қазақы ортадағы әлеуетті әлеуметтік институт ретінде де қарастыруға болады. Себебі ауыл ағасы әлеуметтік қатынастарды реттеудің қауқарлы тетіктерінің бірі болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ауылдас''' белгілі бір аумақта бір-біріне жақын, қоңсылас қоныстанған, тіршілік қамы мүдделері ортақ қауымның «ауылдық» бөлігі. Ауылдастардың өріс, қонысы жаз жайлауы, қыс қыстауы жапсарлас болғандықтан, күнделікті шаруашылық, тіршілік қарекеті барысында бір-бірімен қоян-қолтық араласып, жәрдемдесіп, қолғабыс жасап, қажетті дүниесімен алмасып тұрған. Шаруашылықты тиімді жүргізудің талаптары бір жердей малдың немесе егін салатын жердің ортақ, іргелес болуы, өндіріс құралдарын (су, өріс, қонысты) кезекпен пайдалануға мүмкіндік берді. Сондай-ақ шағын топтың күші келмейтін істері мен шаруашылық қарекеттерін, айталық мал қырқу, пішен әзірлеу, киіз басу, мал пішу және т.б. ұжымдасып атқарды. Сонымен бірге дәстүрлі ортада адами факторға негізделген өмірдегі қым-қуыт тіршілік қамы ғұрыптары мен салт жоралғыларды ауылдастардың бірге атқаруы заңды. Әсіресе, баланың дүниеге келуі, шілдехана, келін түсіру, қыз ұзату, тұсаукесер, ашамайға мінгізу, сүндет той, өлікті жөнелту сиякты этностың тіршілік циклына байланысты атқарылатын сан алуан салттар, ғұрыптар, жосын-жоралғы үрдістеріне ауылдастар тегіс атсалысады. Аталмыш шаралар және осы құралыптас жосындар қазақы ортадағы әлеуметтік қатынасты реттеп отырудың және нығайтудың механизмі іспеттес болды. Сондықтан ауылдастардың бірлігі мен ынтымағын арттыратын шараларға ерекше мән беріліп, оны ауылдың көшелі ақсақалдары мен жөн білетін беделді адамдары ұйымдастырып отырады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
садақ ату''', республикалық аумағында неолит дәуірінен бері белгілі. Үйсін және Қаңлы тайпаларында, кейінірек Алтын киімді адам және қазақ жерінен табылған өзге де адам қаңқаларынан олардың садақ және жебемен қаруланғаны белгілі болды. Революцияға дейін көшпелі қазақ садақты барлық уақытта пайдаланды. Ат жарысы, қазақ күресі және садақ тарту барлық мерекелердегі жарыстардың негізгі түрі еді. Кұралайды көзден атқан мергендер ең сыйлы адамдар болды, оларды мергендер деп атады. садақ тарту спорт түрі есебінде Қазақстанда 1967 ж. бастап кең тарап келеді. Қазақстандық КСРО құрама командасының сапында А.Кислицын бірнеше мәрте КСРО чемпионы және жүлдегері, КСРО кубогінің иегері, КСРО халықтары VII (1979-1981ж.) жүлдегері. И. Леонова -КСРО (1979 ж.).С.Муранов "Б" құрама командасының сапында КСРО кубогінің жеңімпазы болды. Сондай-ақ республиканың мергендері командалық есепте КСРО чемпионатының алтын медалімен марапатталды. Бүкілодақтық жарыстарда C. Кривашин жоғары жетістіктерге жетті. садақ тартудан алғашқы бапкерлер Львовтан (Украина) шақырылды, КСРО-дағы жалғыз садақ ату кафедрасы сонда ғана болатын. Бұлар жұбайлар ХДСШ-лері К.Безверщук және СШ-і Б.Безверщук 1976 ж. бастап республиканың аға жаттықтырушысы болып Ю.Литус, жаттықтырушысы болып В.Бахман қызмет істеді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Максим Епишев''' (20.04.1981, Алматы), ХДСШ-і. Жабық залда жастар арасында Әлемнің мәрте рекордшысы (1999-25м, 60 рет ату 600 мүмкіндіктен 571 ұпай; 18 м., 18 рет ату 180 мүмкіндіктен 175 ұпай. Ақтық матчта 119-дан 118, 36 рет ату 18 метрлік қашықтық финалының қосындысы 380 мүмкіндіктен 377 ұпай. 50 метрге атудан Еуропа Гран-Приінің қола жүлдегері (1998, Номбург, Чехословакия) Жаттықтырушысы: О.Литус. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан спортшылары
'''Ауырған адамға мал айналдыру''' науқастанған адамның ауруын малға аудару магиялық жосыны. Атқарылу реті: малды (қой немесе ешкі) көтеріп алып, отырған науқасты солдан оңға қарай үш мәрте айналдырып өтеді. Содан кейін «ауру көшкен» малды ауыл арасында сойып, таратады. Адам ауруын емдеуге бағытталған бұл шара байырғы магиялық, мистикалық ұғымдарға байланысты қалыптасқан. Яғни адамға түрлі сырқат пен ауруды әр алуан қаскей күштер мен адам көзіне көрінбейтін тылсым қасиет иелері алып келеді дегі түсінген. Осындай қаскөй, зиянкес күштердің әсерінен пайда болған адам ауруларын түрлі жолдармен малға «көшіріп», оны құрбандыққа шалу науқасты ауруынан ада қылады-мыс. Бұл ғұрып әр өңірде қалыптасқан мәдени үрдістерге байланысты әрқалай аталады. Мысалы, осы жосынды кейбір өңірлерде малға табыну деп атайды. Сондай-ақ кейбір деректерде ауруды құрбандыкқа шалынған малдың бас сүйегіне көшіріп, тоғыз жолдың торабына апарып тастайтындары туралы мәліметтер де кездеседі. Ауырған адамға мал айналдыру тағы бір түрі бас сүйектің ішіне зиянкес күштердің бейнесінің эквиваленті ретінде саналатын матадан жасалған «көшірме» деп аталатын қуыршақтар жасап, солардың көмегімен ауруды емдеуге әрекет жасаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
үлкен ауларды шапқан кезде оларды теңіз түбіне қарай батырып ұстап тұратын әр сүренің аралағына салынатын әрқайсысы 1-3 кг шамасындағы тастар. Бұл құралдың функциясы қалтқылар мен әлгі тастардың ортасында орналасқан бірнеше бөліктерден тұратын әрқайсысы 15-20 құлаш шамасындагы сүре деп аталатын аудың бөлігінің ығып кетпеуін қамтамасыз ету. == Дереккөздер == Санат:Балық аулау
Ауыт- түйеге жүк артуға арналған құрал, кенеп, киіз, алаша тәрізді материалдан немесе қой, ешкі терісінен, ішіне селеу, қоға салып тіккен үлкен дорбаша көпшік. Ауыт көм орнына жүреді, үстіне тең теңдейді. Қалыңдығы төрт еліден кем болмайды, өлшемі қатептің сәл ғана үлкен болады. Дерек берушілердің айтуына қарағанда, 40-50 кг ауытты әлжуаз адам көтеріп сала алмайды. Екі жағын жеке жасап, 40 см см өлшемдегі қатепке бекітіп, тігіп тастайды. Екі жағынан екі-екіден төрт дана жинаған қиындыны көңмен орап таңып тастайды, ауыттың жуандығының көлемі адам білегінен жіңішке болмайды. Ауыттың бір құлаш шамасында жанағашы болады, оның астына батпас үшін киіз салады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ирина Юрьевна Леонова''' (3 ақпан 1961, Алматы) кеңес, қазақстандық және бельгиялық садақшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (1997). 2000 жылы Щепкина М.С атындағы театр училищесін бітірді. ХДСШ-і (1980), ЕССШ-і (1997) жекелей есепте КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы (1979-1987), командалық есепте чемпионаты (Брест). Еуропа Гран-Приінің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері (1987, Ереван). XIII Азия ойынының қола жүлдегері (1998, Банкгок), жабық ғимаратта еткізілген Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1997, Стамбул, Түркия, Олимпиялық ойындарда 7-орын (1996, Атланта, АҚШ). == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша садақ атушылар Санат:Қазақстан садақ атушылары
'''Яна Артуровна Туниянц''' (1971, Алматы), ХДСШ-і (1989, ЕССШ-і (1997). Әлем чемпионатының қола жүлдегері (1993, Анталья, Түркия), командалық есепте жабық залда өткізілген Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1997, Стамбул, Түркия) Еуропа Гран-Приінің бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері (1991, М.) КСРОчемпионаты (1991, Орал). XIII Азия ойындарының қола жүлдегері (команда 1998, Бангкок). Олимпиялық ойындар 8-орын (Атланта, 1996). == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша садақ атушылар Санат:Қазақстан садақ атушылары
әдетте мата, қымбат матаға күміс, зер шытыраларды қадап әшекейленіп безендірілген ат әбзелінің атауы. Қазақы ортада ақсүйектер мен ауқатты бай адамдардың және олардың ұл-қыздары мінетін атының ер-тұрманы әйкел тәрізді безендіруіне байланысты аталған. Сирек те болса кездесетін бұл жағдай әйкелтұрман иесінің жағдайының көрсеткіші, әрі көшпелі ортада қадір-қасиеті жоғары бағаланған жүйрік атқа құрмет белгі (маркер) болып саналады. Әйкелтұрманның бір құрамдас бөлігі ретінде жүйрік аттың мойнына, мандайына тұмар қадайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
оңға '''Тегеран (1943, 28 қараша желтоқсан) халықаралық келісім. Оған 2-дүниежүзілік соғыстағы одақтас үш держава КСРО, АҚШ, Ұлыбританияның мемлекеттерінің басшылары: И.В.Сталин, Ф.Д. Рузвельт, У.Черчилль, сыртқы істер министрлері, штаб бастықтары, т.б. кеңесшілер қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы мен соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды. Одақтас елдердің Германияға қарсы соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран басты мәселесі болды. Бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Еуропада соғыс майданын ашамыз деген уәделерін соғыстың негізгі ауыртпалығын Кеңес Одағы көтерді. Кеңес делегациясының ұсынысы бойынша Еуропада 2-майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі қаралды. Черчилль 2-майданды Балқан түбегі арқылы жүргізуді жақтады. Ол әскерін Кеңес Армиясынан бұрын Оңтүстік-Шығыс және Орталық Еуропаға кіргізуді көздеді. Ал Сталин Германия шекарасына неғұрлым жақын жерде Солтүстік Францияда ашуды ұсынды. Оны Рузвельт жақтап, 2-майдан Францияның солтүстігінде 1944 жылы мамырда ашылатын болды. Кеңес Одағы Қызыл Армияның ірі шабуылын осы кезге сәйкестендіруге міндеттенді. Тегеран Түркияның одақтас елдер жағында соғысқа қатысуы қаралды. АҚШ пен Ұлыбританияның өтініштеріне байланысты Кеңес Одағы Еуропадағы соғыс аяқталысымен Жапонияға қарсы соғыс ашуға келісті. Рузвельт Германияны бір-біріне тәуелсіз бес мемлекетке бөлшектеу туралы мәселе көтерді. Черчилль бұл ұсынысты қабылдап, Австрия, Венгрия және Оңтүстік Германияның кейбір аудандарын қамтитын “Дунай федерациясын” құру жөніндегі жоспарды қолдады. Кеңес өкіметінің өкілдері бұл ұсыныстарды қабылдатпады. Тегеран Иранның тәуелсіздігі туралы да сөз болды. Соңғы мәжілісте Польша шекарасы жөнінде біраз мәселе шешілді. Болашақ кеңес-поляк шекарасы мәселесіне келгенде Сталин Кеңес Одағының атынан 1939 жылғы шекараны мойындауды талап етті, бұл негізінен 1920 жылы Керзон ұсынған бағытқа сәйкес келетін еді. Бұл талап қабылданды. Сонымен Польшаның шекарасы шығыста Керзон линиясымен, ал батыста Одер өзені бойымен өтуі жобаланды. Тегеран Германияның, дүние жүзінің соғыстан кейінгі құрылысы, болашақта БҰҰ арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Тегеран Конференциясы шешімдері соғыс барысында Кеңес Одағы, АҚШ, Ұлыбританияның өзара әкери-саяси ынтымағын жоғ. сатыға көтеріп, келешектегі қатынастарды нығайтуға жол ашты. ==Сілтемелер== қатынастар Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс
'''Әкпіш''' екі басы на екі шелек іліп, иыққа салып су тасуға арналған ағаш құрал. Әкпішті бір құлаштай шамасындағы ағаштың орта тұсының екі жағын иыққа батпайтындай етіп жалпайта жонып жасайды. Екі басында шығыршыққа бекітіліп, қозғалып тұратын, ұзындығы бірдей ілмекті темірі болады. Әкпішті пайдалану су тасуды жеңілдетеді. Ел арасында әкпішті иыққа (иінге) салып көтеруге байланысты «иінағаш, иықағаш» деп те атайды, ал одан басқа мойынағаш, күйенте, құрамыс тәрізді атаулары да кездеседі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әлдилеу''' баланы ән әуенімен жұбату. Баланы жұбатқан кезде, ұйықтатар алдында арнайы мәтін мен қарапайым сазға іс ұрылған Әлдилеу өлеңін майдақоңыр әуенмен айтып, баланың көңіл-күйін, сезімін жағымды эмоциялық қалыпқа келтіреді. Нәрестені тербету, жұбату, ұйықтату кезіндегі ананың аялаған әлдиі бала бойына тарап, саналы да салиқалы ұрпақ болып қалыптасуына маңызды үлес қосады деген түсінік дәстүрлі ортада берік орнаған. Ана әлдиімен өскен сәби осы үрдісті болашақ ұрпағына жалғастырушы болып қалыптасады. Ана әлдиі бала тәрбиесінің маңызды бір бөлігі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әлдилеу''' дәстүрлі киіз басу технологиясының бір сатысының атауы, білектеу тәсілі. Әзірленіп жатқан киізге ыстық су бүркілгеннен кейін, біріктіру мақсатында шиыршықтала оратылады, яғни, әлдилеу арқылы киіз басудың бір сатысы жасалады. Мұны әйелдер тізерлей отырып, білектерін сыбанып алып жасайды. Сондай-ақ, дәстүрлі қазақы ортада киіз басудағы әлдилеу кезінде «Ақтай Құдай жарылқасын! Киіз жақсы болып шықсын» деп бір қасық сүт немесе айран құяды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әлім ботқа''' егінші қазақтар арасында құдайытамақ беру дәстүрімен байланысты дайындалатын, егіс басында құрбандыққа шалынған малдың етіне тазартылған бидайды қосып жасайтын тағам түрі. Байырғы ортада егіншілікпен айналысқан адамдар Диқан бабаны пір тұтып, егіншілікке байланысты жылдық жұмыстардың маңызды бастамаларында оған үнемі сиынып, жалбарынған. Дәстүр бойынша жаңа астық пен оның пірі Диқан бабаға арнап, елге дәм татқызып, құрмет көрсетіп, соңында дұға бағыштап отырған. Құрбандық малдың етін қырманның жанында үй иесінің әйелі асқан. Осы жерге көршілері мен ауылдастарын қырман тойынан дәм татуға шақырған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әлішынар''' диқаншылықта қолданылатын шығырдың иесі, мифологиялық образ. Егіншілікпен айналыскан байырғы қазақ қауымында егісті арық қазу арқылы су тартып және жаңбыр суымен суарған. Сонымен қатар су көтерілмейтін биік жерлерге гидротехникалық құралдар күшімен су шығарып суару жүйесін жолға қойған. Осындай биік жерлерді суару үшін шығыр пайдаланылған. Ертедегі қазақтардың танымында шығырды ойлап табушы мифтік тұлға әлішынар болып табылады. «Бұл мың бір бөлек ағаш беліктерінен құралған, қатар-қатар түзілген, айналатын немесе қозғалатын су көтергіш құрал, қазақтардың айтуынша, есепте жоқ заманда әлішынар деген бір адам жасап, бұл құралдың іс-қозғалысын бір немесе екі өгіздің күшімен жүзеге асырған» деген мәліметтер кездеседі. Сондықтан егіс жұмысы басталатын кезінде егіншілер әлішынар рухына дұға бағыштап, қолдарына кетпен алған. Егістікті еңдеп тұқым сепкеннен кейін, арықты тазалап атпа, қауға, шығырды іске қосады. Онан кейін Жаратушымен диқандардың арасын жалғастырушы әлішынарға арнап құрбандық шалынған. ''Шығырдың шын атасы, Әлішынар, ''Шынарға сиынбаса шығыр сынар ''Әліге Шынар менен құп сиынсам ''Қашан да Тәңірі оңғарып, ісің тынар. Байырғы дүниетанымдық түсінікте жоғаргы және төменгі әлемді байланыстырушы буын діңгек болып табылады. Діңгек құнарлылық пен мол өнімнің кепілі болмақ. Сөйтіп, жер мен көктің арасында дәнекер болуға кектің нұрын, қуатын Жер-Анаға сіңіруге талпынған. Ежелгі уақытта түріктерде мынадай салт болған. Егер билеуші династияның біреуі ағаштың діңіне ең биік секірсе, оған әскери титул шад берілетін. М.Қашғари байыргы түріктердің «тәңірісі» ретінде «үлкен діңңі» айтатынын хабарлайды. Шығырдың иесі Шынар атаның дүниеге келуі қазақтың осындай дүниетанымдық түсінігінен шықса керек. Өйткені халық ұғымында Шынар ағашы киелі де қасиетті болып табылады. Шығырдың пайда болуына мифтік мазмұн беруші және оның пірі әлішынардың атының өзі, оның шығу тегінің ортаазиялық екенін көрсетеді. Себебі шынар ағашы Орта Азияда кездесетін ағаш түрі. Сондай-ақ, ертеде отырықшы халықтар шынар ағашын тек мешіттің күмбездерін, үйдің бағандарын және оймыш есіктер жасауда ғана пайдаланған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әмиян''' ақша, тиын-тебен салып жүруге арналған шағын қалта, шилан. Әмиянның ішін бір не бірнеше қатпарлы, бөлікті етіп көннен, былғарыдан тігеді. аузы қайырмалы немесе қаусырмалы болып келеді. Кейбір әмияндардың аузына темірден жасалған көмкерме бекітіліп, басына домалақ шыртетпе орнатылады. Әмиянды киімнің қалтасына салып жүруге ыңғайлы етіп жасайды, оны жібек матадан да тігіп, бетін өз қалауына қарай кестелеген. Қазақтардың ұлттық ерекшелігі туралы орыс зерттеушісі В.И. Даль: «Қазақ жеріне өттің екен, әмияныңды қалтаңа салып қой. Жылтыраған тиын санап отырғаның бұл елдің әдет-ғұрпына ерсі. Ал үйіне келдің екен, әрдайым асы дайын, шипалы қымызы және бар», деген екен. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ән айтысу''' қыздар мен жігіттердің екі топқа бөлініп, кезекпен ән айтып жарысып, көңіл көтеруі. Үйлену салтында қалыңдық ойнауға барған жігітке, ере барған жолдастарына дәм таттырған соң келесі рәсімдерге кезек беріледі. Қалыңдықты көрші ауылдың адамдары алып кетіп жасырады. Қыз-келіншектер киіз үй ішінде қалып, жігіттер киіз үйдің сыртына шығып отырып, ән айту сайысына түседі. Кезектесе әнмен айтысып, қарсы топты сүріндіруге барын салады. Дарын мен қарымы сынға түсер сын сағатта суырып салмалық өлең шумақтарының айшықты үлгілері туады. Жігіт: ''Жар бола гөр Жасаған, ''Үйір ем қызға жасымнан. ''Кездойсоқ тойға келген ем, ''Үлгере алмай басынан. Қыз: ''Құдайым, өзің қолдай гөр, ''Өйткені сенің құлыңмын. ''Жарқырап тәжі тағы тұр, ''Шағшардан хан ұлының. Жігіт: ''Базарда сатып алған күміс құман, ''Ән айтпай мен де босқа қарап тұрман. ''Менімен айтысатын қыздар қайда, ''Күн сайын бола бермес мұндай думан. Қыз: ''Шаршамай, ауқаттанып келіп пе едің? ''Даусыңның жаңылмай-ақ танып тұрмын. ''Көрмегелі мен сені айлар өтті. ''Жүрсің бе аман-есен, бақ-дәулеттің? Әдетте күйеу жігіттің жолдастары қалыңдықты жасырып отырған қыздар тобынан жеңілген сыңай танытып, ән айтысуының соңында қыздар тобына сыйлық кәде беріп аяқтайды. Ән айтысу дәстүрлі этномәдени ортаның ең маңызды бірі болды. Көшпелі социумның қалыпты функциясының алғышарты информациялық байланыс () пен информациялық өрістің
'''Әңгелек''' қысқа таяқты лақтырып, шыр көбелек айналдырып ойнайтын таяқ ойыны. Бұл ойында қатысушы бала санына шек қойылмайды, олар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер бойына тұрады. Ойынды жүргізуші ортаға шығып, балаларды реттік санымен ататқызады, кейін ойыншы кез келген санды айтып, (мәселен, төртінші, оныншы, бесінші) таяқты жоғары қарай лақтырады. Осы кезде реттік саны аталған бала таяқты құлатпай ұстауы керек. Бала жайбасарлық көрсетіп немесе тез жүгіре алмай таяқты құлатып алса, көптің ұйғаруымен өлең айтады не би билеп, домбыра тартып, көпшілік алдында өз өнерін көрсетеді. Егер таяқты құлатпай ұстап алған жагдайда, онда ол ойын жүргізушімен орнын алмастырады. == Дереккөздер == Санат:Ұлттық ойындар
'''Әңгіме-дүкен құру''' ауыл арасы немесе ауыларалық аралас-құралас адамдардың ақылдасу түрінде өтетін кішігірім жиыны. Әңгіме-дүкен құрудың қандай деңгейде өтетіні жиынның өзегі болатын мәселенің сипаты мен ауқымына байланысты болды. Әдетте айтулы оқиғаға, жесір дауы, жер дауына, шаруашылыктың сан алуан қат мәселелеріне, ғұрыптық және мерекелік шараларды атқаруға байланысты ауылдың беделді адамдарының өтеді. Кішігірім дау-шар немесе ошақ қасы от басы дейтіндей мәселелер ауыл ішінде- ақ қарастырыла береді. Ал көш-қон, қырқым, келім түсіру, қыз ұзату сияқты ауқымды мәселслср ауыларалық деңгейдегі әңгіме-дүкен құрудың барысында шешіліп отырылды. Әңгіме-дүкен құру жылдың жылы мезгілдерінде көктемнің соңғы айында, жаз кезінде және ерте күзде ұйымдастырылды. Әңгіме-дүкен құруға әдетте ауылдың сыртындағы биіктеу келген адамдардың отырып-тұруына ыңғайлы жер таңдалды. Әңгіме-дүкен құруға жастар жағы да жиын барысына тікелей араласпаса да ерекше ықыласпен қатысқан. Әңгіме-дүкен құрудың билер кеңесі немесе ақсақалдар кеңесі сияқты институттардан айырмашылығы сол, мұндағы мәселелердің қаузалуы бейресми сипатта болады. Ондағы мәселелерді талқылауға әркімнің де мүмкіншілігі болды. Ана тілімізде сақталған «әңгіме дүкенін ағытты» және «әңгіме көрігін қыздырды» дейтін белгілі сөз орамдары жиынға қатысушы адамдардың арасындағы әңгіменің еркін желіске құрылатындығына байланысты айтылған. Әлбетте, дәстүрлі ортада орныққан әлеуметтік қатынастардың беделді адамдардың, үлкеннің, кішінің, әйел затының орны сияқты іргелі этикалық нормалары қатаң сақталынды. Әңгіме-дүкен құрудың ұйымдасқан түрде атқарылып отырғандықтары сондықтан. Әңгіме-дүкен құрудың аяғы әзіл-оспақ, ән салу, күй тарту сияқты көңіл көтеру шараларына ұласып отырды. Қазақы ортада дүкен ұғымы ұсталық кәсіппен байланысты болғандықтан ерекше қасиетті деп есептелінді. Яғни кез келген ахуалға байланысты қолданыла бермеген. Соған қарағанда, қазақы ортада әңгіме-дүкен құру үрдісінің ерекше бейресми мәртебесі болды деуге болады. Әңгіме-дүкен құру барысында шешімін таппаған ерекше ауқымды даулы мәселелер билер кеңесі немесе ақсақалдар кеңесі сияқты, тіпті, билер сотына ұсынылып отырды. Бірак, этнографиялық деректерге қарағанда әңгіме-дүкен құру барысында-ақ қаузалған мәселелердің дені «бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деген принцип бойынша өзінің шешімін тауып отырған. Әңгіме-дүкен құру аталмыш мәселелерді әбжіл әрі тиімді шешудің ерекше тәсілі болды. Сонымен бірге әңгіме-дүкен құру қазақы ортадағы әлеуметтік қатынастарды нығайтып отырудың да құралына айналды. Әсіресе, жастарды ата-баба жолы рухында тәрбиелеудегі, яғни орны мен рөлі айырықша болды. Әңгіме-дүкен құруды дастарқан басында немесе ауыл ішінде жақын адамдар арасында болып тұрған әңгіме-сұхбат сияқты үрдіспен шатастыруға және оған теңеуге болмайды. Дәстүрлі қазақ коғамының бұрынғы әлеуметтік қауқары қожырауына байланысты әңгіме-дүкен құру өзінің бастапқы функциясынан айырылды. Қазір дос-жаран адамдардың өзара шүйіркелескісі келетіндігін білдіретін әңгіме-дүкен құрайық дейтін сөз орамы баяғы қайранға айналған қазақы дәстүрдің жаңғырығы ғана іспеттес. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әңгір''' ересек балалар мен бозбалалардың таяқпен айналып ойнайтын ойыны. Әбден жаттыққандар аяқ-қолымен айнала береді. Бір орында тұрып, шыркөбелек айналу емес, тік тұрып, екі қолды жоғары созады да, бүкіл денесімен не оң жаққа, не сол жаққа қарай кәдімгі дөңгелекше айналу. Бұл спорт әлемінде кең тараған акробатикалық қимылдың бір көрінісі. Ойынға қатысушы шарт бойынша қолын жоғары көтереді. Екі аяғының арасын өзінің шамалауынша ашып, буынын бекіте ұстайды. Өз ыңғайы бойынша не оңға, не солға қарай екі қолымен және екі аяғымен жер тіреп айналады. Екі аяғын бүкпей жазып, дөңгелекше денесінің айналуына көмектеседі. Бұл өте ширақтылықты, ептілікті талап ететін ойын. Алғашқы жаттығу таяққа сүйеніп айналу әдісін игеруден басталады. Сол арқылы үздіксіз қимыл арқылы айналу әдісін игереді. Әр ойыншы өз бойына шақ, айналғанда кедергі жасамайтындай мөлшерде түзу таяқ әзірлеп алады. Таяқтың екі ұшын екі қолын кере көлденең қалпында ұстайды да, ұшын жерге қадап айналады. Таяқ денені игеріп үйренуге демеу болады. Бұл "әңгір", яғни таяқпен айналу ойыны. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Сәуірдің 16''' Григориан күнтізбесінде жылдың 106-шы күні (кібісе жылдарда 107-ші). Жылдың аяғына 259 күн қалады. == Мерекелер == Армения полиция қызметкері күні. «Алғашқы конституция күні», «Заңгер күні». Гренландия, Маргрет патшайымы туған күні. Массачусетс, Мэн, Патриоттар күні. == Оқиғалар == 1863 жыл Францияда «Plongeur» (фр. «Малтушы») XIX ғасыр ең ірі су асты кемесі суға түсірілді. 1871 жыл Берлин Германия астанасы деп жарияланды. 1945 жыл Берлин операциясы басталды. 1947 жыл Оңтүстік Каролина сенатында америкалық саясаткер және қаржыгер Бернард Барух «суық соғыс» сөз тіркесін алғаш рет пайдаланды. 1966 жыл Израильде алғаш рет «Кока-кола» сатыла бастады. == Туғандар == 1889 жыл Чарли Чаплин, америка және ағылшын киноактері, кинорежиссер, сценарийші, композитор әрі продюсер. Оксфорд университетінің құрметті докторы == Қайтыс болғандар == == Дереккөздер == Санат:16 сәуір
'''Текелі қорғасын-мырыш комбинаты''' Қазақстандағы түсті металлургияның ірі бірі. Алматы облысындағы Жетісу Алатауы сілемдерінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. 1933 жылы М. Юдичев пен М. Қадылбековтың зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзеннің жағалауынан қорғасын-мырыш кен орны ашылды. Комбинат құрылысы 1937 жылы басталып, кен өндіру және оны өңдеу жұмыстары 1942 жылдан жүргізіліп келді. Комбинат құрамында Текелі, Көксу, Тұйық кеніштері мен кен байыту фабрикасы, бірнеше қосымша цехтар жұмыс істеп келген. Комбинаттың негізгі өнімі қорғасын, мырыш және барит концентраттары еліміздің түсті металлургия зауыттары мен химия, мұнай өндіру қайта өңделіп отырған. 1971 жылы Текелі қорғасын-мырыш комбинаты кен өндірудегі жоғары өнімді технологияны өндіріске енгізгені үшін КСРО халық шаруашылығы көрмесінің алтын және қола медальдарымен марапатталған. 1996 жылы жоғары сапалы (45%) рентабельді кентас қабатының бітуіне байланысты комбинат өз жұмысын тоқтата бастады. 2003 жылдан жиналып қалған клинкерді (қалдықтарды) өңдеумен бір ғана цех жұмыс істеп тұр. ==Сілтемелер== Санат:Қазақстан кәсіпорындары Санат:Алматы облысы
'''Әңгіртаяқ''' қазақы ортада әңгіртаяқ ойнату деген қолданыс адамның қоқан-лоққы көрсетіп, зобалаң тудыруы мәнінде ұғынылады. Сонымен қатар тілдік қолданысына қарай билеп төстеді, үстемдік етті, әлекке түсірді деген мағынада да колданылады. Осы жайтқа байланысты ана тілімізде әңгіртаяқ ойнату деген тұрақты сөз тіркесі кездеседі. Әңгіртаяқ атауы әңгір терминінен бастау алады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әрі-сәрі''' екі немесе үш-төрт айлық қозы терісінің атауы. Қозы туғаннан кейін екіден төрт ай аралығында сойылған қозының терісі елтірі емес, бірақ ол терінің толық сипатына еніп үлгермеген деген мағынаға саяды. Әрі-сәрі қозының терісінен көбіне ішік тігеді. Осы кезде сойылған терінің жүні ұзынды-қысқалы болғандықтан оны біркелкі қырқып тастап, бөрік тігуге, киім жұрындауға пайдаланады. Әрі-сәрі теріден жасалған ішік жеңіл, жұқа болады, бірақ соншалықты жылы болмайтындықтан ондай ішікті қара суық кездері және сәндік үшін киеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Анфилофий Петрович Шилков''' (14.3.1917, Ресей, Түмен облысы Исет ауданы Турушево селосы 1990, Екатеринбург қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, батарея командиpi. Орыс. техникумын бітіріп, Амур облысының Благовещенск қаласында бухгалтер болып жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарында 1938 жылы және 1941 жылдан әскери борышын өтеген. 1938 жылы Хасан көлі маңындағы кақтығысқа қатысқан. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың ақпан айында келді. 624-жаяу әскер полкінің (Беларусь майданы, 42-армия, 137-жаяу әскер дивизиясы) зеңбірекшілер командирі Шилков Беларусьтің Гомель облысы Жлобин ауданы Доброгоща державасы үшін болған шайқаста танкіге қарсы ататын гранатамен батареяға баса көктеп келе жатқан жаудың ауыр танкісін жойды. Жараланған батарея командирінің орнына басшылық жасап, айналдыра қорғаныс ұйымдастырды. Шилков басқарған артиллерия батареясы бекініс шебін үш тәулік бойы қорғап, жаудың тағы екі танкісін жойды. Осы ерлігі үшін оған КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы және Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі берілді (16.5.1944). Госпитальда ұзақ емделген Шилков 1949 жылы запасқа шығып, Шымкент қаласында жұмыс істеді. Кейіннен Екатеринбург қаласында тұрды. 1- дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жүлдыз», 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған. 2005 жылы мамырда Түмен облысының Исет селосындағы Халықтық өлкетану мұражайында Шилковқа бюст орнатылған. ==Дереккөздер== Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Шиловский Леонид Прокофьевич''' (1919, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылы 3.11. 1943, Украина, Днепропетровск облысы Кринички ауданы Потоки селосы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы. Орыс. 1941 жылдың маусымынан 46-армия 236-атқыштар дивизиясы 496- жеке атқыштар рота құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 26 қыркүйекте Днепр өзенінен (Украина, Днепропетровск облысы Верхнеднеировск ауданы Сошиновка маңы) алғашқылардың қатарында өтіп, жеке өзі 11 жау әскерін жойды. Шиловскийге ерекше ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (3.11.1943). Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы бір көшеге Шиловский есімі берілген. Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Федор Федорович Шиляев ''' (6.4.1900, Ресей, Свердловск облысы Верхотурье қаласы -16.11.1969, Қарағанды қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, бөлімше командирі, старшина. Орыс. == Өмірбаяны == 14 жасынан еңбекке араласып, Азамат соғысына (1918-20) қатысқан. 1939 жылы Алматыға қоныс аударып, Түрксіб басқармасында жұмыс істеген. Қазақстанда жасақталған әскери құраманың қатарына алынып, 1942 жылдан 1-Балтық майданына қарасты 43-армия 5-шабуылдаушы инжылы-саперлер бригадасы батальоны құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы 25 маусымға қараған түні Батыс Двинадан (Даугава) өту үшін Шиляевке 20 минут ішінде сал жасап,өзеннің арғы жағына шығуға бұйрық берілді. Өзеннен өтіп шыққан жаяу әскер взводының қимыл-әрекетін қолдау үшін Шиляев өзінің саперлерін шабуылға бастады. Ұрыс барысында 12 жау әскерін жойды. Соғыстан кейін ол Қарағанды қаласында тұрып, сонда еңбек етті. == Марапаттары == Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін Шиляевке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.7.1944). Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Геннадий Фадеевич Шляпин ''' (13.8.1912, Қызылорда облысы, Қазалы 13.8.1970, Ташкент қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия полковнигі, полк командирі. Орыс. Аграрлық- индустриялық техникумды бітірген. Қазалы МТС-ында, Осо авиахим облыстық кеңесінде жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарында 1934-36, 1939-40 жылы болды. 1941 жылы Ташкент жаяу әскер училищесін бітірді. 1941 жылдың шілдесінен 1- Прибалтика майданы 6-гвардиялық армия 67-гвардиялық атқыштар дивизиясы 196-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 30 қазан 1944 жылы 13 желтоқсан аралығында полк басқарды. 1944 жылы 23 маусымда Шляпиннің полкі жаудың қорғаныс бекінісіне шабуыл жасап, Заборье ауданынан қуып шықты. Дұшпанның маңызды тірек пункті Сиротиноны басып алып, Витебск-Полоцк торабында жауды бөгеді. Дұшпанды өкшелей қуған полк Батыс Двина (Даугава) өзенінен өтті. Осы шайқастардағы ерлігі үшін майор Шляпинге КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.6.1944). Соғыстан кейін «Выстрел» курсын (1947), Бас штабтың Әскери академиясы жанындағы курсын (1957) бітірді. 1958 жылы запасқа шықты. Қазалы, Ташкент қалаларында жұмыс істеді. Қазалы қаласындағы бір көшеге Шляпин есімі берілген. Ленин, Қызыл Ту, Богдан Хмельницкий, Суворов, l-дәрежелі Отан соғысы, рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:13 тамызда туғандар Санат:1912 жылы туғандар Санат:Қазалыда туғандар Санат:13 тамызда қайтыс болғандар Санат:1970 жылы қайтыс болғандар Санат:Ташкентте қайтыс болғандар Санат:КСРО полковниктері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Богдан Хмельницкий орденінің иегерлері Санат:III дәрежелі Суворов орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:КОКП мүшелері Санат:Ұлы Отан соғысы полк командирлері Боткин зиратында жерленгендер Санат:Ташкент жаяу әскер училищесі түлектері
'''Асхат Өлмесұлы Шойынбаев''' (10.6.1959 жылы туған, Алматы қаласы) әскери қайраткер, генерал-майор (2000). Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1980), М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны (1991) бітірген. 1980-93 жылы мотоатқыштар взводы, ротасы, батальонының командирі, полк штабының бастығы болды. 1993— 97 жылы мотоатқыштар полкі командирінің орынбасары, полк командирі, 1997-2000 жылы танк дивизиясы командирінің орынбасары штаб бастығы, мотоатқыштар дивизиясының командирі, 2000-02 жылы Батыс әскери округі әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары штаб бастығы, 2002-03 жылы оқу орталығының бастығы қызметтерін атқарды. 2003-04 жылы АҚШ-та қызмет бабымен больш, 2004- 05 жылы құрама (корпус) командирі болды. 2005 жылдан Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы. Бірнеше медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Қазақ батырлары Санат:10 маусымда туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Фрунзе атындағы Әскери академия түлектері Санат:Қазақстан
'''Шоқпар Жауғаштыұлы''', Шоқпар батыр (шамамен 1691 өлген жылы белгісіз) батыр. Шыққан тегі Орта жүз арғын ішінде қаржас руынан.. Сүйіндік- қаржас жасағын басқарып, қазақ-жоңғар арасында болған шайқастарда жаудан Баянаул, Желтау, Қызылтау сілемдерін азат еткен. 1756 жылы қашқан жоңғар әскері Баянауыл мен Ертіс аралығындағы Серектас деген тауға тығылып, қатты қарсылық көрсеткен. Шоқпардың ақылымен Олжабай бастаған қазақ колы жоңғарларды қырға қарай алдап шығарып, қырғынға ұшыратты. Серектас шайқасы өткен жер кейіннен аталып кеткен. Осы жаугершілік кезінде Шоқпардың ұлы жау қолынан қаза болды. Сондықтан Олжабай батырдың шешімімен Қызылтау сілеміндегі Қарадің адырына Шоқпардың аты қойылып, Үшбұлақ өлкесі оған қоныс ретінде берілді. Шоқпардың кейіннен алған қалмақ әйелінен көрген балалары болған. ¥рпақтары 1996 жылы «Шоқпар адырына» белгі тас қойды. ==Дереккөздер== Санат:Қазақ батырлары Санат:Тұлғалар
'''Иван Илларионович Кривенко''' (1925—2001) танкист, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры (1945), Павлодар қаласының құрметті азаматы ==Өмірбаяны== Ермак ауданындағы Марковка (қазір Павлодар облысы, Ақсу ауданының ауылдық аймағы) ауылында 1925 жылғы маусым күні дүниеге келген. Соғысқа дейінгі жылдары тракторшы курсын бітіріп, 1939 жылдан бастап Қашыр ауданындағы «Октябрьский» ауылында тракторшы қызметін атқарды. 1942 жылы (Қашырлық) аудандық военкоматпен майданға шақырылды. 50- гвардиялық танк бригадасы «Т-34» танкінің (1-ші Беларуссия майданы, 2- гвардиялық танк әскері, 9-гвардиялық танктік корпус). ==Ерлігі== 1945 жылы тосқауылда отырған танкистерге жау танкистері шабуыл жасады. Бірақ біздің танкистер ерлікпен шабуылды жеңіп шығып, неміс танкілерін жойды. ==Соғыстан кейінгі жылдар== 1946 жылы старшина Кривенко майданнан оралып, Қашыр ауданындағы «Октябрьский» ауылында тракторист бригадир қызметін атқарды. 1966 жылдан бастап Павлодар трактор зауытында көлік гаражының бастығы және инженер ретінде қызмет етті. 1995 жылы Мәскеуде өткен мерейтойлық шерудің қатысушысы. ==Наградалары мен атақтары== Кеңес Одағының батыры (1945) ордені бар Медальдері бар ==Еске алу== Павлодар қаласындағы көшенің біріне оның аты берілген (1994) Жеңіс алаңында Батыр мүсіні орнатылған (2001). ==Ескертпелер == ==Дереккөздер== Кеңес Одағының Батырлары: Қысқаша өмірбаяндық сөздік Редакторлық алқаның өкілі И. Н. Шкадов. М.: Воениздат, 1988. Т. /Любов Ящук/. 863 с. 100 000 дана ISBN 5-203-00536-2 Павлодар. Павлодар облысы. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Қазақстан, А-А., 1969 (Павлодар ертіс өңірі) Санат:1925 жылы туғандар Санат:2001 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан Халық Қаһармандары Санат:Қазақстан әскерилері Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Константин Фомич Шувалов ''' (10 қаңтар 1912 жыл, Павлодар наурыз 1999 жыл, Мәскеу) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, подполковник. Орыс. == Өмірбаяны == Ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітіргеннен кейін Соликамск (Ресей, Пермь облысы) қаласында автобаза директоры қызметін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы Соликамск қаласы әскери комиссариатынан шақырылып, кіші лейтенанттар курсын бітірген. Орталық майдан 61-армия 81-атқыштар дивизиясы 467-атқыштар полкінің құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Лейтенант Шувалов 1943 жылы 2-3 қазанда өз батальонымен Днепрден (Беларусь, Гомель облысы Лоев ауданы Глушец маңы) өтіп, жаумен қиян-кескі ұрысқа түсті әрі өздері тартып алған плацдармға бекінді. Гитлершілер Бұл плацдармды алу үшін жойқын қарсы шабуылға шықты. Олар авиацияның қолдауымен артиллерия мен минометтен атып, 10-ға жуық қарсы шабуыл жасады. күнде жаудың 22 қарсы шабуылы тойтарылды. Соғыстан кейін офицерлердің кәсіби біліктілігін арттыратын курсты бітірді (1946). 1962 жылы запасқа шығып, Одесса қаласында тұрды. == Марапаттары == Днепрден өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Шуваловқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.1.1944). Ленин, Қызыл Ту, 1- дәрежелі Отан соғысы, рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1912 жылы туғандар туғандар Санат:1999 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар
'''Тектұрмас''' ерте орта ғасырдағы қала орны. Жамбыл облысы Талас ауданы Көшек батыр ауылының қарай км жерде орналасқан. Алғаш 1898 жылы В.А. Каллаур ашқан. 1949 жылы Жамбыл облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы (жетекшісі Л.И. Ремпель), 1980 жылы осы экспедициясы (жетекшісі Қ. Байбосынов), 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Байпақов) зерттеген. Жобасы тікбұрышты келген қала жұртының ауданы 300*200 м2. Қалашықтың солтүстік шетінде орналасқан цитадельдің ауданы 70*70 м2, биіктігі 11 м. Айнала қорғаныс дуалмен қоршалып, сыртынан ор қазылған. Қаланың іші мен сыртында құрылыс қалдықтары байқалады. Қазба барысында табылған қыш ыдыстардың сынықтары мен қалашықтың жобасының сипаты оның 13 ғасырлар аралығында өмір сүргенін білдіреді. ==Сілтемелер== Санат:Қазақстан көне қалалары
'''Андрей Николаевич Елгин''' (1899—1944) автоматшылар бөлімшесінің командирі, Азаматтық және Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры (1945) қайтыс болғаннан кейін. ==Өмірбаяны== «Путь Ленина» колхозы төрағасының орынбасары, бригадир болып қызмет еткен. 1941 жылы (Қашырлық) аудандық военкоматпен майданға шақырылды. 3-ші Беларус майданы, 88 атқыштар дивизиясының, 611 атқыштар полкінің атқыштар бөлімшесінің командирі ==Ерлігі== Аға сержант Елгин прусстық Голдап қаласының ауданындағы жау қоршауын жарып шыққанымен ерекшеленді. Полк туын құтқара отырып, қаза тапқан. ==Наградалары мен атақтары== ==Кеңес Одағының Батыры== (1945) қайтыс болғаннан кейін. ==Еске алу== Батыр есімімен Қашыр ауылындағы көше мен орта мектеп аталған. Батыр тұрған үйде ескерткіш тақта орнатылған. Павлодар қаласының көшесіне оның аты берілді (1965) Павлодар қаласындағы Жеңіс алаңында Батырдың мүсіні орнатылған (1979). == Ескерту == == Әдибиет == Павлодар. Павлодарская область. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Казахстан, А-А., 1969 (Павлодарскаое Прииртышье) Санат:1899 жылы туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан Халық Қаһармандары Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Шулятиков Василий (9.12.1917 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі, аға лейтенант. Орыс. == Өмірбаяны == Семей педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін Семей қаласында мектеп директоры қызметін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақырылып, 1939 жылы Кеңес-фин соғысына қатысқан. 1941 жылдың маусымынан Воронеж майданы 38-армия №бЗ-атқыштар дивизияеы 863-жеке байланыс ротасы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылдың қазанында Днепрден екі рет (Киев қаласының оңтүстік мен солтүстік маңындағы Жуковка және Вышгород селолары маңында) өтіп, өзеннің сол және оң жағалауларына байланыс сымын жүргізген. 1950 жылы Әскери-байланыс академиясын бітірді. 1972 жылы запасқа шықты. == Марапаттары == Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралкасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.10.1943). Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары
Ұлы Отан Соғысы жылдарында (1941 45 жылдары) Павлодар Ертіс өңірінен әскер қатарына облыстан 40486 адам жөнелтілді. Ең көп жөнелтілу 1941 жылдың екінші жартысында (15 144 адам) және 1942 жылы (12404 адам) болды. Майдандағы адам шығыны 21830 адам, 47,2% құрады. Ең ауыр кезеңдер 1942 мен 1943 жылына тиесілі (59% жуық). Павлодарлықтар соғыстың ең ауыр майдандарында қатысты. Олардың 10 мыңдайы соғыс наградаларына ие болды. 23 павлодарлықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды, адам Даңқ орденінің толық Кавалері атанды. ==Әскери оқулар== КСРО ГКО қаулысына сәйкес облыста 16-50 жас аралығындағы еркектерді жалпы әскери оқыту жүргізілді, қыздар телфонистер, телеграфистер, радисттер, медбиеклер, саннұсқаушылар курсын оқыды. Әскери оқытуға халықтың көпшілігі тартылды (мыс., "Шакат" совхозы 75%). Павлодар облысында 2448 (Павлодар) пен 3604 (Шарбақты) болды. Оларда қызмет көрсететін павлодарлықтар жарақат алғандар мен сырқаттардан көпшілігі сауығып кетуі үшін бар күш-жігерлерін аямады. Облыстың өндіріс саны артты, әсіресе 41 цех пен өндіріс ұйымдастырылған 1942 жылы көбейе бастады. Жаңа кәсіпорындардың көп бөлігі тұрмыстық бағыттағыхалық тұтынатын тауарларды жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындары еді. Сабаннан қағаз, ағаш тағанды аяқ-киім, саз балшық ыдыс және т.б. өндірісі калпына келтірілді. Тұрмыстық бұйымдар түрі 100 атауға дейін өсті. Республикалық және одақтық маңызы бар кәсіпорындарда елеулі өзгерістер болды. Кеме жөндеу шеберханалары 2-разрядтағы кеме жөндеу Жоғарғы Ертіс бассейнінде көлемі бойынша екінші өндіріс болды. Облыстың жетекші кәсіпорны соғыс қажеттіліктері үшін салынған «Октябрь» зауыты еді, алайда 1944 жылдың өзінде негізгі профиль өнімі ауылшаруашылық машиналарына арналған қосалқы бөлшектер шығара бастады. 1941 ж. Павлодарға 1941 ж. Қысының соңында және 1942 жылы өнім бере бастаған пшеберханалары, жүн фабрикасының жабдыңы әкелінді. Кен кәсіпорындары да дамыды: «Павлодарсоль» тресті, Шөптікөл көмір шахтасы, Екібастұз және Жамантұз көмір орындары. "Майкаинзолото" комбинаты елде үшінші орынға шықты. 1945 ж. Облыста одақтық және республикалық маңызы бар 80 кәсіпорын мен 700 облысы және жергілікті деңгейдегі кәсіпорындар істеп тұрды. Кәсіпорындарға әйелдер, жасөспірімдер келді, олар тапсырмаларды асыра орындап отырды. Әлеуметтік жарыстың жаңа түрлері пайда болды: майдан бригадарының қозғалысы, «екі-жүздік», «үшжүздік», «төртжүздік» және т.б. Соғыс жылдары ауылдар жұмыскерлердің негізгі бөлігінен айырылды. Соғысқа дейінгі ауылшаруашылық деңгейін қалпына келтіру үшін жас ауылдықтар тартылды, еңбек күндері көбейді; Павлодар кәсіпорындары ауылшаруашылық техникасын жөндеуге, жұмыстарға қала тұрғындары жұмылдырылды. (Мысалы, 1942 ж. 17 мыңнан астам адам, 1944 ж. 15,3 адам). Егіннің азаюына қарсы күрес жүргізілді; Қызыл Әскер нан қоры қалыптасты (1942 жылдың алғ.айында жеке қордан 440 ет, 24,4 мың л. сүт, 580 бидай, 325 картофель және т.б.). Гере облысы 1941 ж. Жеткізу жоспарын іске асыра алмаса, 1942 ж. Жақсы көрсеткіш көрсетті. 194243 ж. қатал қысы мал басының 13,6% азаюына әкеп соқты.1944 ж. мал басы тағы да азайды. Бірақ астық мол болды, жеткізу жоспары орындалды, ал 1945 ж. артығымен орындалды. Павлодарлықтар босатылған аудандарға 235 комбайн, 45 трактор, 40 автомобиль, 1235 жұсы жылқыларын және т.б. жіберді. ==Депортация== Соғыс жылдары Павлодар Ертіс өңірі Кавказдың көшіп келген тұрғындарымен (шешендер, ингуштар және т.б.), Поволжья немістерімен толықты. Қиындыққа қарамастан, көшіп келген адамдар облысы өз орнын тапты, жергілікті тұрғындармен тіл табысып кеті. Соғыс техникасын құру үшін мемлекеттік берешекке облыс тұрғындары соғыс жылдары ішінде 202 млн. руб енгізді. Павлодарлықтар майданға жылы киімдері бар 104 вагон жөнелтті, жауынгерлер, қаза болғандар отбасына көмек көрсетті. Ауыр соғыс жылдарында облыс тұрғындары елжандылық пен қайсарлық, адамгершілік пен төзімділік таныты.. == Дереккөздер == Санат:Павлодар облысы
'''Иван Алексеевич Шепетков ''' (1910, Алматы қаласы 16.11. 1941, Ресей, Мәскеу облысы Волоколам ауданы Дубосеково туған жылы айырмасы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, атқыш. Орыс. == Өмірбаяны == Мектептің 7-сыныбын бітірген соң Түрксіб темір жолында құрылысшы, кейіннен Сталинград трактор зауытында жұмысшы, соғыс алдындағы жылдарда Алматы қаласындағы циркте артист болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың маусымында шақырылды. Майдандағы әскерге 1941 жылдың қыркүйек айында барды. Ол Алматы қаласында құрылған 316-атқыштар дивизиясы 1075-атқыштар полкі 2- батальонының 4-ротасында ұрыстарға қатысты. 1941 жылдың 16 қарашасында саяси жетекші В.Клочков басқарған танкіні жойғыш топ құрамында Дубосеково айырмасы жанында жау танкілерімен бетпе-бет шайқасты. == Марапаттары == Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеу қаласы түбінде тарихта 28 гвардияшы- панфиловшылар атымен белгілі топта болған Шепетковқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.07. 1942). == Есте қалдыру == Волоколам ауданының Нелидово селосында бауырластар зиратында монумент, Алматы қаласында 28 мұражай салынып, мемориал орнатылған. Қаланың бір көшесіне Шепетков есімі берілген. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1910 жылы туғандар Санат:1941 жылы қайтыс болғандар
–КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ''', Павлодар облысында туған және майдан қатарына аттанғандар. Облыс тарихымен 23 Кеңес Одағының Батыры есімдері байланысты. Облыста туылып, шақыртылған Батырлар: И.В.Бабин, А.Н.Елгин, С.А.Елистратов, М.Қ.Қайырбаев, М.М.Катаев, А.С.Квитков, И.И.Корнев, И.И.Кривенко, И.В.Кутурга, И.Г.Ледовский, М.И.Милевский, С. Муткенов, К. М. Сураганов, Н.И.Кремениш Облыста туған, бірақ басқа қала мен облыстардан шақыртылған Батырлар: А.Ф.Горобец (Одесса облысы), К.Камзин (Алматы қ.), С.И.Маковский (Запорожье қ.), И.А.Скляров (Донецк облысы), В.В.Степаненко (Қырғызстан), С.К.Токарев (Магнитогорск), К.Ф. Шувалов (Соликамск қ., Пермск облысы). Өзге облыстарда туылып, Павлодар облысынан шақыртылған Батырлар: И.Н.Кудин (Павлодар қ.), К.А.Семенченко (Павлодар облысы, Успен ауданы). Павлодар мен Павлодар облысында тұрған және жерленгендер: А.А.Бердников (Аксу ауд, Қазаннның 60-жылдығы ат. совхоз), Д.Н.Потапов (Павлодар қ.), И.И.Суптель (Қалқаман кенті, Ақсу ауд). Әр түрлі кезеңде Павлодар қ. аумағында тұрған, кейін көшіп кеткен Кеңес Одағы Батырлары. Бұл екі рет Кеңес Одағы Батыры атағын алған И.А.Воробьев (Павлодар қ., 1956-60 Н.В.Сухов (Павлодар қ. авиаучилищесі 1957-60 ж.ж.), И.Л.Сиренко (Павлодар қ., 50-жылдар), (Павлодар қ. 1956-65 ж.ж.), В.И.Нортенко (Екібастұз қ., 1958-61 ж.ж.). Тереңкөл ауданымен Г.П.Кравченко есімі байланысты, ол Пахомовкада 1914-24 ж. тұрған, 1938-39 ж.ж. екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған, 1943 ж. қаза болды, Кремль қабырғасында Мәскеуде жерленген.. == Ескерту == == Әдибиет == Павлодар. Павлодарская область. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Казахстан, А-А., 1969 (Павлодарское Прииртышье) Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Тимофей Карпович Щербанов''' (1922 жылы туған, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Херсон селосы) 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, танк-десант ротасы батальонының командирі. Орыс. 1941 жылы Астрахан училищесін бітірген. Кіші лейтенант Щербанов 1941 жылдың желтоқсан айында Батыс майданда гитлершілермен соғысты. Брянск, 4-Украина, 1- және 2-Прибал- тика майдандарында батальонының командирі болды. Төрт рет жараланған. Щербанов Орел Курск ұрыстарына және жаудың Никополь қаласы түбіндегі (Украина) топтамасын жою операцияларына қатысты. Қырымды және Джанкой қаласын азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Щербановқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Щербанов Ленин, Қызыл Ту, рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталды. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Щурихин Александр Автаномович''' (1923, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Коловертный селосы 12.9.1944, Румыния, Трансильвания) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, бөлімше командирі. Орыс. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылып, сол жылдың тамызынан 2-Украина майданы 40-армия 42-гвардиялық атқыштар дивизиясы 127-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатыскан. 1944 жылдың наурыз сәуір айларында болған шабуылдарда Щурихин барлаушылармен Оңтүстік Буг (Украина, Винница облысы Ладыжин кентінің маңы), Днестр (Украина, маңы) және Прут (Молдова, Липканы кентінің маңы) өзендерінен өтіп, басқармаға мәліметтер жеткізіп отырды. КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Щурихинге көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (13.9.1944). Орал қаласындағы бір көшеге Щурихин есімі беріліп, №11 мектеп ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған. Ленин, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Әйткеш Абайұлы Ыбраев''' (1924, Семей қаласы 27.10.1944, Беларусь) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, зеңбірек командирі. Қазақ. Жеті жылдық мектепті бітірген соң «Қызылқұйған» ауыл шаруашылығы артелінде жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылып, 380-атқыштар дивизиясы 1264-полкі құрамында болды. Ол Калинин, Брянск, 2-Беларусь майдандарында ұрыстарға қатысты. 1944 жылдың тамыз айында Беларусь жерін азат етуде Ыбраев асқан ерлік корсетті. Зеңбірегімен дәлдеп атып, жаудың 200-ге жуық әскері мен офицерін жойды, қару-жарақ тиелген 19 автокөлігі мен 55 зат-арбасын өртеп жіберді, танкіге қарсы ататын зеңбірегі мен 12 пулемет ұясын жойып жіберді. Неміс- фашист басқыншыларына қарсы күресте корсеткен қаһармандық ерлігі үшін Ыбраевқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3. 1945). Сондай-ақ ол Ленин, «Қызыл Жұлдыз», 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Қазақ батырлары Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Ысқақ Ыбыраев ''' (10.5.1911, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қаратал ауылы 13.7.1965, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ыбыраев ауылы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі. Қазақ. Петропавл қаласындағы педагогикалық училищені (1930) бітіргеннен кейін Есіл ауданындағы Орталық, Бірлік, Жарқайың ауандарында 12 жыл мүғалім болды. 1942 жылдьщ шілдесінде Кеңес әскері қатарына шақырылып, Горький (қазіргі Нижний Новгород қаласы) қаласындағы әскери-саяси қызметкерлер курсын тәмамдады. Сол жылдың қазан айында Прибалтика майданына жіберіліп, 50-полктің рота командирінің саяси бөлімі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Могилев жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін (1944) 1-Беларусь майданының 5-екпінді армиясына қарасты 60-гвардиялық атқыштар дивизиясы 177-гвардиялық атқыштар полкінің взводын басқарды. 1945 жылдың қаңтарында Висланың батыс жағалауы плацдармдарынан 1-Беларусь және 1-Украина майдандары, ал оңтүстікке таяу 4-Украина майданының оң жақ қанатының құрамалары шабуылға көшіп, тарихқа Висла Одер операциясы атымен енген ұрыс жолдары басталды. Осы операция барысында Ыбыраевтың взводы жаудың берік ірі қорғаныс тірегін басып алып, ерлік көрсетті. Ыбыраевқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (27.2.1945). Соғыстан кейін туған жеріне оралды. Жоғары партия мектебін бітіріп (1948), ұзақ жылдар осы салада қызмет етті. Ленин, «Қызыл Жұлдыз», «1941-45 жылы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Қазақ батырлары Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Қапай Ысқақов ''' (1906, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы 26.9.1973, Жарма ауданы Васильковка ауылы) 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, бөлімше командирі. 1941 жылдың маусымынан бастап 52-армия 294-атқыштар дивизиясы 861-атқыштар полкінде ұрыстарға қатысты. 1944 жылдың 26 наурызында КСРО-ның мемлекеттік шекарасы жатқан Яссы қаласынан (Румыния) солтүстікке қарай Прут өзеніне шықты. Осы ұрыстарда мыңдаған әскерлер мен офицерлер ерекше көзге түсті. 1944 жылдың 28 наурызында Ысқақов жауынгерлермен Петрешты ауылы маңында (Молдова Республикасы, Унген ауданы) жаудың бірнеше шабуылына тойтарыс Ысқақовқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (13.9.1944). Соғыстан кейін Ысқақов өзінің туып-өскен ауылына оралып, жұмыс істеді. Қайтыс болғаннан кейін Жарма ауданындағы Васильковка ауылында жерленді. Қалбатау ауылында батырға обелиск орнатылған, ауылдағы көшенің бірі Ысқақов есімімен аталды. ==Дереккөздер== Санат:Қазақ батырлары Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Теледидар''' телехабар бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің, радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс бір уақытта күшейту және түрлендіруезі теледидар әдетте сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескопты теледидарлардың орнын сұйық кристалды, плазмалы теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидарлардың ең озық түрі болып саналады. ==Кинескоп== ''Кинескоп''' телевизиялық қабылдағыш түтік телевизиялық кескін көрсетуге арналған түтік. Ақ-қара түсті кинескоп та электронды сәуле экранға түсіп, оны беріліп жатқан кескін сигналына байланысты жолма-жол және кадр бойынша жарықтандырады. Түрлі түсті Кинескопта бұл мақсат үшін электронды сәулені пайдаланады. Олар мозаикалық немесе штрихтық экранның люминофорын бір түспен қызыл, жасыл немесе көк түспен жарықтандырады. Біртүсті кескінді беттестіру нәтижесінде қорытынды түрлі түс алынады. Тұрмыстағы теледидарларда әдетте, экранының диогональ өлшемі 16-дан 72 см-ге дейінгі Кинескоп қолданылады (Кинескоп тереңдігі диогональ өлшемімен шамалас). 20 ғ-дың 80-жылдарынан бастап тереңдігі аз, беті жалпақ кинескоп құрастыру қолға алынды. ==Телевизорды жөндеу== Телевизорға ондаған электрондық лампалар және жартылай өткізгіш приборлар, жүздеген резисторлар, конденсаторлар, контурлар, панелдер т. б. орнатылған. Сондықтан телевизорларды жөндеу, әсіресе ақауларды іздеп табу тек арнайы маман адамның немесе жеткілікті дайындығы бар ғана қолынан келеді. Бірақ негізінен телевизорлардың кейбір электрондық лампаларының қорғағыштарының немесе басқадай детальдарының істен шығып қалуының салдарынан болатын қарапайым ақауларды телевизор иелерінің өздері-ақ телевизор нұсқауы мен көпшілік оқырмандарға арналған брошюралардың кеңестері бойынша өндеп алуларына болады. Ақауы бар кинескоп тек кепілдік талоны (телевизор паспортының ішінде болады) болған жағдайда және онда көрсетілген кепілдік мерзім аралығында ғана тегін түрде жаңасымен алмастырылады. Телевизордан бөлек түрде жеке сатып алынған кинескоп істен шыққан жағдайда, кепілдік мерзім ішінде оны сатқан магазин тегін алмастырып береді. Кейбір қалаларда істен шығып қалған кинескоптарды қайта қалпына келтіру шеберханалары бар. Телеателье немесе радиошеберхана тек телевизиалық орталықтың немесе ретрансляциялық станцияның хабарларын сенімді түрде қабылдау аймағында орналасқан телевизорларға ғана қызмет көрсетеді. Телевизорларды жергілікті ерекшеліктерге сәйкес пайдалануға байланысты ауық-ауық жүргізілетін жөндеулер мен басқа да жұмыстарды телеательеден несиеге алатын талондар бойынша іске асыру қызмет көрсетудің қолайлы түрі болып табылады. Егер сіз өзіңіздің бұрыннан пайдаланылып келе жатқан телевизорыңызды осы заманғы жаңа модельді телевизормен ауыстырғыңыз келсе, ескі телевизорыңызды белгіленген баға бойынша жаңа телевизордың құны есебінде тапсыруыңызға болады. Бұлайша алмастырудың тәртібін жақын жердегі радиомагазиннен білуге болады. Телевизорды пайдалану. Ток желісіне қосылып жұмыс істеп тұрған телевизорды бақылаусыз қалдыруға болмайды, себебі бұдан лампалар, кинескоп т. б. детальдар мерзімінен бұрын тозады және уақытысында байқалмаған ақаулық кейіннен елеулі ақауларды тудыруы ықтимал. Қолдан жасалған токқағарды пайдалануға болмайды және ток кернеуі номиналь кернеуден 5%-тен артық болған жағдайда телевизорды желіге қоспау керек. Бұдан детальдардың изоляциясы бүлінеді, лампалар әдеттегіден ертерек тозады. Телевизордың ішіндегі шаң-тозаңдарды тазартқанда ылғал шүберекпен сүртуге болмайды бұл электрлік изоляцияның және детальдардың бүлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Шаң-тозаңды жылына 1—2 рет шаңсорғышпен және жұмсақ қыл щеткамен, құс қауырсынымен немесе бензинге матырылған жұмсақ шүберекпен тазарту қажет. Күйге келтіру тұтқаларын күштен бұрамау керек, дұрыс тұтқалар жеңіл әрі бірқалыпты бұралуға тиіс. Күйге келтіру винттерін және де контур катушкаларының өзегін бұрауға болмайды, себебі бұларды бұрағаннан телевизор бұзылуы және бүлінуі мүмкін. Жұмыс істеп тұрған телевизордың артқы қақпағын салфеткамен, жапқышпен жауып қоюға болмайды, себебі бұдан оның детальдары қызып бүлінуі мүмкін. Найзағай жарқылда ған кездері телевизорды жұмыс істетпеген жөн; ол кезде сыртқы антеннаны жермен қосып тастау қажет. Хабар біткен соң тек телевизорды ғана емес, кернеу да немесе кернеу реттеуішті де (егер бұлар пайдаланылған болса) ток желісінен ажыратып тастау LCD телевизор. ==Телевизордан нені және қалай көру керек== '''КСРО Орталық телевизиясы''' Мәскеуден 10 программа бойынша хабар таратады, мұның алтауы еліміздің шалғай аудандарына арналған (тәуліктік орташа көлемі 80 сағат). КСРО Орталық телевизиясы «Интервизия» және «Евровизия» жүйелері арқылы Еуропаның көптеген елдерімен телехабарлар алмасады және осы елдерден тікелей телерепортаждар ұйымдастырады. КСРО Орталық телевизиясының хабарлары советтік «Марс» ретрансляциялық космостық байланыс станциялары және «Молния—2» байланыс спутниктері арқылы Америка және Азия құрылықтарына тікелей таратылады. КСРО-тың ұлт республикалары мен облыстары халықтарына қолайлы болу үшін бірқатар телевизиялық орталықтар телехабарларды екі тілде бірдей таратады. Телекөрермендер қосымша арнайы құрылғы арқылы хабарлы өзі қалаған тілде тыңдай алады. Телевизиялық хабардарлық арнайы (информацияның жан-жақтылығы, және көрнекілігі, кез келген шалғай қашықтан хабар көрсетуі, уақиғаға «араласып кетуі» әсерінің және көріністің өзгеруі) болуы әсіресе организмі мен жеке басы әлі қалыптасып бітпеген жасөспірімдерге және балаларға сезімдік және психологиялық үлкен әсер етеді. Егер телевизиялық хабарларды талғамастан немесе бәрін түгелдей (кейбіреулер көп жағдайда осылай істейді), отбасы мүшелерінің құрамын, жас ерекшеліктерін, білім дәрежесін, денсаулық жағдайын, сонымен бірге отбасыныңның пәтер жағдайын еекермей көре бергеннің пайдасынан гөрі зияны көп, оқуға және өз бетінше кітап оқуға кедергі жасайды, спортпен шұғылдану және таза ауада болу уақытын азайтады, тынығу уақытын кемітеді және адамның нерв жүйесіне өте көп күш түсіреді. Балаларға ерекше «телевизиялық режим» орнату керек. Дәрігерлердің жүргізген арнайы зерттеулері''' 14 жасқа толмаған оқушылардың''' күніне көретін телевизиалық хабарларының ұзақтығы '''1 сағаттан аспауы керек''' екенін көрсетеді. Ересек оқушылар хабарларды үзіліссіз '''2 сағаттан артық''' көрмегені жөн. Телевизорды жұмыс және демалыс режимдерін бұзбай, отбасы мүшелерінің ұнататын және талап-тілегіне сай келетін, олардың барлығына пайдасы бар хабарларды алдын-ала таңдап алып, дұрыс пайдалану қажет. Апталық бюллетендерде, орталық және жергілікті газеттерде жарияланатын телевизиалық хабардар программасын пайдалана отырып өз отбасыңыздың көретін телевизиялық жоспарларын жоспарлап, белгілен қойғандарыңыз жөн. Телевизиялық хабарларды ала көлеңке жарақта көрген дұрыс, себебі кескіннің айқындылығы мен бөлменің қараңғылығының арасындағы айырмашылық алшақ болғанда көз тез талады. Экраны үлкен телевизорды 2—3 метрдей қашықтықта отырып көрген дұрыс, себебі бұдан жақын отырған кезде экраннан көрінетін кескіннің айқындылығы нашарлап, көз талады. Телевизор экранының ортасы отырған адамның көз деңгейінің биіктігіндей болуы қажет. Телевизорды жатып көруге болмайды. ==Дереккөздер== Санат:Үй тұрмысы Санат:Тұрмыс Санат:Техника
'''Нағи Ілиясов ''' (6.11.1920, Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы (Сырдария ауданы) "Қызыл коммуна" ауылы 6.5.1987, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушылар бөлімшесінің командирі, ефрейтор. Қазақ. 1929-36 жылы Арыс және Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленген. 1936-39 жылы Орта Азия Мемлекеттік университетінде (Ташкент) оқыды. 1939-41 жылы Ташкент маңы Жоғары Шыршық ауданындағы мектепте мұғалім болды. 1941 жылы туған еліне оралып, 37-Жәдігер мектебінде неміс тілі мен тарих пәнінен сабақ берді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, 2- Украина майданына қарасты 46-армия 99-атқыштар дивизиясының 473-артиллерия полкі 2-дивизионы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Элиста, Ростов, Донбасс, Киев, Житомир қалаларын азат етуге катысты. Будапешт қаласын (Венгрия) азат етуде корсеткен ерлігі үшін Ілиясовқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі коса тапсырылды (24. 3.1945). 1945 жылы Мәскеуде Кызыл Алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатысты. 1945 жылы әскер қатарынан босады. 1946-50 жылы Қызылорда облысы комитеттерінде хатшы, 1950-52 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебінде оқыды. 1952-56 жылы Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы) Түлкібас ауданы партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің білім меңгерушісі, 1956-60 жылы Тереңөзек ауданындағы «Қараөзек» кеңшарының директоры, 1960-62 жылы облыстық мал дайындау бірлестігінің бас директоры, 1962- 66 жылы Жалағаш ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, Сырдария ауданы ауыл шаруашылығы мекемесі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1966-72 жылы туған ауылында ашылған 1- күріш кеңшарының алғашқы директорлығына тағайындалды. 1972-76 жылы Сырдария ауданы «Комсомол» кеңшарының директоры, 1976-81 жылы облыстық еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтамасыз ету мекемесінде басқарушы болып істеді. Өзі басқарған шаруашылыққа 1992 жылы оның есімі берілді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, рет Еңбек Кызыл Ту, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Қазақ батырлары Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Стенд көздеу''', ату спортының түрі, лақтыратын құрылғылар мен лақтырылатын нысана- тарелкелерге тегіс ұңғылы мылтықтан арнайы алаңдарда ату. Стендік ату отаны Англия, кейін ол Францияда, Германияда, Италияда да, АҚШ-та кеңінен тарай бастады. 1900 ж. бастап жыл сайын үлкен америкалық гандикап жасанды ұшатын нысаналарға (тарелкаларға) ату өткізіле бастады. Қазақстандағы Стенд көздеу 1934 ж. тарала басталады (В.Леонтьевтің бастамасымен Алматы), 50 ж. аяғынан бастап, республика астанасында екі стенд алаңы салынғаннан кейін қарқынды дамыды. Қазір Алматыда спорттың кешенді түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлері мектебінде бір стенд бар. Республикада көздеудің дамуына Х.Мұхамеджанов, Ж.Рысбеков үлкен үлес қосты. Қазақстандық стендшісі Ә., Еуропа A. Асанов чемпионы (1977), Еуропа кубогінің иегері (1983), елдің бірнеше мәрте (1979, 1983, 1984,1985,) және КСРО халықтары чемпионы (1983,1979), "Достық-84" халықаралық жарысының жеңімпазы; B. Серов командалық есепте Әлем чемпионы (1971); С.Колос Одақтық және ХТ-де жоғары нәтижелерге ағайынды Владимир және Виктор Скоробогатовтер (1971- 80) А.Мұхамеджанов (1972-78), Л.Иванов (1972-79), А.Шахворостов (1978-83) жетті А.Горун, С.Шахворостов, И.Стручаев, С.Якшин, С.Колос үлкен үлес қосты 1969 ж. Алматы аңшыларының бүкілодақтың әскери қоғамы ұйымдастырылды, онда стенд көздеушілер командасы құрылды. 1979 ж. құрамында СШ-і А.Титенко, В.Скоробогатов, В.Бердов бар қоғамның әскери мергендері траншеялық стенд жаттығуларынан КСРО-ның рекордын (Киевте 600 мүмкіндіктен 582 ұпай) жартылай. Сол жылы құрамында А.Горун, В.Бердов, А.Тритенко, В.Скоробогатов бар КазКСР-ның құрама командасы КСРО чемпионатының күміс медалін иеленді. С.к. жаттығуларында С.Шахворостов, Г.Савулиди (Одесса қ.) құрамы 1980 ж. КСРО-ның рекордын 600 мүмкіндіктен 584 ұпай жинап жаңартты. 1981 ж. траншеялық стендте В.Бердов, В.Скоробогатов, А.Тиртенко құрамы 600 мүмкіндіктен 588 ұпай жинап КСРО-ның (ресми емес әлемдік) және КСРО-нің, өздерінің рекордтарын жаңартты (Свердловск), құрамында А.Асанов, В.Бердов, А.Горун, В.Скоробогатов бар республиканың командасы КСРОкубогін жеңіп алды (1976, 1980, 1982,). 1979 ж. ҚазКСР құрама командасы жалпы командалық есепте КСРО халықтарының спартакияда және кубогінде жеңіске жетті (А.Асанов, А.Тритенко, В.Бердов, В.Зубов, Н.Апимских, В.Серов, Г.Саввулди, С.Шахворостов). == Дереккөздер == Санат:Стенд көздеу
'''Владимир Георгиевич Бердов''' (21.05.1952, Алматы). Траншеялық стендтен ХДСШ. Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы және жүлдегері, чемпионы (1979). ҚазКСР-і кубогінің жеңімпазы, КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1981), "Алтын қырғауыл" Бүкілодактық турнирінің қола жүлдегері, КСРО-ның чемпионы және рекордшы (командалық есепте 600 мүмкіндіктен 588 ұпай (А.Титиренко, В.Скоробогатов, В.Чепутусов, В.Бердов). Әлемнің ресми емес рекордшысы. == Дереккөздер == Санат:21 мамырда туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері стенд бойынша Қазақстан чемпиондары стенд бойынша КСРО чемпиондары стенд бойынша КСРО біріншілігінің күміс жүлдегерлері
'''Сергей Роальдевич Колос''' (1959, Алматы) ЕССШ-і (1994). ҚР- ның бірнеше мәрте чемпионы және жүлдегері, Азия (1994, Бангкок, Таиланд), командалық есепте С.Шахворстов, А.Понамарев, С.Колос; 2000, Лангкави қаласы, Малайзия, (А.Понамарев, С.Якшин, С.Колос), Азия ойындарыының чемпионы (1994, Хиросима, Жапоония), XVII Азия ойындарының қола жүлдегері (1998, Бангкок, Таиланд). == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша нысана көздеушілер Санат:Қазақстан нысана көздеушілері
'''Нысана көздеу стенд ICS''' (ағылшын ''stand'' шеп, орын), стендтік ату үшін спорт алаңы. Атыс стендісі траншеялық және дөңгелек деп бөледі. Траншеялықта 25 24 м, ату шеберінде ататын орын, 15 лақтыратын машинка бар жертөле және оларды басқарып отыратын пульт болады. Дөңгелек стенді айналасы доғамен (радиусы 19,6 м.) және хордамен (36,8 м.) шектелген алаң, доғада атыс орыны және хорданың ортасында бір орын, лақтыратын машинкалары (сол жақта 3,05 м. биіктікте, оң жақта жерден 1,07 м. биіктікте) болады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Валерий Леонидович Серов''' (9.10.1946, Алматы) СШ-і. (1967), ХДСШ (1971). Қазақстандық бірнеше мәрте чемпионы. Дөңгелек стенд бойынша, "дуплетпен" ату бойынша КСРО чемпионы (1970, Каунас, Эстония), КСРО чемпионатының кола жүлдегері (1971), Әлем чемпионатына қатысушы (1970, Фенкес, АҚШ, 12-орын) Әлем чемпионы (1971, Болония, Италия, командалық есепте). "Мәскеудің үлкен жүлдесі" халықаралық турнирінің қола жүлдегері (1972). КСРО чемпионатында 5-орын (1974, дөңгелек стенд). == Дереккөздер == Санат:9 қазанда туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген спорт шеберлері халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Дөңгелек стенд бойынша Қазақстан чемпиондары Санат:Дөңгелек стенд бойынша КСРО чемпиондары Санат:Дөңгелек стенд бойынша КСРО біріншілігінің қола жүлдегерлері Санат:Дөңгелек стенд бойынша әлем чемпиондары
'''Виктор Алексеевич Скоробогатов''' (12.08.1934. Қаскелең қаласы. Алматы облысы- 21.04. 1993, Алматы), СШ-І (1962), КазКСР-інің ЕСЖ-сы (1978). Траншеялық және дөңгелек стенд бойынша Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы. Траншеялық стенд "мүлт кеткенге дейінгі" атудан КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1969). КСРО кубогінің дүркін жеңімпазы (1970-72). КСРО Қазақстан кубогінің иегері (1975) КСРО халықтары VI күміс жүлдегері (1975). Командалық есепте ел чемпионы (1976, Борно қаласы, Чехословакия). Командалық есепте КСРО чемпионы (1980, ҚазКСР-інің командасы: А.Асанов, А.Горун, В.Скоробогатов, А.Тритенко. Ауылшаруашылығы институтын бітірген. "Халық шаруашылығына қосқан үлесі үшін" күміс. "Ерлігі үшін" (1965), КСРО- ның 50 жылдыгы медальдарымен (1978) марапатталған. == Дереккөздер == Санат:12 тамызда туғандар Санат:1934 жылы туғандар туғандар Санат:21 сәуірде қайтыс болғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан спорт шеберлері еңбек сіңірген және дөңгелек стенд бойынша Қазақстан чемпиондары
'''Владимир Борисович Стародубцев''' (9.04.1952, Алматы). Қазіргі бессайыспен шұғылданды. Семсерлесуден СШ (1972), ҚазКСР-інің ЕСЖ-сы (1978). 1980-87 ж. Спорт комитетінің спорттың атыс түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушысы. 1991-93 ҚР ҰОК-і экономикалық даму басқармасының бастығы. 1993-97- Қазақстан Қытай бірлескен "Олимпик" кәсіпорын бас директорының орынбасары. 1997-98 "Жастар" ЕСҚ-ның басқарма бастығы. 1998 ж. қазіргі бессайыс бірлестігінің атқарушы директоры. == Дереккөздер == Санат:9 сәуірде туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Қазақстан спорт шеберлері еңбек сіңірген
'''Сергей Владимирович Шахворостов''' (1958, Алматы), стенд атудан ХДСШ-І (1980) командалық есепте (1981, 1984), ҚК-дің құрама командасы сапында Казақстанның бірнеше мәрте чемпионы, КСРО халықтары IX КСРО кубогінің (1985) күміс жүлдегері (1986). Әлем чемпионы (1981, Apгентина 1982, Италия 1983, Канада), Еуропа кубогінің иегері (1985), Азия (1994, Таиланд), XII Азия ойындарының чемпионы (1994, Жапония). == Дереккөздер == Санат:КСРО нысана көздеушілері Санат:Қазақстан нысана көздеушілері Санат:Алфавит бойынша нысана көздеушілер
'''Сергей Александрович Яшкин''' (9 мамыр1968, Целиноград) Дөңгелек стенд көздеуде бірнеше мәрте чемпионы және жүлдегері. XII Азия ойындарының қола жүлдегері (1998, Бангкок, Таиланд, жеке есепте). Жекелей есепте Азия Азияның және Азия ойындарының чемпионы әрі рекордшысы (150 мүмкіндіктен 149 ұпай). Әлем кубогінің күміс жүлдегері (1999, Кушамото, Жапония), Сиднейдегі Олимпиялық ойындарга қатысушы (2000)-7-орын, 125 мүмкіндіктен 122 ұпай. Жекелей есепте Әлем кубогі ақтық сайысының қола жүлдегері (1999, Кувейт). == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша стенд атушылар Санат:Қазақстан стенд атушылары
''Торонто телемұнарасы Канада''. '''Теледидар мұнарасы''', телемұнара әдетте металдан, темір-бетоннан немесе аралас материалдардан тұрғызылған, ұшар басына телехабар, радиохабарларды таратушы стансалардың, жылжымалы нысандары мен радиорелелі, радиотелефондық байланыс жасау антенналары, кейде метеорологиялық бақылауға арналған аспаптар орнатылатын ғимарат. Теледидар мұнарасы неғұрлым биік болған сайын, теледидар бағдарламаларын қабылдау радиусы да ұлғая түседі. Теледидар мұнарасының биіктігі теледидар станция қуатының әсер ететін радиусымен, таратушы антенналардың өлшемдерімен және санымен анықталады. Дүние жүзіндегі ең биік Теледидар мұнарасы биіктігі 536 болатын Останкино (Мәскеу) және биіктігі 550 болатын Торонто (Канада) мұнаралары. Қазақстандағы ең биік телемұнара Алматы қаласында орналасқан. ұшар басына теледидар, радиохабар тарату, радиотелеграф пен радиореле байланыстарының антенналары орнатылған биік мұнара. Телемұнарада жоғары көтергіш, радиотаратқыш т.б. электрондық жабдықтар болады. Дүниежүзіндегі ең биік телемұнара Мәскеудегі Останкино телемұнарасы. Ол КСРО тұсында Бүкілодақтық телеорталықтың мұнарасы болып тұрды. Оның биіктігі 533 метр. Алматы қаласынан 1080 биіктікте орналасқан Көктөбе жотасында биіктігі 360 метр болатын телемұнара орналасқан. Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. 380 бет. ISBN 9965-09-033-5 == Тағы қараңыз == *Әлемдегі телемұнаралар ==Сілтемелер== Санат:Теледидар мұнарасы
'''Файзулла Юлдашев ''' (15.9. 1912, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы өлген жылы белгісіз) 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант. Өзбек. Самарқанд педагогикалық техникумын және Ташкент муғалімдер институтын бітіріп, Бұхара облысында мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың маусымында шақырылып, сол жылдың қазан айынан Воронеж майданына қарасты 38-армия 180-атқыштар дивизиясы 42- атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 27 қыркүйекте аға сержант Юлдашев алғашқы десантшылар құрамында Киев облысы Вышгород ауданы Новые Петровцы селосы маңында Днепрдің оң жағалауына өтіп, қолма-қол ұрыста басып алған плацдармды ұстап қалу үшін өз бөлімшесімен бірге қаһармандықпен шайқасты. Осы шайқастағы ерлігі үшін Юлдашевқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.10.1943). 1944 жылы кіші лейтенанттар курсын бітірді. 1945 жылы запасқа шығып, 1948 жылы Өзбекстан Коммунистік партиясының жоғары мектебін бітірді. 1980-90 жылы Өзбекстанның Наманган облысы Наманган ауданы Ирвадан ауылында тұрды. Құрметті демалысқа шыққанға дейін орта мектептің директоры қызметінде болды. Ирвадан ауылында жерленген. Ленин, -дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жулдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Арбалеттен нысана көздеу''', XIII-XIV ғасырларда Еуропа елдерінде пайда болған нысана көздеу құралын Арбалет деп атайды. Мұнда жарыстың екі түрі бар: 1. Матчтық кездесу; 2. Далада ату. Арбалет спортының дамуы мен одан жарыстың өткізумен нысана көздеушілердің халықаралық одағы өткізеді. Матчтық кездесулер арнайы жабық залда, ал далада ату таза ауада далада өтеді. Сондықтан да ҚР-да садақ тартушылар мен арбалет атушылардың бірлестігі біреу ғана, олар бірігіп жұмыс жасайды. Арбалет атуда нысаналар (далада) 65, 50, 30 м. қашықтыққа қойылады, оны әр спортшы 30 реттен көздей алады. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар ұпай арқылы анықталады. Ұпай санының жоғары шегі 900. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Ежелгі Олимпияда ойындары''' (), Олимпиялық ойындардың тарихи тамыры діни дәстүрлерге, грек құдайларына табынуға тым алысқа алып кетеді. Байырғы Элладада жарысқа қатысушылар тек қана жалаңаштанып түседі екен. Жеңімпаздар зәйтүн ағашының жапырақтарынан өрілген алқамен марапатталыпты. Ерте дүниедегі спорт жарыстары, олимпиялық ойында б.э. бұрын 776 жылдан өтеді деп есептелінсе де жарыстар бұдан әлдеқайда ертерек басталған. Ресми түрде ойындар Олимпия қаласында өткізілген және кене грек жұрты үшін ең маңызды оқиға болған. Онда өз уақытындағы ең үздік атлетикалық нәтижелер көрсетілген, сол сияқты оның бағдарламасына күймемен жарысу, жұдырықтасу, күрес, диск лақтыру, жүгіру, секіру түрлері енген. Христиандар заманы басталғанда Олимпиялық ойындар өзінің бұрынғы бағасын жоғалтып жаңа эраның 393 жылы Рим императоры Феодосей 1-дің әмірімен тоқтатылған. == Дереккөздер == Санат:Ежелгі Грекия мәдениеті
'''Ядролық қарусыз әлем жөніндегі декларация''' 2011 жылы 12 қазанда ҚР-ның Елордасы Астана қаласында қабылданды. Бұдан бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ шеңберінде белгіленген ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған шаралар аясында Астана мен Семей қалаларында ядросыз әлем құру мәселесіне арналған екі күндік халықаралық форум өтті. 2011 жылы 12 қазанда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Ядросыз элем үшін» атты форумға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫ¥, ЯСЖТК¥, ШЫ¥, АӨСШК, ЮНЕСКО, ЕурАзЭҚ сияқты халықаралық және аймақтық ұйым басшылары, өкілдері, АҚШ, Жапония, Норвегия, Бельгия, ¥лыбритания, Франция, РФ, Словакия, Швейцария, Пәкстан, Ирак, Түркия, Корея, Моңғолия, Вьетнам, т.б. елдер депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері катысты. Қазақстаннан Президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, Үкімет мүшелері, депутаттар, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, журналистер болды. Қазақстан Президенті форумда ядросыз әлем жөнінде сөз сөйледі. Елбасы сөзін қорытындылай келе, «Ертең бұрынғы Семей полигонына барасыздар, сынақ жасалған орынды көресіздер», деді. Сондағы мұражайда сынақ сойқанының ізі сайрап тұр. Тіпті үшінші ұрпақтың өзі кемтар болып тууда. Елімізде қатерлі ісіктен ең көп ауырғандар мен өлгендер нақ осы өңірде. Біздің халқымыз ядролық қаруға қарсы қалай көтерілсе, біз бүкіл әлем халықтарын адамзатты ядролық қатер апокалипсисінен құтқару жолындағы күреске дәл солай көтеруге тиіспіз. Жалпыға ортақ декларация кабылдануымен біз XXI ғасырда БҰҰ- ның қатаң бақылауына сүйеніп, жаһандық ядролық қауіпсіздіктің біртұтас жүйесін құруды Ядросыз әлемге жол салу планетаның дұрыс ойлайтын барлық адамдарының күш-жігерін біріктірмей мүмкін емес. Бүгінде мен жоғарыда айтып кеткен беделді де қуатты жаһандық антиядролық қозғалыс құру маңызды. Осы форум аяқталысымен оны планетаның барлық кұрлықтарында ұйымдастыруға кіріссек, ұтарымыз анық, деді. Қазақстан Президенті қозғалыстың басты мақсаты ядролық қатерлермен күресу ғана емес екенін атап өтті. Адам баласының санасында ядроның қандай түріне болса да жиіркеніш сезімін қалыптастыру аса маңызды. Және мен біздің елордамызда өтіп отырған осы форумға үлкен үміт артамын. Ядролық полигонды алғаш жапқан мемлекеттің Президенті ретінде жеке өз басым үшін ядросыз әлем бұл абсолютті саяси аксиома. Кейде тарихи оқиғалар мен жекелеген адам басындағы оқиғалар қайшыласатын сәттер болады. Мен үшін және менің халқым үшін қол жеткізіп, ядролық полигонды жапқан 1991 жыл сондай жыл болды. Тарихтың сабақтары олар болашаққа бағдарланғанда ғана қандай да бір мазмұн иеленеді. Сондықтан өткенді еске ала отырып біз болашақтағы туралы, балаларымыз бен немерелеріміз үшін XXI ғасырдағы ядролық қауіпсіздік туралы ойлауға тиіспіз, деді Елбасы. Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев осы жүзжылдықта біздің планетамыздың ядролық өзін өзі жою қатерінен толықтай арылатынына сенетінін білдірді. Залға жиналған төрткүл дүниедегі өзінің барлық ниеттестері мен пікірлестеріне осы бағытта жемісті еңбек тіледі. Президент сөзінен кейін баяндама жасағандар: Б¥¥ Бас хатшысы Пан Ги Мунның «Ядролық әлем үшін» халықаралық форумына қатысушыларға Жолдауында, АҚШ Президенті Б.Обаманың «Ядролық әлем үшін» атты Астана форумына қатысушыларға Жолдауын оқып берген АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Д.Понеман, МАГАТЭ-нің Бас директоры Ю.Амона, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШ¥) Атқарушы хатшысы Тибор Тот, АҚШ Конгресінің мүшесі Э.Фалеомаваеға, Германияныц экс-канцлері Г.-Д.Геншер Елбасына, сондай-ақ форумға қатысушыларға құттықтау жедел- хатында, негізгі баяндамалардан кейін ядролық қарудан ада бейбітшілікке қол жеткізу тақырыбындағы сессияда ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары В.Гаркун, ¥лыбритания Парламенті Лордтар палатасының мүшесі Л.Уэйверли, Ресей саяси зертгеулер орталығының президенті В.Орлов, жаһандық қауіпсіздік институтының Президенті Д.Гранофф (АҚШ), АҚШ-тағы Канзас штатының губернаторы С.Браунбек, ЯҚТЖШ-ның атқарушы хатшысы Т.Тот, АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Р.Готтемеллер, Норвегия Парламентінің депутаты М.Хоглунд, Жапония Парламентінің депутаты Х.Каваути, Жапония Парламентінің тағы бір депутаты Н.Такэмотон, ГФР Үкіметінің қарусыздану мәселелері жөніндегі өкілі К.Айххорн, Франция Сенатының мүшесі Амери де Монтескью, Ипр (Бельгия) қаласы мэрінің орынбасары Ян Брейн, АҚШ өкілі Пол Уокер, Таратпау проблемаларын талдау жөніндегі орталықтың директоры Уильям С.Поттер, Б¥¥-ның Орталық Азия бойынша өңірлік орталығының жетекшісі М.Енча, АӨСШК-нің атқарушы директоры Ч.Алдемир, АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Уильям Х.Кортни, Б¥¥-ның каруды таратпау және карусыздану жөніндегі орталықтың экс-директоры Ц.Исигури, Жапония халықаралық қатынастар институтындагғ орталық директоры Но-буясу Абэ және сессияға қатысушы модераторлар С.Лодгард, Т.Тот және О.Поттер Астана декларациясы жобасымен танысып, құжатты бірауыздан қабылдады. ==Дереккөздер==
'''Максим Якубович Якубов''' (10.3.1914, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тастықара ауылы 8.7.1974, Алматы облысы Қарасай ауданы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, старшина, 836-атқыштар полкінің атқышы. Ұйғыр. Орта мектепті бітірген соң 1941 жылы қаңтарда Кеңес әскері қатарына шақырылып, 240-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқа катысты. 1943 жылы қыркүйекте Якубов қызмет ететін дивизия Днепрге шықты. Өзеннен өтіп, плаццармды басып алу міндетін орындау үшін 27 қыркүйекке қараған түнде атқыштар полктерінің алдыңғы қатардағы бөлімшелері өздері жасаған салдарға және кішігірім қайықтарға отырып өзеннен өтуге кірісті. Днепрден бүкіл батальон өтіп шыққанға дейін олар бір тәулік бойы жаудың қысымына төтеп берді. Днепрдің оң жағалауында берік плацдарм жасалынған. Жаудың 12 қазандағы қарсы шабуылы жойқын болды. Якубовтың ротасы ауыр ұрыстарды бастан кешіруіне тура келді. Бұл күні дивизия 200-ден астам ұшақ қатысқан жау 18 шабуылына төтеп берді. Жасаған ерліктері үшін Якубовқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (13.11.1943). Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Алматы қаласында Якубов атында көше және мектеп бар. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Яроцкий Иван Михайлович''' (18.06.1916, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Подгорное ауылы 25.7.1980, Ресей, Татарстан, Қазан қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант. Орыс. 8-сыныпты бітірген соң тракторшылар курсын оқып, ұжымшарда 15 жылы жұмыс істеді. 1937 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1938 жылы Хасан көлі маңындағы болған қақтығысқа қатысты. 1939 жылы әскери училищені бітірді. 1940 жылы кіші лейтенант Яроцкий Тынық мұхит флотының 13-ротасында болды. 1945 жылдың 13 тамызында жаудың Тынық мұхит флотының торпедо катерлері Кореяның Сейсин портына басып кірді. Теңіз жол әскерлерінің Яроцкий бастаған автоматшылар ротасы шайқасқа араласып кетті. Жау Кеңес теңізшілеріне қарсы оқ жаудырды. Жапондықтар орасан зор құрбандықтармен Яроцкийдің ротасына тойтарыс берді. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
Социалистік еңбек ері''' Өнеркәсіп салалары, көлік, ауылшаруашылық пен мәдениет өкілдері, республика мен облысың шаруашылық пен мәдениет саласында жоғары көрсеткіш көрсеткен, Ленин Ордені мен «Орақ пен Балға» Алтын медалін алған үздіктер. Павлодар мен облыста осы жоғары мәртебеге 69 адам ие болды, оның ішінде 34 адам облыста туған. Осы мәртебеге ие болғандар ауыл шаруашылық жұмыскерлері, соғыстан кейінгі бес жылдықтың ерлері (1946-50): 1948 С. Әбішев (шопан, Баянауыл ауданы), Ж. Әбілқайыров (жылқышы, Тереңкөл ауданы), Н. Әлжанов (жылқышы, Тереңкөл ауданы.), Қ. Жінгілбаев (колхох төрағасы, Баянауыл ауданы), М. Жүсіпов (жылқышы, Баянауыл ауданы), Т.И. Кирпиченко (диханшы, Павлодар ауданы), Е. Қонақов (жылқышы, Баянауыл ауданы), Е.Я. Пожарская (бұзаушы, Павлодар ауданы), М.И. Рудько (диханшы, Успен ауданы); 1949 Е. В. Дроздов (қойшы, Шарбақты ауданы), Қ. Ермағамбетов (жылқышы, Павлодар ауданы), П. Л. Кравец (ферма басқармасы, Ертіс ауданы), М. Шажанқанов (жылқышы, Ертіс ауд), П. А. Шмидт (бригадир, Шарбақты ауданы); 'Тың жерлерді игеру кезеңінде еңбек ерлерінің екінші тобы пайда болды: 1957 П. Т. Антонов (Партия райкомының –хатшысы, Шарбақты ауданы), М. Ф. Ввозный (экскаватор машинист, Екібастұз қ.), Д. С. Козолуп (тракторист, Тереңкөл ауданы), Т. С. Кновалов (совхоз директоры, Ертіс ауданы), М. А. Корзюк (колхоз төрағасы, Шарбақты ауданы), П. Ф. Музыка (комбайншы, Успен ауданы), И. П. Перов (совхоз директоры, Ертіс ауданы), П. Н. Раденко (совхоз директоры, Ертіс ауданы), И. Т. Рахманин (совхоз директоры, Тереңкөл ауданы), К.И. Семерчанский (МТС директоры, Успен ауданы), В. В. Титирко (тракторист, Ертіс ауданы); 1958 Ж. Сыздықов (аға шопан қойшы, Аққулы ауданы); өнеркәсіп айма,ы мен даму барысында еңбек ерлірінің үшінші тобы пайда болды: 1960 З. Ф. Ильюшкина (құрылысшы, Екібастұз қ.); 1964 Б. Оспанов (шопан-қойшы, Аққулы ауданы); 1966 Я. Г. Геринг (колхоз төрағасы, Успен ауданы), Г. С. Гридин (комбинат директоры, Екібастұз қ.), Ж.Жанғожин (шопан-қойшы, Аққулы ауданы), К. Каленов. (жылқышы, Баянауыл ауданы), В. И. Ладыгин (совхоз инженері, Май ауданы), М. Омаров (совхоз директоры, Ақсу ауданы), П. С. Рябова (сауыншы, Тереңкөл ауданы); 1967- И.И, Бекмухамет (комбайншы, Шарбақты ауданы), Т. В. Волкова (трактористер бригадирі, Ертіс ауданы), Т. Жүсіпов (комбайншы, Железинка ауданы); 1971 Ш. Арғынбаев (аға щопан, Ақсу ауд), А. В. Бакланов (алюминий зауытының аға құюшысы, Павлодар қ.), А. Жылқыбаев (аға шопан, Ертіс ауданы), М. Қабылбеков (ұстаз, Ақсу ауданы), С. Қадыров (экскаватор машинисті, Екібастұз қ.); 1972 В. В. Леонов ауданы), И. И. Степьюк Павлодар қ.); 1973 Н. М. Соколов (комбайншы тракторист, Тереңкөл ауданы), Б. Қызғарин (шопан-қойшы, Екібастұз ауданы); 1974 Г. Ф. Есин (құрылысшы, Павлодар қ.), В. К. Литвинов (теміржолшы, Павлодар станциясы); 1976 А. И. Витт (экскаватор машинисті, Екібастұз қ.); 1978 З. А. Жукова (техбілім ұстазы, Тереңкөл ауданы); 1980 А. Ахмединов (механизатор, Актоғай ауданы), К. Жапабаев (авиатехник, Павлодар қ.), С. П. Куржей (бас директор, Екібастұз қ.), Б. Сүтжанов (құбыр қоюшылардың бригадирі, Екібастұз қ.); 1981 А. И. Баранов (механизатор, Ертіс ауданы), С.Ысқақов (механизатор, Баянаулыл ауданы), В. Н. Поздняков Павлодар қ.), М.И. Трусов (бас агроном, Железинка ауданы), К. Шарбақпаев (шопан, Аққулы ауданы); 1984 М. Жунісбеков (аға шопан, Баянауыл ауданы); 1986 Н. Т. Пешков бригадирі, Екібастұз қ.), Н. С. Софьин (құюшы, Павлодар қ.). Павлодар облысында туғандардың ішінде мәртебені Қазақстанның өзге облыстарында алған Социлалистік Еңбек Ерлері де бар: Айдарханов Б. Аққулы ауданының тумасы (Қарағанды облысы, 1961); Баймурзинов К. Г. Ақсу ауданының тумасы (Қарағанды, 1961); Беисов Ж. Ақтоғай ауданының тумасы (Балқаш қ., 1960); Корабицын И. В. Железинка ауданының тумасы (Семей қаласы, 1966); Нуртазина Р. Б. Павлодар ауданының тумасы (Алматы қ., 1968); Омаров К. Баянауыл ауданының тумасы (Қарағанды, 1966); Баймурзинов Х. Г. Май ауданының тумасы (Теміртау қаласы, 1966); Сагинов А. Баянауылдың тумасы (Қарағанды, 1971); Шегебаев Б. Баянаулыл ауданының тумасы (Қарағанды облысы, 1948); Яненко И. Г. Тереңкөл ауданының тумасы облысы, 1966). Біздің облыспен облыс тарихына елеулі үлес қосқан Социалистік Еңбек Ерлерінің есімдері байланысты. Оның ішінде: Бердыгулов Н. —Баянаулыл ауданында 1936-45 ж.ж. (1948), Жалдыба А. А. 1961 жылдан Май ауданында (1949), Инюшин М. В. Ертіс-Қарағанды каналының құрылыснда 1961-65ж.ж. (1958), Клешня М. А. —Павлодар облысында 1914-42 ж.ж. (1957), Мырзашев Р. М. Павлодар облисполкомның төрағасы 1982 −87 ж.ж.(1972), Сергазин Ш. Павлодарда «Білім» қала ұймында 1949 53 ж.ж.(1957); Шулепова М. Я. Тереңкөл ауданының орманшысы 1963 70 ж.ж. (1948); Энгель А. Н. Ақтоғай ауданында бас инженер 1962 86 (1957).. == Ескерту == ==Әдибиет == Павлодар. Павлодарская область. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Казахстан, А-А., 1969 (Павлодарскаое Прииртышье) еңбек ерлері
'''Николай Иванович Ященко''' (31.10.1919, Ресей, Новосібір қаласы 8.1.2001, Ресей, Челябі қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, генерал, полк командирі. Орыс. 1941 жылы Қазақтау-кен металлургия институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Кеңес әскері қатарына Алматы әскери комиссариатынан шақырылған. Алматы жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін (1942) 3-Украина майданы 57-армия 73-гвардиялық атқыштар дивизиясы 214-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сталинград, Курск доғасы, Днепр, Дунай өзендері бойындағы ірі шайқастарға, сонымен қатар Румыния, Болгария, Венгрия, Югославия және Австрия жерлерін азат ету жорық жолдарынан өтті. 1944 жылы 12 қарашада Дунай өзенінен өтуде Я-ның полкі жаудьщ 12 қарсы шабуылын тойтарды. 13 күнге созылған қиян-кескі соғыста жаудьщ 13 танкісі, 20 мен автокөлігі, 1,5 мыңдай әскері жойылды. Ященкоға Дунайдан өтуде көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). 1948 жылы Мәскеу Әскери академиясын бітірді. 1980 жылы запасқа шыққан. рет Ленин, Қызыл Ту, 1- және 2- дәрежелі Отан соғысы, рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
КСРО МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ .''' Ғылым мен техника, әдебиет, мәдениет пен сәулет саласындағы көрнекті жетістіктері, Бүкілодақтық социалистік жарыстағы ерен еңбегі үшін азаматтарға берілетін сыйақы түрі. Жыл сайын Қазақ төңкерісі мерекесінде беріліп отырды. 1966 ж. бекітілді, 1969 ж. қайта бекітілді. Наградаға ие болғандарға дәреже, диплом беріліп, құрмет белгісі тағылды. Құрмет белгісі туралы ереже 1967 ж. бекітілді. Павлодар мен Павлодар облысындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болғандар: 1978 ж. Белик Н. М., өндіріс бойынша директор, техника ғылымдарының кандидаты; Гаврюшин В. Ф., «Центр» разрезінің роторлы эксковатор машинисті; Гусев А. П., аға өндіруші, трестінің Павлодар басқармасының Екібастұз участогының директоры; Шешембеков С., қосудың бас механигі за күрделі құрылымдық тас көмірді аса ірі қуатты роторлық техника арқылы өнім алуды жоғары тиімділікте дамытқаны үшін; 1980 ж. Алыков Ф. А.-Б., зауыттың бас инженері; Берекетов С. С., зауыт директорының орынбасары; Беспавлов Е. Н., зауыттың бұрынғы директоры; Исаве А. И., өндіріс бөлімінің бастығы; Лопатин Б. И., өндіріс бөлімінің бұрынғы бастығы; Прокопов И. В., зауыт директоры; Узких Ю. Ф., цех директоры, техникалық ғылымдардың сапалы глинозем алуға мүмкіндік беретін төмен сортты бокситті қайта өндіру жоғары тиімді сызбасын дайындағаны үшін; 1981 ж. Воловик П. Н., Тыңайту теміржолының Екібастұз поезд елеулі жетістіктері үшін, Бүкілодақтық социалистік жарыста теміржолды пайдалану кезінде тиімділікті арттыруда үлес қосқаны үшін; 1982 ж. Шишлов А. А., «Богатырь» көмір разрезінің экскаватор машинисті еңбектегі елеулі жетістіктері, өндірістің жоғарғы тиімділігі мен жұмыс сапасы, Бүкілодақтық жарыс барысында көмір алу мен қайта өндіру көлемін арттырудағы үлесі үшін; 1983 ж. Котляр И. П., 14 жүнколоннасының Павлодар қ.) экскаватор бригадасының бригадирі— еңбектегі елеулі жетістіктері, өндірістің жоғарғы тиімділігі мен жұмыс сапасы, Бүкілодақтық жарыс барысында тура ағылмалы подряд енгізудегі жеке үлесі үшін; 1984 ж. Курманов С., «Май» совхозының шопаны жамуындағы және еңбек жарысындағы жетістіктері үшін; 1985 ж.— Зеленков А. В., ПО «Северный» көмір разрезінің эксковатор машинисті— еңбектегі елеулі жетістігі, Бүкілодақтық социалистік жарыс барысында көмір өндіру қарқынын жоғарылатуда қосқан үлесі үшін; Абатуров П. Е., Павлодар алюминий зауытының бас инженер орынбасары; Дмитриев Е. Н. Павлодар алюминий зауытының бас механигі балқытып біріктірілген ірі құрал-жабдықтар мен жарылыс арқылы өндірудің жаңа технологиясын енгізгені үшін; 1986 ж.— Проценко Е. А., Екібастұз қ. Жилстрой СУ-1 сыршылар бригадирі Бүкілодақтық социалистік жарыс барысында көрсеткен елеулі жетістіктері үшін; 1987 ж. Иванов В. А., Ақсу ферроспав зауытының қорытушысы мен партгруппоргы; Ввозный В. М., Екібастұз қаласы эксковатор бригадасының бригадирі— Бүкілодақтық социалистік жарыс барысында көрсеткен елеулі жетістіктері үшін; 1989 ж. Оверков В. А., трестінің Павлодар ПМК кешенді бригаданың бригадирі; Карсакпаева Ж. С., 8-Наурыз Павлодар тігін фабрикасының тігіншісі Еңбектегі елеулі жетістіктері және құрылыс нысандарының салу мерзімін қысқартқаны мен халық ттынатын тауарлар сапасын жақсартқаны үшін; 1990 ж.— Колосов А. Ф., СМП-530 тресті жолдарының монтерлар бригадирі; Дудников С. И., Ақсу ГРЭС аға шебері— еңбектегі елеулі жетістіктері үшін. ==Ескерту == == Әдибиет == Павлодар. Павлодарская область. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Казахстан, А-А., 1969 (Павлодарскаое Прииртышье)
'''Бисопанов Болат Мақұлы''' (20.02.1934. Қарағанды облысы Нұра ауданы Кызылту селосы) спорт журналисі. Журналисттік қызметін 1959 жылы "Спорт" газеті шыққан күннен бастады. Газеттің тілшісі, бөлім меңгерушісі және офис редакциясы бас редакторының орынбасары болып істеді. 1962 жылы КСРО Журналистер одағының мүшесі. Белсенді еңбек үшін ДОСААФ ОК-ның және Спорт комитетінің көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталған. Бисопанов Болат Мақұлы творчествосына жоғары кәсібилікпен болып жатқан оқиғаларға сын көзбен қарау тән. == Дереккөздер == Санат:Спорт журналистері
және граф) 1) телеграф байланысының жалпы қабылданған қысқартылған атауы; 2) қабылдау нүктесінде міндетті түрде жазылатын әріпті-цифрлы хабарларды (телеграмманы) тарату, қабылдау және жеткізуді іске асыратын байланыс кәсіпорны. Қазақстанда телеграф байланысы 20 ғасырдың бас кезінде пайда болып, Морзенің телеграф аппараты қолданылды. Телеграф байланысы сым, оптикалық талшық және эфир (радио арнасы) сияқты байланыс жолын құрушы орта арқылы іске асырылады. Телеграф негізінен ірі қалаларда, облыс орталықтары мен мемлекет астанасында Барлық қалалық бөлімшелермен, ауданы байланыс тораптарымен, мемлекеттегі басқа телеграфтармен тікелей байланысады. Телеграф телеграмма жіберушілерге қызмет көрсететін операция залынан, телеграммаларды беретін техникалық жабдықтардан (телеграф аппараты, телеграф коммутаторы, т.б.), энергетикалық қондырғылардан (аккумулятор батареялары, түзеткіштер, генераторлар, т.б.), сондай-ақ көлік құралдарынан, диспетчерлік қызметтен, т.б. тұрады. 20 ғасырдың 50 60-жылдарынан бастап Т. байланыс құралдары дерек тарату үшін де қолданыла бастады. 20 ғасырдың бас кезінен қолданысқа енген телеграфтың маңызды саласы телеграф желісі қазіргі дерек тарату желісінің негізі. Қазіргі кезде телеграфтың барлық қызметін компьютерлік желі атқарады. Компьютерлік желіні дерек таратушы желі, есептеуші немесе ақпараттық желі деп те атайды. Бұлар компьютер және байланыс технологиялары эволюциясы нәтижесінің туындысы болып саналады. Санат:Байланыс Санат:Ескірген технологиялар
'''Борис Наумович Болдырев''' (16.02.1952, Алматы қаласы). Спорт ойындары бойынша бапкер 1973 жылы КазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы дене тәрбиесі және спорт комитетінде, Қазақ ҰПУ-де, "Қайрат" футбол клубында, "Караван" АҚ-да істеді. Өзінің қызметін спорттық журналистикамен қоса атқарды. Қазақстандық даңқты спортшылар туралы "Мельбурннен Мәскеуге дейін" деректі кітабын бірі. 2001 жылдан бері ҚазСТА факультеті деканы. Дене тәрбиесі және спорт журналисі мамандығының қалыптасуымен шұғылданады. == Дереккөздер == Санат:16 ақпанда туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті тұлғалары Санат:Қазақстан спорт журналистері
'''"Дене тәрбиесінің жаршысы Вестник физической культуры"''' Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігінің, Дене тәрбиесінің ұлттық орталығының журналы (2001 жылы). Журналдың міндеті салауатты өмір салтының қағидаларын қорғауды орнықтыру мен дене тәрбиесі және спортпен үнемі айналысуға тұрғындардың көпшілігін тарту: балалар -жасөспірімдер спортын дамыту, денешынықтыру мен спорт саласындағы ғылыми білімдерді насихаттау. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Дендербай Қажығалиұлы Егізов''' (6.06.1939 Индербор, Атырау облысы 20.02.2007 Алматы) белгілі спорт фотожурнал иесі. Мәскеудегі (1980), Сеулдегі (1988), Барселонадағы (1992), Лиллехаммердегі (1992) және Атлантадағы (1996) О.о-да Қазақстан құрама командасы мүшелерінің көрсеткен енерін жариялап отырды. Еуропа және Әлемнің көптеген чемпионатында, Азия ойындарында тіркелді. "Спорт бейбітшілік елшісі" (1975) фестивалінің лау¬реаты, "Советский спорт" газетінің (1980) Бүкілодақтық конкурсының (1981) лауреаты. КСРО дене тәрбиесінің үздігі (1991). == Дереккөздер == Санат:Спорт журналистері Санат:Индер ауданында туғандар Санат:КСРО журналистері Санат:Алфавит бойынша журналистер
'''Жәнібеков Рабат Әлібекұлы''' (, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Рабат ауылы) ҚазТВ-де редактор (1970-2000), ҚР Білім және ғылым министрлігінің орталығында баспасөз хатшысы (2004 жылдан) қызмет істеді. 1968 жылдан 2003 жылға дейін қазақ телевизиясында қызмет етті. 1973 жылдан бастап спорт бөліміне ауысып, бастаған. Алғаш жүргізген матчы Футболдан КСРО Чемпионатындағы "Қайрат" "Торпедо" (Мәскеу) кездесуі. == Дереккөздер == Санат:Спорт журналистері Санат:Алфавит бойынша журналистер
'''Қайрат Мифтахұлы Жантикин''' (29.10.1961, Алматы қаласы.), 1983 жылдан. ҚазТВ-ның әскери-спорттық бағдарламасы Бас редакцияның комментаторы. Спорт журналисі есебінде ірі Бүкілодақ және халықаралық жарыстардан хабар береді. 1990 жылдан бастап ҚазКСР Мемлекеттік спорт ко¬митеті төрағасының көмекшісі, кейін жастар ісі, туризм және спорт министрінің көмекшісі. "Пас от Озерова" футболдан тележурналистер арасындағы ХТ- дің жеңімпазы (1992, М.).1993 жылы бастап хаттама қызметінің жетекшісі, ҚР ҰОК-нің атқарушы директоры О.о-дағы ҚР-сы спорт делегациясының (1996, Атланта, 1994, Лиллехаммер, 1998, Нагано, XXV Азия ойындарының (Хиросима, Жап. Олимпиядалық атташесі 1999 жылдан ҚР-дағы қор жобасының жетекшісі. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Азамат келбеті''' очерктер жинағы. «Қазақстан» баспасынан 1967 жылы қазақ тілінде жарық көрген. Авторы С.Хайдаров. Жинақта еңбеккерлердің тұлғасы берілген. Очерктер егінші мен сауыншының, шопан мен жылқышының, ақын мен ғалымның жан дүниесін ашады. Автор Баянауыл баурайының, Қорғалжын және Ереймен атырабының тамаша табиғатын суреттейді. Академик Қаныш Сәтбаевтың жаркын бейнесі, сондай-ақ Социалдық Еңбек Ерлері Қ.Жәниевтің, А.И.Киреевтің тұлғасы, аудандық партия комитетінің хатшысы А.Төлеубаевтың қызметі орамды тілмен жазылған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Кітаптар
'''Азия геологиясының мәселелері''' Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясының баспасынан 1955 жылы орыс тілінде жарық көрген ғылыми еңбек. Құрастырушы Н.Н.Долгополов. Кітаптың 2-томы академик В.А.Обручевтің туғанына 90 жыл толуына және оның ғылым қызметінің 65 жылдығына арналған. 73 ғалымның мақаласы енгізіліп, әр мақала соңында Дереккөздер көрсетілген. Ірі бөлімге бөлінген: жалпы және аймақтық тектоника, кентасты кен орындары, төрттік кезеңді зерттеу мәселелері, мәңгі тоң және жер асты сулары, петрография және минералогия, фауна, флора қазбалары және палентология мен жалпы мәселелері. «Кентасты кен орындары» бөлімінде академик Қаныш Сәтбаевтың кендердің қалыптасу теориясының әдістемелік мәселелері, кен орындарының генезисі, Жезқазған рудогенезінің негізгі спецификалық ерекшеліктері, мыс кен орындарының шөгінділері жайындағы тұжырымдамалары берілген. Көлемі 74,3 бет. Таралымы 3500 дана. == Дереккөздер == Санат:Геология Санат:Кітаптар