text
stringlengths
347
53.1k
Әйелдер '''Әйел заты''' адам баласының ұрғашыға ортақ атауы. Отбасындағы және жалпы қоғамдағы орнының өзіндік байланысты Әйел затының әлеуметтік жағдайы мен жасына, қандастық, некелік туыстыққа қатысты этикалық мәнді әлеуметтік қарым-қатынасты білдіретін ғұрыптық атаулар халық тілінде аса мол кездеседі: әже, ана, шеше, ене, (қайын ене), қыз, абысын, шешей, жеңге, aпa, қарындас, сіңлі, қайын сіңлі, балдыз, бөле, келін, келіншек, нағашы әже, нағашы aпa, нағашы жеңге, нағашы қарындас, жиен aпa, жиен қарындас, құдағи, өкіл шеше, өгей шеше, кіндік шеше, бойжеткен, қалыңдық, бәйбіше, тоқал, жар, жұбай, зайып, жесір, қатын, тамыр, көңілдес, күндес, кемпір, кейуана, т.б. Әйел ғұмыры == Отбасындағы әйел орны == Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты қазақ әйелі әдепті, мейірімді, қамқоршы болуы тиіс, күйеуін әр кез сыйлап, оған қарсы сөйлемеуі керек. Сондай-ақ, ол тек қана күйеуін емес, жалпы қайын жұртындағы адамдарға құрмет көрсетіп, қабақ шытпай, иіліп тұруы керек. Белгілі бір қауымның мүшесіне айналған әйел күйеуінің жақындарымен, яғни, қайын жұртына туысқандық жақын адам ретінде экономикалық, күнделікті қатынаста қат-қабат байланыста болады және оның көшпелі ортада қалыптасқан ұстанымдары мен өзіндік этикалық нормаларын сақтауға міндеттеледі. Атап айтқанда: қайын ата күйеуінің әкесі; қайын ене күйеуінің шешесі, қайын аға күйеуінің ағасы (жақын ағалары); қайын бике күйеуінің әпкесі (жақын әпкелері); қайын інісі күйеуінің інісі (жақын інілері); қайын сіңлі күйеуінің қарындасы (жақын қарындастары); абысын қайын ағасы мен қайын інісінің әйелдері; жезде аға қайынбикесінің күйеуі; күйеу қайынсіңлісінің күйеуі сияқты күйеуінің етене жақын туысқандарымен бірге сол ауылға, әрісі сол төңіректегі қауымға келін болып саналады. Дәстүрлі ортада қалыптасқан нормаларға сай келін жасы мен жолы үлкен көзі тірі туысқандарын ғана емес, дүниеден озған аталарының (кейде әжелерінің) атын атамауға тиіс, олардың атын тергеп, ат қояды. Қазақ әйелдері ертеде күйеулерінің атын тура айтпай мырза, отағасы, үлкен кісі деп атаған. == Әйелге қатысты қазақ ырымдары == Қазақтар ырым-тыйымға қатты мән берген және оған қатысты ғұрыптық наным-сенімдер ел арасында кеңінен орын алған. Мысалы, қазақ әйеліне қатысты төмендегідей ырымдарды кездестіруге болады. Қазақ халқы үш әйел тастаған еркекті жақтырмайды. Оның қолынан балаларына дәм татырмайды. Жамандығы бастарына келеді деп ырымдайды. Сондай-ақ, өлген ер адамның сүйегіне ерлер, әйел адамның сүйегіне әйелдер түседі. Өлген адамды жоқтап жылағанда, әйел адамдар шашын жайып жіберіп жыласа ішіндегі шері тарқайды деп сенеді. Әйел еш уақытта еріне қол жұмсамауы кeрек, күш көрсетіп, таяқ ала жүгірмейді және сес көрсетпеуі тиіс. Ұрысқанда тілдеп, бетке түкірмейді. Бұлай істеген әйелдің ақ некесі бұзылады, өзінен-өзі талақ болады деп есептейді. Жайшылықта ер кісілердің жүресінен отыруын жаман ырымға балайды. Бұл қаралы жағдайды, өлім-жітімді еске түсіреді. Қайғы үстіндегі ерлер, серігінен айырылған кісілер осылай қара тұтып отырады. Сондықтан ер адамдар құйрығын жерге басып отыруға тиіс. Ал әйел адамдардың жүрелеп отыруы жақсы ырым. Әйелдердің биязы түрімен ибалы бейнеде жүрелеп отыруы ерлерге, үлкен кісілерге көрсеткен құрметі болып саналады. Қазақ танымында ер адам жүрелесе ауылға қатер төнеді, әйелдер жүрелесе ауылға ибалық орнайды деп біледі. Әйел еркектің алдында төсін ашып, жарқыратып отырмайды. Бұлай істесе, сұқ көз қадалады, тіл тиеді. Соның салдарынан төсі қарайып, омырауы іседі. Тас емшек болып, омырауынан сүт қашады. Сүт болмаған соң, құт та болмайды, құшағы суық, бауыры тас болады деп жориды. Сондықтан да бала емізгенде де бөгде адамға көрсетпей, етегін жауып отырып емізетін болған. Қазақ әйелдері өзінің басына салып жүрген жаулығын басқаларға бермейді. Олай етсе, басымдағы бақ басқаға көшеді деп ырымдайды. Сонымен қатар, әйел адам кешке, қараңғы түскеннен кейін сыртқа жалаңбас шықпайды, өйткені қараңғы түскен кезде жын-шайтандар әйел адамның шашына жабысып, үйге бірге келеді деп ырымдаған. Жерік болған әйел жерік асын жеуі керек. Жерігі қанбаған әйелдің баласы су ауыз болып туылады, ондай бала суайт болады деген ырым бар. Жаңа босанған әйел үйге кірген итке "шық!" демейді. Бұлай істесе әйелдің тісі түсіп қалады, бойынан қайраты кетеді деп біледі. == Дереккөздер == Санат:Әйел
'''Спорттық құрылыстар''', спорттың әр түрінен жарыстарды және оқу-жаттығу сабақтарын өткізуді қамтамасыз ететін, әдейі салынып, жабдықтаған құрылыстар. Алғашқы спорттық құрылыстар деп ежелгі грек стадиондарын, палестраларды, стадиодромдары есептелінеді, олар Олимпия, Милет, Афины және өзге де қалаларда б.д.д. VIII гасырда салынған. Таң-ғажайып спорттық құрылыстар. Ежелгі Римде (Колизей, Ипподром және т.б.) өткеннің бұл сәулет ескерткіштерді және қазіргі уақытта да өзінің көлемі мен және әдемілігімен таңдандырады. Мысалы, Колизейдегі тастан жасалған трибуналарға 50 мың шамасындағы адам сыйып келеді, ал екі доңғалақты күймемен жарысуға арналған Ипподромның трибуналары 250 мың адамды сыйғызуы мүмкін. Колизей трибуналарының сопақша болып келуі қазіргі Еуропа стадиондары трибуналарының түп бейнесі секілді. Орта ғасырда католик шіркеуі Олимпиядалық ойындардың өткізілуіне рұқсат бермеді. Спорттық құрылыстар қиратылып және ұзақ уақыт бойы олардың құрылысы тоқтап қалды. Еуропаның әртүрлі елдерінде спорт құрылыстарын салуды қолға алу ісі, халықаралық спорттық байланыстардың дамуымен, қоғамдар мен спорттық құрылыстардың пайда болуымен байланысты, тек XIX ғасырдың аяғында ғана басталды. Спорттық құрылыстардың көбеюі мен жетілдіруі бәрінен бұрын олимпиядалық спорт ғимараттарын салуға әсер етті. Спорт құрылысын спорттың бір ғана түрімен шүғылданып және жарыс өткізу үшін жекелеген түріне және бірнеше спорт түрімен жаттығып және жарыс өткізу үшін қарастырылды. Көлемін жоспарлау құрылымы бойынша ашық және жабық деп бөлінді. Спорттық құрылыстың табиғи және жасанды жарық беру, оңтайлы микроклиматты, тиімді желдету үшін қажетті жабдықтарды болуы тиіс, жаттығу ететін орын мен өзге де бөлме, ғимараттардың санитарлық жағдайда ұсталуы, сондай-ақ құрал- жабдықтарға қойылатын талаптардың сақталуын қарау да қажет. Жүзу үшін судың айналуы, тазаруы және сондай-ақ бөлменің бойынша шаралардың орындалуы ерекше маңызға ие. Бұдан бөтен де дене тәрбиесі және спортпен қызмет көрсететін адамдардың да, жеке гигиенаның ережелерін сақтауы бақылауға алынады. ==Қазіргі спорт стадиондары== Қазіргі спорт стадиондары, сұрыпталуына сәйкес: а) негізгі; ә)қосалқы; б) көрермендер үшін орынға бөлінеді. Негізгі құрылыстарына: 1. Ашық (кешенді және жеке). 2. жабық (кешенді және жеке) стадиондар жатады. -------------- 1. Ашық кешенді спорт құрылысына стадиондар (үлкен, орташа және кіші), спорт алаңдары және жүзу-есу стансалары жатады. Ашық жеке спорт құрылысына футбол алаңы, регби, қашақ,бейсбол, гандбол, ат поласы, допты хоккей, лақтырулар, гольф үшін, дене тәрбиесі шерулері, гимнастикалық өнер керсету және басқалар үшін алаңдар; волейбол, баскетбол, акробатика, бокс, күрес, ауыл атлетика, семсерлесу, атпен шабу, конькимен мәнерлеп сырғанау үшін, шайбалы хоккей, лапта, крикет, бадминтон, медицинбол, теннис және басқалар үшін алаңдар; жеңіл атлетикалық жүгіру жолдары, секірулер мен лақтыру үшін орындар, жүзу үшін жазғы бассейндер (табиғи және жасанды), өсу стансалары яхт-клубтар, жел- кенді және буэр, моторлы су стансалары, велотректер, велостансалар, мотоцикл тректері, автодромдар, атыс орындары, қалқандар, нысананы көздеп атуға арнайы жабдықталған орындар, шаңғы (жаттығу және спорттық), шаңғы базаларын, альпинистік, туристік лагерлер, таудағы паналар, құтқару стансалары, мұз айдындары, коньки тебу жолда¬ры, шанамен сырғанау (скелтон және бобслей) жолы, көпшіліктің конькимен тебу үшін мұз айдын¬дары, шаңғы жолдарын, шаңгышылар үшін таудағы аспалы жолдар жатады. --------- 2. Жабық кешенді спорт құрылыстарына спорт сарайлары мен залдары жатады. Қосалқы құрылыстар мен ғимараттарда дене тәрбиесі мен спорт бойынша жаттығулар, сондай-ақ спортшылар мен көрермендерді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өткізіледі. Сондай ғимараттар мен бөлмелерге жататындар: вестюбильдер, гардеробтар, спортшылар мен нұсқаушылар үшін бөлмелер, спортшылар мен бапкерлер үшін душ бөлмесі мен әжетхана, жалпы көпшілік пайдаланатын, сылап-сипайтын, дәрігерлік кабинеттер, бапкерлер мен нұсқаушылар бөлмесі, төрешілер белмесі, буфеті бар демалу белме¬лері, көрермендер ушін буфеттер мен мейрамханалар, жабдықтарды, снарядтар мен спорттық құралдарды сақтайтын қоймалар, спорт жалға беретін, әкімшілік- шаруашылық ғимараттары, ди¬рекция, комендатура, полиция, кассалар, күзет, шеберханалар, гараждар, қазандықтар, сорғылар, телефон стансасы, радио торабы, тарату үшін ғарышпен байланыс жасау арнасы, монтаждау бөлмесімен байланысқан комментаторлар кабиналары, трансфор¬матор орналасқан, шаруашылық жабдықтарын сақтау үшін бөл¬мелер (жабық жене жартылай жабық) жабдықтар сақталатын қоймалар және басқалар (хлораторлық, фильтрлер, кондиционерлер және т.б.), көрермендер үшін орын (трибуна). Барлық спорт ғимараттары пайдалануы бойынша олар негізгі төмендегідей топтарға бөлінеді: 1. мектеп жасына дейінгі балалар үшін дене тәрбиесі ғимараттары; 2. мектеп спорт құрылысы; 3. жоғары оқу орындарының, колледждердің, гимназиялардың, мектептердің, оқу орындарының; 4. өндірістік гимнастика үшін спорт құрылыстары; 5. 6. жалпы қалалық және муниципальдық; 7. фирмалардың; 8. ар¬найы спорт ғимараттары; 9. емдеу-дене тәрбиесі ғимараттары (жағажайлар, санаторийлер, курорттар, демалыс үйлері және т.б.). Жаңа қаланы жобалап, құрылысын салғанда және ескі қалаларды жаңартқанда жалпы қалалық маңыздағы спорт құрылысын салу қарастырылуға тиіс. Бұрыннан бар және жаңадан салынатын жекелеген барлық адамдарда қарапайым дене шынықтыру және ойын алаңдарын, тұрғынға 0,5 м. келетін есеппен мектепке дейінгі бала¬лар үшін алаңдарды орналастыруды қарастыру талап етіледі. 25-30 мың халық тұратын түрғын аудандарда клубтар мен іргелес етіп стадион, сондай-ақ жүзу үшін ашық жүзу әуездерін салу керек. Әрбір қалалық ауданда, саябақпен көршілес етіп аудандық стадионның, ал ірі аудан¬дарда жүзу үшін жабық жүзу әуезі қарастырылуға тиіс. Балалардың спорт алаңдарын әрбір мектеп пен колледждер немесе аудандық саябақтарда, бауларда және балалар саябақтарында орналастыру қажет. Мектептер жанындағы тиісті мектеп алаңын жасау арнайы нұсқаулармен реттеледі. Осы нұсқауға сәйкес кез келген мектептің жер телімі осы телімнің көлемі мен шамасына байланысты 0,7-га дейін мектеп спорт алаңын оқушылардың өздерінің күшімен жасады. Әрбір осындай мектеп спорт алаңында ұзындығы 175 м-ден 333,33 м-ге дейінгі жеңіл атлетикалық жүгіру жолымен қоршалады доп ойнау үшін (волейбол, бас¬кетбол, футбол, лапта) орын бо¬лады. Осында секіретін және лақтыратын орындар, сондай-ақ гимнастикалық қалашық орналасады. Қыста спорт алаңына су құйылып, мұз айдыны қатырылады, мұздан кішігірім тау тұрғызылып мектептің спортзалы жаңа мектептің ғимаратында тұрғызылады Спорт құрылысын салу үшін орынды таңдауға санитарлық- гигиеналық талаптарды сақтау және олардың дұрыс орналасуы өте маңызды. Әсіресе ашық түрдегі спорт құрылысы үшін ылғалды бойына жеткілікті сіңіре алатын жене қақ тұрмайтын, өзге ғимараттардың көлеңкесінде қалмайтындай, спорт құрылысы шаңнан, түтіннен, өндірістік кәсіпорындардың зиянды көздерінен және атмосфераның өзге де зиянды әсерлерінен қорғай алатын, қажетті санитарлық- қорғаныс аймағы бар телімдерден тұрақты жер таңдалып алынады. Спорт құрылысын салу үшін көгалы, жас көшеттері көп жерлердің артықшылығы бар. Ашық спорт құрылысы шекаралары ағаштардың және бұталардың алап стадион алып жатқан барлық аумақтың 30 -дан кем болмайды. Спорт құрылыстың бағытталуы экваторлық (құрылыстың ұзын белдегі осі батыстан шығысқа қарай өтеді) және меридианға солтүстіктен оңтүстікке қарай өтеді. Жабық спорт құрылысын экваторлық етіп бағыттау ұсынылады. Бұл шұғылданатын негізгі ғимаратқа күн сәулесінің тура түсуіне кедергі келтіреді, көзді қарықтыратын жарықтан, сондай-ақ ауаның шамадан тыс қыздыруынан сақтайды. Бұл ретте солтүстік ендіктен 50° солтүстікке қарай орналасқан ғимараттың жаттығуға арналған негізгі бөлмелерінің терезесін оңтүстікке қарай, солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай 50° солтүстікке қарай бағытта орналастырған тиімді, ашық спорт құрылысының (стадиондар, алаңдар) үлкен осі меридианға бағыттаған жөн. Бұл кешкі уақытта шұғылдану мен жарыс өткізуге жақсы жағдай туғызады. Тұрақты жел соғатын жерлерде ашық спорт құрылысы, олардың ұзын осі жел соғатын бағытқа қарай перпендикулярлы болатындай етіп орналастырған тиімді. Спорт құрылысының жарығы организмнің жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін және зақымданып, жарақат алудан сақтандыратын маңызды фактор. Жабық спорт құрылысқа табиғи жарық түсуі тиіс. Бұл ретте жаттығуға арналған негізгі бөлмелер терезелерінің әйнектелген жалпы жоғарғы беті еден аумағының бөлігінен кем болмауы тиіс. Спорт құрылысының жылыту, бәрінен бұрын, оларда шұғылданатын спортшыларды қалыпты температурамен қамтамасыз ететіндей микроклимат туғызу үшін, бөлмені бірқалыпты жене жеткілікті қыздыратындай болуы керек. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Алматыдағы ипподром''', 1930 жылы ашылған. Ат спорты жарыстарын және мейрамдарды ұйымдастырады, желісті және міністі жылқылар сыналады. Аумағы 40 гектардан астам. Міністі және желісті аттар ушін жүрделі және жүріс жолы, түрлі ойындар мен ат спорты жарыстарын өткізу үшін алаң, мың орындық трибунасы бар. Желісті жылқылар үшін жолдардың жасанды жамылғылары бар, бұл жаттығуды жыл бойы жүргізуге мүмкіндік туғызады. Ипподромда аумағындағы 500 орындық атқора, малдәрігерлік емдеу орталығы, аттарды шомылдыратын бассейн, ұстахана, аттарды жалдайтын пункт, "Тұлпар", қонақүйі, жылқы шаруашылығы мұражайы орналасқан. Ипподромда ат спортынан ойындар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүлдесі үшін ат спортынан дәстүрлі жарыстар мен мерекелер өткізіледі. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Тентексор мұнай кен орны''' Атырау облысының Мақат ауданындағы Оңтүстік Ембі мұнайлы-газды ауданына жатады. 1945 жылдан пайдаланылады. == Геологиялық құрылымы == Кен орнының геологиялық қимасының табанын төменгі пермьның кунгур ярусының тас тұзы құрайды, оны саз, малтатас, құмтастан тұратын жоғарғы пермь мен триас шөгінділері, құмтас, малтатастан құралған төменгі юра, құм мен сазды орталық юра жыныстары жапқан. == Сипаты, құрамы == Кен қарай созылған тұз күмбезін байланыса келеді. Өндіруге тұрарлық мұнай ортаңғы юраның құмды-сазды свитасының солтүстік-батыс қанатындағы готерив пен төменгі апт шөгінділерінде. Юра мұнайының шайыры аз (5,5%), тығыздығы 840-850кг/м3, жеңіл фракциялар шығымы 200°С-қа дейінгі температурада 3,5-9,0%. Қоры жөнінен шағын кен саналады. Санат:Атырау облысы кен орындары Санат:Қазақстан мұнай кен орындары
'''Алматы үй құрылысы комбинатының спорт комбинаты''', спорт кешенінің негізінде 1987жылы құрылды, АДК спорт клубының орталығы болып табылады. Аумағы 4,8 га. бола-тын стадионда 10 мың орындық трибуна футбол, баскетбол, волейбол, гандбол алаңдары, теннис корты (7), жеңіл атлетикалық, ядро серпу секторлары, ату тирі, спорт ойындары үшін спорт залдар, гимнастика, ауыр атлетика, дзюдо күресінің залдары, шахмат-дойбы клубы, жүзу бассейні (ұзындығы 25 м.) бар. Мұнда күн сайын 30 денсаулық сақтау тобы шұғылданады, спорттың 21 түрі бойынша секцияларда мыңнан астам адам жаттығады. Жарыстар, қысқы және жазғы спартакиадалар, спорт мерекелері өткізіледі. Стадион -3 БЖСМ-ның спорт гимнастикадан және волейболдан әйелдер олимпиялық ізбасарлар мектебі, кешенді (аралас) базасы болып келеді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Атырау спорт комплексі''' Атырау қаласында 1997-1999 жылдар арасында салынған төрт қабатты спорт ғимараты. Жалпы 6160 шаршы м., ғимараттың көлемі 3200 шаршы м. Ғимаратта ойын залы, бассейн, басқа да спорт түрлеріне арналған зал бар. Барлық залдар ERXARD sport каталогына сәйкес еуропалық қамтамасыз етілген. Ғимаратта ауа тазартқыш, су жылыту, өз алдына АТС, VIP-ложа, телестанциямен, радио байланыс жүйесі, кафе, төрешілерге, спортшыларға арнал¬ған бөлмелер, пресс-клуб жұмыс істейді. Мұнда бокстан Азия чемпионаты, волейболдан президент кубогы үшін халықаралық турнир, шағын футболдан, баскетболдан, таэквандодан, күрес түрлерінен республикалық чемпионаттары өтіп келеді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Гому Қошанұлы Бәсенов''' (12.09.1909, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 4.05. 1996 Алматы қаласы.) сәулетші, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы (1966), КСРО Сәулет академиясының (1950). Алматы қаласындағы ірі спорт құрылыстарының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, "Медеу" спорт кешені архитектурасын дайындауға белсенді түрде атсалысқан. Орталық бассейнде, жүзу айдыны, 1967 жылы салынған кешенді қысқы жүзу бассейні (50 21 метрлік, жолды), жүзу үйретуге арналған балалар бассейні (3,5 м.), секіру трамплині сүңгитін ванна (20 х20 м), қыздырыну залы, ашық ойын алаңы бар, Орталық бассейн жүзуден, суға секіруден, су полосынан, су астына жүзуден, қазіргі бессайыстан республикалық құрама командасын дайындайтын негізгі база. Мұнда халықаралық, республикалық, жарыстар өткізіледі. == Дереккөздер ==
'''Нұрлан Сәкенұлы Ақүрпеков''' (25.11.1966, Тараз қаласы, Жамбыл облысы) бокстан спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық Д. Шопоков турнирінің жеңімпазы (1994 ж.), КСРО-ның қарулы күштерінің біріншілігінің жеңімпазы (1986 ж.). Нұрлан Ақүрпеков бокспен 1983–1994 жылдар аралығында шұғылданған. 1992 жылдан бері Тараз қаласындағы институтында айналысады. ==Атақты шәкірттері== ===Бақтияр Артаев=== Нұрлан Ақүрпеков Афинада өткен Олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы Бақтияр Артаевтың жеке бапкері. Нұрлан Ақүрпеков Бақтияр Артаевты 11 жасынан бастап (1995) бастап жатықтырған. ===Олжас Сәттібаев=== ===Ғани Жайлауов=== == Дереккөздер == Санат:Бокс жатықтырушылары
'''Тамара Владьевна Падерова''' () ХДСШ-і. Апдымен 15 жасында ауыр атллетикамен, кейін пауэрлифтингпен айналысты. Республиканың, Азияның, зілтемірмен отырып-тұрудан Әлемнің чемпионы (1996-183 кг.) Шсивоконь Пауэрлифтинг маэстросы, жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінің екі дүркін (1993- 1994) жеңімпаз. Республиканың, Азияның, Әлемнің чемпионы әрі зілтемірді сығымдап көтерудегі рекордыысы (1993- Джеколинг, Швеция 1994- Финляндия, 1997-Прага, 1998-Черкаск, Украина; Васса,Финн; 1998- Амберг, Германия; 1999-200р Актио, Жапония). Өзінің спорттық жолында Әлем рекордтарын 25 рет жаңартты. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша Санат:Алфавит бойынша ауыр атлеттер Санат:Қазақстан ауыр атлеттері Санат:Қазақстан Санат:Ауыр атлетикадан әлем чемпиондары Санат:Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты
'''"Динамо"''', Алматы қаласындағы ашық жүзу бассейні. "Динамо" спорт кешенінің құрамына кіреді. 1963 жылы салынған 25x12,5 метрлік негізгі ваннасын, жүзуге үйрететін (12 м.) балалар ваннасы, қыздырыну залы бар. "Динамо" бассейні су полосы мен жүзгіштер командаларын даярлау базасы болып табылады. 2008 жылы бұзылды "Динамо", Өскемен қаласындағы спорт кешені. Спорт залы 36x18 м. Салынып біткен уақыты 1972 жылы Барлық жас топтары бойынша оқу-жаттығу сабақтарын, спорт- көпшілік шараларын өткізу үшін салынған. Өткізілген жарыстар: rip көтеруден дүниежүзілік 11 чемпионат, көркем гимнастикадан, еркін, самбо, дзюдо күрестерінен, ка¬ратэ, дзюдодан, ҚР чемпионаты, көркем гимнастикадан "Шығыс сұлулары халықаралық және т.б. турнирлер өтті. == Дереккөздер == Санат:Алматы спорт кешендері
'''"Жасыбай", спорттық- сауықтыру кешені''', Жасыбай кешені Павлодар облысы Екібастүз қаласы.) 1988 жылы пайдалануға берілді. Жасыбай кешенінде электр таблоны 18 дм. балконды, 120 орындық жылжымалы орындар бар, бұдан бөтен де 33 балконы бар, 289 м2 күрес, 207 дзюдо, аумағы 47,3 м2 балконды 508 м2 гимна¬стика, 294 м2 бокс, 190 м2 ауыр атлетикалық залы; аумағы 30 м2 балконы, алты жүзу жолы бар 25 х14 көлеміндегі ваннасымен 516 м2 жүзу бассейні, аумағы 30 м2 балконы, 12,5 х5м көлемінде ваннасы бар 144 м2 балалардың жүзу бассейні бар. Жасыбай кешенінде: 1) Кешенді балалар және жасөспірімдер спорт мектебі (акробатика, бокс, жүзу, атлетика, самбо, дзюдо күрестері); 2) Еркін күрестің арнайы олимпиялық ізбасарлар мектебі; 3) "Этюд" шахмат-дойбы клубы; 4) авиа- техникалық мектеп жұмыс істейді. Спорт кешенінің негізгі міндеті қаланың ересек түрғындарын, жастарды, жеткіншектер мен балаларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту және осы арқылы сауықтыру. Спорт кешенінің базасында спорттың әр түрі бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық жарыстар өткізеді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Пиндар''', (518 ж.ш., Беотия, 442 не 438 б.з.б.), көне грек ақыны. Ақсүйек семьясында туған. Пиндар мерекелерде айтылатын хор үшін лирикалық өлеңдер жазған. Александрия филологтары жинаған Пиндар шығармалары 17 том болған, қазір оның сақталғандары тек эпиникилер деп аталатын кітап көпшілігі грек халқының діни мерекелеріндегі түрлі жарыс жеңімпаздарына арналған. Сондай-ақ Пиндар шығармаларында құдайдың құдіреті, адамдарға оның рақымы негізгі орын алған. Пиндар ұлы істерді ұрпаққа жеткізуші деп ақын рөлін, поэзияны жоғары бағалады. Өлеңдерінің кепшілігі грек халқының мерекелеріндегі түрлі жарыс жеңімпаздарына арналған. Шығармалары: Оды, "Вестник древней истории", 1973, N2-4. == Дереккөздер == Санат:Ежелгі грек ақындары
кез келген спорт түрлерінің өздерінің тілеулестері, жанкүйерлері бар. Олар өздері қалаған спорт түрлеріндегі қаһармандарды, жұлдыздарды жақсы біледі, солардың өмірі мен өнерін әңгімелеріне өзек етеді. Мысалы, 2008 ж. ҚХР-дың Пекин қаласында өткен XXIX жазғы Олимпиялық ойындардың бәсекелерін жер шарын мекендеген миллиардқа жуық халықтың 3,5 миллиарды теледидар арқылы тамашалапты. Сол сияқты футболдан, хоккейден, бокстан Әлем чемпионатары мен ірі халықаралық жарыстар еткен кезде миллиондаған адамдар қай уақытта көрсетілсе де дидар- бейне алдына жиналады. Ал жарысты тікелей тамашалаған кезде оның жанкүйерлері стадиондар мен спорт залдарына жалпы жарыс өтетін құрылыстарға барып өзі тілеулес спортшыға қолдау көрсетеді. Мұндай қолдаудың спортшыға тигізетін әсері үлкен. Тіпті қазір Спорт жарыстарын өз командаларын жігерлендіру үшін арнайы топтар құрады. Мұны деп атайды. Жарысқа тікелей қатыспайтын, бірақ қолдау керсететін топтар бар олардың қатарына спортшының отбасы, туған-туыстар; достары мен таныстары; Сол спорт түрінің мен әртүрлі елдердегі жанкүйерлері жатады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спортшыға қарсы көрермендер''' тобы да болады, олар сол спортшының өнер көрсетуіне айқайлап, шулап қарсы әрекеттер жасайды. Кейде ақпарат құралдарында мақалалар жазып оның психологиясына әсер етеді. Жарыс кездерінде көрермендердің ықыласы біржақты болмайды, кейде өзгеріп қарсы команда немесе спортшы жағына ауып кетіп отырады. Мұның себебі спортшының асқан шеберлік қажыр-қайрат көрсете білуіне байланысты. Команданың немесе спортшының тәсілі мен әдіс айласына сүйсінген жанкүйерлер өзі бұрын ниетін танытқан команданы немесе спортшыны емес енді оның қарсыласын жақтайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
Түркістан облысы '''Тентек жылы белгісіз) Оңтүстік қазақтарының Қоқан хандығына қарсы 1821 жылғы көтеріліс басшысының лақап есімі. Көтеріліс бүкіл Оңтүстік Қазақстанды қамтып, Шымкент, Сайрам, т. б. мықты бекіністерді басып алды. Қоқандықтар көтерілісті күшпен басты. Тентек төре қазақ сұлтаны; қысқаша Рүстем төре. ==Сілтемелер== Сейітов Сәтбаев Рүстем төре *Қоқан хандығы == Дереккөздер == Санат:Туған жылы белгісіздер Санат:Қайтыс болған жылы белгісіздер қозғалыстардың көсемдері Санат:Шыңғыс ханның ұрпақтары Санат:Төрелер
'''Қателіктерді түзету''', спортшы өзіне жүктелген тапсырманы бірден дұрыс орындап кете алмайды. Әуелі оның қарапайым бөліктері жасалады. Содан кейін 2,3 бөліктері бірте- бірте олардың бастары қосылып белгілі бір жаттығуға айналады. Спортшыны үйрету барысында сол бөліктердің мінсіз орындалып оның үйлесімді жалғасуын қадағалау керек. Дұрыс жасалмаған қимыл-қозғалыс сол бойда көрсетіліп ол әбден дұрыс орындалғанша қайталана береді. Сан мәрте қайталаулар дағдыны қалыптастырады. Мұндай жағдайда спортшыны тоқтатып қателіктерін көрсетіп, түсіндіріп оның дұрыс орындалу жолдарын айтып әбден түзелгенше қимыл- қозғалыстар жасапа береді. Шеберлік осылайша қалыптасады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Жеке бастың мінездемесі''', шәкіртін дұрыс үйрету үшін жаттықтырушы олардың әрқайсысының мінездерінің ерекшеліктерін жақсы білуге тиіс. Мұны түсінбей, зерттемей күшті шәкірт дайындаймын деуге болмайды. Ол өзінің жаттығу жоспарларын шәкірттерінің бейімделігіне, мүмкіншілігіне талап- тілегіне сәйкес құруға тиіс. Олардың мінез-құлықтары былайша бөлінеді: 1) Ыңғайлағыш адамдар олар өздерін, іс- әрекеттерін үнемі бақылап, сол жайлы қобалжып, жақсы орындауға тырысып асығып жүреді. 2) Ыңғайланғыш белсенді топ қолына алған іске белсене кіріседі. Оған өте көп қажыр-қайрат жұмсайды. Қандай қиын болса да өзінің дегенін орындауға тырысады. 3) Сақтанғыш топ алға қойған мақсатын жете зерттейді, соны орындау жолындағы іс-әрекеттерін қатаң бақылауға алады. 4) Бейжай топ жаны таза, көңілді, қолға алған ісін орындауға табандылық көрсетпейді, белсенділігі нашар, жан-жағында болып жатқан істерге адамдардың әрекеттеріне, кейде өзіне арнап айтқан сөздерге бейжай жайбарақат қарайды. 5) Ширыққыш топ оған кез келген жаңалық күшті әсер етеді. Басқалардан озық, алда түргысы келеді жүйкесіне күш түскен сәтте сабырсыздық танытып шыдамсыз болады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Рекордшы''', спорттың белгілі бір түрінен ең үздік нәтиже көрсеткен спортшы. Рекорд уақыт, салмақ, қашықтық өлшемімен және үпай санымен өлшенеді. Мысалы: коньки, жеңіл атлетиканың жеке қашықтарында уақыт, ал көпсайыста ұпай есептелінеді. Әлемдік, олимпиялық, аймақтық (жеке құрлықтардағы үздік нәтижелер), ұлттық жеке және командалық рекордтар болады. Қазақстанда аумақтық (аудан, облыс, республикалық) рекордтар тіркелген. Қазақстан спортшылары да көптеген құрлықтық, әлемдің рекордтар жасады. Мысалы, 2009 ж. Оңтүстік Кореяда өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында республиканың өкілі С.Подобедова бірден әлемдік рекордты жаңартты. 2012 жылы Лондон жазғы олипиадасында Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова әлемдік рекордты жаңартты. == Дереккөздер == Санат:Спорт
рекордтар''', жеке спортшылардың немесе командалардың арнайы жарыстардағы ең жоғары көрсеткіштері. Мысалы, С. Ульянов зілтемір көтеруден (1958-69) 14 рет дүниежүзілік рекордтарды (жеңіл және жартылай жеңіл салмақта), ал В. Дрекслер рет дүниежүзілік рекордтарды (жеңіл салмақта) жаңартты. Қазақстан спортшыларынан жеңіл атлетикадан А. Тұяқов, В. Герасимова, атқыш И. Серов, жүзуден В. Абоимов (командада), конькиден Г. Романова, В. Троицкий, В. Гейдерх, О. Шабаров, В. Барабаш, зілтемір көтеруден П. Ким, А. Колодков, И. Ильин т.б. дүниежүз. және КСРО рекордтарын жасады. Дискі мен ядро лақтырудан Л. Шейдина 26 рет республикалық рекордты жаңартты (1955-71). == Дереккөздер == Санат:Спорт
жоғарғы спорт мектептері''', ҚР- ның "Білім туралы", "Дене тәрбиесі және спорт туралы" заңдарына сәйкес құрылған спортқа (немесе спорттың белгілі бір түріне" жастардың тәрбие жұмысымен спорттық шеберлікті жетілдіруін қамтамасыз етіп, олардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыратын мектеп. Мектептертің негізгі мақсаты өздеріне бекітілген спорт түрлөрінен құрлықтық чемпионаттар мен Азия, олимпиялық ойындарға қатысып елдің намысын қорғайтын мемлекеттің құрама командалар дайындауы болып табылады. Мұндай мектептер спорттық жоғары шеберлікке қоса өзінде тіркелген жас спортшыларға медицина, психология, физиология, гигиена жайлы білім салаларынан түсініктемелер береді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Сайыс''', ат үстіндегі Қазақтың байырғы әскери ойыны. Найзамен қаруланған, қорғанатын тері немесе киіз қалқандары бар екі салтатты шауып келіп бірін- бірі ер үстінен қағып түсіруге тырысады. Сайыс. (нем. тілінен ''fech- ten'' айысу, төбелесу, алысу), негізіне белгіленгөн тәртіп бойынша спорттық суық қарудың бір түрінен (рапира, қылыш, семсер) жекпе-жек өткізілетін спорт түрі. Сайыс спорттың түрі ретінде пайда болған уақыты 1925 ж. деп айтылып жүр. Бірақ оның тарихы тым әріге біздің дәуірімізден бұрынғы мыңжылдықтарға кетеді. Адамзат қауымдастығынан бері құнарлы жер, малы үшін жақсы жайылымдарды, сулы, нулы аймақтарды иеленгісі көлді. Бұл үшін күресу, таласу, керек болды, қақтығыстар, соғыстар шықты. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Қазақстанда сайыс''',1939 жылдан бастап дами бастады. Осы жылы алғашқы республикалық чемпионаты өтті. Чемпионаттық атаққа әйелдер арасында Л. Котова (рапира), ерлер арасында И. Столн (қылыш) ие болды. Республиканың II чемпионаты 1947 ж. өтті. Бұл жолы жеңіске В. Алешин (рапира), П. Жүрин (қылыш), В. Рамашков (семсер), Г. Исаков және Г. Кульковалар чемпион атанды. Ал 1950 жылдан бастап жасөспірімдер арасындағы жарыстар өте бастады. 1958 ж. республикалық "Е" спорт қоғамының командасы Болгарияның "Академик" командасымен кездесіп республиканың құрама командасы (А. Кудяков, И. және Г. Исаковтар, А. Күзеков, М. Хисаметдинов, Т. Әбубәкіров Ж. И. Ярмолкевич) төрт қару түрінің үшеуінде жеңіске жетті. 1961 ж. Польшада өткен халықаралық турнирде И. Исаков үш бағдарламада, Н. Рзаева рапирада жеңіске жетті, А. Күзеков қылыштасуда үшінші орынға шықты. 1971 ж. алматылық И. Валетов семсерлесудің Әлем чемпионы (1971), 1972 ж. Мюнхенде өткен XX Олимпиялық ойындарда қола жүлдегер атанды. Республиканың семсершілер командасы КСРО халықтарының VIII (1983) күміс медальға ие болды. ҚР-сы тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық бірлестік және Азия құрлығы сайысшылар қауымдастығына мүше болып ірі жарыстарға өз алдына қатыса бастады. 2002 ж. семсершілер командасы (С. Шабалин, А. Шипилев, А. Аксенов) Оңтүстік Кореяның Бусан қаласында өткен XIV Азия ойындарының чемпионы атанып бүдан жыл бұрынғы Жапонияның Хиросима қаласында 1994 ж. өткен табыстарын (А. Писцов, С. Шабалин, Ю. Цветов, Д. Димов) қайталады. 2003 ж. Азия чемпионатында (Таиланд) қазақ сайыскерлері алтын, күміс, қола медальға ие болды. Жекелей есепте өскемендіктер А.Аксенов және С. Шабалин даңқ тұғырына көтерілді, жігіттер командасы тағы да 3-ші жүлдегер атанды. Республиканың сайысшыларының қатары соңғы жылдары талантты сайыскерлермен толықты. Олардың Қазақстанның үлкен спортына қосар үлестері алда. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Қасым Рымбекұлы Иляшев''' (22.04.1 973, ШҚО. Өрлітөбе ауданы Железинка поселкесі), коньки спортынан халықаралық дәрежедегі төреші. ҚазМУ-ді (1961), Ленинград по¬литехникалық институтын бітірген. 1961- 71 жылы С.М.Киров атындағы ААМЗ-ның 1971-74 жылы КСРО Мемлекеттік жабдықтау комитетінің институтының бас инженері. 1974-86 жылы спорт кұрылыстары директорының орынбасары. 1986-2004 жылы спорт күрделі құрылыстарын салу мен пайдалану басқармасының бастығы. "Медеу", "Шымбұлақ" спорт кешендерін, Астанадағы Қажымұқан атындағы стадионды салуға, Алматыдағы және Байқоңырдағы, Қарағандыдағы, Оралдағы жүзу бассейндерін жаңғыртуға қатысты. 64 авторлық, оның ішіндегі лотореялық және ойын бизнесі бойынша кубоктың иегері. "Құрмет белгісі" орденімен (1981), медальдарымен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Төрешілер
'''Марат Исағалиұлы Жәкиев''' (12.09.1968, Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы) жақтықтырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, Astana Arlans командасының бас жаттықтырушысы. Марат Жәкиев бокспен 1981–1991 жылдар аралығында шұғылданған, жасөспірімдер арасындағы КСРО біріншілігінің жүлдегері (1984), КСРО кубогының жүлдегері (1988), КСРО Чемпионатының жүлдегері (1989), бірқатар халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 1992 жылдан бері айналысып келеді.. 2014 жылдың 19 қараша күні Astana Arlans командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. ==Атақты шәкірттері== ===Ердос Жаңабергенов=== Марат Жәкиев Әуесқой бокстан әлем чемпионы (2005), халықаралық спорт шебері Ердос Жаңабергеновтың жеке бапкері. ===Әділбек Ниязымбетов=== Марат Жәкиев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2012), Әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2011) Әділбек Ниязымбетовтың жеке бапкері. == Дереккөздер == Санат:Бокс жатықтырушылары
'''Всеволод Андреевич Виноградов''' (1989, Алматы қаласы) CШ-i. Республиканың дүркін (1962 63), ВСЕС-тің чемпионы. КСРО Халықтарының I-III қатысушы. 2001 жылға дейін "Е" ерікті спорт қоғамында Қ. Сәтбаев атындағы техникалық университеттің дене тәрбиесі кафедрасында қызмет істеді. == Дереккөздер == Санат:1989 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан спорт шеберлері Санат:Қазақстан чемпиондары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқытушылары
немесе '''ТШО''' (, Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін бірлескен кәсіпорын. 1993 ж. ҚР Үкіметі мен Шеврон корпорациясы арасында 40 жылға жасалған шарт бойынша құрылған және осы шарт бойынша Теңіз және Королев кен орындарын игеру жөнінде келісімге келген. Қазіргі кезде кәсіпорынға: Шеврон, ЭксонМобил, ҚазМұнайГаз, ЛукАрко компаниялары енеді. == «Теңізшевройл» ЖШС-нің құрылу тарихы. Ғасыр келісім шарты== 1993 жылғы сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев пен Кеннет Дерр Алматы қаласында «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы 40 жылдық келісімге қол қойды. Қазақстан үшін ғана емес, Шеврон корпорациясы үшін де бұл мәміле 1970-ші жылдардың басынан бергі ең ірі халықаралық мәміле еді. Осы мұнай келісім-шартына қол қойылуының бүкіл дүние жүзі үшін экономикалық қана емес, саяси маңызы болды. 1992 жылы Қазақстан, Ресей және Оман үкіметтері Каспий құбыр консорциумын (КҚК) құру туралы құжаттарға қол қойды, ол мұнай құбыры арқылы Теңіз мұнайының әлемдік нарықтарға экспортқа шығарылуын қамтамасыз етуге тиіс болды. Осылайша Қазақстанның орасан зор мұнай алыбының және жалпы ел экономикасы дамуының жаңа кезеңі басталды. == ТШО -ның өндірістік жобалары== «Теңізшевройл» ЖШС сан миллиардтап тартылған инвестицияларды тиімді игерудің арқасында ТШО өндірістің бүкіл инфрақұрылымын түбегейлі қайта құрып өндіріс базасын кеңейтті. 2007 жылдың аяғына қарай компанияның жалпы активтері 10.5 млрд. доллар құрады. 2008 жылда Екінші буын зауытының барлық өндірісінің пайдаланылуға берілуі қазіргі бес технологиялық желіде өндіріліп жатқан өнімді екі еселеуге мүмкіндік берді және шығарындылар көлемін азайтуда өндірістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етті. Бүгіндері өндіріліп отырған көмірсутектер шикізатынан ТШО түпкі өнімнің бірнеше түрін шығарады. ТШО-ның тауарлы мұнайы өте «жеңіл», көмірсутектің жеңіл молекулаларынан тұрады. Екінші буын зауытын іске қосқаннан кейін, кәсіпорын тәулігіне мұнай мен газ өндіру көлемін сәйкесінше 540 мың барель және 765 млн текше фут деңгейіне дейін ұлғайтуға мүмкіндік алды. Бұдан басқа, көмірсутектер шикізатының қалған бөлігінен, ілеспе газдардан тауарлы газдар (құрғақ газ бен сұйытылған газдар пропан мен бутан), сондай-ақ Теңіз кен орнының шикі мұнайының құрамында жоғары шоғырланған күкіртсутектен өндірілетін күкірт шығарылады. 2007 жылы еуропалық сападағы пропан мен бутан өндіру көлемі 860 метрикалық тоннаны, ал құрғақ газ сату көлемі 3,7 миллиард текше метрді құрады. Сондай-ақ ТШО 2007 жылы күкірт сатудан жоғары көрсеткішке қол жеткізді, миллион тонна күкірт сатып, 2006 жылғы өзінің көрсеткішін 24 пайызға асыра орындады. 2013 жылы мұнай өндіру көлемі 27,1 миллион тоннаны (216 миллион баррель құрады. == Көлік мүмкіндіктері == 1993 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде Теңіз кен орнының шикі мұнайы әр түрлі жолдармен, соның ішінде Атырау-Самара құбырымен, темір жолмен және баржалармен тасымалданды. ТШО үшін темір жол мұнай тасымалдаудың негізгі көлік түрі болды. Мұнайдың негізгі барар орындары Қара теңіздегі порттар Одесса, Феодосия (Украина) және Батуми еді. Бірақ кейін компанияның тасымал көлігі жөніндегі басымдықтары өзгерді. 2001 жылғы 25 наурызда КҚК аясын- дағы құбырына мұнайды бірінші сынамалы құю басталды, ұзындығы 1480 километр бұл құбыр кен орнын Ресейдегі Новороссийск қаласының қасындағы Южная Озерейка теңіз терминалымен байланыстырды. 2008 жылы ТШО ұлғайып келе жатқан мұнай көлемін «Оңтүстік бағыт жолы» арқылы экспорттауға мүмкіндік беретін коммерциялық шарттар жасасты. Ол Теңіз мұнайын Ақтау порты арқылы Каспий теңізімен Қазақстаннан Бакуге (Әзірбайжан) және одан әрі Батумиге (Грузия) жеткізіп, одан кейін Қара теңізбен халықаралық нарықтарға экспорттауға мүмкіндік берді. Бұл маршрутпен мұнай тасымалдау 2008 жылдың қазан айында басталды. Қара теңіз терминалдарынан Баку-Джейхан құбыры арқылы алғашқы мұнайды жөнелту 2008 жылдың қараша мен желтоқсан айларында басталды. Бұдан басқа, қазіргі уақытта ТШО өндірген құрғақ (табиғи) газды Қазақстанның газ құбырына тасымалдау үшін Теңіз-Құлсары газ құбырлары пайдаланылуда, 2004 жылы ТШО бұл газ құбырының екінші тармағының құрылысын салып, оны Орта Азия Орталық магистральды газ құбырына жалғады, бұл құбыр Орталық Азиядан, соның ішінде Қазақстаннан, Ресей арқылы батыс елдеріне қарай газ экспортын қамтамасыз етеді. == Күкіртті өндіру және сату == ТШО өндіретін мұнайдың құрамында күкіртті газ бар, оның 14 пайызы күкіртсутектен тұрады. Шикі мұнайдан алынып тасталған күкіртсутек технологиялық қондырғыға жіберіліп, ол жерде ауамен, жылумен және реакцияға түседі, осының нәтижесінде қарапайым сұйық күкірт пен су түзіледі. Күкірт 30 мыңнан астам басқа өнім түрлерін шығару кезінде пайдаланылатын құнды өнім болып табылады. 2006 жылы ТШО 1,570 млн тонна күкірт өндіріп, оны Қытай, Қазақстан, сондай-ақ Жерорта теңізі бассейні елдеріне сатудың көлемі 1,648 мың тоннаны құрады. 2007 жылдың қорытындысы бойынша ТШО миллион тонна күкірт сатты, яғни 2006 жылғымен салыстырғанда 24 пайызға артық. Соңғы жылдары ТШО күкіртке қатысты жобаларға 100 млн. доллар бөлді, және де алдағы үш жылға қосымша қуаттар үшін тағы да 1400 млн.доллар бөлуді жоспарлауда. ТШО күкіртті Қазақстанды қоса 25 елдегі 77 тұтынушыға сатуда. ТШО күкіртті ашық сақтаудың қоршаған ортаға және адам денсаулығына ықпалын, аталған мәселені зерттеуді жалғастырада. Атап айтқанда ауаға, суға, топыраққа күкірттің әсері туралы зерттеу түйіндерін тексеру мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізуді жалғастыруда. == Әлеуметтік бағдарламалар == ТШО 1993 жылы «Атырау Бонус Қоры» деп аталатын бес жылға арналған бағдарламасын ендіруден бастады. Ол бойынша Атырау мен Теңіз кен орнына іргелес жатқан аудандарда әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық сала нысандарын дамытуға 50 млн. доллар мөлшерінде қаржы құю көзделген болатын. Атырау қаласында жылыту қазандығы, нан зауыты мен клиника, сондай-ақ Құлсары кентінде су тасқынынан зардап шеккен адамдарға арналған 20 тұрғын үй және клиника салынды. 1999 жылы аяқталған «Атырау Бонус Қоры» бағдарламасының орнына «Игілік» деп аталатын әлеуметтік жобалар бағдарламасы келді. Жобаны іске асыруда Атырау қаласындағы Жайық өзенінен өтетін бас көпірді қайта жаңғыртты, Атырау университетінің жаңа ғимаратын салуға, қаладағы ғимараттарды жаңартуға және Жайық өзенінің жағасын бекітуге млн. доллар жұмсалды. 2007 жылы ТШО кәсіпорыны Сарықамыста тұрған 374 отбасына (1590 адам) арнап Атырау қаласындағы Лесхоз ықшамауданынан жеке кент тұрғызды. Қалған 377 отбасына (1889 адам) Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде осыған ұқсас жаңа тұрғын үй кешенін салды. Сонымен қатар, Атырау облысының, Жылыой ауданындағы және Атырау қаласындағы мәдениет мекемелеріне, балалар үйлеріне, интернаттарға, қарттар үйлеріне, ауруханалар мен клиникаларға, мүгедектер ұйымдарына және тұрмыс деңгейі төмен адамдарға демеушілік көмек көрсетуде. == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемелер == Санат:Қазақстан компаниялары
'''"Модуль",''' Өскемен қаласының қысқы стадионы, спортзалының көлемі 32 18 м². ОІОБЖСМ-ның меншігінде. Спортзалдың жобасын Б.Мезенцев атындағы ЦНИИЭП дайындаған. Сәулетшілер: В.Давыденко, И.Михаилов, В.Колесник, Л.Грибова, Н.Розина, Инженерлер: М.Глинкин, В.Травун, Д.Леонтев, А.Усанов, Г.Коренцвет, В.Шишков. Денені жалпы дамыту және атлетикалық дайындық үшін, денсаулық тобының шұғылдануы, көркем және ырғақты гимнастика, воллейбол, теннис, бадминтон спорт ойындары үшін, бокстан, жеңіл атлетикадан, ауыр атлетикадан, күрестен және басқа спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуге арналған. Спорт кешені 1997 жылы қыркүйектен бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде: ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты, еркін дзюдо, грек-рим күрестерінен жарыстар, бокстар, қала әкімінің жүлдесіне арналған II халықаралық спорт ойындарының бағдарламасы мен мүгедектер арасында жарыс өткізілді. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан стадиондары
'''"Өркен"''', әмбебап спорттық кешен (Талдықорған). Сәулетшісі В.Карагин. 1993 ж. желтоқсанда пайдалануға берілген. Бүгінгі күні "Өркен" спорт кешені Алматы облысындағы таңдаулы спорт базаларының бірі, облыстық, қалалық БЖСМ-рі, Талдықорған қаласының спорт секциялары осында жаттығады. Бір күнде 1400 адам шұғылдана алады. Түрліше тартымды және спорттық шаралар тұрақты өткізіледі. Жылына 307 мың адам шұғылдануға мүмкіндігі бар, олардың 60 -ы мектеп жасындағы балалар мен жеткіншектер 40% -ы Ж.о.о-ры, колледждердің оқушылары және қаланың түрліше мекемелердегі денсаулық топтары. Спорт кешенінде: жан-жақты пайдаланылатын көлемі 36 18 метрлік зал, 18 18 м. арнайы бокс залы, 36 18 м. күрес залы; 25 14 м., 12 м. ванналармен жүзу бассейндері; дайындық жаттығуларын өткізу үшін 18 18 метрлік зал; 21 хб метрлік тренажерлік зал бар. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан спорт кешендері
'''Дмитрий Валерьевич Димов''' (1969, Алматы) Шпагадан ЕССШ-і. КСРО халықтары күміс жүлдегері (1991, Әлем кубогының финалисі (1997, Таллин), республиканың әлденеше дүркін, Азияның (Сеул, Оңтүстік Корея), Азия ойындарының (1994, Хиросима, Жапония; 2002, Бусан, Оңтүстік Корея). Жаттықтырушысы: В. Димов. == Дереккөздер == Санат:1969 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:КСРО халықтары күміс жүлдегерлері Қазақстан чемпиондары
'''Геннадий Васильевич Исаков''' (16.01.1928, Щучинск қаласы, СҚО), СШ-і (1958), ҚазКСР-інің ЕСЖ-сы (1962). 1950 ж. Львов дене тәрбиесі институтын бітірді. 1951-78 ж. республикалық құрама командасының аға жаттықтырушысы, кейін Қажымұқан атындағы спорт интернатында қызмет істеді. 2001 жылдан Мәскеуде тұрады. 2002 ж. Брюссельде (Бельг.) ардагерлер арасында Әлемнің чемпионы атанды. == Дереккөздер == Санат:16 қаңтарда туғандар Санат:1928 жылы туғандар Санат:Щучинскде туғандар Санат:Қазақстан спорт шеберлері еңбек сіңірген Санат:Львов дене тәрбиесі институты түлектері арасындағы әлем чемпиондары
'''"Семей"''', мемлекеттік университетінің спорт ғимараттары, №1 спорт кешені. 1978 жылы пайдалануға берілді. Аумағы 5100 м2 үлкен ойын 36 18,3; гимнастикалық 12 18,2; тренажер залы 12 18,2; күрес залы 60 6. №2 спорт кешені (Семей қаласы) 1979 ж. пайдалануға берілді. Аумағы 3950 м2 Бассейні 25x14; кіші бассейні 12,5x6; ойын залы 30x18; кіші залы 18x12. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Александр Макарович Моисеенко''' (22.01. 1948, Ұлан ауданы ШҚО) семсерлесуден СШ-і, Қаз КСР-інің ЕСЖ-сы. 1967-83 жылдардың арасында КСРО халықтарының қатысушы. Өскемен қаласында жаттықтырушы болып қызмет істеп, езінің ұлы ТМД елдері чемпионы А. Моисеенкоға, КСРО чемпионы, КСРО халықтары VIII күміс жүлдегері В. Скорневскийге үлкен спортқа жолдама берді. Қазір Ресей федерациясы Омбы облысында №12 Олимпиада резервтері спорт мектебінің жоғарғы санаттағы шпагадан жаттықтырушы == Дереккөздер == Санат:КСРО Санат:Қазақстан спорт шеберлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген Санат:Өскемен тұлғалары Санат:Омбы облысы тұлғалары Санат:Алфавит бойынша семсершілер
'''Облыстық спорт және туризм басқармасының спорт залы''' (Орал қаласы) В.Иванов. 1995 самбо күресінен Азия чемпионаты; әйелдер арасында дзюдодан М.Мәметованы еске алу халықаралық турнирі; 1997 воллейболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогы; 1998 волейболдан ерлер арасындағы ҚР-ның чемпионаты; 2002 самбо күресінен чемпионаты; ҚР Президентінің кубогы үшін во¬лейболдан халықаралық турнир өтті. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Сайысу мерзімі''', минутқа созылады. Жекпе-жектің минуты өткеннен кейін төреші спортшыларға бәсекенің аяқталуына мин. уақыт қалды деп хабарлайды. Егер жекпе-жектің уақыты біткен кезде есеп тең болса, онда сайыскерлерге бірінші шаншуға дейін уақыт беріліп бәсеке жалғаса береді. Қосымша уақытта бірінші шаншып үлгерген спортшы жеңіске жетеді. Кейде қарсыласын бірінші болып 10 рет шаншып үлгерген спортшыға да жеңіс беріледі. Сайысу мерзімін есептеу қарсыласын шаншып өткен, ал қылыштасуда қаруының 2/3 бөлігімен қырынан тиген соққыға ұпай беріледі. Шанышқан немесе қылыштың жүзімен ұрған кезде сайыскер сайыс жолының ішінде болуға тиіс. Жолдан тыс жерде немесе бәсекені бастауға немесе тоқтатуға команда берілгеннен кейін жасалған тию ұпай әпермейді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Орал қаласының спорттық корпусы''' баскетбол, теннис, волейбол мен гимнастикадан жаттығу мен жарыс өткізуге арналған типтік жобамен арнайы салынған. Спорт корпусының тиісті және спортшылар мен төрешілер үшін қажетті барлық жанама және қосымша бөлмелері бар. Спорттық корпусының залдарында волейболдан, баскетболдан, теннистен, гимнастикадан, бокстен, күрестен, жеңіл атлетикадан жаттығулар мен жарыстар өткізілді. == Дереккөздер == Санат:Спорттық ғимараттар Санат:Батыс Қазақстан облысы
'''Хамитжан Орманбайұлы Юнусбаев''' (23. 12.1956, Алматы қаласы.), СШ-і (1976). Жасөспірімдер арасындағы КСРО біріншілігінің жеке және командалық есептегі жеңімпазы. Республиканың және Бүкілодақтық студенттік ойындардың (1979 Баку) чемпионы, көптеген халықаралық турнирлердің жүлдегері, КСРО халықтарының VII спартакиадасына (1976) қатысушы. Жаттықтырушысы: Д. Тоқтаева. == Дереккөздер == Санат:1956 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан спорт шеберлері
'''Теология''' Құдай және ілім, сөз) Құдай жайлы дін ілімі. Теология ұғымын зерттеушілердің дені теистік діни ілімдермен байланыстырады. Теология ұғым ретінде христиан діні келгенге дейінгі Платон еңбектерінде де кездеседі. Платон бұл ұғымды өзінің Құдай жайлы ілімінде қолданбаса да, филос. тұрғыдан талданатын мифологияға байланысты қолданған. Кейіннен теология термині Гомер, Гесиод, Орфейдің поэмаларына қатысты қолданылып, оларды теолог деп атады. Аристотель теология терминімен «Бірінші философиясы» атап, оны Құдайлық мәңгілік заңдылықтарды зерттейтін жоғары дәрежедегі теориялық ілім деп таниды. Стоиктер теологияның үш тегін бөліп көрсетті: ақындықпен байланысты мифологиялық теология, философиямен байланысты физикалық теология, ресми дін өкілдері мен заңгерлерге қатысты саяси теология христиандықтың әртүрлі ағымдарының догматтарында да бұл терминді жиі қолданды. Бірқатар христиан апологеттері антик. философия мен теология арасында қарама-қайшылық жоқ деген пікірде болды. Теология жайлы аристотельдік түсінікті және нанымға негізделген діни сенімді үйлестіруге болады деп білді. Ал қайсыбір апологеттер бұған қарсы болып, осы тақырыптағы пікірталас ұзаққа созылды. XIII ғасырда теология Құдай және оған сенім жайлы жүйелі ілім деген ұғым қалыптаса бастады. Теологияның негізінде метафизикалық күшке, құдіретте сенім жатқандықтан ол априорилы, яғни тәжірибе жасамай сенетін мәселе. Жалпы монотеистік діни кағидалармен сәйкестігіне орай теология терминін қазіргі Исламтануда иллахиат ұғымының баламасы ретінде қолданады. Теология аянға яғни Құдай сөзіне (қалам) негізделіп, Жаратушы болмысын материалдық дүниедегі заттар мен кұбьшыстарды талдау арқылы дәлелдейтін физикалық теология, Құдайлық бұйрық және ерік тұрғысынан адамгершілік моральдық принциптерді таңдап, Аллаһтың болмысын дәлелдейтін догмат. теология, Аллаһтың барлығы мен сипаттарын таяуда адам мүмкіңдігінің шектеулілігін, қолданатын ұғымдарының шарттылығын дәлелдеу арқылы Құдайдан барлығы мен шексіз құдіретін дәлелдеуге тырысатын негативтік теология болып методол. тұрғыда жіктеледі. == Дереккөздер == Санат:Дін
'''Спорт орталығы''', жеңіл атлетикалық ойындар еткізілетін алаң. Типтік спорттық алаңы үш топқа: қалыпты, мектептік және оқу- жаттығуға арналған болып бөлінеді. Қалыпты үлгідегі спорттық ядро деп ұзындығы 400 метрлік жеңіл атлетикалық жүгіру жолымен қоршалған, оңтүстік және солтүстік жағында жеңіл атлетикалық секторлары бар, 104 69 м. футбол алаңы алады. Қалыпты спорттық ядро стадион аумағына енді және барлық стадиондар мен үлкен спорт алаңдарын салғанда міндетті болып табылады. Қалыпты спорттық ядро құрылымының барлық бөліктері типтік жоба бойынша жасалады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Мектептің Спорт Орталығының''' өзінің негізінде балаларға арналған футбол алаңы, ол жеңіл атлетикалық жүгіру жолдарымен қоршалады. Спорт орталығы жанында волейбол мен баскетбол алаңдары, сондай-ақ секіретін және лақтыратын орындар болады. Мектептің спорт орталығы қалыпты спорттық алаңынан айырмашылығы, оның үлкен осі меридиан бойынша емес, мектептің орналасқан жердің жергілікті жағдайларына бағыт ұстауы мүмкін. == Дереккөздер == Санат:Спорт
Саятшылықта жиі орын табатын бүркіттің түлкі ілуі '''Саят (саятшылық)''', жыртқыш құстарды аңға салу, қазақ халқындағы өте ерте замандардан келе жатқан спорттық өнер. Археологиялық қазба жұмыстары Ежелгі Тұранды мекендеген тайпалар құс салуды тіпті қола дәуірі кезінде-ақ меңгергендігін көрсетеді. Тарих пен мәдениет тұрғысынан қарағанда саятшылықтың дамуы өте қызғылықты. Қазақ саятшылары бүркіт, бидайық, сұңқар, қаршыға, бөктергі, ителгі, сапсаң тағы с.с. көптеген алушы құстарды баптап өздері алатын құстарға түсуді үйреткен. Мұндай өнер қырғыз, араб ішінара түркімендердің арасында да дамыған. өнер. Крестшілер жорығынан кейін араб мәдениетімен танысқан еуропалықтар сұңқар салуды үйренген. Саятшылықтың бұл түрі әсіресе XII-XIII ғасырда Еуропа елдерінде кең тараған. Қазақ халқы саятшылықты тұрмыстық пайдасы бар өнер ретінде де, көңіл көтеретін табиғатпен етене араласатын спорт ретінде де қараған. ==Қазақ халқындағы дәстүр== Қыран құстармен аңға шығады. Саятшылықта өнердің бір түрі. Құс салып аңға шығатын адам '''«құсбегі»''' -, деп аталады. Құсбегі де табиғаттан берілген сый. Ол қыран құсты тәрбиелеп, олардың табиғатын түсінеді, қай уақытта аңға шығу керек екендігін біледі. Мұндай адамдар қазір де бар, бірақ аз. Қолға үйрету үшін мына қыран құстар ыңғайлы: бүркіт, сұңқар, қаршыға. Негізінде аңшы адамдар құсбегілер бүркітті қолға үйретіп, аңға салған. Түріне, аңға түсу қабылетіне қарап мына түрлерге бөліп, атаған: т'''астүлек, мұзбұлақ, көк түбіт, май түбіт, барқын, баршын''', т.б. Аңшы құстарды өте жоғары бағалаған. Мұндай құстардың өз жабдықтары болады: '''құндақ, томаға, тұғыр, балақ бау, желі бау –байлауыш.''' Қыран құстарды қолға ұстап, тәрбиелеу үшін өзі бір үлкен ғылыми әдістерді меңгеру керек. Әбден дайын болған бүркітті қыс түскен соң қасқырға, түлкіге, қарсаққа, сайғаққа салған. Жазда, күзде –қазға, үйрекке, қырғауылға, т.б. құстарға салған. Аңшылардың көптен күткен аңға салу күні «сонар» деп аталған. Сонар желсіз, ашық күндері. Бұл күндері аңның ізі қарда анық көрінеді. Сонар үшке бөлінеді: ұзақ сонар, 2- келте сонар, қан сонар. Қан сонарда аңшының жолы болып олжалы қайтқан. Аңшының аңнан табыспен қайтуы ауылы үшін мереке болған. Олар өздерінің аңшыларын мақтанышпен қарсы алып, оларды мақтан тұтқан. Саятшылық тек қызық үшін уақыт өткізу үшін емес. Ол үлкен өнер. == Саят маусымы == Саят уақыты онда пайдаланылатын қыран түріне байланысты әртүрлі болып келеді. Шағын қырандарды құс ілдіруге жыл құстары балапандарын кейін басталып, жыл құстары қайтқанға дейін жалғасады. Әсіресе алғашқы аяз түсіп, құстар көлге топ-тобымен жиналған кезде олжаны молынан түсіруге болады. Ителгімен жыл бойы саят құрады: жазда қаз, үйрек, дуадаққа, күз бен қыста ұсақ аң мен қоянға салады. Қазақтар бүркітті, қарашада теріскей мен Сібірден суык жел соғып, құстар жылы жаққа ауып, жан-жануар қысқы дайындыққа кіріскен кезде бастайды. Бүркітпен саятқа шығу қар түскеннен басталып, қыс аяқталғанға дейін жалғасады. Тәулік ішінде қырандардың ең шабытты кезеңі таңертең ерте және кешқұрымғы уақыт. Саятқа қырандарды аштай алып шығады. == Саятқа дайындық == Саят атын суарып, егер күнұзақ жүретін немесе қонатындай жағдай болса, беретін жем (сұлы) ала шығады. Құрал-жабдық, арқан-жіп, қоржындары мен күнұзақ далада жүргенде талғажау ететін жолазық, ас-су дайындайтын ыдыс, оттықтарын қамдайды. == Саятшылықта қолданылатын құрал-жабдықтар == '''Томаға''' бүркіттің екі көзін саңылаусыз жауып тұратын бас киім. '''Жезтұяқ''' бүркіттің саусақ кемтарлығын толықтыру мақсатымен жезден жасалған тұяқ. '''Аяққап''' бүркітті саусақтарын түлкі шайнап тастаудан сақтау үшін әр саусаққа жеке-жеке кигізілетін теріден жасалған саусаққап. '''Балақ бау''' құстың аяқтарына тағылатын қайыс бау. '''Аяқ бау''' құстың балақ бауына жалғанатын ұзындау жіңішке жіп. '''Ірге бау''' аяқ бауды ұзартуға арналған тиегі бар қайыс. '''Тобаршық''' ірге баудың бір ұшындағы ағаш тиек. '''Шыжым''' құстың қашып кетпеуі үшін жасалған арқан. '''Биялай''' бүркітшінің оң қолына киетін қолғап. '''Балдақ''' құсты ат үстінде алып жүруге арналған тіреу. '''Тұғыр''' құсты қондырып қоятын орын. '''Жемаяқ''' бүркітке жем беретін ыдыс. '''Жемқалта''' аңға шыққанда құстың шақыру жемін салатын қалта. '''Түтік''' құстың ішіне су және басқа сұйық құюға арналып жасалған аспап. '''Ырғақ''' асау құсты көндіруге арналған орнықсыз, ырғақты тұғыр. == Дереккөздер == Санат:Саятшылық
alt=A.| бүркіттің екі санында бұрқыраған қалың мамық майда жүндер мен елібше талшықтары, өте жұмсақ әрі салалы, әрі тығыз біткен қауырсыншалар. Бұл жүндер құсқа арнайы кигізген шалбар сияқты оны ыстық-суықтан, жел-бораннан, жауын-шашыннан қорғайды. Отырғанда құстың аяғынан басына дейін түгел жабады. Бурют табиғатында балақ жүндер қысқа-ұзын, аз-мол, түстері де әртүрлі бола береді. Құсбегілер балақжүннің әрі ұзын, әрі салалы, әрі мол болғанын ұнатады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
стадиондар''' Қазақстанда алғаш Алматыда, "Динамо" қоғамы XX ғасырдың 30-жылдарында салынады. Содан соң Петропавлда, Семейде салынды. Түрксібті салу уақытында Шымкент, Жамбыл, Қазалы, Қызылорда қалаларында стадиондар тұрғызылды. Республикадағы ең үлкен стадион Алматыдағы Орталық стадион (30 мың орын). Қазір Шымкентте, Қарағандыда, Теміртауда, Павлодар да, Астанада, Ақтөбеде т.б. салынған үлкен стадиондар бар. Республикада 01.06.2003 жылы 155 стадион болды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион (Астана) '''Орналасуы''' '''Салынған''' 1936 жыл '''Ашылған''' 1963 жыл '''Қайта өңдеуден өткені''' 1998 жыл 12 250 '''Торбеті''' '''Иесі''' '''Командасы''' Астана-1964 == Тарихы == 1936 жылы бұл стадионның маңында жартылай қираған бекініс орнын 14-ші Кавалериялық полк әскери бөлімшесі тазалап, дене шынықтыру, дайындықтарын және футбол жаттығуларын жүргізе бастады. 1938 жылы алдымен «СТРЕЛА» спорттық қоғамы құрылды, көп кешікпей ол «ЛОКОМОТИВ» деп атын өзгертіп, темір жол торабы жұмысшыларын біріктірді. Теміржолшылар көп уақыт саланы дамытуға жауапты болған. Стадионның аумағы 10 мың шаршы метрге дейін ағаш шарбақпен қоршалып, мың орындықпен жабдықталған ағаштан батыс мінбе құрастырылып және футбол алаңы айналасында жүгіруге арналған жолдар пайда болған. 1951 1962 ж.ж. аралығында қалалық стадионның көптеген атаулары болды, нақтырақ айтқанда: «ИСКРА», «БУРЕВЕСТНИК», «ЕҢБЕК», «ТОРПЕДО». Өйткені стадион әр-түрлі спорттық кәсіподақ қарамағында болды, кейін «Казахсельмаш» зауыты балансына өтті. Сол жылдары стадионда хоккей ойнайтын корт, киім ауыстыратын орындар және шығыс мінбесі пайда болды (ағаш). Стадионда өткізілген алғашқы ресми ойын 1964 жылы 14 мамырда КСРО чемпионаты «Б» классының ойыны болды, стадионға өз командасына қолдау көрсету үшін 10 мыңнан астам жанкүйер келді. Бұл күні «Динамо» (Целиноград) «Локомотив» (Орынбор) командалары кездесіп, 2:0 есебімен біздің жерлестеріміз жеңіске жетті. 1975 жылы стадион футбол клубымен бірге «Целинэнерго» балансына өтті. Энергетиктер стадион атауын «Энергия» деп, ал футбол командасын «Целинник» деп өзгертті. Шығыс мінбесінің үстіне металдан жасалған күнқағар орнатылды және жеңіл атлетика спортшылары үшін арнайы синтетикалық төсеніштен жүгіруге арналған жолдар салынды. Жарық көзері жаңартылған, электронды көрсеткіш тақтасы орнатылды. 1986 жылы Облыстық атқару комитетінің сұрауы бойынша, Республиканың Советтік министрлігі стадионға атақты спортшы, грек-рим палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың атын берді. 1998 жылы ай ішінде стадионда халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге қажетті барлық жағдай жасалды. Жаңа оңтүстік мінбесі салынып, оның үстіне электрондық көрсеткіш тақтасы орнатылды. Барлық үш мінбеге жаңа дербес орындықтар орнатылды, көрермен сыйымдылығы 12 500 адамға дейін жеткізілді. 1998 жылғы маусымның 10 күні стадионда Қазақстан Республикасы астанасының ашылу салтанаты болды. 2000 жылы стадионда алғашқы рет футболдан Қазақстан Кубогының финалы өтті. Ол жылы Алматылық Қайрат пен Петропавлдық кездесіп, 5:0 есебімен Қайрат жеңіске жетті. 2001 жылы стадионда қайтадан футболдан Қазақстан Кубогының финалы болды. Бұл жолы жергілікті Жеңіс командасы мен павлодарлық Ертіс ойнады, нәтижесінде пенальти арқылы Жеңіс 5:4 есебімен ұтты. Стадионның базасында «Достық» Спорткомбинаты» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны құрылды. Жыл сайын стадионда көптеген спорттық іс-шаралар, Президенттік көпсайыстар тапсыру, Астана күні мейрамын мерекелеу және УЕФА халықаралық футбол ойындары өткізіледі. Жазғы маусымда қала тұрғындары стадионға еркін кіріп, дене шынықтырумен шұғылдана алады. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион өзінің 60 жылдық тарихымен, Қазақстан астанасының халықаралық стадионы мәртебесіне ие болды. == Сыртқы сілтемелер == «Достық» Спорткомбинаты» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны == Қысқаша мәлімет == атындағы стадион''' (Астана қаласы). Қайта жаңартылған қалалық стадион. 15 мың орындық. Қызмет бөлмелері, спортзалдары, ойын алаңдары, тарату орталығы т.б. бар. Мұнда 2001 жылы ҚР халықтарының салтанатты ашылу рәсімі болды. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан стадиондары Санат:Жеңіс ФК
'''Жембасар''', бұл саусақтың атқарар қызметі өзінің жембасар (жем басар) атынан-ақ айқын байқалады. Тегеуріннен кейінгі ең әлді, қарулы саусақ та осы. Қырандардың негізгі қорегі ет болғандықтан, кесек етті қылғи саларлықтай бөлшектеуге белгілі дәрежеде күш жұмсау керек. Құс қашан да өз жемін екі аяғына басып тұрып, тұмсығымен тістеп, тебе тартады да, жұлып- үзіп қылғиды. Сонда екі аяқтың ішкі жағына біткен екі саусақ жемнің үлкенінен ұсағына дейін өткір болат тұяқтарымен басып ұстап тұрады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Жем қалта''', аңға шыққанда құстың шақыру жемін салатын қалта. Тіленіп ұшқан құс кейде әр жағдаймен аңға түспей, бір қиырға барып қонып қалады. Кейде аңды өзі қағып, өзі аулауға үйретілген бүркіттің иесінен шалғайлап ұшатын кездері де кездесіп тұрады. Осындай жағдайда құсты дереу қолға шақыру керек болса, жем қалтада алып жүрген "қызылды" көрсету арқылы ғана шақырылады. Сондықтан жем қалтада қашан да қойдың толарсақты еті, қоянның бөксесі, кекілік, үйрек, әйтеуір, құсты шақыруға арналған қол басындай "қызыл" болғаны жөн. Құс аңшылығы көбіне қыс маусымында болатындықтан, аязда қызылдың қатпауын еске алып, жем қалта киізден жасалады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''"Өскемен", дене тәрбиесі- сауықтыру кешені''' (1969), бірінші 36x18 м, екінші-үшінші залдары 36x18 м. Қазақ түсті металдар өндірісінің жобасы бойынша салынған. Жалпы дене дайындығы топтарының, спорттың ойындар түрлері, көркем гимнастика бойынша оқу-жаттығу топтарының облыстық және республикалық жарыстар өткізуге арналған. Мұнда еркін күрестен, көркем гимнастикадан. "Шығыс сұлуы" халықаралық турнирлері, ауыл спортшылары арасында ауыр атлетикадан Бүкілодақтық біріншілік (1977), волейболдан, гандболдан, спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионаттары өткізіледі. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан спорт кешендері Санат:Өскемен
'''Құс аяқбаулары''', балақ (білезік), бау, шолақ аяқбау, ірге (ортақжелі) бау, шыжым деп жабдықтар қатарында өлшемі мен үлгісі айтылады. Ол жұмсақ қайыс, жарғақ, былғары, хром сияқты ұлпа заттардың бедерсіз, жылтыр өң жағын ішке қаратып астарласа, қозғалғанда аяқ түгін қажамайды (арасына жұқа киіз, жүн, не мақта қойса, тіптен жақсы), сырты мықты, жұмсақ қайыс, не былғары болумен бірге құстың жіліншігіне дәлме- дәл болуы да шарт. == Дереккөздер == Санат:Спорт
thumb '''Терек''' () талдар тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаштардың тегі. == Таралуы == Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі (ақ терек, көктерек, қара терек, бәйтерек, тораңғы, т.б.) бар. Бұтақ шоғыры пирамида пішіндес. Жапырағы жалпақ, сағақты келген, ромбыға не қандауырға ұқсайды. Гүлі қос үйлі, гүл сырғасы (ұзындығы 15 см), салбырап ілініп тұрады, онда аталығы не аналығы ғана болады, жел арқылы тозаңданады. Негізінен, жапырағы шыққанша гүлдейді. Тұқымынан және атпа тамырынан, шыбығынан көбейтіледі. Гүлінде шырынды дискісі (тор) болады. 150 жылдай тіршілік етеді. Жемісі қорапша, тұқымы ұсақ. Терек әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Қазақстанда берікқара терегі мен тораңғы өте сирек кездесетін өсімдіктер қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. == Ағаш туралы == Терек тез өсетін ағаш, биіктігі 45 метрге дейін барады. Көбінесе 60-80 жыл, тек кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді. Табиғатта 110-ға жуық түрі бар. Будандастыру арқылы теректің тез өсетін көп түрлері алынған. Тез өсетін қасиетіне байланысты көгалдандыруда кеңінен қолданылады. Аналық терек мамыр-маусым айларында мамық шығарып, жер-көкті ластайды, әрі терек мамығына аллергиясы бар адамдарға қиындық туғызады. Сондықтан көгалдандыруда мамық шығармайтын аталық теректерді пайдаланған жөн. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы жұмыртқа пішіндес, жиектері аратісті. == Қолданылуы == Терек ағашын құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланады. Қағаз, сіріңке жасау өндірісінде терек ағашының діңі жұмсақтау, ақшыл түсті түрлері қолданылады. Көгалдандыруда көше бойларына, жол жиектеріне көбірек отырғызылады. Оны тез өсетіндігіне байланысты тұрмыстық мақсатта, отын үшін өсіреді. == Күтімі == Құнарлы топырақта, күн көзінде жақсы өседі. Жазда аптасына бір рет мол суғару керек. Көктем, күз мезгілдерінде көңмен қоректендірген жөн. == Көбейтілуі == Күз кезінде қалемшелеу жолымен оңай көбейтіледі. == Терек туралы тақпақ == Теректер биік өседі, Алатұғындай Ай ұстап. Діңдері жұмсақ бірақ та Сондықтан аздап майысқақ. Жел соққанда ән айтар Жапырақтары “дауыстап”. Дауыл тұрса тербеліп Теректің белі қайыспақ. == Сілтемелер == Остапьюк В.М. Перспективы использования ''Ginkgo biloba'' L. городском озеленении Украины Гүлстан сайты Қазақ энциклопедиясы == Дереккөздер == Санат:Талдар тұқымдасы
'''"Шымыр", Павлодар қаласының дене тәрбиесі сауықтыру бассейні.''' 1991 жылы қазанында пайдалануға берілді. Бассейннің ұзындығы 25 м, жүзу жолы бар. Әр жол ең аз дегенде (5x8 40 адам), көп болғанда 10 (10х 50 адам) спортшыны өткізуге мүмкіндік бар. Қала бюджетінен есебінен салынды. Атлетикалық гимнастика мен үстел теннисі үшін бейімделген. ДШСБ Шымырды" балалар үйлерінің аз қамтылған отбасыларының балалары, спорт ардагерлері, сондай-ақ жетекші спортшылар жалпы дене дайындығы үшін ақысыз пайдалана алады. 1998 жылы осы бассейнде Президенттік көпсайыс бағдарламасы бойынша чемпионат, қалалық және облыстық деңгейдегі жарыстар өткізілді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Қара сұңқар''', қазақ топырағында мекен еткен, яғни осы жердің төл құсы. Осында ұялайды, осында өседі. Сыртқы түсі қою қара сүр. Екі қабағының үстінде аздаған ақ шулан жолағы бар. Кейбірінің көз айналасы сәл ақ сұр таңлақтау, алқымы аздап ақ сұр бөртелеу. Екі шекесінің артын ала және екі самайында қарасұр сағалды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Сұңқарлар''' () отрядының жыртқыш құстар тұқымдасы. Тұқымдаста 11 тек пен 58 биологиялық түрі бар. Ең кішкентайы ергежейлі сұңқар, дене тұрқы 15-19 см. == Таралуы == Антарктидадан басқа жерлерде тундрадан тауға дейін (шөлді аймақтарда да) кең таралған. Қазақстанда (ителгі, бөктергі, тұрымтай, жағалтай, лашын, ақтырнақ, бөктергі, күйкентай) түрі бар. == Сипаттамасы == Жұптасып тірлік етеді. Мекиені үш-төрт жұмыртқа табады. Көбіне тасқа ұялайды. Жұмыртқасын бір ай мөлшерінде басып, балапан шығарады. Балапаны бір жарым ай мөлшерінде ұядан ұшады. Сұңқарлар өз ауын (жемін) күндіз аулайды, ұшқан құстың көбіне қожа. Сұңқар өз жемін көбіне аспанда теуіп түсіреді. Кішігірім құстарды жерге жеткізбей, қайта оралып, іліп әкететін кездері де болады. Қонақтаған құстарды өздері үркітіп барып, теуіп түсіретін сәттері де жиі, Қоян сияқтыларды қашып бара жатқанда-ақ тебеді. == Жіктелуі == Тұқымдаста 11 тек бар: ''Daptrius'' ''Ibycter'' ''Caracara'', бұрын ''Polyborus'' ''Milvago'' ''Micrastur'' ''Polihierax'' ''Microhierax'' ''Falco'' == Дереккөздер == Санат:Сұңқарлар
'''Мұзбалақ''', бұл жас емес. Мұның дәл түсінігі өзінің әлі жететінінің бәрін құтқармайтын, ертеден кешке дейін алысса да жалықпайтын, аңды көргенде өлермендене жанып түсетін, өжеттігі мен қайраты бойында, талабы мен бақыты маңдайына қатар біткен, қырып сал қыран. '''Мұзбалақ''' бес жасар бүркіт; қыран бүркіт, ақ иық алғыр құс == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''"Юбилейный", Өскемен қаласының спорт сарайы''', 1964- 1968 жылдары салынды Хоккейден, мәнерлеп сырғанаудан, бокстен, кикбоксингтен, күрестен спорт шараларын, концерттер мен көрмелер өткізуге арналған. Спорттық стадион жоғары лигадағы командалар арасында шайбалы хоккейден матчтар, КСРО кубогы, чемпионат, "Алтын шайба" турнирінің ақтық жарыстары, жасөспірімдер арасында хоккейден 1996 жылы Азия мұхиты елдерінің ойындары, кәсібилер арасында кикбоксингтен Әлем чемпионаты, Ресей және Қазақстан командалары арасында матчтар өткізілді. Балалар мен жасөспірімдер командасының біріншілігі, жоғары лигадағы шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы мен чемпионатының ойындары етеді. Спорттық стадионның негізінде "Алтай" спорттық кәсібилер клубы, (шайбалы хоккейден ОІДБЖСМ) жұмыс жасайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спорт лотореялары''', спортқа қызығушылық түрліше спорт лотореясының әлемде пайда болуына әкеледі. Қазақстанда "Спортлото" спорттық сандық лоторея көбірек кең тарады. Оның алғашқы тиражы 1970 жылы қазанда ойналды. Бұл лотореяның ұраны: "Сіз де ұтасыз спорт та ұтады". Карточкаларды сатудан түскен қаражаттың жартысы ұтыстарды төлеуге, екінші жартысы спорттық, құрылыстарға жұмсалды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Тау бүркіті, ой бүркіті''', жұрттың айтуына қарағанда, бүркіт атанған қырандар тау бүркіті, ой бүркіті болып екі топқа бөлінетін көрінеді. Немесе "ой құсы, қыр құсы, түз құсы" деп бөлінеді. Кейде оны "ой бүркіті, орта тау бүркіті, Ұлытау бүркіті" деп те айтушылар бар. Сонымен бірге құсбегілер аузында Алтайдың ақ иығы, Еренқабырғаның алып қарасы, Нарынның сарысы, Дересінің сарысы, Оралдың қара шолағы, Алатау бүркіті, Арқа бүркіті, Боғда бүркіті, Қаратау бүркіті, Хан-Тәңірі бүркіті, Құбыққұм, Қызылқұм, Қарақұм далаларының бүркіті, Бетпақдала бүркіті деп құсқа жер атын қосып айту да көп кезігеді. Осылай айтуларға қарағанда, бүркіт мекен сақтағыш, бір маңнан, бір төңіректен көп ұзамайтын құс көрінеді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спортқа мамандану,''' спортқа маманданудың мазмұны спорттың қайсыбір саласынан жоғары жетістіктерге жету үшін қажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды білу, сондай-ақ таңдап алынған спорттық түрлерінің талаптарына жауап беретін дене және рухани қасиеттерді, қабілеттерді дамыту болып табылады. Спорт мамандығын қолданылу жоғары спорт жетістіктердің міндетті шарты болып табылатын, спортпен шұғылдану тәсілі. Ол спорттың сан алуан түрлерін, жетілдіруге көп жағдайда басымдылық берілетін қайсыбір спорт түрін таңдап алудан тұрады. (спорттың өзге түрлерімен салыстырғанда); Спортшының уақыты мен күші спорттың таңдап алған түрінде көбірек жетістіктерге жетуге қажеттілердің біріне жаттығуға аударылады. Спорт мамандары спортшыны дайындау процесі, оны спорттық жаттығудың процесі есебінде сипаттайтын кейбір белгілерге ие болады: көптеген жылдар бойы үзбестен, таңдап алынған спорт түрінде, жаттығудың үздіксіз, жоғарылаған жүктемелерді қолдану және басқалар. Спорттық тәжірибеде спорт мамандықты меңгеруге ертерек ұмтылу мүмкіндігі де байқалады. Іс тәжірибесі сондай-ақ кейбір спорт түрлерінде балалық шақтан басталады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Топшы''', адамның иық буыны, құс қанатының топшысы, қамшы ұшындағы өткермелеп тастаған түйін, көген бүршағының бір жақ басындағы арқанның, жіптің, құс ірге бауының бір жақ ұшындағы еткермелеген түйін-түйме, ескі, тозығы жеткен киім-кешектің жыртық-тесігін жамап-жасқап, бүріп-бүріп қалпына жақындатып, лекерлеп тігу сияқты сөздерде де топшы атауы кезігеді. Қолға ұсталмаған, көзге шалынбаған, дәмін, иісін сезбеген, құлақ естіген істі ғана ойша түйіндеу, жорамалдау, ойша бір түйінге келу кездерінде де топшылау сөзі ұшырасады. Құс қанатындағы топшы-түйін, түйме, тобыршық, тоғыз тарау деген мағынада тұр. Құс топшысы құс саусақтарын құрамдап, біріктіріп тұратын буын. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спорттық маусым''', спорттың әрбір кез келген түрі бойынша оқу-жаттығу сабақтары мен спорттық жарыстарды климаттық жағдайлары бойынша өткізуге ең көп қолайлы жыл кезеңі. Әдетте жыл биігінде жазғы және қысқы деп екі маусымды айырып қарастырады. Арнайы спорттық ғимараттар мен құрылыстардың (жабық су бассейндерінің, жазғы мұз айдындарының, ерекше сырғанау жамылғылары бар жазғы, шаңғы тұғырларының жене т.б.) саны үнемі өсуіне байланысты, спорттық кейбір түрлерінде Спорттық маусым түсінігі жойылуда, өйткені жаттығулар мен жарыстар бүкіл жыл бойы өткізеді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Тереңөзек''' Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, аудан және Тереңөзек кенттік әкімдігі орталығы. == Географиялық орны == Облыс орталығы Қызылорда қаласынан қарай 52 км жерде, Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан. == Халқы == 1999 жылы тұрғындар саны 9408 адам (4708 ер адам және 4700 әйел адам) болса, 2009 жылы 9132 адамды (4604 ер адам және 4528 әйел адам) құрады. == Тарихы, шаруашылықтары == Іргесі 1906 жылы Орынбор Ташкент темір жолының салынуына байланысты қаланған. Кент 1995 жылға дейін өзімен аттас мал бордақылайтын кеңшардың орталығы болған. Одан басқа Жаңадария орман шаруашылығы аудандық тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының №10 мектебінің орталығы болды. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты бұрынғы шаруашылықтар мен кәсіпорындар Олардың негізінде (заңды тұлғалар бойынша) Т-те 11 ЖШС, шаруа қожалығы, АҚ, өнеркәсіп бағытындағы кәсіпорындар құрылды. Сонымен қатар, аграрлық секторда А. ш. құрылымдары АҚ, 26 ЖШС, серіктестік, ӨК, 30-дан астам біріккен шаруашылықтар бар. == Инфрақұрылымы == Кентте орта, бастауыш, кәсіптік-техн. мектеп, кітапхана, музей, мәдениет үйі, стадион, спортзалы, аудандық аурухана, емхана, пункт, бар. Тереңөзекте қонақүй орналасқан. == Кәсіпорындары == Су құбырларының жалпы ұзындығы 14,5 км. 160-қа жуық шағын кәсіпкершілік нысандар жұмыс істейді. Ірі кәсіпорындарына «КРЭК» АҚ бөлімшесі, «Асар», «Гүл-Дастан» ЖШС-тері, «Тереңөзек мұнай өнімдері», «Тұмар» АҚ-тары, «Қазпошта», «Қазақтелеком», орман ш., су ш., «Қайнар» мемлекеттік коммуналды кәсіпорны, т.б. аудандық бюджеттік мекемелер жатады. Кенттегі темір жол стансасының ғимараты архитектуралық ескерткіштер тізіміне енгізілген. ==Тереңөзек халық театры== Тереңөзек халық театры кәсіпқой мекеме. Сырдария ауданы мәдениет үйі жанынан драма үйірмесі ретінде ашылған. 1988 жылы халық театры атағын алған. Театр ұжымы Ш. Құсайыновтың «Есірген ерке» үш актілі драмасын (1990), Ә.Әбішевтың «Мәди» спектаклін (1992), Абайдың 150 жылдығына және 2-дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 50 жылдығына, 90 жылдығына (1995) арналған көріністерді, Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» спектаклін (1999) сахналады. 1996 жылы Жаңақорған кентінде өткен облысы халық театрлары байқауында Қ. Мұхамеджановтың «Өзіме де сол керек» спектаклін қойып, жүлделі 2-орынды жеңіп алды. 1998 жылы Қызылорда қаласында өткен Сырдария ауданының мәдениеті мен өнері күндерінде Ә. Ақпанбетовтің «Түнгі көбелектер» спектаклін сахнаға шығарды. == Кент суреттері == Теренозек. Ж.д.станция IMG 20220625 жол стансасы Теренозек. Станция IMG 20220625 145018.jpg |Станса Теренозек. Вид села. IMG 20220625 Теренозек. Вид села. IMG 20220625 Теренозек. Вид села. IMG 20220625 == Дереккөздер == Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) елді мекендері
''Тілерсек'', құсбегілер бүркіт аяғының кептеген мүшелерінің атауларына назар аударған. Солардың бірі бүркіттің тілерсегі (тобығы). Бүркіт тілерсегі сұқ саусақты бас бармақтың бірінші буынына жеткізіп ұстаған орамына толса немесе орамы одан да артылса, әлділікке, орамы бұдан кемдеу болса, әлсіздікке жатқызылады. Егер бүркіт тілерсегі түлкі тілерсегінің орамынан олқылау соқса, ондай бүркіттің түлкіге шамасы жетпейді деп бағаланады. Тілерсек сынға жататын мүшенің бірі болып саналады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Шәулі''', қытай тіліндегі шяудің қазақша аударма ұғымы бір мағынасы кішкене, ұсақ, уақ, титтей, тинамдай, биттей, битімдей, екінші бөбек, балғын, балдырған, балауса, жас бала, үшінші кенже, кенжелеу, кенжесымақ, шөже, шежелеу, теменгі саты, төменгі балдақ, төртінші төмендету, кішірейту, қораштату, шүмшиту, азайту, бағасын түсіру сияқты мағыналарды ұқтыру үшін де сөз арасында "шяу" сөзі қыстырылады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Шүйлеу''', құстың ұзақ уақыт ұшпай, ұшырылмай отырып қалуынан туған селқостық, бейжай, мең-зең, делсалдық, зауықсыздықты "шүйлеу" деп атайды. Шүйлеу дегеніміз ұшпады, ұшырылмады, көптен бері ат тебінінде алып жүрілмеді, аңға салынып арпалысқа түсірілмеді, еркін ұшып-қонып, денесінің қырыс-тырысын жазбады,қанатын қағып, самғап, өз еркімен қалықтап, жебей ұшпады. Көңіл- күйі марғау тартып, топастанып қалды, ұшуға зауқы жоқ, ұшып- қонудан қарайып қалды. Еріксіз омалып, топ қанат болып отыр деген мағыналарды ұқтырады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Салмақты арнай тәртіп бойынша немесе ас қабылдауды айрықша шектеу арқылы спортшы денесінің салмағын қолдан азайту. Салмақты қалыптастыру спортпен айналыса бастаған уақыттан спорттық өмір (спортшының өмірі емес) 15-20 жылға созылады. Бұл белсенді түрде жаттығулар өткізіп, үлкенді-кішілі жарыстарға қатысатын, тер төгіп, еңбек ететін, мүмкін болған үздік нәтижелерге қол жеткізетін уақыт. Спортшы бұған қоса ол өз денесінің салмағын да реттеп бір қалыпта ұстайды. Салмағы 70 кг. келетін 25 жастағы адамның денесінде су 60- 65%, бұлшық ет 25-40%, май 10- 20%. Семіріп кеткен адамда су 35% дейін төмендеп арықтарда дене салмағының 70% үлесін су алады. Спорттық жарыстарда су, ет, майдың арақатынастары біркелкі болуға тиісті. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Серіппе''' немесе '''Батут''' (, «соғу») үстінде секіру үшін арналған болат серіппелер және резеңкемен тартылып кермеге бекітілген серпілмелі тор. Гимнасттар, ғарышкерлер кеңістікте дененің тепе-теңдік қалпын ұстау үшін батутта арнайы жаттығулар өткізеді. Батутта секірушілер жарақат алып қалмас үшін негізгі тордың айналысына қосымша торлар жасалады, батуттің айналысына қосымша жұмсақ маталар төселеді. 1. Батутта секіру және слэмбол серіппелі тор үстінде ойналатын спорттың бір түрі. 2000 жылдан бастап Жазғы Олимпиада ойындарының тізіміне кірген. 2. Циркта акробатикалық нөмерлерінде қолданылады. 3. Жаттығулар снаряды ретінде гимнастикада, суға секіру т.б. спорт түрлерінде пайдаланады. Ғарышкерлерді дайындау орталықтарында 1960 жылдардан бастап қолданады. ==Батутта секіру== Батутта секіру немесе Серіппеден секіру, Қазақстанда керме тордың серпілмелі екпінімен биікке секіріп түрлі қимылдар, айналымдар жасау. Бұл секірістер жеке кейде жұптасып орындалады. Жұптасқан секірістерде екі спортшы орындайтын жаттығулар бір-бірлерінен айнымайтын ұқсас болуға тиіс. Батуттан секіру Қазақстанда 1960 жылдан бастап дами бастады. 1963 жылдан бастап акробатикалық секірістердің бағдарламасына енді, ал 1971 жылдан жеке спорт түрі ретінде дамып келеді. А.Мищенко 1971 жылы КСРО чемпионатында қола, 19 жылы күміс медальға ие болды. Қазақстандық Батут секірушілер КСРО кубогінде және көптеген халықаралық жарыстарда бірқатар табыстарға жетті. Секіру үшін жасалынған серіппелі тор батут деп аталады. Бұл адамның кеңістікте тепе-теңдік қалпын сақтауды дамытатын спорт түрі. Одан жарыс еркін және арнаулы бағдарламалар бойынша жекелей және командалық есепте ұзын саны 10 қимыл көрсетуден өтеді. Спортшының тоқтап, жығылып қалғаны, берілген тапсырманы орындай алмағаны, жеткіліксіздігі үшін терешілер ұпай санын кемітеді. Мұнда берілген ең жоғары ұпай 10. Батуттың серіппелі торы жұмсақ матамен қапталып секіретін аумақтың шаршысы қызыл сызықпен белгіленеді. Top қалыпқа мықтап тартылып оның жан-жағына қалың әрі жұмсақ төсеніш төселеді. Үйлесімді секірулер үшін екі батут қатар қойылады. Батуттан секірушілер арнайы жасалған аяқкиімдер және спорт костюмдерін киеді. Жеке жаттығулар бойынша іріктеу жарыстарынан кейін 10 спортшы анықталып олар финалдық сынға түседі. Ал командалық жарысқа әрқайсысының атқаратын міндеттері белгіленген 3-4 спортшы қатысып олар міндетті және еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді. Үйлесімді секірісте екі батут үстінде екі спортшы бір уақытта бір-бірлеріне ұқсас біркелкі жаттығуларды орындайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт түрлері
'''Спорттағы маркетинг''' (ағылшын "market" -сату), яғни шығарған заттарды және көрсеткен қызметтерді сату деген мағынаны білдіреді. Адам өзінің қажеттілігін өндірістен шыққан заттарды және адамдардың қызмет көрсетуі арқылы өтей алады. Демек, маркетинг қажеттілікті өтеудің қоғамдағы бір құбылысы болып табылады. Сондықтан да өмірде оның араласпайтын саласы жоқ. Соның бірі спорт. Спорттағы маркетинг, алғаш рет бұл атау 1978 жылы "Эдвертайзинг Эйдж" журналында пайда болды. Мұнда кез келген спорт түрін, олардан өтетін жарыстарды, спорт киімдерін, спорт қүрылыстарын, спорт арқылы кез келген кәсіпорынның шығарған өнімдерін насихаттау арқылы пайда табуға болады. Маркетинг арқылы балық спорт үлкен шоуға айналды. Сондықтан соңғы 20-30 жылда спорттағы Маркетинг жедел қарқынмен дамыды, оның негізгі бағдарлары анықталды. Олар: бұқарамен тығыз байланыс; ақпарат құралдарымен әсіресе теледидар каналдарымен бірлесе жұмыс істеу; спорт жарыстарын жарнамалау; сыбайластық, демеушілер іздеу. ==Демеушілік және маркетинг== Демеушілік және маркетинг, кез келген спорт түрі бұқаралануы, қызықты жарыс¬тар өткізу үшін олигархтардың, қоғамдық ұйымдардың демеушілігін қажет етеді. Мұның үш саласы бар: қаржылай, жарнамалау жене қолма-қол көмек керсету. Спорт арқылы демеушілік керсетушілер өзінің қызметі мен өнімдерін жан-жақты насихаттай алады. Мысалы, "Адидас", "Найк", "Рибок" және т.б. фирмалар спортқа демеушілік көрсету арқылы өздері шығарған өнімдерді дүниежүзіне тарата білді. Демеушілік көбіне өздерімен бақталас фирмаларды жеңіп шығу үшін де керек. ==Демеушілік және лицензия алу== Демеушілік және лицензия алу (лат. sentia), рұқсат алу, спорт киімдері, белгілері (эмблемалары клубтың, спортшының команданың есімдерін т.б. спорт түріне байланысты шыгарылган өнімдерді пайдаланғаны үшін өнім иесіне қаржы телейді. Мұндай рүқсаттың құқығын көбіне демеушілік керсеткен ұжымдар алып алады, Мысалы, АҚШ-тың бір фирмасы бейсбол баскиімдері мен футбол қуыршақтарын сату лицензиясын алып миллионер атанған. Соңғы уақытта Олимпиядалық ойындарға, Әлем чемпионаттарына қатысу үшін ХОҚ (халықар. Олимпидиялық комитет) кейбір спорт түрлері үшін Л. межені белгіледі. Олимпидиялық ойындарда тек осы межедегі талаптарды орындаған спортшылар ғана қатыса алатын болды. ==Маркетинг және жарнама== Маркетинг және жарнама(жарнама фр. Reclame), өнімдерді өткізудің, спортта оны насихаттатудың қозғаушы күші. Спорт ұжымдары, бірлестіктері, клубтар, командалар өз жұмыстарын насихаттату үшін қыруар қаржы жұмсайды. Мемлекет қаржысымен жұмыс істейтін мекемелер бюджет шығындарын жоспарлау кезінде жарнама жасауға арналған қаржыны қарастырады, оны жоспарға енгізеді. Спортта жарна- малардың мынадай түрлері бар: шыққан өнімдерге спортшының (команданың) есімін, белгісін пайдалану, спорт қүрылыстарына, көшелерге жарнамалар ілу, мақалалар, хабарландырулар беру, теледидардан, радиодан спортшыларды, мамандарды сөйлету, кітаптар, альбомдар шығару жәнет.б. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Сепак такрау''', спорттың түрі. Екі адамнан екі команда ойнайды. Алаңның көлемі мен тордың биіктігі бадминтондағы секілді, ал ережені волейболға ұқсас. Бірақ бұл ойында қарды пайдалануға болмайды, допты аяқпен тебеді, іске бас та, иық та, сан да кіресіп кете алады. Бір ойыншы допқа бір-ақ рет, ал команда ең кеп болғанда үш рет жанаса алады. Сепак такраудағы доп арнайы сабақтардың тоқылады, бірақ ойынға қатысушыларға пластикалық допты пайдалануға рұқсат етіледі. Ол көлемі жағынан қол добынан кіші, 170 гр- нан 190 гр.-ға дейін тартады. Кезеңнен тұратын ойында, 15 ұпайға дейін жинауға барады. Жеңімпаз ұпай санын анықтайды. 500 жыл бұрын бұл ойынды Малайзия патшасының отбасы мүшелері ғана ойнаған. Малайзияда пайда болған. Сепак такрау Оңтүстік Және Шығыс Азияда тараған. "Сепак" Малайзия тілінен аударғанда "соғуды", ал тай сөзі "такару" "допты" білдіреді. Жапонияда осыған ұқсас Кемари ұлттық ойыны бар. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спорттық машықтану''', (ағыл. "training") жоғары нәтижеге жету мақсатында спорттық жаттығуларды қайталап орындау. Спорттық машықтану мазмұны біртіндеп кеңейе түсті және XX ғасырдың 30- жылдарынан бері қарай спорттық тәсілге, амалға үйретуді оларды жетілдіруді дене қасиеттерін дамыту, ерікті тәрбиелеуді біріктіретін жоспарланған процесс есебінде түсіндіріліп келеді. Бұл ретте табыстарға жетуге ғана бағытталған. Жүйесі педагогикалық процесс есебінде дене дайындығының (жалпы, арнайы), әдістік және тәсілдік шеберлікті меңгерудің, моральдық және ерік қасиеттерін тәрбиелеудің білімін алудың органикалық үйлесімділігіне құрылады. Спорттық машықтанудың барысында осы негізгі компоненттер бірінен соң бірі, бірыңғай өзара байланысқан процесс есебінде бір мезгілде іске асырылады. Бұл ретте жынысына, жасына жекелеген спорт түрлерінің арнайы дене және спорттық дайындықтың деңгейіне және жаттығу кезеңдеріне байланысты қойылған міндеттерді шешу үшін құралдар мен жаттығулар іріктеп алудың арақатынасының өзгеруі мүмкін. Осы негізгі қағидаларды қолдануға ізденісті тұрғыдан келу бапкердің педагогикалық шеберлігінің негізін құрайды, жоғары шеберліктегі спортшыларды ойдағыдай дайындауды қамтамасыз етеді. Тәрбиелеудің, үйретудің және дене қасиеттерін дамытудың тұтас есебінде, Спорттық машықтануға тән кейбір қағидалар және жалпы педагогикалық принциптер негізінде жүзеге асады. Олардың қатарына жан- жақтылық, саналылық, реттілік, жекелілік сияқты т.б. қағидалар жатады. Спорттық дайындық дене және ерік қасиеттерін, шеберлікті дамытып, жетілдіру жатады. Спорттық машықтанудың басты құралы есебінде қарастырылатын, дене жаттығуларын тұрақты орындаудың арқасында жүріп жатады. Олар төмендегідей үш негізгі топтарға бөлінеді. 1. Спортшы маманданатын спорт түріндегі жаттығулар 2. Спортшының жалпы дене дайындығының мақсаттарында қызмет ететін жан-жақты дамытатын жаттығулар; Таңдап алған спорт түрінде қолдануға келетін дене қасиеттерін дамыту үшін, сондай-ақ әдістер мен тәсілді жақсы меңгеру мақсатындағы арнайы жаттығулар. Спорттық машықтанудың қазіргі жүйесінде арнайы жаттығулар жетекші спортшылардың жаттығу тәжірибесінде кеңірек қолданыла отырып, елеулі орынға ие болуда. Арнайы жаттығулардың жәрдемші "байланысуы" мен жекеле¬ген бөліктері үйретіліп, тұрақталады. Осымен бірге әдістерді қайталауда да дене қасиеттерінің дамуына себепші болады. Спорттық машықтанудың басты әдісі жаттығу, яғни қимылды немесе қозғалысты қайталап орындау моральдық, ерік және ілімдік секілді дайындықтың құралдары мен түрліше міндеттеріне қатысты одан әрі дами түседі. Спортшыны тәрбиелеу, Спорттық машықтану жүйесінде моральдық жене ерік дайындығына маңызды мән беріледі. Ол спортшының барлық жолында оның алғашқы қадамдарынан спорттық шеберліктің шыңын бағындырғанша іске асырылады. Спорттық машықтану жоспарлау бұл болашағы көпжылдық жоспарлау. Онда спорттық машықтану ғылыми негізделген жоспарлауға ерекше мән беріледі. Жас спортшылармен жүргізілетін жұмыстың келешегін жоспарлау өте маңызды, өйткені ол өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дамуы мен өсу заңдылықтарын есептей отырып жаттығу барысын соларға ыңғайлап құруға мүмкіндік береді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Скауттар''', ағылшын-бур соғысы кезінде, XIX, XX ғасырдың шебінде туындаған қол балалар ұйымының (барлаушысы балалардың) мүшелері. Ағылшын полковнигі Баден-Паулв бурларда барлау қызметін балалардың атқаратындығын байқап, ағыл- шынның окупациялық әскерінде де қолбалалар отрядын ұйым- дастыра бастады. Скауттарға отрядтар арасындағы байланысты сақтау мен ұрыс болатын жерлерді барлау тапсырылды. Кейінірек мұндай ұйымдар Англияда, шамамен 1907 ж. бастап өзге де елдерде құрыла бастады. Осы ұйымдардың басты мақсаты әскери қызметке жастарды дайындау, оларды ұлттық мақсат- мұраттар рухында тәрбиелеу. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Дене дайындығы''', спортшының жан-жақты және дене мүмкіншілігінің дамуы болып табылады. Осыған байланысты ол жалпы және арнайы деп бөлінеді. Жалпы спортшы өз денесін үйлесімді жетілдіруге ағзаның қозғайтын бұлшық еттерді дамытуға, организмнің барлық мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, функционалды және үйлесімді қозғалыстарды жақсартуға, күшті, жылдамдықты, шыдамдылықты, икемділікті және иілгіштікті өсіруге бағытталған. Осы міндөттерді шешу көп жағдайда дененің жан-жақты дамуы мен денсаулық деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Арнайы дене дайындығы спорттың маманданып жатқан түрінің талаптарына сәйкес спортшы ағзасы барлық дене мүшелері мен жүйелерін жоғары деңгейде дамытуға бағытталған. Жалпы денені дамытатын және арнайы дайындықта пайдаланылатын сан-салалы жаттығулар түрлі тәсілдермен орындалады. Оның негізгі түрлері: қайталау, аралас, аралық, бірқалыпты, екпінді, бақылау, "барынша", өте жоғары қарқындылық, жеделдету, ойындық, жарыстық. Осы тәсілдердің әрқайсысы спорттың әр түрінің ерекшеліктері мен түрліше дене қасиеттерін дамытуға сәйкес көлетін тәртіптері бар. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Сәуірдің 18''' Григориан күнтізбесінде жылдың 108-ші күні (кібісе жылдарда 109-шы). Жылдың аяғына 257 күн қалады. == Мерекелер == Тәуелсіздік күні Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні == Оқиғалар == == Туғандар == 1907 жыл Алфорс Ларс Валериан, Атақты финн және америкалық математик (1996.10.11 қ.б.) 1927 жыл Тадеуш саяси және мемлекеттік қайраткері. 1981 жыл Максим Иглинский, қазақстандық кәсіпқой велошабандоз. == Қайтыс болғандар == 1955 жыл Альберт Эйнштейн, физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі == Сыртқы сілтемелер == Санат:18 сәуір
Сүтқоректілер аң және ілім) зоология ғылымының сүтқоректілер мәселесін зерттейтін саласы. таралуы, мекендейтін жерлері мен тіршілігі, ерекшелігі туралы алғашқы деректер 11–12 ғасырлардағы саяхатшылардың күнделіктерінде кездеседі. 15–16 ғасырларда сүтқоректілер туралы алғашқы ғылыми мәліметтер жинақталды. Қазақстан аңдары туралы алғашқы мәліметтерді 18 ғасырда Санкт-Петербург Ғылым академиясының экспедициясының құрамында Қазақстан фаунасын зерттеуге келген орыс ғалымдары ''П.С.Паллас'', ''И.Лепехин, И.Гмелиннің'' еңбектерінен кездестіруге болады. Кең-байтақ республика жеріндегі сүтқоректілер, бұлардың тіршілігі, таралуы, ғылымға беймәлім түрлерінің сипаттамасы жайлы алғашқы мағлұматтар 19 ғасырдағы орыс ғалымдары ''Эверсман, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов, Н.А.Северцов, Н.А.Зарудный, Н.Ф.Кащенко, еңбектерінде баяндалған. 20 ғасырдың 20-жылдарында Мәскеу, Ленинград университеттері ұйымдастырған экспедициялар республиканың бірқатар жерлерінде болып, мұндағы түрлерін анықтады, санын есепке алып, таралуы мен шаруашылық мәнін сипаттады. Осы жылдары Қазақстан фаунасы және сүтқоректілер жүйеленімі туралы деректер қорытылды. Қазақстанда Териология саласындағы жүйелі зерттеулер 1932 ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрамында Зоология бөлімі ашылған соң басталды. Териология саласындағы зерттеулер қорытындыланып, томдық «Қазақстан сүтқоректілері» басылымы жарық көрді (1969–85). Қазір Қазақстанда 180-нен астам түрі белгілі.
'''Скелетон''' (ағыл. Skeleton, дәлме-дәлі қаңқа, сүлде), арнайы шанамен таудан шапшаң түсу түрінің бірі. Скелетонның құрылымы өте қарапайым: қорғасынды салмақтармен ауырлатылған болаттан жасалған екі табан мен жақтаудан тұрады. Қолмен басқаратын тетік болмайды. Скелетон екі рет (1928, 1948 ж.) Олимпиялық ойындардың бағдарламасына кірді. ФИБТ, бобслей мен тобоганның халықаралық бірлестігі 1923 ж. Парижде құрылды. Бірлестіктің міндеті спорттың түрі есебінде (бобслейдің, тобоганның және Канада шаналарының) таудан түсу мен сырғанауды насихаттау бірыңғай ержені бекіту, спорттың осы түрлері әлі де тарала қоймаған елдерде жаңа ұлттық бірлестіктердің құрылуын қолдау, дүниежүзі мен Еуропаның чемпионатын ұйымдастырып өткізу жатады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Спарринг''' жұптасып жаттығу. Серіктестер, бәсекелестікке ынталануы үшін, шеберлігі мен күйі жөнінен тең болуы тиіс. Жүзудегі спаррингте мысалы, серіктестер қатар жолмен жүзе алады және олардың ондаған жаттығу км.- нің бірқалыптығы белгісіз болады. Соңғы уақытта спарринг серіктестің орнына немесе көшбастаушы қолданыла бастады. Спортшының алдында немесе онымен қатар жаттықтырушы белгіленген шапшаңдықпен электр тізбегімен берілетін жарық белгісі немесе ашық түсті жолауша жылжып отырады. Сөйтіп, спортшы жоспарлы түрде белгіленген нәтижеге жақындайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''КСРО халықтарының ірі, дәстүрлі, кешенді жарыс бұрынғы КСРО дене тәрбиесі қозғалысының жетістіктерін бүкілхалықтық байқауы болды. Спартакиада мектеп пен оқу орындағы, фабрикалар мен зауыттардағы, колхоздағы, совхоздағы денешынықтыру ұжымдарында басталатын. Сосын жарыстар аудандарда, қалаларда, облыстарда және одақтас республикаларда жалғасатын. С. ақтық жарыстармен аяқталатын. Одақтас құрама командалары үшін спартакиада халықтардың туысқандық достығы мен моральдық-саяси бірлігінің айқын көрінісіне айналды. 1-спартакиада 11.08. 1928 ж. Мәскеуде өтті. 1956 ж. бастап КСРО халықтарының жазғы, 1962 ж. бастап қысқы спартакиадасы өткізілді. КСРО халықтарының жазғы 9-спартакиадасы 1986 ж. шілдесінде Мәскеуде, Таллинде, Алматыда, Киевте, Вильнюсте, Ташкентте, Минскіде және басқа қалаларда өткізілді. Ақтық жарыстар алдындағы бұқаралық жарыстарға 40 млн.-нан астам адам қатысты. Қазақстан спортшылары 1956 ж. КСРО халықтарының -жазғы жалпы командалық 13-орын алған болса, соңғы төрт спартакиада (1975, 1979, 1983, 1986) жалпы командалық есепте 6-орынға ие болды. 1956-91 жылдар арасында КСРО халықтарының 10- смартакиадасы өткізілді. КСРО тарағаннан кейін спартакиадалар өткізілмеді. == Дереккөздер == Санат:КСРО халықтарының спартакиадасы
'''Қазақстан республикасы мектеп және колледж оқушыларының жазғы спартакиада 2002 ж. спорттың 34 түрінен, ақтық жарыстар 14 қалада өткізілді. Спартакиаданың барлық кезеңдеріне млн. шамасында адам қатысты. Ашылу салтанаты Қарағанды қаласында, жабылуы Павлодар қаласында болды. қысқы спартакиаданың бағдарламасына спорттың 12 түрі енді. Оның барлық кезеңдеріне 500 мыңдай адам қатысты. Спартакиаданың ашылу және жабылу салтанаты ШҚО-ның Риддер қаласында өтті. "Спорт есірткіге қарсы" ұранымен өткізілген II жазғы спартакиада 2004 ж. спорттың 45 түрінен, ақтық жарыстары 14 қалада өткізілді. Ашылу және жабылуы ОҚО-ның Шымкент қаласында болды. Спартакиаданың барлық кезеңдеріне млн.-нан астам оқушылар қатысты. Спартакиада қарсаңында "Спортшы ұлан", "Спортшы ізбасар" газеттері жарық көрді. Спартакиаданың ұйымдастырушысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Дене тәрбиесінің ұлттық орталығы. == Дереккөздер == Санат:Спорт
1896 жылғы Олимпиядалық медальдар '''Спорттық ойындарда, Әлем, Еуропа, Азия чемпионатында және ел чемпионатында 1- 3-орын алған спортшыларды марапаттау үшін үкіметтің, халықаралық ХОК-тің тағайындаған белгілері. Медаль жылтырағы алтынға ұқсас, вермейль ерітіндісінен дайындалады. Мұндай медалдың үстіңгі бөлігі алтынның жұқа қабатымен жабылады. Күміс медальды күмістен, қола медальды коладан жасайды. Спорттың бірнеше түрінен бір мезгілде өнер көрсеткен Норвегияның спортшы қызы Скоу-Нильсонның медальдары өзгелерден өте көп және әртүрлі. Стэнли кубогі Ол XX ғасырдың 30-жылдары Олипиядалық ойындардағы тау шаңғысы спортынан жарыстарда көзге түсті. Өз елінің конь¬ки спортынан, теннистен, қол добынан өнер керсетуден ол 101 рет алтын медальға ие болды. Қазақстанда Спорттық медальдармен марапаттаудың 1992 жылдан мынадай жүйесі енгізілді: Республикалық чемпионаттары мен әлемдік көрсеткіштерден асып түсетін рекорд жасағандарға, еліміздің чемпионы болғандарға, шыңға шығуда жыл бойы жақсы көрсеткішке жеткен альпинистерге 1-дәрежелі (алтынданған, күміс) медаль, 2-орындағыларға үлкен күміс, 3-орындағыларға үлкен қола медаль беріледі. == Дереккөздер == Санат:Спорт
Швейцариядағы грек сөзі "Спелеон" үңгірді білдіреді. Спеология үңгірлерді бағындыру, зерттейтін ғылым. Су астындағы теңіздікті бағындыру, жер қайнауына терең байлау батылдық пен спорттық дайындықты талап етеді. Осы спортпен шұғылданғысы келгендер жорық алдында жалпы дене дайындығын, мұзбен және құзға өрмелеуден талаптарды орындауы, сондай-ақ үңгірдегі салқындықтағы мұзды сарқырама әсерінен ауырып қалмайтындай дәрежеде шынығуы тиіс. Спеологияны бағындыру XX ғасырдың 50- жылдарында Қырымдағы Қызыл үңгірге кіріп, оны аралаудан басталды. Өткен уақыт ішінде жерасты қараңғылығында біршама рекордтық ұмтылыстар жасалынды. Алайда күн сәулесі түспейтін бұл әлемдегі рекордтар тіпті өзгеше еді. Егер әдетте спортшылар оны көтеретін болса, енді Спеология үңгіршілер түсіреді. Мысалы, Кавказ жотасының Алек. біріндегі ең терең үңгірлердің бірі багындырылды және шабуылдаушы топ 400 м. шамасындағы рекордтық межеге жетті, ал дүниежүзілік рекорд бұдан анағұрлым төмен еді (Альпідегі Берже шыңырауындағы 1122 м.). Үңгірлерден соншама аңыз қылып айтып жүргендей ешқашан байлық табылған емес. Оның есесіне адамзаттың өткені женінде көп қызықты жәйттер табылды. Өйткені үңгірлер адамдардың алғашқы үйі, тұрағы. Ал үңгірді бағындырушылар өздерін жеңіске жету үшін көп нәрсеге шыдайтын, нағыз спортшылар деп есептеді. Кейде олардың қатты жерге қысыла ондаған метрді жер бауырлап жылжуына, ауаны сирек жұтуына, үңгірдің төбесі мен дәлізге дейін тек бірнеше см. қалатын жер астындағы су кедергілері арқылы жүруіне тура келеді. Үңгірге түсушілерге тайғанақ баураймен көтеріліп және темен түсуіне, баспалдақтар жасауына, бір-біріне кемектесіп, тура келеді. == Дереккөздер == Санат:Спорт nk FA|ast}}
'''Спидбол''', бірнеше спорт, командалық ойындарды, атап айтқанда, америкалық футбол мен баскетболды езіне біріктіреді. Ойыншылар допты лақтырып және ұстап алуына болады. Сондай-ақ оны аяқпен тебе алады, бірақ допты қолға ұстап жүре алмайды. Спидбол ойнаушылар үшін ойыннан тыс ереже болмайды. Ойыншылардың бір-біріне денесін тигізуіне рұқсат етілмейді. Ойынның ерлер және әйелдер командалары арасындағы нұсқасында шамалы ғана өзгешіліктер бар. == Дереккөздер == Санат:Спорт
Спидвей. '''Спидвей''' мұзда мотоциклмен жарыс түрі. 1989-90, 1992, 1994 жылдары "Медеу" мұз айдынында мотоциклмен жарысудан жекелей Әлем чемпионатының ақтық сайыстары өткізілді. 1989ж. 4-5 наурызындағы жарысқа Швецария, ГФР, КСРО, Финляндия, Австралия, Чехословакия командалары қатысты. Свенсон (Швец) жеңімпаз болды. 1990 ж. 24-25 ақпанда Финляндия, Швецария, Чехословакия, ГФР, КСРО командалары қатысты. Жекелей есепте Э. Акко (Финляндия) жеңімпаз болды, Спидвей жүлдыздары арасындағы мұзда мотоциклмен жарысудағы халықаралық бәсеке "Медеудің үлкен жүлдесіне" (1992 ж. 29 наурыз) ТМД, Германия, Австралия, Швецария, Финляндия, Италия, АҚШ- нан спортшылар қатысты. Г. Слепухин (ТМД) жеңімпаз болды. Мұзда мотоциклмен жарысудан XXIX Әлемнің жекелей чемпионы "Гран- При" Қазақстанға (1994 20 қпан), Россияның, Германия, Швецария, Финляндия, Нидерлады, Италия, Чехияның, Норвегия және Қазақстанның спортшылары қатысты. В. Фадеев жеңімпаз болды, қазақстандық В. Чербаков (Рудный қ.) 11- нәтиже көрсетті. Жолсыз жерлердегі жарыстар ретінде әйгілі Спидвей мотожарыстың бір түрі болып табылады. Қазіргі заманғы спидвей Австралияда 1920 жылдарындан бастап белгілі болды, ал бірінші әлем чемпионаты 1936 жылы өткізілді. Ашық аспан астында, кәдімгі тас жолдарда өткізілетін скремблирлеу немесе мотокросс сияқты мотожарыстардың басқа да түрлерінен айырмашылығы спидвейде мотоцикл жүргізушілер арнайы сопақша тіректерде жарысады. Төрт мотоцикл жүргізуші қатысатын әр жарыс төрт айналымға созылады.Олар сақтану үшін кейімдері сай болады.Мұзада немесе құрғақ жерде мотоциклмен жарсады. == Дереккөздер == Сұрақ және жауап. Энциклопедия Санат:Спорт
'''Спорттық медицина Қазақстанда''', дәрігерлік денешынықтыру бойынша ҚР денсаулық сақтау органдарының қызметі 1925 жылға дейін денсаулық сақтау жүйесінде дербес сақ тандыру саласы бола алған жоқ. 1926-27 жылдардан бастап спорттық медицина жеке тарау есебінде бөліне бастады және денсаулық сақтау тәннің жалпы бюджетіне енгізілді. Көрсетілген жылдары қалада (Қызылорда, Семей, Ақтөбе, Алматы, Орал) кабинеттер ашылды. 1927 жылы Қызылордада бірінші Бүкіл қазақстандық өлкелік мәжіліс болып, ол д/т бойынша тәжірибе алмасудың бастамасына айналды. "Дене тәрбиесі қозғалысының жағдайы және алдағы міндеттер" тақырыбындағы бағдарламалық баяндамада өсіп келе жатқан орга¬низм үшін д/т шұғылданудың үлкен маңызды екендігі атап көрсетілді және дәрігерлік денешынықтыру жұмыстарын күшейту, спорттық дәрігерлердің біліктілігін көтеру, губерниялық денсаулық басқармаларында ғана емес, сондай-ақ барлық үздік қалаларда, жұмысшы орталықтары мен ірі дәрігерлік ауруханалардың жанында дәрігерлік- бақылау кабинеттері желісін да¬мыту үшін денсаулық сақтау жүйесін қаржылауды көбейту туралы шешім қабылданды. 1932 жылы БКП(б) өлкелік комитеті д/т және спортпен дәрігерлік бақылаумен толық қамтуға, облыстық денсаулық бөлімдеріне дәрігерлер бөлуде, барлық ірі өндірістік аудандарда басталған бір қызметкер жене оларда жабдықталған дәрігерлік кабинет ұстауға денсаулық сақтау халық комиссариатын міндеттеді. 1933-34 жылы Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімінде балалар мен жеткіншектердің денсаулығын сақтау секторы ұйымдастырылды, оқушыларға дәрігерлік бақылау жүргізу және спорттық шараларды жағынан қамту міндеті жүктелді. Алматы қаласында алғашқы орталығы бірліктегі штамппен 1948 жылы ұйымдастырылды және Денсаулық сақтау Министрлігінің бөлімінің құрамына енді. Орталықтың бас дәрігері Галина Ивановна Акопян болды. Полина Романовна Ечина-Высоцкая Республикалық диспансерін ширек ғасыр (1949-74) басқарды. Оның жұмыс уақытына дәрігерлік бақылау қызметі мен ЕДШ, кейін республиканың облыс диспансердің қалыптасуының білікті кадрлар дайындаудың күрделі кезеңі тап келді. Барлық спортшылар мен диспансерлік есепке алу, кең көлемдегі және ағарту жұмыстары оның тікелей қызметінен байланысты. Тұрақты дәрігерлік бақылау барысында республикалық диспансер диагностикалық және емдеу жәрдемін керсетеді, оқу-әдістемелік материалдарды дайындап, оларды өмірге енгізеді, мамандардың біліктілігін көтеруді жузеге асыруды, дәрігерлік бақылау, допингті бақылау, спортшылардың арнаулы тамағы, оларды қалыпқа келтіру және т.б. мәселелер жөніндегі ғылыми зерттеулерді орындауға қатысады. Республикалық Диспансер 2002 жылы спорттық медицина мен қалыпқа келтірудің республикалық орталығы болып қайта құрылды. Орталық барлық ұлттық құрама командаларды, ішкі және сыртқы спорттық жарыстардың, арнайы олимпиадаларды (мүгедектер, ардагерлер) қоса, дәрігерлік қамтылуын қамтамасыз етеді. Ол спорттық медицинаның халықар. бірлестіктің құрамына енетін ҚР спорттық медицина бірлестігімен ҚР ҰОК медициналық комисиясының негізі мекемесі болып табылады. Орталық қазіргі аппаратуралар және құралдармен жабдықталған, барлық дәрігерлік салалар бойынша іс жүзіндегі арнайы кабинеттер жүйесіне емдеу-қалыпқа келтіру орталығына, тренажер- лык залдарға ие; жұмыста компьютерлік және ультрадыбысты диагностика, инерефлексті те¬рапия және магнитті терапия жене басқалар секілді алдыңғы қатарлы технология қолданылады. Оның құрамында дәрігерлік бақылау бөлімі мен "Медеу" спорт кешеніндегі ЕДШ бар. ҚР Үкіметінің қаулысына сейкес Респ. диспансер ҚР ғылым академиясының тамақтану институтымен бірлесе отырып Орталық Азия айлағында бірінші болып спортшыларды допингтік бақылау зертханасын ұйымдастырды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Марат Әбдіұлы Артықов''' (1939, Алматы), Қазақ ДТИ-ін бітірді (1962), биология ғылымы кандидаты (1967, Мое.), профессор. 1968- 88 биология және биохимия кафедрасының доценті, Қазақ ДТИ-ның жекпе-жек және қысқы спорт түрлері факультетінің деканы. 1988 жылдан А. Байтұрсынов атындағы Қостанай университетінің физиология және морфология кафедрасының меңгерушісі, халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау ҒЗИ-ның директоры. == Дереккөздер == Санат:КСРО профессорлары
Әйкен Ахатұлы (24 Желтоқсан 1920, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сергиополь (қазіргі Мамырсу) ауылы 16 Тамыз 1984, Алматы қаласы) медицина ғылымының докторы (1972), профессор (1973). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1974), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1962). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1941, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. ''Туберкулез ауруының салдары''. Республикадағы емдеу мекемелерінде қызметкер (1944–1955), «Каменское плато» санаторийінде бас дәрігер (1955–1963), Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтының (1963–1982, қазіргі Туберкулез мәселелері ұлттық орталығы) директоры, Алматы мемлекеттік медицина институтында (1983–1984) профессор болды. Негізгі ғылыми еңбектері ''туберкулез клиникасы'' мен арналған. 180-нен астам ғылыми жарияланым мен монографияның авторы. әдістемелік ұсыныстың иегері. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі», Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.
'''Спорттық атақтар мен белгілер''', ҚР-да мынадай спорттық атақтар мен белгілер бар: КСРО-ның (ҚазКСР-інің, ҚР-ның) еңбек сіңірген СШ-і, КСРО- ның (ҚазКСР-інің, ҚР-ның) ЕСЖ- сы "ҚР-ның спортына еңбек сіңірген қайраткер", "Дене тәрбиесінің озаты", "Құрметті спорт шебері", "Білім беру ісінің үздігі", "ҰОК-тің медалі", "ҚР-сы ҰОК-тің құрмет белгісі", "Халықаралық дәрежедегі төреші", "Ұлттық дәрежедегі төреші", "С. Бердіқұлов атындағы жүлденің иегері" (спорт журналистері үшін). == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Аптоллай Буркашев''' (20.01. 1945. Қызылорда облысы Қазалы ауданы К. Маркс селосы), спорт дәрігері, м.г.д. (1984). Ақтөбе медциналық институтын бітірген (1967). 1973-83 АММИ- ның ассистенті, емдеу, дене шынықтыру және спорт, медициналық кафедра меңгерушісі. 1984 жылдан 2000 жылға дейін Қазақ ФКИ- ның ғылым жөніндегі проректоры. Буркашев спортшылардың функционалдық жүйесінің жұмысының ерекшеліктерін зерттеді, олардың денсаулық жағдайын биохимиялық бақылау әдістерін дайындады. Екі жаңалықтың авторы. == Дереккөздер == Санат:КСРО ғалымдары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Алфавит бойынша ғалымдар
'''Ақкелін болысы''' Сәтбай әулетінің өсіп-өнген жерінде патша үкіметі кезінде болған әкімшілік басқару органының атауы. 1833 жылы Баянауыл округі ашылғанда оған қараған халық 15 болысқа бөлінді. Бұл болыстар ру атымен аталды. Мысалы, Сәтбай мен Шорман ұрпақтары Күлік-Қаржас болысына енген. Ал болыс шекаралары белгіленбеді. 1868 жылғы «Жаңа мизам» (заң) бойынша округтер жойылып, Қазақ елінің Орта жүзі облыстарға (Ақмола, Семей), облыстар уездерге (Семей облысында Павлодар, Өскемен, Семей, Көкпекті, Қарқаралы, Зайсан), уездер болыстарға (Павлодар уезіне 14 болыс қараған), болыстар нөмірлермен белгіленген ауылдарға бөлінген. Болыстар бұрынғы ру атауларымен емес, жер атауларымен аталады. Павлодар уезіне қараған болыстардың біріне Ақкелін аты беріледі. Бұл жолы болыстардың шекарасы белгіленеді. Ақкелін болысына шығысында Ащысу өзенінің бас жағы, батысында Шідерті өзенінің бас жағы, оңтүстігінде бүгінгі Қарқаралы Баянауыл аудандарының шекарасы, солтүстігінде Баянауыл кентімен батысқа қарай тартылған параллель сызық арасы қамтылады. 1913 жылғы санақ бойынша осы жерді 1460 адам мекендеген. Болыс 12 ауылға бөлінген. Оның 1-ауылында Сәтбай әулеті өсіп-өнген. == Дереккөздер == Санат:Қаныш Сәтбаев Санат:Павлодар уезі болыстары
'''Ақкелін болысындағы орыс-қазақ мектебі''' Павлодар уезі (Семей облысы.) Ақкелін болысының орталығында 1903 жылы ашылған ауыл мектебі. Академик Қаныш Сәтбаев алғаш осы мектепте хат танып, 1905-11 жылдары аралығында оқыған. Оқу орыс тілінде жүреді. Арабша хат тани бастаған соң шәкірттер араб, парсы, түркі (шағатай) әдебиетінің үлгілерімен танысады. Сәтбаевқа бірінші рет орыс тілін үйретуші В.Терентьев болды. Қаныш сабақты өте жақсы оқыған. Онымен бірге оқығандар: ''«Қаныш жеті шақырым жердегі қыстауы Айырықтан салт атпен келіп оқыды. Кері ат мінген, шидем күпілі, саптама етікті, елтірі тымақты шәкірт Қаныштың сол бейнесі көз алдымызда»,'' дейді екен (Ә.Марғұлан. Халықұлы. «Қазақстан әйелдері». №4, 1969, 20-6). Сәтбаев 1905 жылы жасынан бастап, 1911 жылы 12 жасында ағасы Әбікей Керекуге (Павлодар қаласы) апарып, ондағы екі сыныптық орысша-қазақша мектепке орналастырғанға дейін осы Ақкелін болысындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған. == Дереккөздер == Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Майра Мұсақызы Дайырбекова''' (15.07.1932 Ақтұма ауылы Қарабала ауданы Астрахань облысы РФ), м.ғ.к., профессор. 1952 жылы А.Н. Герцен атындағы педагогикалық институттың биология факультетін бітіргеннен кейін Қазақ ұлттық спорт және туризм академиясында аға оқытушы болып қызмет істеді. 1973 жылы "Спортпен айналысудың адамның жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсері) деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1973), кейін профессор атанды (1979). Спортпен айналысудағы жүктемелердің көлемі мен мөлшері жөніндегі бірнеше әдістемелер мен жаңалықтардың ав-торы. Шығармашылығы: "Адам анатомиясының практикумы" оқу құралы, Алматы 1974 және 1984 ж. "Мектеп"; "Теоритический курс по анатомии физиологии человека" 1992, Алм., 2002. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша ғалымдар
'''Ақкелін шоқысы''' Қаныш Сәтбаев туып- өскен Баянауыл сілемінің батыс жағындағы жатаған адырлы қыраттардың бірі. Осылар қатарында Ащы (бұл тұстан Ащысу өзені өткендіктен осылай аталған) қорығына біткен шоқы бар. Халық оны Ақкелін шоқысы деп атапты. Шоқының бұлай аталуы жөнінде Шорман есімімен байланысты, жас биді осы жерге бір аққұба қыздың іздеп келгені жөнінде аңыз айтылады. Бірақ уақытына қарағанда аңыз шындықпен байланыспайды. Шорман 1837 жылы Сілеті бойындағы жайлауда қайтыс болады. Баянауыл сілеміндегі Қызылағаш деген орманды қыстайды. Аңыздағы оқиға Ақкеліндегі Шорман әулеті елді мекеніне (қазір мұнда Теңдік деген ауыл бар) меңзеп айтылған. Алайда Мұса бастаған Шорман әулеті бүл тұсқа Ресейдің Сібірлік әкімшілігінің рұқсатымен 1850 жылы ғана иелік етіп, үй-жай сала бастаған. Осыған қарағанда шоқы одан көп бұрын Ақкелін деп аталып келген. == Дереккөздер == Санат:Қаныш Сәтбаев
Сурет:Adidas Conductor High Olympics 1988 re-edition Conductor аяқкиімдері''', спорттың әртүрімен шұғылда нуға қажетті аяқ киім. Спорттық аяқкиімді дайындайтын маталар барлық негізгі практикалық және гигиеналық төмендегі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: жылуды сыртқа аз шығарады, қуысы мен ылғал тартқыштығы жеткілікті, терді буға айналдыруды қамтамасыз ететіндей және қажетті иілімділігі болуы керек. Спорттық аяқкиім арнайы қалыптарда тігіледі, оның түрі жаттығу уақытында аяқтың басын тығыз қамтуды қамтамасыз етеді. Спорттық аяқкиім жоғары бетін дайындау бөліктердің мүмкіндігінше аз болуы қарастырады, мұның өзі тігістерді азайтады. Ақпен тікелей жанасатын беліктерде тегістелмеген тігістер, кедір-бұдырлар, бедерлер, бүрме-бүгелер болмауы керек. Спорттық аяқкиім баулар, резеңке немесе т.б. көмегімен аяққа тығыз бекітіледі. Спорттық аяқкиімнің тірегіштері мен беліктері ірілері, ішкі диаметрі мм-ден жоғары; баулар әдеттегі аяқкиімге қарағанда қалыптың формасын іріктей алумен қол жеткізілетін, едәуір ұзын және берік болады.Спорттық аяқкиім үстінің аяқкиімнің кейбір түрлерінде ұзартылған ұшы мен қатты сірінің арқасында жоғары қалпын сақтаумен өзгешелөнеді. Табандағы бұдырлар былғарыдан, металдан және пластмассадан жасалуы мүмкін. Олар футболшыларды көгал бетінде, әсіресе дымқыл және жауынды ауа райы жағдайында сырғанап кетуден сақтайды, альпинистерге мұзды және қарлы құлама беткейлермен жүруге, өрмелеуге, ал жеңіл атлеттілерге арнайы жолдарда жүгіруге және т.с.с. мүмкіндік береді. Аяқты сақтау үшін спорт аяқкиім көптеген құрылымдарында теріден, металдан немесе жұмсақ резеңкеден дайындалған арнайы амортизаторлар (супинаторлар) қарастырылған. Спорттық аяқ- киімнің өзге де спорттық керек- жарақтармен: конькимен, шаңғымен және шаңғы бекіткіштермен және т.б. үйлестіре пайдаланса оның құрылымы табан ізінің тиісті сырт пішімі сақталуын қарастырды. Практикалық және гигиеналық түрғыдан алғанда спорт аяқкиімді күнбе-күн пайдалануға да болмайды. Спорт аяқкиімге тиісті күтім керек. Әр жаттығу мен жарыстан кейін оны шаңынан, лас заттардан тазартып, құрғату қажет (ауа райына қарамастан). Шаңғы және альпинистің аяқкиімі құрғатқаннан кейін арнайы матамен сүртіледі, майланады. Пайдалануға берілетін аяқкиімдер (шаңғы, конькидің) құрғақ және жақсы желдетілген белмедегі сөрелерде сақталады. Қазіргі уақытта спорт аяқкиімнің темендегідей түрлері кебірек таралған: Жеңіл атлетикалық туфлилердің екі түрі; Боксшылар мен балуандар бәтеңкелері Футбол бәтеңкелері; Велосипедшілер туфлиі Шайбалы хоккейшілердің бәтеңкелері Биік тауға шығатын альпинистердің бәтеңкелері; == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Дәрігерлік денешынықтыру кабинеті''', дәрігерлік денешынықтыру желісінің бір буыны. Емханалардың, бөлімдердің құрамына кіреді, оқу орындарда, стадиондарда, спорттық базада және т.б. ұйымдастырылуы мүмкін. Дәрігерлік денешынықтыру кабинетінің штатында әдетте 1-2 дәрігер болады. Дәрігерлік денешынықтыру кабинетінің міндетіне денешы- нықтыру және спортпен шұғылданушы, кабинетке бекітілген адамдардың денсаулық жағдайын және дене дамуын, жаттығу және жарыс өтетін орындардың жағдайына бақылау жасау, санитарлық- ағарту жұмыстарын жүргізу, денешынықтыру бойынша әдістемелік жұмыстарға қатынасу, кеңестер беру жатады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Жеңіл атлетикалық туфлилердің екі түрі''': ұлтанында металл тікенектері, ал кейде екше белігінде де бұдырлар болатын және оларсыз түрі туфлилер қысқа, орта және ұзын қашықтыққа жүгіруде пайдаланылады және ол жеңіл аяқкиім болып табылады. Тікенектер тері ұшына бекітіліп және ол ез кезегінде туфлидің табанына тігіледі. Тікенектерді сенімді бекіту және аяқты тікенектің қалпағынан жарақат алып қалмауы үшін олар нәзік металмен немесе фибрагласпен қабатталады. Тікенек туфли резеңке табанымен де немесе жартылай табанымен де шығарылады. Алыс қашықтыққа жүгіруге арнайы туфли каучукті немесе резеңке нәлмен де дайындалады. Секірулер үшін туфлидің былғары нәлге бекітілген, екше белігінде тікенектері болады. Лақтыру үшін (найзадан бетен), дала жарысы мен марафон жүгірісі үшін, сондай-ақ спорттық жүріс туфлилері табанның үйкелісінің орнықтылығы болуы мақсатында тікенексіз жасалады. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат: Спорт аяқкиімдері
'''Ақылмен және балғамен''' Мәскеудегі саяси әдебиеттер баспасынан 1975 жылы орыс тілінде жарық көрген кітап. Авторы жазушы А.И.Брагин. Еңбек шағын тақырыпқа бөлінген. Онда Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен шығармашылық жолына кеңінен тоқталған. Жастық шағы, төңкеріс комитеті мен Баянауылдағы халық сотындағы қызметі, омск технология институтындағы студенттік жылдар, ұстазы М.А.Усов, аймағының кен байлығын іздеу, Ұлы Отан соғысы кезіндегі жанқиярлық еңбегі, Қазақ КСР Ғылым Академиясыны құру, КСРО парламент делегациясы құрамында Англияда болуы кітапта жан-жақты баяндалады. Көпшілік оқырман қауымға арналған. Көлемі 5,81 баспа табақ. Таралымы 100 мың дана. == Дереккөздер == Санат:Кітаптар Санат:Қаныш Сәтбаев
Есіл алабындағы өзен. == Географиялық орны == Ақмола, Қостанай, Ұлытау облыстары жерімен ағып өтеді. ==Бастауы == Бастауын Ұлытаудағы Бақаншайыншақ тауы етегіндегі бұлақтардан алып, Көксай ауылы тұсында Есіл өзеніне құяды. == Гидрологиясы == Ұзындығы 334 км, су жиналатын алабы 19500 км2. Аңғарының ені жоғары бөлігінде 3-5 км, төмендегі ағысында кең, жайпақ келеді, жайылмасы жақты, жоғары бөлігіңде арнасы ирелең. Жауын-шашын суынан толысады.Суы тұщы, сәл кермек ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су шығыны Балталы ауылы тұсында секундына 8,97 м3. Сағасында топырақтан үлкен тоған салынған.Тоған суы тұщы, жазда шабындық суаруға, елді мекендер мұқтажына пайдаланылады. Өзеннің жоғары және орта өңірі мал жайылымы, шабындық. == Салалары == Терісаққанға жалпы ұзындығы 109 км болатын 25 шағын өзен мен жылғалар құяды. Басты салалары –Майбұлақ, Шолақсай, Талсай, Босағаөзек, Бала Терісаққан, Ащылы, Шабдар, Көкпекті, Қайрақты. == Жағалауындағы елді мекендер == Байжігіт, Балталы, Ковыльное, Матросово, Гагаринский Меңдеш, Шалгай, Молодежное, Целиное, Бектас, Жалғызтал, Терісаққан. == Дереккөздер == Санат:Арқалық қалалық әкімдігі өзендері Санат:Жарқайың ауданы өзендері Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы
Боксшылар бәтеңкелерімен шаршы алаңда бокстасуда '''Боксшылар мен балуандар бәтеңкелері''' бауы бар, металл блоксыз, еш жапсырмасыз, алды жұмсақ, сірісінің қаттылығы орташа, табаны иілімді өкшесіз етіліп былғарыдан тігіледі. Балуандар үшін бәтіңкенің жоғарғы жағы биігірек болады. Еркін күрес балуандарының негізгі өзгешелігі пішілген ұлтанның шетін тығыз тартып тұратын айналасының ерекше бекітілуі. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат: Спорт аяқкиімдері
дәруменге тәуліктік кажеттілігі (мг.)''' Дәрумендердің қалыпты тәуліктік қажеті: дәрумені мг., В1 мг., В2 мг., 50-100 мг., Р-15 мг., 50-1000 ИЕ. Бұл дәрумендерді дәріханадан алуға болады. Олар поливитамин түйіршіктері ерітіліп, препараттар кешені түрінде жиі шығарылады. Жарыстарға дайындық кездерде, сондай-ақ қыстың аяғында және көктемде спортшыларға ұйымдасқан түрде 10 күн бойына дәрумендер қабылдатқан пайдалы. Жаттықтырушылар жас спортшыларды әсірссе, жарыс алдындағы дайындық кезінде ақуызды шамадан тыс пайдаланудан сақтандыру керек. Өйткені мұндайда денеде толық тотықпайтын өнімдер жиналып, ішектердегі іру қызметін күшейтіп бауырдың қызметі қиындайды. Ac қабылдау дәрежесін бақылай отырып, спортшының салмағының өзгеруін тексеріп отырған дұрыс. Жеткіншектер мен жастардың ағзасы жылдам өсетін болғандықтан, олардың салмағы да көбеюі тиіс. Әсіресе, жыныстық қабілеті жетілетін кезеңде салмақ жақсы өседі. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Алаштық ардагер азаматтары''' ғұмырнамалық жинақтар сериясы. Төрт кітаптан тұрады. Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымдары Орталық Кеңесі және «Қазақстан» тарихи-тектану қоры «Ниса» баспасынан соңғы 4- кітабын 1998 жылы шығарган. Серияның негізін салып, ұйымдастырған Халықаралық ақпараттану академиясы мен Қазақстан Гуманитары, ғылымдар академиясының академигі, тарих ғылым доктары, профессор Хамит Маданов (марқұм), серияның толық жарық көруіне басшылық еткен Орталық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мақтай Сағдиев. Жинақта көрнекті мемлекет және қоғам ғалым, жазушы, журналист, педагог, дәрігер мен әскери Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық ғалымдардың өмірбаяндары, соның ішінде Қаныш Сәтбаевтың да өмір- баяны берілген. Сондай-ақ «Қаныш Сәтбаев» тұлғалық енген Ө.А.Байқоңыров, Г.Р.Бекжанов, Е.Ә.Бектұров, К.Салықов, Р.Ә.Сәтбаева, тағы басқалары туралы өмірбаяндық мақалалар бар. == Дереккөздер == Санат:Кітаптар Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Шайбалы хоккейшілердің бәтеңкелері''' сызықты бүктегішті пайдалануға мүмкіндік береді. Олар иілгіш болуы керек, ұлтаны- бір қабатты, майысқақ. Бәтеңкенің өзіне су мен қар түспес үшін байламның астында, ең жоғарғы шетіне дейін кең тілше тігілген. Аласа өкшеге резеңкеден нәл қағылған, былғарыға қарағанда оған қараз жабысады. Сыздық пен ұлтан екі қайтара тігіледі. Бүйір табандары, дөңгелектенбей, тура кесілген болады осы арқылы оның шеттері бекіткіштің тұтқасына тығыз ұстауы қамтамасыз өтіледі. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат: Спорт аяқкиімдері
'''Биік тауға шығатын альпинистердің бәтеңкелері''', үстіңгі беті де, төменгі жағы да қатты құрылымды болады. Былғарыдан жасалған үстіңгі бетінде олар екі қабатты тоқыма қабаттама болады, ол жылуды сақтау мен қар түспес үшін керек. Аяқкиім салынған төсемнің көмегімен жылынады. Бұл бәтеңкелер оған арнайы металл тікенектерді трикондарды бекітуге және темір тырнақтарды кигізуге есептелген. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат: Спорт аяқкиімдері
'''Николай Ермилович Алексеев''' (1885- 1977) Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген халық мұғалімі, Қаныш Сәтбаевтың ұстазы. Ұсақ қолөнер кәсібімен шұғылданған Павлодар қаласы тұрғынының отбасында дүниеге келген, жас күнінен білімге құштарлық танытып, осы қаладағы сыныпты училищені бітірген соң Павлодар уезінің Тереңкөл болысында 1904 жылы ашылған бастауыш орыс-қазақ мектебіне мұғалім болып ұстаздық жолын бастаған. Ұстаздық қызметті ол алпыс жылдай уақыт үздіксіз атқарған, мұның жарты ғасырға жуық мерзімін қазақ балаларына сабақ берумен өткізген. Негізінен, орыс тілі пәнін жүргізсе де, кейбір ауылдық мектептерде қазақ тілінен де сабақ берген. Ленин орденімен марапатталған. Павлодарда 1911 жылы сыныпты орыс-қазақ училищесі ашылып, ауылдан келетін қазақ балаларын оқытуға жер-жерден ұлт тілін білетін мұғалімдер шақырылған. Сол ағартушылардың алғашқы легінде Песчаное ауылындағы бастауыш мектептен Николай Баянауылдан Әбікей Зейінұлы Сәтбаев Павлодарға ауысып, осы білім ұясында ұстаздық еткен. Сол жылы Ақкелін болысынан Павлодардағы мектепке 12 жасар Қаныш та шәкірт болып қабылданған. Болашақ ғалым сыныпты орыс-қазақ мектебінде 1911- 14 жылы оқыған Николай 70-жылдардың басында академик шәкіртінің Павлодарда оқыған жылдары жайында, өзі жұмыс істеген училищенің сол кездегі өнеге-ұлағаты, сондай-ақ Қаныш Имантайұлымен бірге оқыған балалар туралы көлемі 25 парақ естелік жазып, облысы өлкетану мұражайына табыс еткен. Осы естеліктің көшірмесін алған соң Сәтбаев туралы кітаптартардың авторы, жазушы М.Сәрсеке Николайға жолығып, ауызекі әңгімесін тыңдаған және қарт ұстаздың әңгімесі мен естелігін «Сәтбаев» ғұмырнамасында пайдаланған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар
'''Дене жүктемесі''', ағзадағы физиологиялық өзгерістердің деңгейін сипаттайтын бұлшық еттер жұмысының ұзақтығы мен қарқындылығы. Дене жаттығуларының негізгі салмағы қозғалыс-тірек аппаратына түсетін бұлшық еттер жұмысының сипатына байланысты. Дене жаттығуының жекелеген түрлеріндегі дене жаттығуының шамасын организмнің күш-қуаты жұмсауының шамасына қарай жинақтап сипаттауға болады: Дене жаттығуының тыныштық жағдай-мен салыстырганда қуат жұмсау рет артатын; елеулі 10 есеге дейін өсетін; өте көп-10 реттен көп артады. == Дереккөздер == Санат:Спорт